Әлем халқының 70% латын әліпбиін біледі. Тіпті жапон, қытайлардың өзі «қытай латын графикасы», «жапон латын әліппесі» дегенді қолданады.
Қазір біз акут таңбасы бар алфавитті қолданамыз. Қазіргі акут таңбасымен алынған әліпбиіміз «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толығымен сәйкес келеді. «Ш» мен «Ч» әріптері ғана осы приципке үйлеспейді.
Латынға көшпеу керек дейтіндердің тағы бір «дәлелі» - жаңа ұрпақ кирил қарпіндегі мәдени мұрадан айырылып қалады.
Әліпби
1928ж. араб әрпі латын әрпімен, 1940ж. кириллицамен ауыстырылды.
Араб әліпбиін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдануға көшу — ұлттық мәдениетке жасалған қастандық екендігін айтты. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тән жаңа әліпбиге көшу қажет, бірақ оған әлі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді. Алайда біртұтас мәдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған Кеңес басшылығы республика өкілдерінің пікірімен санаспады. Жаңа әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 жылдың күзінде латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің жобасын ұсынды. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады Бұл газет, оқулықтар, әдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Республика бір мезгілде екі әліпбиді, яғни: қазақ тілі үшін — латын, орыс тілі үшін - кириллицаны қолданатын болды.