Рефлексивті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар Семей, 2013


Таныстырылым слайдтарын дайындағанда нені ескеру қажет?



Pdf көрінісі
бет15/55
Дата28.02.2023
өлшемі0,49 Mb.
#70432
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Таныстырылым слайдтарын дайындағанда нені ескеру қажет?
• Слайдтарда мәтін мен ұзын фразалардан аулақ болыңыз. Ұзақ сөйлемдердің 
орнына түйінді сөздер мен қысқа фразаларды пайдалануға тырысыңыз. 
Көлемді мәтіннің орнына ойларыңызды жинақтайтын символдар мен 
сүреттерді пайдаланыңыз.
• Мәтінді пайдаланатын болсаңыз, аудитория көре алатындай шрифті 
таңдаңыз. Ауызша айтатын сөздерді слайдқа түсірмеңіз. 
• Аудиторияның жарықтығын ескеріңіз, тым «әсерлі» слайдтар дайындамаңыз.
• Анимацияны оңтайлы пайдаланыңыз, әйтпесе негізгі тақырыптан ауытқу 
қауіпі туады.
• Видео пайдаланғанда алдын-ала видео фрагменттердің жүктелуіне көз 
жеткізіңіз. Өйткені аяқ астынан техникалық ақаулардың пайда болуы 
таныстырылымға кері әсерін тигізеді. 
• Таныстырылымға бір күн қалғанда компьютерге СОҢҒЫ НҰСҚАНЫ жа-
зып қойыңыз.
• Слайдтар санын талапқа сай сақтаңыз. 
Меніңше, PowerPoint таныстырылым слайдтары мұғалімнің мектепте 
тәжірибеден өткенін көрнекі түрде көрсету үшін қажет. Сондықтан слайдтарда түрлі 
әдістер мен стратегияларды пайдаланғаны және олардың нәтижелілігін көрсететін 
салмақты дәлелдемелері қамтылу керек.
Тыңдаушыларға, көмек ретінде, критерийлері бар рубрикатор құрастырылды, 
олар «дәлелдемелер» мен Кембрижд университетінің Емтихан кеңесі ұсынған 
лейблер. Тыңдаушыларға таныстырылымда келтірген салмақты дәлелдемелерді 
өздігінен бағалау үшін, әр лейблге дескриптор жазылды. 
Келтірілген рубрикатор сіздерге өз дәлелдемелеріңіздің қоры туралы ойлануға 
көмек береді деп ойлаймын. 


24
25
Дәлелдемелер
Тренердің түсініктемесі
Жақсы
Мұғалім мектепте тәжірибе өту барысында оқушылардың 
жұмысы, фото және видео материалдарды сенімді дәлелдер ретінде 
қамтығанын көрсетеді.
Дәлелдемелер мұғалімнің таныстырылым кезінде сөйлеген сөзімен 
логикалық байланысты. 
Дәлелдемелер мұғалім мен оқушыларды оқытуының нәтижелері 
туралы айтуға мүмкіндік береді. 
Көбінесе, таныстырылымда мұғалімдер «Сабақ соңында оқушылар 
«Менің өлкем» тақырыбында шығарма жазды» деп, дәлелдеме 
ретінде оқушылардың жазып отырған фотоларын ұсынатынын 
байқадым. Мұндай сүрет шынында олар шығарма жазғанын 
түсіндіре ме?
Меніңше, бұл жағдайда, шығармалардың өзін, оған арналған 
бағалау критерийлерін, тексергеннен кейінгі мұғалімнің түсінік- 
темелерін дәлелдеме ретінде ұсыну әлдеқайда сенімді болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет