«Рефлексивті негіз»



бет8/8
Дата06.01.2022
өлшемі5,19 Mb.
#12335
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
кері байланыс әдістері

Қосу

Алу

Қызықты

6. «Сауалнама» әдісі

Мектеп оқушыларына шағын сауалнама ұсынылады, оны сабақтың қандай элементтеріне ерекше назар аударылуына байланысты өзгертуге, толықтыруға болады. Білім алушылардан өз жауабын дәлелдеуді сұрауға болады.



1. Сабақта мен … жұмыс істедім

2. Мен сабақта өз жұмысыма…

3. Сабақ маған …көрінді

4. Сабақта мен…

5. Менің көңіл-күйім…

6. Сабақ материалы маған…





7. Үй тапсырмасы маған … көрінеді

Белсенді/енжар

Ризамын/риза емеспін

Қысқа/ұзын болып

Шаршамадым/шаршадым

Жақсы болды/нашарлады

Түсінікті/түсініксіз

Пайдалы/пайдасыз

Қызықты/зеріктіретін

Жеңіл/қиын

Қызықты/қызықсыз

7. Көп нұсқалы жауап талап ететін сұрақтар:
  • Неліктен қиын болды?
  • Сабақта не аштыңыз, білдіңіз?
  • Сабақтан сіздің күткеніңіз расталды ма?
  • Сіз бүгінгі сабақтан не алдыңыз?
  • Сабақ ненің төңірегінде ойлануға мәжбүр етті?

8. «Алғыс білдіремін» әдісі

Сабақтың соңында мұғалім әр оқушыға ынтымақтастық үшін рахмет айтқысы келетін балалардың бірін таңдауды және осы ынтымақтастық нақты неден байқалғанын түсіндіруді сұрайды. Таңдалатындар санынан мұғалімді алып тастау керек. Педагогтің алғыс айту сөзі соңғы болады. Бұл ретте ол қошеметтің ең төмен мөлшері тиген оқушыларды таңдап, оқиғаның осы қатысушысына да ризашылық сөздерін табуға тырысады.



9. «Өзін-өзі бағалау парағы»



Ләззат алдым

Ештеңе түсінбедім

Таң қалдым

Жаңа нәрсе білдім

Жаңа нәрсе білдім

Ренжідім

Я

10. Өзін-өзі бақылау парағы

Бүкіл сабақ бойы жүргізіледі.

Оқушының тегі, аты_____________________________

Тапсырма түрі

Белгі

11. «Борт журналы»

Түйінді сөздер, графикалық модельдер, қысқа сөйлемдер және ой-тұжырымдар, сұрақтар арқылы ақпаратты тіркеу нысаны. Оқушылар толтыратын, мұғалім құрастыратын «борт журналының» бөліктеріне мысал: тақырыптың түйінді ұғымдары, оқушы анықтауы тиіс байланыстар, маңызды сұрақтар.



12. «Күнделіктер»

Күнделіктің сан алуан түрлері: кәдімгі, күнделік – көркемөнер альбом, екі бөлікті күнделік (бір бағанда – қадағалайтын фактілер, пікірлер дәйексөз, екіншісінде – түсіндірмелер) және басқасы. Эссе мен «борт журналына» қарағанда, күнделік ұзақ уақыт аралығында жүргізіледі және оқушыға тікелей үдерісті қадағалай отыра, сондай-ақ уақытта өз әрекеттерін салыстыра отыра, анағұрлым терең рефлексия жасауға мүмкіндік береді (кейінге қалдырылған» рефлексия).



13. «Үш М және Ә»

Оқушыларға сабақ барысында жақсы орындаған үш мәселені атап, сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір әрекетке ұсыныс жасау ұсынылады.



14. "Ал ең соңында айтарым"

Оқушыларға жүйелі үш сұраққа жауап беру ұсынылады:


  • Үміттеріңіз қаншалықты расталды және ол үшін кімге алғыс білдіресіз (мұғалімді қоспағанда)?
  • Не расталмады және неліктен?
  • Менің және біздің келешегіміз?

15. «Бағалау парағы

Рефлексия»

Мен ойлаған нәрсені орындадым ба? _____________________________________

Мен жобаның басты нәтижесі ретінде жазғанды істеу қолымнан келді ме?__________

Барлығы мен ойластырғандай болды ма?__________________________

Не жақсы орындалды?_________________________________________________

Не жаман орындалды?_________________________________________________

Нені орындау жеңіл болды, ал не кенеттен қиынға соқты?____________

Кім маған жоба үшін РАХМЕТ айтар еді?_________________________

Ересектерден өз жұмысымды бағалауын сұраймын:

Анам не деді:____________________

Мұғалім не деді:_______________________________

Жобаны достар қалай бағалады:______________________________

Мен олармен неден келісемін, неден келіспеймін ?_________________________

16. Парталас көршіңе 1 пікір таңдаңыз:


  • Жарайсың!
  • Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын.
  • Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің.

17. «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»  

Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептесеңіз қайығыңызды Білім теңізіне жібереңіз, ал оған сенімсіз болсаңыз Ереже шығанағында қалдырыңыз.



Білім теңізі

Ереже шығанағы

18. «Чемодан, еттартқыш, себет»



19. «Көңіл-күй таразысы»

Сол жақта суретте - бұлыңғыр күн, бұлт, жаңбыр.

Оң жақта күннің көзі, бұлтсыз аспан. Көңіл-күйдің «күнді» немесе «жауынды» болуына байланысты, таразы аяқтары күннің соңында солға немесе оңға ауытқиды. Бұл ретте, төменде, олар соған дейін ауытқыған секторда маятник, саны мен себебі белгіленеді.

                                         

20. «SMS»

Оқушыларға қағаз ұялы телефондарға

сабақтың қалай өткендігі туралы, ол қалай

жемісті жұмыс істегені туралы бір-біріне



қысқа хабарлама (SMS) жазу ұсынылады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет