Региональный вестник Востока



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата03.03.2017
өлшемі8,98 Mb.
#7195
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

ЖАҢА БАСЫЛЫМДАР
НОВЫЕ ИЗДАНИЯ
SECТION NEW PUBLICATIONS
ӘОЖ 821.512.122.09
A.M. КАРТАЕВА, Д.О. САРСЕМГАЛИЕВА
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Өскемен қ., Қазақстан
АКАДЕМИК ЗӘКИ АХМЕТОВ – АЛТАЙДАН ҰШҚАН ҒҰЛАМА
Мақалада  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Ғылым  академиясының  академигі, 
филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, 
ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, әйгілі әдебиеттанушы ғалым Зәки Ахметовтің 
өмірі  мен  шығармашылығы  сөз  етіледі  және  әдебиеттану  ғылымына  қосқан  еңбегі 
жайлы айтылып, абайтану, әуезовтанудағы ғылыми зерттеулеріне талдау жасалынады. 
Түйін  сөздер:  әдебиеттану,  абайтану,  әуезовтану,  әдебиет  теориясы,  әдебиет 
тарихы, поэзия, монография.
АКАДЕМИК ЗАКИ АХМЕТОВ – ДЕЯТЕЛЬ АЛТАЯ
В статье рассматривается жизнь и научная деятельность знаменитого писателя, 
ученого, заслуженного деятеля РК, лауреата государственной премии РК, профессора, 
доктора филологических наук, академика Национальной Научной Академии РК Заки 
Ахметова, его научные исследования абаеведение, ауэзововедение.
Ключевые слова: литературоведение, абаеведение, ауэзововедение, литературная 
теория, история литературы, поэзия, монография.
ACADEMICAN ZAKI AHMETOV – ALTAI PERSONALITY
This article is about the life and work of the famous writer, scholar, honored worker of 
the Republic of Kazakhstan, the winner of the State Prize of the State Prize of the Republic of 
Kazakhstan , professor, doctor of philological sciences, academician of the National Academy 
of the Republic of Kazakhstan .
Pass in review research abayavedeniya, auezovоvedeniya and also discuss to the scien-
tific activities of academician Z.Ahmetov.
Keywords: literary criticism, abayavedeniya, auezovedeniya, literary theory, history of 
literary, poetry, monograph.
304

305
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
Ежелден  ата-бабаларымыз  мекендеген  Кенді  Алтай  төңірегі  өзінің 
қазына  байлығымен,  әсем  табиғатымен,  сұлу  көркімен  әлемге  аян.  Ғажайып 
сырға  толы  бұл  өңірден  қаншама  дарынды  адамдар  шықты.  Тылсым  табиғат 
талай қаламгерлерді, ақын, жазушы, ғалым, сыншыларды өмірге әкелген. Сол 
топырақта туып-өскен есімі кешегі бүкіл Одаққа танымал аса көрнекті ғалым, 
ұлағатты  ұстаз,  қоғам  қайраткері,  іргелі  зерттеулердің  авторы  академик  Зәки 
Ахметовтің есімі бүгінде үлкен құрметпен аталады. 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Ғылым  академиясының  академигі, 
филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының 
иегері, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, әйгілі әдебиеттанушы ғалым Зәки 
Ахметовтің мол ғылыми мұрасы мен құнды зерттеу еңбектері бүгінгі ұрпақтың 
рухани игілігіне айналып отыр. 
Зәки Ахметов (4.05.1928-17.12.2002) Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауда-
ны Ұзынбұлақ ауылында туған. 1943-1948 жж. Қазақтың С.М. Киров атындағы 
мемлекеттік  университетін  үздік  бітірген.  1948-1951  жж.  КСРО  ҒА-ның 
Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқып, 1951 жылы 
«Лермонтов және Абай» атты тақырыпта кандидаттық диссертация, 1965 жылы 
«Қазақ өлеңінің құрылысы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. 
1951-1975 жж. Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институтында кафедра 
меңгерушісі, декан, 1975 ж. Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі, 1975-1981 жж. 
Қазақстан  ҒА  қоғамдық  ғылымдар  бөлімшесінің  академик-хатшысы,  1983  ж. 
Қазақстан ҒА академигі, 1984-1986 жж. Қазақстан ҰҒА-ның вице-президенті, 
1986 жылдан ғұмырының соңына дейін М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институтында  бөлім  меңгерушісі  қызметтерін  атқарған.  З.  Ахметов  Шығыс 
Қазақстан облысы аумағында ең бірінші болып академик деген жоғарғы ғылыми 
атақты иеленген еді. 
Ғалымның өнер, сөз өнері, өлең, жыр, поэзия, тіл кестесі жайлы ғылыми 
еңбектері әрбір адамның көкірек көзін ашып, санасын оятады, білімін тереңдетеді. 
Әдебиет әлеміне дұрыс жөн сілтеп, адастырмас бағдаршамындай бағыт береді. 
«Өнер алды – қызыл тіл» деп білген дана халқымыздың өнерін құрметтеп өскен 
Алтайдан  ұшқан  ғұлама  ғалым  Зәки  Ахметов  туралы  ақын  Әйгерім  Уәлиева 
мынадай жыр жолдарын төгеді: 
Бұл күнге де жеттік-ау халқым аман, 
Таланты Бұқтырмадай арқыраған. 
Зәкеңнің ғылымдағы сара жолы,
Алтайдың алтынындай жарқыраған. 
Ертістің тұнығы еді майланбаған,
A.M. КАРТАЕВА, Д.О. САРСЕМГАЛИЕВА. 4 (72) 2016. Б. 304-309 
 
             
   ISSN 1683-1667

306
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Жүйрік ед қызығына байланбаған.
Ал қане, көзкөргендер еске түсір
Жан еді-ау жаны жібек жайраңдаған. 
Жасынан сөз өнерін қастерлеп тал бесікте ананың тілі мен оның құдіретін 
бар  бойына  сіңіріп  өскен  Зәки  Ахметов  өзінің  барлық  саналы  ғұмырын  өлең 
өрнегі мен тіл кестесіне, әдебиет әлемі мен даналар шығармашылығын зерттеуге 
арнады.  Қазақ,  орыс  тілдеріне  жүйрік  екі  тілде  көсілте  жаза  білетін,  алқалы 
топтарда,  үлкен  мінбелерде  шешен  сөйлеп  алдына  жан  салмайтын  ғалымның 
үлкен  дарындылығын  өзінің  әріптестері  мен  шәкірттері  үнемі  айтып  тауыса 
алмайтын. Осы орайда академик С. Қирабаевтың мына сөзі еске түседі: «Қазақ 
әдебиеті тарихының басқа да мәселелеріне көп араласқан Зәки жалпы әдебиеттің 
жан-жақты білгірі есебінде аса биік беделге ие ғалым еді. Орыс, қазақ тілдерінде 
бірдей жазатын, екі тілде де шешен, алғыр Зәкиді орыс ғалымдары да, туысқан 
халықтар әдебиеті мен ғылымның өкілдері қатты сыйлап, құрметтейтін еді» [1]. 
Жерлесіміз  З.  Ахметов  –  бүкіл  саналы  ғұмырын  ғылымға  арнаған  адам. 
Ғылым мен білім ол кісінің жанының қуатындай, жүрегінің ыстық қызуындай 
төгіліп жататын. Энциклопедиялық терең білімді, өте мәдениетті зиялы адам еді. 
Ғылым мен ұстаздықты ұштастырып, артында ұрпағына мол мұра қалдырған, 
қазақ интеллигенциясына үлгі болатын тұлға. Аудиторияда дәріс оқып тұрғанда, 
әр  уақытта  тыңнан  мәселе  қозғап,  үзінділерді  жатқа  айтып,  тыңдаушыларын 
үйіріп  әкететін.  Алғаш  ғылымға  келгеннен  ұлы  Абай  даналығымен  сусындап, 
өзінің ғұмыр бойы зерттеген тақырыбы Абай мен Әуезов тілінен өрнек салып, 
сөз  кестесін  соларша  тізбектеген  ғалым  даналар  шығармаларынан  үзінділерді 
жатқа оқитын. Зәки ағаның жүзінен үнемі айналасына шуақ шашылып, жылылық 
беретін ізгілік нұрының сәулесі тарап тұратын. Қай уақытта көрсең де ақ жарқын 
көңілмен, байсалды мінезбен, кең ақыл парасатпен көрінетін. 
«Зәки  Ахметов  ғылымға  өзін  бірден  таныта  келді,  әрі  өте  жас  келді.  Ол 
Ленинградтағы  Шығыстану  институтының  аспирантурасында  оқып,  1951 
жылы  небәрі  23  жасында  «Лермонтов  и  Абай»  деген  тақырыпта  кандидаттық 
диссертациясын сәтті қорғап шығады. «Ғылым кандидаты атанған ол әдебиеттану 
саласында  талмай  жарты  ғасырдан  астам  еңбек  етіп,  оннан  астам  жеке 
монография, 20 шақты ұжымдық кітап, 400-ге жуық мақала жазыпты. Оларды 
сала-саламен айтар болсақ, фольклор, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдеби 
байланыстар,  текстология  және  аударма  болып  бөлінеді»,  –  дейді  академик 
С. Қасқабасов [2]. 
Ғылымдағы жолын ұлы Абайды зерттеуден бастап, өмірінің соңына дейін 
кемеңгер ақынмен бірге бүкіл өмірін де, өнерін де, өзі де рухани тұтасып кеткен 
ғалымның әрбір ілімі – жастар үшін өшпес үлгі-өнеге. Жетпіс бес жасқа сәл ғана 
ЖАҢА БАСЫЛЫМДАР

307
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
жетіңкіремей  қалған  ғұмырында  ол  көп  іс  тындырып  үлгерген,  құдай  берген 
табиғи талантын тынымсыз еңбегі арқылы жетілдіріп, халық игілігіне қызмет 
етуге бағыттай білген адам. 
Жарты  ғасыр  ғұмырын  арнаған  Абай  тақырыбы  –  ғалымның  жүрегінің 
қызуы, жігерінің қуаты болды. Академик С. Қасқабасовтың сөзіне ден қойсақ: 
«Сонау 1951 жылы жазылған «Лермонтов и Абай» атты еңбегінен басталған Абайға 
деген  құштарлық  1995  жылы  «Абайдың  ақындық  әлемі»  атты  монографияны 
дүниеге әкелді. Сол жылы жарық көрген «Абай» энциклопедиясына да басты-
басты  мақалаларды  Зәки  Ахметов  жазды.  Ұзақ  жылғы  абайтануға  арналған 
еңбегі үлкен абырой әперді, Зәкең Мемлекеттік сыйлыққа ие болды», – дейді [3].
З.  Ахметов  Абай  шығармашылығын  тұтас  қарастырып,  толық  әрі  жан-
жақты  зерттеп  жұртшылыққа  ұлағат  етті.  Ақынның  өлеңдері,  қарасөздері, 
поэмалары мен аудармаларына ғылыми сипаттама жасап, оқырманды Абайдың 
ақындық әлеміне үңілтті. Абай шығармаларының қазақ әдебиеті мен мәдениеті 
тарихында өзінше бөлек, өрісі аса биік, мүлде жаңа ой-пікір, көркем сезім әлемі 
екенін  түсіндірді.  «Абайдың  ақындық  әлемі»  атты  еңбегінде  ақын  лирикасын 
тақырып-тақырыпқа  қарай  бөліп,  өлеңдерінің  ішкі  мазмұнын  ашып  жіктеді. 
Зәки  Ахметов  өзінің  көп  жылғы  ғылыми-шығармашылық  қажырлы  еңбек 
жолында Абай даналығын оқырман жүрегіне жеткізіп, зерттеп жазумен қатар, 
Абай мұрасын талмай оқытып, шәкірттерінің санасына сіңіріп, ақын тағылымын 
жас ұрпаққа үлгі етті және сол сара жолды нұсқады. 
Абайтану  саласында  Зәки  Ахметов  текстологиялық  та,  теориялық  та 
жұмыстар  жазып,  Мұхтар  Әуезовпен  бірлесіп,  ұлы  ақын  шығармаларының 
канондық  мәтінін  2  том  етіп  1957  ж.  жарыққа  шығарды.  Содан  бері  қарай 
ғалым  әр  жылдары  шыққан  Абай  мұрасының  академиялық  басылымдарын 
даярлауға  қатысып,  тікелей  басшылық  жасады.  Абай  шығармаларының 
жинақтарын  құрастырып,  ғылыми  түсініктерін  жазды. 
Еліміздегі  тұлғалық  ірі 
еңбек «Абай энциклопедиясының» редакциялық алқасын басқарды. Ол «Абай» 
энциклопедиясының ең белсенді авторы болып, осы еңбектің көптеген мақаласын 
жазды. 
Ұзақ жылғы абайтануға арналған еңбегі үшін ғалым 1996 ж. Мемлекеттік 
сыйлыққа ие болды. 
З. Ахметовтің Абай мұрасы мен Әуезовтің шығармашылығына арналған 
зерттеулері  –  ұлттық  әдебиеттанудағы  теңдесі  жоқ  іргелі  ғылыми  еңбектер 
болып табылады. Себебі, Абайдың ақындық, ойшылдық дарынымен Әуезовтің 
жазушылық  шеберлігін  зерттеу  барысында  ғалым  екі  ғұламаның  қазақ 
әдебиетіндегі  орнын  жан-жақты  дәлелдеп  берді.  Әсіресе  Абайдың  Әуезовке 
тигізген әсері, рухани сабақтастыққа байланысты келелі ойлары Абай мен Әуезов 
үндестігі мәселесіне негізгі тірек болды. Бұл ретте З. Ахметов: «М. Әуезов және 
абайтану проблемалары» арнайы да кең түрде зерттеуге тұрарлық, өйткені Абай 
A.M. КАРТАЕВА, Д.О. САРСЕМГАЛИЕВА. 4 (72) 2016. Б. 304-309 
 
             
   ISSN 1683-1667

308
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
тақырыбы Әуезов шығармашылығында басты орын алғаны белгілі ғой», – деп 
арнайы атап көрсеткен болатын [4].
Әдебиеттану ғылымында ғалымның ұшқыр қаламы тимеген мәселе кемде-
кем.  Әдебиет  тарихы,  абайтану,  әуезовтану,  әдебиет  теориясы  мен  аударма 
туралы өзекті мәселелерді қамтыған салиқалы зерттеу еңбектері арқылы ғалым 
ұлттық әдебиеттану ғылымын республикадан тыс жерлерге де паш етті. 
Сонау  1951  ж.  жазған  «Лермонтов  и  Абай»  атты  кандидаттық 
диссертациясынан бастап, 2002 жылғы «Поэзия шыңы – даналық» деп аталатын 
соңғы еңбегіне дейін әдебиет тарихына иек артып, оның әр алуан мәселелерін әр 
аспектіде қарастырды. Тағы бір ерекше көңіл бөле айтар жай, З. Ахметов қазақ 
поэзиясын  ұзақ  жылдар  бойы  үзбей  зерттеді.  Мұның  өзі  ғалымның  ұстанған 
бағытына тұрақтылығын танытады. 
Академик  Зәки  Ахметов  әдебиет  теориясы  мен  тарихы  саласында  іргелі 
зерттеулер  жазып  қалдырған.  «Лермонтов  және  Абай»  (1951),  «Казахское 
стихосложение»  (1964),  «О  языке  казахской  поэзии»  (1970),  «Өлең  сөздің 
теориясы»  (1973),  «Қазақ  әдебиетінің  қазіргі  дамуы  және  дәстүрі»  (1978), 
«Поэтика эпопеи “Путь Абая” в свете истории ее создания» (1984), «Абайдың 
ақындық  әлемі»  (1995),  «Әдебиеттану  терминдерінің  сөздігі»  (1996),  «Роман-
эпопея Мухтара Ауэзова» (1997) «Поэзия шыңы – даналық» (2002) т.б. зерттеулері 
әдебиет пен ғылым үшін құнды еңбектер болып саналады. Өйткені бұл бағалы 
еңбектерден  қаншама  ұрпақ  өзіне  теориялық  терең  білім  мен  ғылыми  бағыт, 
рухани нәр алары сөзсіз. 
Өнегелі  өмір  жолында  академик  З.  Ахметовті  шәкірт  тәрбиелеп, 
өзінің  ғылыми  мектебін  қалыптастырған  ұстаз  ретінде  білеміз.  Атап  айтсақ, 
облысымыздағы іргелі қара шаңырақ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан 
мемлекеттік  университетінде  1993  ж.  алғаш  қазақ  әдебиеті  кафедрасының 
ашылуына  ұйытқы  болды.  Осының  негізінде  1996-1997  оқу  жылында 
«Әдебиеттану» мамандығы бойынша магистратура және аспирантура ашылды. 
З.  Ахметов  университетте  ашылған  қазақ  әдебиеті  кафедрасына  мамандар 
даярлауға зор үлес қосты. Академиктің ғылыми жетекшілігімен Ә. Молдаханов 
докторлық диссертация, С. Қасенов пен Р. Мұқышева кандидаттық диссертация 
қорғады.  1993-1997  жж.  аралығында  ғалым  студенттер  мен  магистранттарға 
дәріс оқып, ғылыми кеңестер беріп тұрды. 1993 ж. ғалымға Шығыс Қазақстан 
мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағы берілді. 
Ғұлама ғалымның артында өшпес мол ғылыми мұрасы қалды.
 Сол асыл 
мұрасы болашақ ұрпақ пен жас ғалым-зерттеушілер үшін баға жетпес құндылық 
болып табылады. 
ЖАҢА БАСЫЛЫМДАР

309
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қирабаев С. З. Ахметов туралы сөз / С. Қирабаев // Академик З. Ахметов және 
руханият мәселелері. – Алматы: Үш Қиян, 2003. – Б. 22.
2. Қасқабасов С. Зәки Ахметов – аса көрнекті әдебиетанушы-ғалым / С. Қасқабасов 
// Академик Зәки Ахметов және руханият мәселелері: «Академик З. Ахметовтің ғылыми 
мұрасы  және  қазақ  әдебиетану  мәселелері»  атты  респуб.  ғыл.-теор.  конф.  матер.  – 
Алматы: Үш Қиян, 2003. – Б.14-19. 
3. Қасқабасов С. Алғы сөз / С. Қасқабасов // Академик Зәки Ахметов және ру-
ханият мәселелері: «Академик З. Ахметовтің ғылыми мұрасы және қазақ әдебиеттану 
мәселелері» атты респуб. ғыл.-теор. конф. матер. – Алматы: Үш Қиян, 2003. – Б. 5.
4. Ахметов З. Абай және Әуезов / З. Ахметов  // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1995. 
– №4.
REFERENS
1. Kirabayev S., Z. Ahmetov turali soz. Akаdemik Z. Ahmetov zhane ruhaniyat masele-
leri. Almaty: Ush Kiyan, 2003, 22 (in Kaz).
2. Kaskabasov S., Z. Ahmetov asa kornekti adebietanushy galym. Akаdemik Z. Ahmetov 
zhane ruhaniyat maseleleri. Akаdemik Z. Ahmetovtin gylymi murasy zhane kazak adebietanu 
maseleleri atty respublikalyk gylymi teoriyalik konferenciya materialdary . Almaty. Ush Ki-
yan, 2003, 14, 19 (in Kaz).
3.  Kaskabasov  S.,  Z.  Ahmetov  Akаdemik  Z.  Ahmetov  zhane  ruhaniyat  maseleleri 
Akаdemik Z. Ahmetovtin gylymi murasy zhane kazak adebietanu maseleleri atty respublikalyk 
gylymi teoriyalik konferenciya materialdary. Almaty. Ush Kiyan, 2003 (in Kaz).
4. Ahmetov Z., Abai zhane Auezov. Kazak tili men adebieti. 1995, 4 (in Kaz).
A.M. КАРТАЕВА, Д.О. САРСЕМГАЛИЕВА. 4 (72) 2016. Б. 304-309 
 
             
   ISSN 1683-1667

Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ
INfORMATION ABOUT THE AUTHORS
АБЫЛАЙХАНОВА  Тана  Абылайхановна  –  зав.кафедрой  экономики  и 
управления  ВКГУ  имени  С.  Аманжолова,  г.  Усть-Каменогорск,  Казахстан.  E-mail: 
tablaihanova@mail.ru 
АЙТКУРМАНОВА Aрайлым Айткурмановна – магистрант 1-го года обучения 
специальности  «Педагогика  и  психология»  ВКГУ  имени  С.  Аманжолова,  г.  Усть-
Каменогорск, Казахстан. E-mail: -aray@inbox.ru 
АЛИМБЕКОВА  Жулдыз  –  магистрант  1-го  года  обучения  специальности 
«Филология»  ВКГУ  имени  С.  Аманжолова,  г.  Усть-Каменогорск,  Казахстан.  E-mail: 
zhuldyz94as@mail.ru 
АМАЛ  Өркеш  –  6M010900-«Математика»  мамандығының  2-оқу  жылының 
магистранты,  С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ,  Өскемен  қ.,  Қазақстан.  E-mail: 
ergaliev79@mail.ru
АМИНГАЗИНОВА  Аида  Амингазиновна  –  С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ 
6М020500-Филология қазақ филологиясы мамандығының 2-оқу жылының магистран-
ты, Өскемен қ., Қазақстан. E-mail: 
aiko_14.01@mail.ru
АХМЕТВАЛИЕВА  Айгерим  Кабидолдановна  –  С.  Аманжолов  атындағы 
ШҚМУ 6М010300-«Педагогика және психология» мамандығының 2-ші оқу жылының 
магистранты, Өскемен қ., Қазақстан. E-mail: aikerim1986@mail.ru
АЯГАНОВА  Алмагуль  Нурдубековна  –  магистрант  2-го  года  обучения 
специальности  6М010300-«Педагогика  и  психология»  ВКГУ  имени  С.  Аманжолова, 
г. Усть-Каменогорск, Казахстан. E- mail: tomi1107@mail.ru
ӘДІЛБЕК Әмина – 6M010900-«Математика» мамандығының 1-оқу жылының  ма-
гистранты, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ., Қазақстан. E-mail: ergaliev79@
mail.ru
БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ  Балғын  –  С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ  6М010300-
«Педагогика  және  психология»  мамандығының  2-ші  оқу  жылының  магистранты, 
Өскемен қ., Қазақстан. E-mail: www.bb_999@mail.ru
БАҚЫТҚАН  Диас  Бақытқанович  – 
магистрант  2-го  года  обучения 
специальности 
6M030100-«Юриспруденция» 
ВКГУ  имени  С.  Аманжолова,  г.  Усть-
Каменогорск, Казахстан.
 Е-mail: Dais.bakitkan@mail.ru
БАРАБАНОВА  Елена  Ивановна  –  кандидат  психологических  наук,  доцент 
кафедры психологии и коррекционной педагогики, специалист Психофизиологической 
лаборатории ЦПК ВКГУ имени С. Аманжолова, г. Усть-Каменогорск, Казахстан. E-mail: 
anb777@yandex.ru 
БАТТАЛОВА Айнур Кумарбековна – жаратылыстану ғылымдарының магистрі, 
310

311
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
ҚР ӘМ ШҚО бойынша Сот сараптамасы институтының аға сарапшысы, Өскемен қ., 
Қазақстан. Е-mail: 2012kausar@mail.ru
БЕКМОЛДАЕВА  Асель  Мырзахановна  –  магистрант  2-го  года  обучения  
КазГосЖенПу по специальности 6М011100-«Информатика», г. Алматы, Казахстан. E-
mail: asellek82@mail.ru
БЕКСОЛТАНОВА  Толкын  Толеубековна  –  магистрант  2-го  года  обучения 
специальности  6М010300-«Педагогика  и  психология»  ВКГУ  имени  С.  Аманжолова, 
г.Усть-Каменогорск, Казахстан. E-mail: tolkyn-beksoltan@mail.ru
БОЛГИБАЕВА  Акмарал  Бекболатовна  –  С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ 
6М060700-«Биология»  мамандығы  бойынша  2-оқу  жылының  магистранты,  Шығыс 
Қазақстан  гуманитарлық  колледжі,  жаратылыстану-биологиялық  пәндерінің 
оқытушысы. Өскемен қ., Қазақстан. Е-mail:
 akmaral_vkgk@mail.ru
ДЮСЕНБАЕВА  Ардақ  Төлеуовна  –  п.ғ.к.,  С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ 
педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының доценті, Өскемен қ., Қазақстан. 
E-mail: ardakdt@mail.ru 
ЕРБОЛАТ Нұрсолтан – магистрант 2-го года обучения специальности 6М030100-
«Юриспруденция»  ВКГУ  имени  С.  Аманжолова,  г.  Усть-Каменогорск,  Казахстан.  E-
mail: nursoltan.erbolat@mail.ru 
ЕРҒАЛИЕВ  Ерлан  Қанапияұлы  –  физика-математика  ғылымдарының 
кандидаты,  С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ  математика  кафедрасының  доценті, 
Өскемен қ., Қазақстан. E-mail: ergaliev79@mail.ru
ЖАЙЛАУБЕК  Назерке  Даулетказиновна  –  С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ 
6М010300-«Педагогика  және  психология»  мамандығының  2-ші  оқу  жылының 
магистранты, Өскемен қ., Қазақстан. Е-mail: Darun_nazerke@mail.ru
ЗАВАЛКО Надежда Александровна – д.п.н., профессор кафедры педагогичес-
кого  образования  и  менеджмента  ВКГУ  имени  С.  Аманжолова,  г.  Усть-Каменогорск, 
Казахстан. E-mail: zavalko_na@ mail.ru
ЗАЙКО  Леся  Яковлевна  –  аспирант  кафедры  философии  Житомирского 
государственного университета имени Ивана Франко, г. Житомир, Украина. E-mail: le-
sya_zayko@mail.ru
ЗАРЛЫХАН  Назерке  Сымбаткызы  –  магистрант  2-го  курса  обучения  ВКГУ 
имени С. Аманжолова, г. Усть-Каменогорск, Казахстан. E-mail: temirlan.kh@gmail.com
ИГИБАЕВА  Айнагуль  Курмашевна  –  педагогика  ғылымдарының  докторы, 
С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ  «Педагогикалық  білім  және  менеджмент» 
кафедрасының профессоры, Өскемен қ., Қазақстан. E-mail: aiko-53@mail.ru 
ИМАНКЕНОВА  Гульдана  Муратовна  –  магистрант  2-го  года  обучения 
специальности  6М030100-«Педагогика,  Психология  и  Культурология»  ВКГУ  имени 
С. Аманжолова, г. Усть-Каменогорск, Казахстан. E-mail: imankenova_g@ukk.nis.edu.kz
КАПЫШЕВА Гульнара Кыдырбековна – к.ф.н., профессор кафедры русской 
филологии,  мировых  языков  и  перевода  ВКГУ  имени  С.  Аманжолова,  г.  Усть-
Каменогорск, Казахстан. E-mail: gulnarkapysheva@mail.ru
КАРТАЕВА  Aйжан  Mаратбекқызы  –  филология  ғылымдарының  докторы, 
С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ  профессоры,  Өскемен  қ.,  Қазақстан.  E-mail: 
kartaeva2011@mail.ru
КИНАШЕВА  Жадыра  Болатовна  –  э.ғ.к.,  С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ 
доценті. Өскемен қ., Қазақстан. E-mail: Zhadyra_k_78@mail.ru
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ • СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ • 
INFORMATION ABOUT THE AUTHORS

312
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
КУДАЙБЕРГЕНОВА  Гульнар  Кудайбергеновна – Шығыс Қазақстан облысы 
бойынша Сот сараптамасы институтының жетекші сарапшысы, Өскемен қ., Қазақстан. 
E-mail: gul_200278@mail.ru 
ҚАБДЕШОВ  Нұрдәулет  Қабышұлы  –  магистрант  1-го  года  обучения 
специальности 6М050600-«Экономика» кафедры экономики и управления ВКГУ имени 
С. Аманжолова, г. Усть-Каменогорск, Казахстан. E-mail: kabdeshev@mail.ru 
ҚАЙЫРБАЕВА Айгерім Мұратханқызы
 
– 6М020500-Филология: Қазақ фило-
логиясы мамандығының 2 оқу жылының магистранты, Өскемен қ., Қазақстан. E-mail: 
aygerim.kayrbaeva@mail.ru
ҚАРЫМСАҚОВА Арайлым Нұрзадақызы – 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 
6М051000
 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының кәсіптік бағытының 
магистранты. Өскемен қ., Қазақстан. E-mail: karymsakovy@bk.ru 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет