Региональный вестник Востока



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата03.03.2017
өлшемі8,98 Mb.
#7195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

А.Е. САҒЫМБАЕВА
1
, А.М. БЕКМОЛДАЕВА
2
1
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 
Алматы қ., Қазақстан 
2
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан 
ИНФОРМАТИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДА 
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі таңда біздің елімізде бағалау жүйесіне үлкен көңіл бөлінуде, сондықтан 
информатика  сабағында  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау 
жүйесін қолдану актуалды мәселе болып отыр. Мақала критериалды бағалау жүйесін 
қолдану  тиімділігі  мен  Блум  таксономиясына  сүйеніп  «Информатика»  пәні  бойынша 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлерінің мысалы көрсетілген.
Түйін сөздер: критерий, критериалды бағалау, Блум таксономиясы, информатика, 
оқу жетістіктері, оқу мотивациясы.
А.Е. САҒЫМБАЕВА, А.М. БЕКМОЛДАЕВА. 4 (72) 2016. Б. 39-46 
 
          
                ISSN 1683-1667 

40
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
ЭФФЕКТИВНОСТЬ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ КРИТЕРИАЛЬНОЙ СИСТЕМЫ 
ОЦЕНИВАНИЯ В ОЦЕНИВАНИИ УЧЕБНЫХ ДОСТИЖЕНИЙ 
УЧАЩИХСЯ ПО ИНФОРМАТИКЕ
В  настоящее  время  наша  страна  уделяет  большое  внимание  системе  оценки, 
поэтому  использование  критериальной  системы  оценивания  учебных  достижений 
учащихся  по  информатике  является  актуальным  вопросом.  Статья  посвящена 
критериальной  системе  оценивания  учебных  достижений  и  предложен  примерный 
критерий оценивания учебных достижений учащихся по предмету «Информатика» на 
основе таксономии Блума.
Ключевые слова: критерии, критериальное оценивание, таксономия Блума, ин-
форматика, учебные достижения, учебная мотивация.
EFFICIENCY CRITERIAL ASSESSMENT SYSTEM IN 
THE EVALUATION OF STUDENTS› ACHIEVEMENTS INFORMATICS
 At present, our country attaches great importance to the evaluation system, so the use 
of the system of criteria of assessment of educational achievements of students in computer 
science  is  a  topical  issue. The  article  is  devoted  to  the  system  of  criteria  of  evaluation  of 
educational achievements and offered an example of a criterion of evaluation of educational 
achievements of students on the subject «Informatics» on the basis of Bloom›s taxonomy.
Keywords:  criterion,  criteria  assessment,  Bloom’s  taxonomy,  informatics,  academic 
achievements, learning motivation
Оқу  үдерісінің  табысты  болуын  анықтайтын  оқытуды  жоспарлау  ғана 
емес,  білімді  меңгерілуін  бақылау  мен  оқушылардың  керекті  құзырлықтарын 
қалыптастыру. Сондықтан бағалау үдерісінің әдістері, формалары мен құралдарын 
жақсарту мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Әсіресе қазіргі таңда Қазақстанда 
білім  беруді  жаңғырту  кезеңінде  бағалау  жүйесіне  аса  көңіл  бөлінуде.  Оқыту 
жүйесіне оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау объективтілігі мен туралығы 
өте маңызды, сондықтан да мектептерде бағалау жүйесін ұйымдастыру үлкен 
мәселеге ие. 
Білім  сапасы  мен  тиімділігін  көтеру  барлық  белгілі  тәсілдері  оқытудағы 
мәселелерді  шешуге  және  оқушының  жетістіктерін  бағалау  сенімділігін, 
объективтілігін нығайтуға бағытталған. Сондықтан да қазіргі заманғы білім беру 
талаптарына сай келетін, жаңа, әмбебап бағалау технологиясы іздестірілуде.
Ұзақ уақыт бойы бағалау тәсілі нормативті болып келді, ол оқушының жеке 
жетістіктері белгілі бір нормамен (басқа басым оқушылардың жетістіктерімен) 
салыстыру. Бұл тәжірибиенің негізі боп оқушының барлығы «Бес» деген бағаға 
ие болуы тиіс. Орындалатын жұмыс «5» деген бағаға бағаланып, табылған қате 
санына  байланысты  баға  азайтылады.  Ал  критериалды  бағалауда  жетістіктер 
деңгейлері  жетік  сипатталып,  баллмен  негізделеді.  Баллдық  шкала  нөлден 
басталады. Әр балл мазмұнды толықтырылған нақты жетістіктер деңгейлермен 
ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

41
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
анықталуы  тиіс.  Жеке  тұлғаның  жетістіктерімен  алдын  ала  анықталған 
критериялармен  салыстыру  –  бағалау  аспектісі  осыған  байланысты.  Сонда 
оқушының өзі емес, оның жұмысы бағаланады. Аз да болса да оқушы жұмысы 
бағаға  ие  болып,  және  оқушыда  жақсы  нәтижеге  талпыныс  пайда  болады. 
Критериалды  бағалау  формальды,  цифрлі  бағадан,  баллдық  жүйеден  бас 
тартпайды. 
Ғылыми  әдебиеттерде  бірыңғай  «критериалды  жүйеге»  анықтама  жоқ. 
Әртүрлі авторлар (А.Н. Майоров, Д.В. Чернилевский, В.М. Полонский және т.б.) 
бұл ұғымды өзінің логистикасында қарастырады. Бірақ шетел тәжірибиесінде 
критериалды  бағалау  технологиясы  объективті,  нақты  болып  халықаралық 
бакалавриат жүйесінде (негізгі мектеп бағдарламасында) көрсетілген [1].
Критериалды  бағалау  оқушының  оқу  жетістіктерін  нақты  айқындалған, 
көпшілікпен  жасалған,  алдын  ала  барлық  оқу  үдерісі  қатысушыларға  белгілі 
критериаларымен  салыстыруға  негізделген.  Бағалау  критерийлері  пәннің  әр 
тақырыбына  жасалып,  бір  жүйеге  салынғаны  дұрыс.  Критериалды  шкаласы 
дұрыс және айқын құрастырылса оқушы өзінің жетістігін ешкімнің көмегінсіз 
бағалай алады, бұл жоғары нәтижеге қол жеткізуге талпынысты үдетеді және 
өзіндік жұмыс жасауын қалыптастырады.
1-сызба – Критериалды бағалау жүйесі
А.Е. САҒЫМБАЕВА, А.М. БЕКМОЛДАЕВА. 4 (72) 2016. Б. 39-46 
 
          
                ISSN 1683-1667 

42
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Оқыту  үдерісінде  критериалды  бағалау  мәні  мұғалім  мен  оқушының 
арасында өзара байланысты орнатылуын, оқыту үдерісінің ағыны ерекшеліктерін 
ашылуын береді, бағалану субъектері оқу-әдістемелік материалдарын меңгеру 
кезеңін  дербес  анықтай  алады  [2].  Критериалды  бағалау  жүйесі  оқушының 
негізгі құзыреттердің қалыптасуына көмектесіп қана қоймай, шығармашылық, 
сыни  түрде  ойлау,  зейін  оқу  мотивациясын  күшейтеді.  Критериалды  бағалау 
жүйесі 1-сызбада көрсетілген.
1956  ж.  американдық  психолог  Б.  Блум  оқыту  мақсаттарының  жіктеу 
санаттарын және оқыту таксономиясын әзірледі. Қазіргі таңда оқыту, білім беру 
сапасын бағалау Блум таксономиясы негізінде жүзеге асырылуда.
Б. Блум 6 танымдақ топ анықтаған:
– білім;
–  түсіну;
–  қолдану;
–  талдау;
–  синтез (жүйелеу, жинақтау);
– бағалау.
1. Білу
Таным  мен  ойлау  деңгейі  –  төмен  деңгей.  Бұл  категория  мәлiметтердi 
қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, 
мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
2. Түсіну
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Оқу  материалын  түсінгендіктің  ретінде  келесідей  әрекеттерді  атқаруды 
атауға болады:
Трансляция  –  оқу  материалын  бір  «тілден»  екінші  «тілге»  ауыстыру 
(мысалы,  математикалық  формуланы  сөзбен  айтып  беру;  сөзбен  келтірілген 
мәліметті кесте, схемамен көрсету т.б.).
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау.
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы 
болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
3. Талдау
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге 
бөлу:  бүтіннің  бөліктерін  ажырату;  бүтіннің  бөліктерінің  арасындағы  өзара 
байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл 
категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын 
ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

43
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
қалайша құралатындығын меңзейді.
4. Қолдану
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Бұл  категория  оқу  материалын  нақты  жағдайда  және  мүлдем  жаңа 
ситуацияда  қолдануды  меңзейді.  Мұнда  ережелерді,  әдістерді,  ұғымдарды, 
заңдарды,  қағидаларды,  теорияларды,  практикалық  тұрғыдан  қолдану  кіреді. 
Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап 
етеді.
5. Синтез (жинақтау, жүйелеу)
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) 
құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін 
хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай 
оқу  нәтижелері  жаңа  мазмұн  мен  жаңа  құрылымдарды  жасап  шығаратын 
шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
6. Бағалау
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын 
білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді 
меңзейді [3].
Жоғарыда келтірілген Блум таксономиясының мақсаттарына сүйене отырып 
«Информатика»  пәні  бойынша  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың 
жалпы критерийлерін шығаруға болады, 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте – Бағалау критерийлері
Критерийлер
Максималды деңгей
А
Білу және түсіну
5
В
Зерттеу
4
С
Жоспарлау
4
D
Жоба құру
5
E
Дизайн
3
F
Коммуникация
3
G
Рефлексия
3
Барлығы
27
А.Е. САҒЫМБАЕВА, А.М. БЕКМОЛДАЕВА. 4 (72) 2016. Б. 39-46 
 
          
                ISSN 1683-1667 

44
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Оқушылардың білім деңгейлері мына шкала бойынша бағаға айналдыры-
лады:
Ұпай саны
Баға
%
13-0 ұпай
«2»
49%-0%
18-14 ұпай
«3»
66%-50%
22-19 ұпай
«4»
83%-67%
27-23 ұпай
«5»
100%-84%
«Информатика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Оқушылар білуі қажет
Критерий А
Қажетті ақпаратты іздеп табу
Алынған ақпаратты түсіндіру
Ақпаратты талдау
Ақпаратты техника (компьютер) тіліне «аудару»
Қазіргі қоғамдағы ақпараттың алатын орны және рөлін түсіну
Адам  қызметіндегі  ақпаратты  сақтау,  өңдеу  және  тасымалдау  бойынша  қарапайым 
мысалдар келтіру
Ақпараттың әртүрлі формада берілуін анықтай алу
Критерий В

Мәселені анықтай алу және гипотеза ұсыну, зерттеу мақсатын анықтау, қорытынды 
шығару

Зерттеудің әдіс-тәсілдерін анықтай білу

Қажетті ақпаратты дұрыс таңдай білу

Қосымша ақпарат іздей алу және оны өз бетімен мақсатқа жету үшін қолдана алу
Критерий С

Мәселені  шешу  жоспарын  құру  (ресурстар  және  уақытты  қолдану  арқылы),  өз 
бетімен сипаттау

Өз шығармашылық қызметін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру
Критерий D

Компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Бағдарламалық жабдықтардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану

Жұмысты жоспар бойынша орындау

Жұмысты белгіленген мерзімде орындау
ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

45
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
Кестенің жалғасы

Берілгендерді дұрыс жинақтау және жазу

Компьютерде есептер шешу және алынған нәтижелерді талдау

Есептерді  шешу  және  өз  білімдерін  жетілдіру  үшін  жаңа  ақпараттық 
технологияларды қолдана алу

Берілген үлгіге сәйкес жобаны құру

Сапалы жоба құру
Критерий Е

Жобаның мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын құрастыру

Өз жобасын берілген үлгіге сәйкес бағалау
Критерий F

Сәйкес терминдерді қолданып, ғылыми ақпаратты жеткізу

Өз мысалдарын келтіру және түсіндіру

Ақпаратты түсінікті түрде көрсету

Ақпаратты тиімді түрде көрсту үшін сәйкес технологияларды қолдану

Компьютер  көмегімен  берілгендерді  іздеу,  сақтау,  құру,  өңдеу  және  тасымалдау 
тәсілдерін дұрыс қолдану
Критерий G

Шешу әдістерін талдау, өз қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеу

Шығармашылық авторлық ойларын түсіндіру,талқылауларға қатысу

Шығармашылықты талдау және бағалау

Критерий H

Қойылған тапсырманы орындау үшін жан-жақты тәсілдерді қолдану

Топтық жұмысты тиімді орындау

Қызығушылықпен, тәуелсіз және позитивті түрде жұмыс істеу.
Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты білім сапасын арттыру болып табылады. 
Ал  қазіргі  заманғы  білім  сапасы  дегеніміз  –  ол  білім  алушының  келешектегі 
өзінің  әртүрлі  жеке  мәселелерін  шешуге  керекті,  қажетті  құзыреттіліктерін 
қалыптастыратын білім беру нәтижесі. Сондықтан информатикада критериалды 
бағалау жүйесін қолдану, оқушының білім алуға деген құштарлығын арттыруға 
көмектесіп қана қоймай алған білімін күнделікті өмірде қолдана алады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. A Basis for Practice: The Middle Years Programme. International Baccalaureate Or-
ganization. – 2006. – 16 p.
А.Е. САҒЫМБАЕВА, А.М. БЕКМОЛДАЕВА. 4 (72) 2016. Б. 39-46 
 
          
                ISSN 1683-1667 

46
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
2.  Субботко  А.Н.  Формирование  у  будущего  учителя  системы  оценочной  де-
ятельности:  автореф.  дисс.  …  к.п.н.  /  А.Н.  Субботко.  –  Брянск:  БГУ  имени  акад. 
И.Г. Петровского, 2006. – 22 с.
3.  Тарбақов  Б.  Критериалды  бағалау  жүйесін  информатика  пәнін  оқытуда 
қолдану//  Тарбақов  Б.//  Ұстаздар  сайты  u-s.kz  –  (http://u-s.kz/blog/11095-kriterialdy-
baalau-zhyesn-informatika-pnn-oytuda-oldanu.html)
REFERENCES
1.  A  Basis  for  Practice.  The  Middle  Years  Programme.  International  Baccalaureate 
Organization. 2006, 16 (in Eng).
2. Subbotko A.N., Formirovanie u budushego uchitelia sistemy ocenochnoi deiatel’nosti: 
Avtoref. diss. … k.p.n. Briansk. BGU imeni akd. I.G. Petrovskogo, 2006, 22 (in Eng).
3.  Tarbakov  B.,  Kriterialdy  bagalau  zhuiesin  informatika  panin  okytyda  koldany 
Tarbakov  B.  Ustazdar  caity  u-s.kz  (http://u-s.kz/blog/11095-kriterialdy-baalau-zhyesn-
informatika-pnn-oytuda-oldanu.html) (in Kaz). 
ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИцИНА
ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ И МЕДИцИНА
NATURAL SCIENCES AND MEDICINE
ӘОЖ 547.262
А.К. БАТТАЛОВА
1
, К. АКАТАН
2
, Е. ШАЙМАРДАН
2
1
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Шығыс Қазақстан облысы 
Сот сараптамасы институты, Өскемен қ., Қазақстан
2
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Өскемен қ., Қазақстан
СПИРТҚҰРАМДЫ СҰЙЫҚТЫҚ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЭТИЛ СПИРТІН 
ИҚ- ЖӘНЕ ЯМР-СПЕКТРОСКОПИЯ ӘДІСТЕРІМЕН САРАПТАУ 
Мақалада  спиртқұрамды  сұйықтықтар  бойынша  диагностикалық  міндеттерді 
шешу  үшін  әдісаралық  салыстыру  жүргізу  арқылы,  атап  айтқанда  этил  спиртін 
классикалық  әдістермен  қоса,  ИҚ-  және  ЯМР-спектроскопия  әдісі  көмегімен  зерттеу 
мүмкіншіліктері қарастырылды. 
Түін  сөздер:  спиртқұрамды  сұйықтықтар,  этил  спирті,  инфрақызыл  (ИҚ) 
спектроскопия, ядролық магниттік резонанс (ЯМР) спектроскопиясы.
ИССЛЕДОВАНИЕ ЭТИЛОВОГО СПИРТА В СОСТАВЕ 
СПИРТОСОДЕРЖАЩИХ ЖИДКОСТЕЙ СПОСОБОМ 
ИК- И ЯМР-СПЕКТРОСКОПИИ 
В  статье  рассматривались  исследования  спиртосодержащих  жидкостей  во 
время  решения  диагностических  задач  путем  межметодного  сличения,  в  частности, 
классический  метод  исследования  этилового  спирта,  в  том  числе  возможности 
использования ИК- и ЯМР-спектроскопии.
Ключевые слова: спиртосодержащие жидкости, этиловый спирт, инфракрасная 
(ИК) спектроскопия, спектроскопия ядерного магнитного резонанса (ЯМР).
ETHANOL INVESTIGATION IN ALCOHOL CONTAINING LIQUIDS VIA 
METHODS OF INFRARED AND MAGNETIC NUCLEAR 
RESONANCE SPECTROSCOPY
The article covers investigation of alcohol containing liquids in solving diagnostic chal-
lenges via inter method collation, particularly the classical method of these liquids investiga-
tion including possibilities of applying infrared and magnetic nuclear resonance spectroscopy.
47

48
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Keywords: forensic examination, alcohol containing fluids, ethil alcohol, infraredspec-
troscopy, nuclear magnetically resonancespectroscopy.
Елімізде адам құқықтары мен бостандықтары маңызды болып танылады 
және  оларға  кепілдік  беріледі.  Осы  кепілдіктің  бірі  ретінде  сот  сараптамасын 
тағайындау  мен  жүргізу  кезінде  қылмыстық  істер  бойынша  іске  қатысушы 
және  мүдделі  тұлғалардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қамтамасыз 
ету  маңызды.
 
Сонымен  қатар  қоғамымызда  белең  алып  бара  жатқан  әртүрлі 
қылмыстық істермен ел болып күресу – баршамыздың міндетіміз. Бұл күресте 
маңызды қарудың бірі болып табылатын – сот сараптамасы. 
Coт  сараптамасы  –  шешілуі  үшін  маңызы  бар  жағдаяттарды  белгілеу 
мақсатында,  арнаулы  ғылыми  білім-білік  негізінде  жүргізілетін  қылмыстық, 
азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу. Сот сараптамасы 
мынадай принциптерге: 
– 
заңдылыққа; сот сарапшысының іс жүргізу тәуелсіздігіне;
– 
сот сараптамасы органдарының тәуелсіздігіне;
– 
зерттеулерді жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігіне;
– 
құзыреттілікке, жан-жақтылыққа, толықтыққа және объективтілікке;
– 
кәсіби этиканы сақтауға негізделеді. 
Тергеу  практикасында  өткізілетін  сараптама  олардың  мәні,  объектісі, 
зерттеу тәсілі және т.б. бойынша сәйкестендіріледі.
Сот  сараптамасы  –  жеке  іс  жүргізу  әрекеті,  оның  мәні  мән-жайларды 
шешу үшін маңызды жағдайларды анықтау мақсатында арнаулы ғылыми білімді 
қолдана  отырып  жүргізілетін  іс  материалдарын  зерттеу  болып  табылады.  Сот 
сараптамасы зерттеу кезінде ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін тиімді, 
әрі кеңінен пайдалануға мол мүмкіндік береді.
 Іс жүргізу барысындағы көптеген 
аспектілерді жинау, қолдану, ақпаратты зерттеу, шындыққа жету үшін ғылым мен 
техниканың  ең  соңғы  жетістіктерін  қолдану  сот  сараптамасының  қажеттілігін 
арттыра  бермек.  Құқық  қорғау  органдарының  қылмысқа  қарсы  жүргізілетін 
тергеу  амалдарының  пәрменділігі  мен  нәтижелілігі,  сот  сараптамасының 
ауқымды, нақты, дәлелді түрде зерттелуіне тікелей байланысты. 
Сот  сараптамасы  қылмыстық  сот  ісін  жүргізудегі  арнаулы  білімдерді 
пайдаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша сотқа дейінгі 
іс  жүргізу  барысында  және  оның  сот  қарауында  барлық  ғылыми  танымның 
құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын 
ала тергеу органдарының танымдық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. 
Сараптаманың  негізгі  сипаттарын  анықтай  отырып,  сараптама  арнаулы 
ғылыми  білімдерді  тартуды  қажет  ететін  қылмыстық  істі  тергеу  немесе  сот 
қаулысы  барысында  туындайтын  проблемалық  танымдық  ситуациясын  жеңу 
нысаны болып табылатындығын білу керек. Мұндай шешім кезінде сараптаманың 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

49
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
А.К. БАТТАЛОВА, К. АКАТАН, Е. ШАЙМАРДАН. 4 (72) 2016. Б. 47-55   
 
                ISSN 1683-1667 
сипаттамасы ретінде оны тағайындау мен жүргізудің мақсаты мен шарттарын 
бөліп алуға болады. Мақсаты: сарапшы қорытындысының жаңа дәлелдерін алу, 
қылмыстық істің жаңа мән-жайларын анықтау болып табылады.
Сот сараптамасын қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімді пайдаланудың 
негізгі нысаны деп айта келе оның негізгі кемшілігін, яғни қылмыстық істерді 
тергеудегі, сотта қараудағы аз икемділігіне назар аударған жөн. Бұл айтылғанға 
дәлел  ретінде  қылмыстық  істерді  тергеу  мен  сот  отырысында  сараптаманың 
көпшілігі  формальді  түрде  тағайындалатынынан,  қылмыстық  іс  жүргізудегі 
сот  сараптамасы  мүмкіншіліктерін  бағалай  алмауын  айтуға  болады.  Сонымен 
қатар көптеген сарапшы қорытындыларының істерді тергеген және сотта қарау 
кезінде  процессуалдық  ережелердің  бұзылуына  байланысты  дәлелдемелік 
маңызынан айрылуын, сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде іске 
қатысушы тұлғалардың барлық құқықтары мен міндеттерін сақтамауын айтуға 
болады. Дегенмен сот сараптамасының ғылым мен заңнамадағы процессуалдық 
жағдайы мен деңгейін тек төмен жағынан қарастыра бермеу керек, өйткені оны 
қолданудың процессуалдық талаптарына қазіргі кездегі тәжірибе әлі біртіндеп 
бейімделу науқанында деп айтуға болады [1].
Кейінгі уақытта орын алып жатқан қылмыстық істердің ішінде 
спиртқұрамды 
сұйықтықтарды (
СҚС) сертификатсыз және лицензиясыз дайындау, сату, өткізу, 
сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасы  территориясына  ішімдік  өнімдерін 
тасуда  акциздік  салықты  есептеу  үшін  тауар  кодтарын  меншіктеу  сияқты 
құқық  бұзушылық  кеңінен  таралып  барады.  Мұндай  категориядағы  істерді 
де  тергеу  және  сотта  қарау  үшін  СҚС-ға  сот  сараптамалық  зерттеу  жүргізу 
қажет. Осы орайда арзан бағалы ішімдіктерді дайындаудағы сусынды сұйылту 
фактісін анықтау, сусынды белгілі бір типке, түрге, маркаға, өнім партиясына 
жатқызу  білікті  сарапшылық  зерттеу  жүргізуді  талап  етеді.
 
Спиртқұрамды 
сұйықтықтарды сот сараптамалық зерттеу сұйықтықтың құрамын, түрін, шығу 
тегін,  спецификалық  жағдайын,  жасалу  жолын,  фальсификациялық  фактісін 
және мемелекеттік стандартқа сәйкестігін анықтауға бағытталады. 
Жалпы спиртқұрамды сұйықтықтарды сараптамалық зерттеудің объектілері 
белгілі  бір  көлемдегі  СҚС  бақылау  бойынша  әртүрлі  мақсаттағы  тағайындау, 
соның ішінде табиғаты өзге сұйықтықтар, СҚС өнеркәсіптік дайындау: спирт, 
арақ, коньяк, шарап және т.б. спирттік сусындардың фальсификаттары, жасанды 
жолмен дайындалған СҚС (самогон, чача, тұнба), СҚС әртүрлі тасмалдаудағы 
іздер,  жасанды  жолмен  дайыналған  күшті  спирттік  сусындар  үшін  бейімдеу, 
конструкция,  құралдар,  өнеркәсіптік  технологиялық  үрдістер  және  құралдар, 
салыстырмалы зерттеу үшін СҚС үлгілері, сонымен қатар арақ өнімін дайындауда 
негізгі шикізат көзі этил спирті болып табылады.
Сарапшылық  зерттеу  нысаны  ретінде  СҚС  жіктелуі  келесі  талаптарды 

50
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
қанағаттандыруы қажет:
– барлық деңгейдегі кластарға біріккен саналуандылық және СҚС түсінігіне 
біріккен жалпылама ауқымды құрылымы жөнінде түсінік беру; 
– оқиғаның сипатын және СҚС қасиеттерінің өзара байланысын ашу;
– объектілерді аналитикалық зерттеуде сарапшы нақты сұлбаны бағдарлау;
–  зерттелетін  СҚС  классификациялық  категориясын  «тек»  және  «топ» 
анықтаудағы негізгі қызмет.
СҚС  сараптамасы  объектілерін  зерттеу  барысында  күрделілігі  әртүрлі 
дәрежедегі  сараптамалық  міндеттердің  екі  тобы  шешіледі.  Бірінші  топ  – 
диагностикалық және классификациялық міндет, екінші топ – идентификациялық 
міндет. Классификациялық міндетті шешуде алдын ала белгілі бір техникалық 
жағдайда  ММСТ-мен  белгіленген  объектілерді  жатқызуға  болады. 
Диагностикалық міндетті шешуге фальсификация фактісін, объектінің жағдайы 
мен қасиетін, табиғатын, объектінің белгілі бір құрамға жататындығын немесе 
жатпайтындығын,  өзге  сұйықтықтармен  араласу  фактісін,  шикізат  белгілерін, 
СҚС дайындау әдісін және тағайындау мақсатын, СҚС түрін анықтау жатады. 
Идентификациялық  міндетті  мазмұны  жекеше  нақты  ұқсастықты  белгілеу 
сияқты  криминалистикалық  идентификация  теориясымен  анықталады. 
Идентификациялық  белгілердің  мәні  нақты  сыйымдылыққа,  «сыйымдылық  – 
сұйықтық» шартына, оның өлшеміне, герметикалығына, сұйықтық құрамында 
шығу  тегі  өзге  заттардың  болуына  байланысты.  Бұл  міндетті  шешуде 
стандартизацияланған өнімнің түріне, СҚС және шетелдік өнеркәсіптік шарап 
өнімдерінің  өндіріс  технологияларында  реттелмеген  қоспалардың  болмауы 
қиындық туғызады. 
Аталмыш міндеттерді шешу барысында, ең алдымен, заттай 
дәлелдеме объектілерінің өзіндік қасиеттерін кең көлемде зерттеп білуі қажет, 
яғни  зерттеуге  ұсынылатын  сұйықтықтың  алдымен  табиғатын  анықтау  қажет 
болады.
СҚС  сот  сараптамалық  зерттеудің  жіктелуін  белгілеу  мақсаты 
органолептикалық,  химиялық  және  физика-химиялық  әдістер  негізінде 
анықталған белгілерінің жиынтығына негізделеді. 
СҚС-ның құрамын 
химиялық 
көзқараспен  қарасақ  су  және  этил  спиртінен  басқа  да  көпкомпонентті  жүйені 
құрайды.  Атап  айтқанда,  метанол,  изопропанол,  изобутанол,  н-пропанол, 
амил  спиртінің  изомерлері;  этиллактат,  альдегидтер  және  күрделі  эфирлер  – 
ацетальдегид, этилформиат және этилацетат; сонымен қоса қант, органикалық 
қышқылдар, көміртек диоксиді, күкірт ангидриді, ароматикалық заттар және т.б. 
[2]. Аталмыш құрамдардың ішінде метанол – жүйке және тамырға қоздырғыш 
әсер ететін, этанол – сұйық есірткі, ұзақ әсер еткенде жүйке, ас қорыту, қан тамыр, 
бауыр ауруларын тудыратынын және тағы сол сияқты көпшілік құрамдардың улы 
болып  келетінін,  әрі  бұлардың  құрылымдық  формулалары  өзара  ұқсас  болып 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

51
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
А.К. БАТТАЛОВА, К. АКАТАН, Е. ШАЙМАРДАН. 4 (72) 2016. Б. 47-55   
 
                ISSN 1683-1667 
келетіндігін  ескерсек,  сараптама  жүргізу  барысында  сұйықтықтың  табиғатын 
анықтау үшін, яғни диагностикалық міндеттерді шешу үшін тек бір ғана әдіспен 
шектеліп қалу аздық етеді.
Сол  себепті,  сұйықтық  құрамындағы  этил  спиртін  анықтау  барысында 
жүргізілетін 
диагностикалық зерттеу кезінде 
тек қана классикалық әдістермен 
шектеліп  қалмай  әдісаралық  салыстыруды  қолдану,  яғни  ИҚ-  және  ЯМР-
спектроскопия әдістерінің көмегімен зерттеу жүргізу 
өзекті болып табылады.
Мақалада  СҚС-ны  сараптау 
барысында  классикалық  әдістермен  қоса, 
инфрақызыл  (ИҚ)  және  ядролық  магниттік  резонанс  (ЯМР)  спектроскопия 
әдістерін қолдану мүмкіншілігі қарастырылды. 
Зерттеу  жүргізу  үшін  сот  сараптамасына  келіп  түскен  айғақ  зат,  яғни 
СҚС зерттеу нысаны ретінде алынып, классикалық, ИҚ- (ФТ-801 Simex) және 
ЯМР-спектроскопия  (Avance  III  500  MHz  Bruker)  әдістері  көмегімен  сараптау 
жұмыстары жүргізілді.
 
а  
ә
 
 б
1-сурет  –  а)  бірнеше  есе  үлкейтілген;  ә)  бірнеше  есе  үлкейтілген;  б)  бірнеше  есе 
үлкейтілген алтыбұрышты йод пішінді кристалдардың электронды микросуреттері
Классикалық әдіс барысында сұйықтықтың табиғатын анықтау үшін этил 
спиртіне сапалық реакция жасалады. Зерттеу сынамасының 2 мл-не 10%-ды 1 мл 

52
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
сілті ерітіндісі және сары түс жоғалғанға дейін люголь ерітіндісі тамшылатып 
құйылады.  Зерттеу  барысында  қоспаны  қайнату  нәтижесінде  сарғыш  түсті 
тұнба түзілді. Оны микроскопиялық сараптау кезінде сұйықтықтың тұнбасында 
алтыбұрышты  йод  пішінді  кристалдардың  түзілгені  анықталды  (1-сурет).  Бұл 
сұйықтықта этил спиртінің бар екендігін көрсетеді [3].
Ары қарай сұйықтықтағы этил спиртінің концентрациясы – «Этил спирті. 
Қолдану тәртібі және анализдеу әдісі» 5962-2013 ММСТ негізінде анықталды 
[4]. Концентрацияны анықтау 10
0
С температурада 0,1 туралықта АСП–1 санатты 
ареометрдің  көмегімен  жүргізілді.  Жүргізілген  зерттеудің  нәтижесінде  этил 
спиртінің концентрациясы 37,5 көлемдік пайызға (градусқа) тең екендігі белгілі 
болды.
СҚС  құрамындағы  этил  спиртін  ИҚ-спектроскопия  әдісімен  анықтау 
үшін  0,1  мл  зерттелетін  ерітінді  кюветаға  құйылып,  оның  ИҚ  спектрлері 
алынды  (2-сурет).  ИҚ  спектрі  бойынша  –СН
2
–  топшасының  сигналы  ν=2910 
см
-1 
аралығында, –СН
3
 топшасы ν=2940 см
-1
, ОН топшасы ν=3350см
-1
, ал С–О 
топшасы ν=1050см
-1 
аумағында көрінді. Осы нәтижеге негізделіп, топшалардың 
жұтылу  мәндері  арқылы  функционалдық  топтарды  анықтай  отырып  этил 
спиртінің құрлымдық формуласын нақтылауға болады [5]. 
2-сурет – Этил спиртінің ИҚ спектірі 
1-кесте  –  ИҚ  спектрометрдегі  этил  спиртінің  құрылымдық  формуласындағы 
топшалардың жұтылу мәндері
Атом нөмірі
Функционалдық топ
ν, см
-1
.
A
-С-О
1050
B
-СН
2
-
2910
B
-СН
3
2940
C
-OH
3350
СҚС-ны зерттеу барысында қолданылған келесі әдіс – ЯМР-спектроскопия 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

53
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
А.К. БАТТАЛОВА, К. АКАТАН, Е. ШАЙМАРДАН. 4 (72) 2016. Б. 47-55   
 
                ISSN 1683-1667 
әдісі.  Ядролық  магниттік  резонанс  (ЯМР)  –  қатты,  сұйық  және  газ  тәріздес 
денелерде  радиожиілік  диапазонындағы  электрмагниттік  энергияның 
резонанстық жұтылуы. Мұндай резонанстық жұтылу құбылысы сыртқы магнит 
өрісіне орналасқан зат ядроларының магнетизміне байланысты пайда болды.
Бұл  әдісте  0,1  мл  зерттелетін  ерітіндіні  1  мл  суда-D
2
O  (Н
2
О
дейт
)  ерітіп, 
спектрометрде  протондық  (
1
Н)  және  көміртектік  (
13
С)  спектрлері  түсірілді 
(3-4-суреттер). 
1
Н спектрі бойынша этил спиртінің құрлымдық формуласындағы 
–СН
3
 топшасының сигналы δ=1 ррм аралығында, –СН
2
– топшасы δ=3,5ррм, ал 
ОН топшасы δ=4,8 ррм аумағында көрінді. Ал 
13
С спектрінде –СН
3
 топшасындағы 
көміртек  атомының  сигналы  δ=16,78  ррм,  –СН
2
  көміртек  атомының 
сигналы  δ=57,37  ррм  аумағында  көрінді.  Бұл  этил  спиртінің  құрылымдық 
формуласындағы  әрқайсысы  топшалардың  электрон  тығыздығымен  және 
электронға ынтықтығымен түсіндіріледі [6].
Зерттеу  барысында  алынған  нәтижелерге  сүйене  отырып,  спиртқұрамды 
сұйықтықтардың табиғатын анықтауда бір ғана классикалық әдіспен шектелмей 
әдісаралық  салыстыруды  жүргізудің  тиімді  екендігі  қарастырылды.  Яғни 
ИҚ- 
және  ЯМР-спектроскопия  әдістерін  қолдану  арқылы  этил  спиртінің  сапалық 
анализін әрі тез, әрі нақты сараптау мүмкіншілігі анықталды. 
3-сурет– Этил спиртінің 
1
Н ЯМР спектрі – D
2
O

54
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
4-сурет– Этил спиртінің 
13
C ЯМР спектрі – D
2
O
Шын  мәнінде,  біздің  елімізде  ішімдіктен  улану  жиі  кездеседі.  Анығына 
келгенде уланудың себебі этил спирті сусындарының құрамында 12% жоғары 
ішімдік сусынының жалған өнімі және сивуха майының болуынан. Этил спиртін 
өндіруде этил спирті түріндегі суррогатқа жататын жанама өнімдерді пайдалана-
ды. Суррогатты спирттермен улану заңсыз дайындалған және заңсыз сатылған 
спиртқұрамды  сұйықтықтарды  пайдалану  негізінде  болады.  Жасанды  жолмен 
дайындалған  спирттерге  пайдаланылатын  қоспа  ашытқы,  ашыту  нәтижесінде 
улы өнімдерді бөліп шығарады. 
Заңсыз өндірілетін алкогольді ішімдіктердің тұтыну есебінен және олардың 
жоғары  дәрежедегі  қолжетімділігінен  адамдар  денсаулығына  қауіп  төнеді, 
тұлға  адамгершілік  қасиетін  жоғалтады.  Аталмыш  жағдайлар  спиртқұрамды 
сұйықтықтарды сараптамалық зерттеуден өткізуге себепші болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. 
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін реттейтін нормативтік-
құқықтық актілер. – Астана, 2013. – 36 б.
2. Вороненко Л.А. Методика судебно-экспертного исследования этиловых спиртов 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

55
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
/ Л.А. Вороненко. – Астана, 2010. – 94 с.
3. 
Вороненко  Л.А.  Судебно-экспертное  исследование  спиртов  и  водок: 
методические рекомендации для экспертов
 / Л.А. Вороненко, А. Сулейман. – Алматы, 
2006. – 113 с.
4. 
ГОСТ 5962-2013 Спирт этиловый. Правила приёмки и методы анализа. – М., 
2014. – 4 с.
5.  Нифантьев  И.Э. 
Практический  курс  спектроскопии  ядерного  магнитного 
резонанса: методическая разработка / 
И.Э. Нифантьев, П.В. Ивченко
. – М., 2006. – 61 с.
6. Наканиси К. Инфракрасные спектры и строение органических соединений / К. 
Наканиси. – М.: Мир, 1965. – 182 с.
REFERENCES
1.  Qazaqstan Respublikasyndaqy sotsaraptama qyzmetіn rettejtіn normativtіk ququq-
tyq aktіler. Astana, 2013, 36 (in Kaz).
2.  Voronenko L.A., Metodika sudebno jekspertnogo issledovanija jetilovyh spirtov. As-
tana, 2010, 94 (in Russ).
3.  Voronenko  L.A.,  Sulejman A.,  Sudebno  jekspertnoe  issledovanie  spirtov  i  vodok. 
metodicheskie rekomendacii dlja jekspertov. Almaty, 2006, 113 (in Russ).
4.  GOST 5962 2013 Spirt jetilovyj. Pravila prijomki i metody analiza. Moskva, 2014, 4 
(in Russ).
5.  Nifant’ev I.Je., Ivchenko P.V., Prakticheskij kurs spektroskopii jadernogo magnit-
nogo rezonansa. metodicheskaja razrabotka. Moskva, 2006, 61 (in Russ).
6.  Nakanisi K., Infrakrasnye spektry i stroenie organicheskih soedinenij. M. Mir, 1965, 
182 (in Russ).
ӘОЖ 581.9 (574.42)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет