Вирустардың жалпы қасиеттері Жалпы вирустар өте майда микроскопиялық жиынтық болып келеді, құрылымы белоктар мен амин қышқылдарынан тұратын вирустық ұйымдасқан бөлшектер, олар — вирустық денешіктерден, вириондардан, вироспоралардан немесе аминкапсидтардан тұрады. Вирустық бөлшектердің түрқы 15-18 нм-ден 300-350 нм-ге дейін жетеді. Оларды тек электронды микроскоп арқылы көруге болады. Тек қана шешек (қорасан) ауруының және басқа үлкен вирустарды арнайы жарық өткізгіштігі жоғары микроскоппен көруге болады. Жеке дара вирустардың немесе кейбір түрлерінің сұлбасы әртүрлі (дөңгелек, таяқ тәрізді немесе басқаша түрдегі) болып келеді, құрылысы белоктық қабықтан (капсидтен) тұрады, оның ішінде амин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) болады.
Вирустық капсид бірнеше қабатты полипептидті тізбектен (эртүрлі белоктар) тұрады. Кейбір вирустардың капсидтерінің сырты арнайы вирусты күрделі белокты (гликопротеидті) жарғақшамен қапталған және клетка-иесінің плазмалық липидті жарғақшасына ұқсас екі қабатты қабығы бар липидтен тұрады. Осы вирустың жарғақшасын супер-капсид деп атайды.
Капсидтің негізгі қызметі вирустың геномын (амин қышқылдарын) зақымдаудан сақтайды, сонымен бірге зақымдайтын клеткаға вирустың бөлшегінің енуіне көмектесетін рецепторларда болады. Вирустардың ішкі құрлымы геномнан немесе вирустық хромосомалардан, ал оның өзі әртүрлі сұлбадағы ДНҚ-нан немесе РНҚ-ы бар бірнеше гендерден қүралған. Мысалы, МІЗ және ХІ74 бактерия вирусының геномы ДНҚ-ның бір тізбекті дөңгелек молекуласынан, ал ірі қара малдың, шошқаның, мысықтың, егеуқұйрықтың және басқа жануарлардың парвовирустары ДНҚ-ның біртізбелі жазықтықтағы молекулаларынан тұрады. Полиомның және SV40 вирустарының геномы ДНҚ-ның екітізбекті дөңгелек молекуласынан, ал аденовирустың геномы ДНҚ-ның екітізбекті дөңгелек молекуласының тізбесінің 5-тармағының ұшына коваленті жалғасқан белоктан, шешектің вирусы болса, ДНҚ екітізбегінің ұшына коваленті «тігілген» фосфодиэфирлі байланыстан тұрады.
Темекі жапырағының әшекейлі (мозаилық) ауруының, полимелит және басқа бактериялық вирустардың геномдары РНҚ біртізбегінен, ал реовирустың геномы зақымдалған клетканың Көбеюші-РНҚ екітізбегінің бірнеше сатысынан, яғни: адсорбциядан жэне вирустың клеткаға енуінен, вирустың нуклеин қышқылдарының репликациясына қажетті вирусты белоктардың синтезінен, нуклеин қышқылының репликациясынан, капсид белогының синтезінен, вирустардың жинақталуы және клеткадан «дайын болған» вирус бөлшектерінің пайда болу сияқты сатылары болады.
Құрамы ДНҚ-нан тұратын вирус репликацияға (капсидтің ішіндегі) қажетті өзінің ферментерінің немесе олардың вирусты нуклеин қышқылының репликациясына қажетті вирустық ферменттерінің синтезі туралы ақпарат геномда сақталған. Осы ферменттердің саны вирустардың пайдалануында әртүрлі. Мысалы, Т4 бактериалды вирустың геномында шамамен 30-ға жуық вирустың ферментінің синтезі туралы ақпарат сақталған. Одан әрі ірі вирустардың геномдарында зақымдалушы-клетканың ДНҚ бұзатын нуклеаза туралы ақпарат, РНҚ-полимеразасының клеткасына әсер ететін белоктар, осылармен «өңделген» РНҚ-полимеразасы жұқпалы вирус кезінің әртүрлі сатысында әртүрлі вирустардың гендерін тасымалдауын туғызады. Керісінше, құрамында ДНҚ шағын тұрқы бар вирустар гендерінің саны зақымдалушы-клеткалардың ферментерімен байланысты. Мысалы, аденовирустың ДНҚ синтезі клетка ферменттері арқылы жүреді.
Құрамында ДНҚ бар вирустардың репликациясы зақымдалушы-клеткалардың белоктарындағы, хромосомаларындағы О-тармағынан басталады, олар вирустың және клетка ферменттерінің репликациясын өзіне «тартады». Кейбір құрамында РНҚ бар вирустардың геномында транскриптазаға (кері транскриптаза) тәуелді РНҚ ақпарат сақталған. Сондықтан құрамында РНҚ-ы бар вирустар геномдарының репликациясы өздерінің кері транскриптазасын жылдамдатады, сөйтіп зақымдалушы-клетканың әрбір репликациясы капсидте жинақталады. Осындай құрамында РНҚ бар вирустар қайта оралған вирустар (ретровирустар) (лат. сөзі retro — қайта оралу) деген атқа ие болды.
Ретровирустың нақты мысалына - тауықтың Раус саркомасының вирусы жатады. Ретровирусқа адамның қабылдаған имунитеті жетіспеушілігі синдромының (СПИД) имунитеті жетіспеушілігі вирусы (ВИЧ) жатады. Бірақ полимелит ауруының вирусы мРНҚ-нан тұрады. Вирустарды жүйелеу өте қиын жэне көбіне, қарама-қайшы болып келеді. Соған қарамастан ДНҚ және РНҚ бар вирустарды жеке тұқымдасқа жіктейді. Мысалы, жануарлардың ДНҚ бар вирустар: парвовирустар (егеуқұйрықтың, мысықтың және б. жануарлардың вирустары), паповавирустар (адамның сүйелінің вирусы, жалпы және б.), аденовирустар (адамның тамақ және көз ауруларының вирустары, сүтқоректілердің вирустары), поксвирустар (адамның және жануарлардың шешек ауруының вирустары), ұшық вирустары (ұшық вирустары, адамның күйдіргі ауруының вирусы, қүстардың тыныс алу жолдарының жэне т.б. вирустары), иридовирустар (шошқаның шешек ауруының вирусы, шошқаның африкалық оба және т.б. ауруларының вирустары) сияқты тұқымдасқа жүйеленеді.
Жануарлардың РНҚ бар вирустар: пикорнавирустар (адамның риновирустары, адамның полиомиелит вирусы, жануарлардың полиовирусы, жануарлардың аусыл ауруының вирусы және т.б.), реовирустар (тауықтың тендосиновит ауруының вирусы және т.б.), миксовирустар (адамның тұмау, қызылша, құтыру ауруларының вирустары, жыртқыш андардың құтыру және т.б. вирустары), арбовирустар (кене және жапон энцефалитінің вирустары, адамның сары безгек және т.б. вирустары) сияқты тұқымдасқа жүйеленеді. Осындай жүйелеу өсімдіктер вирустарында да болады, ал жойғыштарға (фагтар) келсек, олар қандай бактериямен жоятынына байланысты. Мысалы, ішек жойғыштары — олар ішектегі бактерияларды ерітіп жояды, дизентерия жойғыштары — олар ішектегі дизентерия бактерияларын ерітіп жоятындар болып табылады.
Ауру туғызатын вирустар. Вирус ағзаның жасушаларына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады. Олар: тұмау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ұшық, ИТИС (иммунитет тапшылығын иемденген синдром). Бұл ауруларды емдеу өте қиын. Вирустарға антибиотик дәрілер әсер етпейді. Көбіне ағзаның иммунитет жүйесі ғана ауру туғызатын вирустардың шамадан тыс көбейіп кетуін тежейді.
Өсімдіктерде вирустар тудыратын аурулар. 100 топқа бірігетін вирустар мыңнан астам өсімдік ауруларын қоздырады. Вирус зақымдаған өсімдіктердің жапырағында, басқа мүшелерінде түрлі-түсті дақтар, жолақтар пайда болады. Вирустардың әсерінен кейбір өсімдіктің бойы өспей, пішіні өзгереді. Астық дақылдарын зақымдаған вирустар оның түсімін төмендетеді.
Екпе ілімі дамып, медицина ілгерілеп, салыстырмалы түрде тазалық орнаған соң адамзат вирус пен бактерияға қарсы «қасиетті соғыста» біржолата жеңбесе де, шыбын-шыбын болып қырылып қалмай, қарсыластың қысымына шыдас бере алатын деңгейге жетті. Бірте-бірте «вирус» деген сөзден қорықпайтын болдық. Оның үстіне, IT-өнімдердің күнделікті қажетке айналуы бізді табиғи вирус емес, қолымыздағы құрылғыға зиянын тигізетін компьютер вирусы туралы көбірек біліп, содан сақтануға итермеледі. Ал поп мәдениет вирусты бірде карикатурадағы тажал қылып көрсетіп, бірде жай ғана сәнді сөз ретінде ұсынып, ұғым ретінде құнсыздандырып жіберді.
Шын мәнінде, вирусты әлемнің нағыз билеушісі деп атауға болады. Ыстық-суыққа, қар-жаңбырға, орман-шөлге қарамай, барлық жерде өмір сүре алатын және жануар екен, өсімдік екен, бактерия екен деп бөліп жармай, кез келген тірі ағзаға шабуыл жасай беретін батыр — осы вирус. Вирус қалай шабуылдайды? Жоғарыда айтып өткеніміздей, вирус өз бетінше көбейе алмайды, әлдебір тіршілік иесінің жасушасы керек. «Жолы болғыш» вирус жайлы ортаға тап келсе, ішіне кіріп алады да, жасушаның ресурстарын пайдаланып, өз-өзін көшіре бастайды.
Шартты түрде алғанда, вирустың өмірлік циклі бірнеше кезеңнен тұрады.
Жасушаға жабысу. Бұл кезеңде вирустың ақуыз қабықшасы жасушаның бетіндегі рецепторлармен байланысып, ажырамастай болады. Мәселен, кей вирустың капсиді (ақуыз қабықшасы) ферменттің ролін атқарады: жасушаның сыртқы қабаттарын ерітіп жіберіп, ішіне нуклеин қышқылын жібереді. Айтпақшы, қай жасуша керек екенін әр вирус өзі анықтайды, мәселен, иммун тапшылығы вирусы тек лейкоциттерді қажет етеді.
Жасушаға кіру. Жасушаға жабысып алған соң вирус оның ішіне басты байлығы — нуклеин қышқылын енгізе бастайды (оның да сан алуан әдісі бар).
Ақуыз қабықшасының ажырауы. Нуклеин қышқылының жасушаға енетіні белгілі болған соң капсид ажырап, «зейнетке» кетеді екен.
Вирустан қорғану үшін не істеу керек? Вирусқа қарсы адамзат ойлап тапқан басты қару — екпе. Осының арқасында дүниежүзі адамға ең жиі жұғатын желшешек, қызылша, полиомиелит сияқты вирустардан құтылып отыр.
Сонымен бірге, тазалық сақтаудың да маңызы орасан. Вакцинация бізді жұғу қатері жоғары вирустардан қорғаса, гигиена жалпы вируспен күресуге көмектеседі. Қолды жиі жуып, тыныс жолдарын тазалап, дер кезінде дәрігерге көріну — саулықтың кепілі.
Айтпақшы, вирустан қорғайды деп антибиотик ішпеңіз. Себебі ол — вирусқа емес, бактерияға қарсы қолданылатын препарат болып табылады.
Қорыта айтсақ, вирустар – тірі табиғат пен өлі табиғат арасында тұрған клеткалық құрылымы жоқ, ұсақ организмдердің үлкен тобы немесе вирустар ұсақ ауру тудырушы инфекциялық агенттер. Вирустар адамның серігі десекте қателеспейміз.
Өйткені олар (адамның) адам туғаннан бастап оны қоршаған және онымен бірге тіршілік етеді. Олардың кейбіреулерін біз елең етпесек, қалған біреулермен жанассақ болғаны ауырып қаламыз. Қазіргі кезде ауру тудыратын көптеген вирустар белгілі және олардың бірінің емі болса, бірінікі белгісіз. Дүние жүзінде халық саны өскен сайын, табиғат тепе теңдігі бұзылып, вирустарда трансормацияланып жаңа штаммдар, жаңа вирустар пайда болуда. Біздің қолымыздан келетіні - қоршаған ортамен дұрыс балансты сақтап, гигиеналық шараларды ұстану деп білемін.