Реферат вирустар Дайындаған: Конилкосова Ляззат Қабылдаған: Джакшанова Алтынай Тобы: еф-22-11қ2-2



бет1/3
Дата23.11.2022
өлшемі377,17 Kb.
#52126
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Вирустар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
«МЕД-ПРОФИ КОЛЛЕДЖ» ЖШС

РЕФЕРАТ


Вирустар

Дайындаған: Конилкосова Ляззат


Қабылдаған: Джакшанова Алтынай
Тобы: ЕФ-22-11қ2-2

Құлсары, 2022 жыл


Жоспары

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

    1. Вирус. Оның құрылысы

    2. Вирус ұғымының пайда болуы. Зерттеуші ғалымдар

    3. Вирустардың қасиеттері

    4. Ауру туғызатын вирустар. Олардан қорғану жолы

  3. Қорытынды

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан, кабсидтерден тұрады. Олар клеткасыз организмдер болып табылады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, майтекті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп, көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылықанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың биологиясы, теориялық және практикалық зерттеу арқылы анықталады.
Вирустардың құрылысы. Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін айту үшін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық.

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты. У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.
XІX ғасырдың соңында Д. И. Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді.
Ғалымдар вирусты пошымына қарап үш топқа бөледі:

  • спираль түріндегі вирустар;

  • көпқырлы немесе шар түріндегі вирустар;

  • ассиметриялы, күрделі формалы вирустар.

Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.


Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған болатын.
Вирустардың пайда болуына қатысты, бұл туралы бірнеше гипотеза белгілі. Алғашында олар соматикалық жасушаларға қосылған бактериялар және онда дегенеративті нысандар болған деп есептеді. Бұл гипотезаны негіздеу ретінде үлкен ажыратымдылығы бар жарық микроскопында көруге болатын ірі вирустар туралы деректер келтірілген. Алайда, вирустардың пайда болуына молекулалық биологияны дамыту басталысымен басқаша қарауға бастады. Вирустардың пайда болуына пререквизит деп репликацияға қабілетті ДНҚ тізбектерінің қалыптасуын санай бастады. Бұл молекулалық оқиғалар плазмид пайда болар алдындағы оқиғаларға ұқсас (реципрок кроссинговер негізінде ДНК қайталанатын тізбектерінен репликондар қасиеттерімен ДНК сақиналы молекулаларының түзілуі) болғандықтан, қазіргі әдебиетте бактериялық вирустардың пайда болуын бактериялық плазмидтермен бірге қарау үрдісі айқын белгіленген, бұл ретте мұндай қарауға қосымша негіз әдетте қалыпты фагтар мен плазмидтердің арасындағы бірқатар қасиеттер бойынша ұқсастықты есептейді.
Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет Голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі болып отыр. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 – 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 106 – 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60ӘС-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90ӘС-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80ӘС-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0,5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: жасушаға ену; жасушада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың жасушадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына жасуша қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда жасуша мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана жасушаның зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір жасушаны «іштей жеген» вирустар көршілес жасушаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады.
Вирустарды молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикикалық кодты анықтау) пайдаланылады.
Вирустардағы облигатты паразитизмнің себебі - оларда жасушалық құрылым мен меншікті зат алмасу процесі болмайды. Дақылдау әдісін таңдау вирустың мақсатына байланысты. Жасуша дақылын алғашқы (егілетін) жартылай егілетін және егілетін деп бөлінеді. Алғашқы дақылды дайындау бірнеше этаптан тұрады: ұлпаны ұсақтау трипсинизация жолымен жасушаларды ажырату, жасушаларды трипсиннен ажырату, біртекті изоляцияланған жасушаларды қоректік ортада суспензиялау егілетін бір қабатты жасуша дақылдарын қатерлі және қалыпты жасуша тізбегін құрайды. Оларға қатерлі ісік жасушалары, адамның, маймылдың бүйрегінің қалыпты жасушалары жатады. Жартылай егілетін дақылдарға адамның диплоидты хромосома жиынтығын сақтайтын жасуша жүйесі ретінде беріледі. Вирустың жасуша дақылында өсуін цитопатиялық эффектісі, жасушада қосымшалар түзілуі, теңбіл дақтардың түзілуі бойынша және гемадсорбция феномені мен түрлі түсті реакция бойынша бағалайды. ЦПҚ-жасушаның микроскоппен көрінетін өзгерістері. Қосымшалар - арнайы бояу әдістерінде ядро мен цитоплазмада кездестіруге болатын вирустық бөлшектердің, вирустық ақуыздардың жұмысы. Теңбіл дақтар (бляшкы)- вирустардың әсерінен жасушадағы бұзылған бөліктер, оны бірқабатты жасуша дақылында вирустарды өсіру кезінде байқауға болады. Гемадсорбция реакциясы - вируспен залалданған жасуша дақылдарының өзінің беткейінде эритроциттерді адсорбциялау қабілеті, түрлі-түсті (цветная проба) сынақ индикаторлы қоректік орталардың түсіндегі өзгерістерге негізделген. Вируспен залалданбаған жасушаның өсуі салдарынан метаболизм өнімдері жинақталып, қоректік орта түсінің өзгеруі туады. Залалданған тіндер дақылдарында кейбір вирустар өзінің цитопатикалық әсерін бірнеше күннің ішінде, басқалары 1-2 апта өткен соң, вирустың қасиетіне, санына байланысты және жасушаның ерекшелігіне байланысты көрінеді.
Вирустардың құрылымдылық жағынан клетка деп есептеуге болмайды, себебі оларда клеткадағыдай не органелла, не цитоплазма жоқ. Вирус бөлшектерінің (оларды вирион деп те атайды) диаметрі 20-300 нм., ең кішкентай прокариоттық клеткалардан да төмен болып келеді.
Құрылымдылық жағынан клетка деп есептелмесе де вирустар арқылы организмнің тұқым қууы жөніндегі мәселе қаралғанда, олардың атқаратын рөлі өте зор.
Вирустар пішіні, көлемі және күрделігі жағынан әр түрлі. Оларды жұқтыратын немесе денесіне өндіретін клетка иелерінің шеңбері де тым кең, дегенмен, әрбір вирусқа тең қасиет – иесін таңдау.
Кейбір вирустар бактериофаг (бактерияларды жегіштер) деп аталатын бактерияларға жұғады. Бактериофагтар формасының ерекшелігімен көзге түседі.
Бүтіндей вирустардың өзіне тән белгілері бар: бұл белгілердің кейбіреулері оларды клеткаға ұқсастырмайды, ал енді біреулері зерттеушілерге клеткалар немесе организмдер ретінде тәжірбие жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, вирустар өте кішкентай: олар тіпті тым ұсақ прокариоттық клеткалар өте алмайтын сүзгілерден өтіп кетеді. Вирустар электрондық микроскоптан олардың суреттерін алмай тұрып, әлдеқайда бұрын ашылған міндеттілігі сүзгіден алынғанда байқалған. Бір батериялық клеткада мыңдаған вирус бөлшектері түзіледі; мұндай өсімталдық вирустар бөлшектерінің клеткадан шығуын, клетканың лизисіне, яғни өліміне жиі соқтырады. Басқалары, мысалы, ісік РНҚ-вирустары, клетканы жармай-ақ шығады. Ал жалпы көптеген биологиялық шығу тегі бар молекулалар кішкене вирустардан көлемі жағынан үлкен болады. Екіншіден, өздерінің көлеміне сәйкес, вирустар тіпті микроплазма клеткасымен салыстырғанда да құрылысы өте қарапайым. Вирустық бөлшектер негізінен нуклеин қышқылының орталық өзекпен (ДНҚ немесе соған жақын РНҚ) және капсид деп аталатын сыртқы белоктық қабаттан тұрады. Нуклеин қышқылы вирустық тұқым қуу потенциалын тасымалдайды, ал белок екі түрлі қызмет атқарады: вирустық клетка иесінен тыс кезінде нуклеин қышқылын қорғайтын қабықша және жұғатын клетканың түрін анықтайтын ерекшелігін қамтамасыз етеді. Бірқатар вирустарда тек қана РНҚ, басқа біреулерінде – тек қана ДНҚ.Үшіншіден, вирустардың клеткалардан (прокариоттық және эукариоттық) айырмашылығы, олар өз бетімен өмір сүре алмайды. Көбею үшін бір клеткаға жұғуы шарт, ал өз бетімен вирустық бөлшек бар-жоғы ерекше хатталған бейтарап химиялық заттардың жиынтығы секілді. Олардың міндетті клеткаішілік тоғышарлық тәуелді тіршілігі, көбею үшін жұқтырылған клеткасының механизмдерін өзіне бағындырып, мақсытына пайдалануы ойландыратын іс. Сөйтіп, клетка иесі және оған жұқтырған вирус өзара өте тығыз байланыста, бірақ бұл байланыстың шығу тарихы белгісіз. Кейбір вирустардың тұқым қуалайтын мүмкішіліктерінің аздығы соншама, олардағы бар ақпарат өздерінің белоктық қабықшасын кодтауға жетеді. Олармен клеткалар немесе бір клеткалы организмдер тәрізді жан-жақты тәжірбие жүргізуге болады. Патогенділігіне (улылығына) байланысты өсімдіктер мен жануарларға және адамдарға қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар, тұқым қуу проблемаларын, мутациялық процесті, иммунитетті, биохимияны және жалпы молекулалық биологияны зерттегенде өте ыңғайлы тәжірибе объектісі болып табылады. Вирустарды тірі организмдер қатарына қосуға бола ма? Бұл таза теориялық сұрақ болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет