26
27
ҚОРыТынДы
Құрметті әріптестер, мен «Педагогикалық Шеберлік орталығында»
жұмыс
істеу мүмкіндігін бағалаймын және соған ризамын.
Мен үшін қызмет саласын ауыстыру және сүйікті оқушыларымды тастап кету
қиын болды. Бірақ, өзімнің әріптестерімді, курс тыңдаушыларын оқыту мен оқу
үдерісіндегі заманауи
тәсілдерді пайдалануға, сабақтарды жаңаша жоспарлауға,
білім саласындағы озық теориялар мен өз тәжірибелері туралы ойлануға көмектесу
және ынталандыру мені алдыға жетелей түсті.
Өзгерістер тек мұғалімнің өзінде ғана емес, сынып, мектеп көлемін де жүреді.
Сыныпта 25-30 оқушыдан отырады - олардың барлығы болып жатқан оң өзгерістерді
бағаласа, мұғалімдер тек ынталана түседі.
Менде сұрақ бар: мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарының
Бағдарламасы
шеңберінде есеп жазу мен таныстырылым жасау ең бастысы болып табыла ма?
Мен шын көңілмен Бағдарлама шеңберінде баяндалған және мектепте
тәжірибеден өткенде мақұлданған ғажайып идеялар,
есеп жазу мен таныстырылым
кезеңдері артта қалған кезде де, жалғасын тауып, болашақта іске асырылатынына
сенемін
Үшінші (базалық) деңгейлі біліктілікті арттыру
курстарынан өткеннен кейін
сіздер өз кәсіби іс-әрекетіңізді «ескіше» жалғастыра алмайтындарыңызға, керісінше,
Бағдарламаның жеті модуль идеяларын тиімді қолдану арқылы 21 ғасырда оқушыларға
қажетті дағдыларды игереруге көмектесетіндеріңізге сенімін. Ол дағдылардың
ішінде сын тұрғысынан ойлау және
проблемаларды шешу, бейімделуге қабілетті болу,
жігерлілік, ауызша және жазбаша коммуникацияның тиімді
дағдылары, ақпаратты
тауып
оны өңдеу, әуестену мен қиялдау бар.
Әріптестер, қойылған міндеттерді іске асыруда табыстарға жетейік!
ҚОЛДаныЛҒан ӘДЕБИЕТ
1. (2012) «Қазақстан Рсепубликасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арт-
тыру курстарының Бағдарламасы үшінші (базалық) деңгей».
2. Askew, S. (2004). Feedback for learning. New York, NY 10001.
3. Allen, S.
(1988). How to make a speech.
McGraw-Hill Companies.
4. Detz, J. (2002). How to write and give a speech. St. Martin’s Press, ISBN
0312302738.
5. Doran, G. T. (1981). There’s a S.M.A.R.T. way to write management’s goals and
objectives.
Management Review, Volume 70, Issue 11.