РӘІІІИТ К Ә Р Е Н О В
Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі,
экономика ғылымдарының докторы, профессор,
Қарағанды облыстық Мәслихатының депутаты
" Ертегі уатпай ма баланы да,
Сөз сиқыр ғой, жазбай ма жараны да?
Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған,
Еркімен өзі-ақ отқа барады да...
Ойлайды, күңіренеді, толғайды ақын,
Күрсініп көзіне жас алады да.
Ақында адамзаттан дос болмайды,
Жалғыз-ақ сырын айтар қаламына..."
Мағжан ЖҰМАБАЕВ
Жүгім ауыр: сенім,
күдік - оң, солым,
Кетіп барам,
шайқаяақтап теңелмей ".
(Күннін шалқуы).
" Жырыма қалқа,
панам боп,
Жел-құздан дәйім
сақтай гөр.
Сөзстан, жебе анам боп,
Ән салсам жақтап
қолдай гөр "
(Келешек керемет).
Баспасөз бетінде жиі жари-
яланып жүрген өлеңдері мен
жарық көрген үш жинағы ар-
қылы Сәбит Қыдырбайұлы өз
оқушысының жүрегіне жол
таба білген ақын. 2000 жылы
"Ғасыркешу" жинағы өте жы-
лы қабылданса, 2001 жылы
ақынның "Күннің шалқуы"
және "Келешек керемет" атты
екі жаңа кітабы қолымызға ти-
ді. Бұл жинақтар Сәбиттің есу
үстінде екендігін аңғартады.
Аталған кітаптарға кірген
ақын жырларын шола қара-
сақ, Сәбит Бексейіттің ақын-
дық ізденістерінің пайдасыз
өтпегенін аңғарамыз. Ең ал-
дымен ол дәуір талабының
ауқымында бола біліп, өзінің
ақындық жіті көзімен, жылы
сезімімен Отаны, елі, халқы
тарихындағы күрделі оқиға-
ларға өз қатынасын білдіре
отырыпты, өз замандастары-
ның сырларын жырлапты.
Осындай өмірмен берік бай-
ланыс ақын үнін есейтіп, оны
заман мен адам жайлы ойла-
рын бар дауыспен айтар
белсенді күйге көтеріпті.
Ақынның үш жинағында
да бар өлеңдерді салыстыр-
сақ, Сәбиттің озіне-өзі қойғ-
ан талабы
қ атанданып ,
биіктеп келеді. Мұның
өзіндік топырағы мен өріс
жаяр тамырының шындық-
тан, ақындық табиғаттан
туып отырғанына кәміл көз
жеткізуге болады.
Мысалы:
" Жанарында сиқыр
нұр бар, шуақ бар,
Көңілімді тартпас
бұлай жұмақ та.
Ғажап күйге бөленеді
жан-жүрек,
Асып-тасып белгісіз
бір қуаттан.
Арман болып кетті-ау
бәрі ендігі,
Жүрегімді жұбатады
енді кім ?
Жанарында бәрі
сыйып тұратын,
Қалай ұғам енді
әлемнің кеңдігін ?!"
(Ғасыркешу).
" Таным - мұхит,
талпынысым - кемемдей,
талғамыммен алдым
ба екен шегендей!..
Осы параллельдерді са-
лыстырып қарасақ, Сәбит
келтірілген үзінділерде ақын
әр алуан азаматтық парыз-
дың ішкі рендік өзгерістерін
кебірек байсалды түрде жыр-
лайды.
Лириканы барлық поэзи-
яның өмірі мен жанына те-
ңеп, поэзияның поэзиясына
балаған Белинский: "...ақын
- рухтың қасиетті шөлмегі,
ж а р а т ы л ы с т ы ң таңдаулы
сүйіктісі, табиғат сырын сақ-
таушы, сезім күйшісі,
әлемдік өмірдің алтын дом-
бырасы. Ол сәби шағынан-ақ
өзін басқалардан гөрі әлем-
мен туыс, қандас көреді; ба-
лауса жігіт шағында-ақ сол
әлемнің тілсіз сөздерін, құпия
сырларын ұғымды тілге ауда-
ра бастайды", - деп тұжы-
рымдаса, өлеңнен өрнек,
сөзден сурет салу ауырдың
ауыры екені ақиқат. Міне,
осы ауыр жолдан әрдайым
абыроймен өткен Сәбитті
елдің лирик ақын деп білуі де
дау-дабырасыз шындық. Ол
қай тақырыпқа қалам тербе-
се де, өзінше көрінуді, өзінше
байлам жасап, тыңнан теңеу
табуды, ой қорытындылауды
ақындық мұрат деп білген.
Ақын өлеңдерінің бойы-
нан қазіргі уақыттың, өмірдің
тынысын, жүрек дүрсілін, ар-
шынды қадамы мен үдемелі
екпінін нақты сезінесің, көз
алдына елестете аласың, сол
ақынның өзімен бірге бастан
кешіресің.
Сәбит ойшыл, бірақ оның
жақсы қасиеті ойлылығын
пайдаланып, ақыл айта бас-
тамайды. Ойды жалаңаш дір-
дектеген күйінде тақпақтап
айта да салмайды. Оның ли-
рикалық кейіпкері мақсат-
сыз емес. Ақын айналасы-
нан әдемі өмір іздейді, тәтті
сыр тартады. Ойға сезім сұлу-
лығы қосылады, ардың таза-
лығындай таза бояу араласа-
ды. Соның жемісінде пара-
сатты поэзия пайда болады.
Мәселен, ақынның "Бо-
зғалам мен Б о з б а л а с ы н "
алайық:
" Ойна да күл, бойжеткен,
ойна да күл, бозбала,
Нұрлана гөр, ақша жүз,
мөлдірей гөр, көз қара!
Мәңгілігің - қас-қағым,
қас-қағымың - мәңгілік,
Бозғалам да барады
шырайналып, қозғала...
Биле, ән айт, бойжеткен,
биле, ән айт, бозбала!
Білімпаз да жасампаз
перзенті боп туғасын,
Дүниенің дидарын
жасартам деу ұлға сын.
Бозғалам мен бозбала -
бірі кәрі, бірі жас,
Екеуара сырласу, ертелі-
кеш тынбасын,
Көзбен көріп Әлемнің
сомдау қиын тұлғасын ".
Осы өлеңді оқығанда
аңғаратынымыз, ақын ты-
нымсыз. Бос қол қусырып
отырыс жоқ. Бірдеңені
түртініп, іздеп отырады. "Бо-
зғалам мен бозбала" деген екі
сөздің маңайында, кім мы-
нандай сезіммен ой дүниесін
дірілдеткен, мөлдіреген өлең
жаза салады. Музыка мен
лириканың мүмкіндігін пай-
даланып, жырдағы сезім ло-
гикасының аңғарында ада-
сып қалмай, өз мақсатын
мүлтіксіз орындап шыққан.
Ақын аз нәрседен көп мән,
ұсақ нәрседен ірі қасиет іздеп
табады. Ол суреткерлік кре-
досы. Өлең нақтылығымен,
дәлдігімен, шыншылдығы-
мен құнды.
С. Бексейіт өлеңдерін әр
қырынан жарқыратып көр-
сете алатын а қ ы н . Соған
қ арағанда , әрбі р суретке р
ғасырмен, зырлаған уақыт-
пен қатар отыруды мақсат
ететін болу керек. Тіпті озып
та кеткісі келер. Бірақ соның
бәріне талант сезімі арқылы
қазылы кетеді. "Өзім туралы"
деген өлеңінде ақын - ойлы
философ болып корінеді:
" Мен болмасам,
жігіттің көркемі кім,
Әсемдіктің өсетін
өркені кім ?
Танытқанмен салқын жүз,
кіді мінез,
Мен бір нәзік жібек
жыр өрнегімін.
Сатқаным жоқ арымды
тірлік үшін,
Жыр-қайраққа жаныдым
тілдің ұшын.
Сыртым сұрша болса да,
жүз көрсетер
Ішкі әлемім арқылы
нұрлы кісі!"
Осы тамаша шумақтар-
мен ақын оқырман жүрегіне
көпті көрген философ ретінде
үстемдік жүргізеді. Өлеңде
жылы, ойлы ағыс бар. Ішкі
сезім драмасы бар. Ал, дра-
маның өзі лирикаға қосым-
ша дауыс қосады, қасиет
береді.
Адам жанының құдірет-
тілігі тылсым дүниенің құпия-
сын құныға зерттеп, бетке
соққан бөгеттерден қаймық-
пай етіп, жасымаған жігермен
тіршілік ошағын жалындата
жарқын да, жасампаз ғұмыр
кешуінде емес пе? Осы ойды
Сәбит былай өрнектейді:
" Үш жүз және алпыс алты
күн-түннің,
Вахтасындай күрсініс пен
күлкінің.
Тірлік болса соның көбі
уайымсыз,
Өміріңнен адам болып
бір түңіл.
Түңіл, ақын, тумаса егер
жыр дүрі,
Естілмесе жүрегіңнің
дүрсілі.
Түңіл, диқан,
тамшылардан дән күткен,
Үнсіз кетсе нажағайдың
күркірі.
Сен де, атбегі, қалып
қойса дүлдүлің,
Сенде, бағбан, сайрамаса
бұлбұлың.
Түңіл, сұлу, тайса
пірің сертіңнен,
Түңіл, жігіт,
күлмей кетсе нұр күнің.
Өтер жылдар,
өтер ғұмыр баянсыз,
Мәңгілікке өту қиын -
аян сыр.
Өкінішті естеліктей
ескірмей,
Жаңа жылдар
ЖАҢҒЫРУ боп таянсын!"
Қандай құштарлық! Сізді
де еліттіріп алады. Ақын өзін-
өзі ұмытқан. Өлеңнің аты
"Бір түңіл". Жырда шын тол-
ғаныс бар.
Біз "Бір түнілді" оқып,
өмір, уақыт, дәуір толғауын
сезгендей болдық. Біз осы
өлеңді оқып, адамдар толға-
уын, еткен мен бүгін, бола-
шақ, бақыт, бейбітшілік, ты-
ныштық толғауын тындадық.
Жыр жүрегімізге жетті, ойы-
мызға ой салды. Содан соң
өлеңнің міндеті осы шығар
деп ойладық. Егер Байрон
"Поэзия дегеніміз - өткенді
түйсіну, болашақты сезіну"
десе, С. Бексейіт соны сезе
білген секілді.
Азаматтық пафоста жазы-
лған, өз міндетін баршаға
әдемі жеткізіп, жан сарайы-
ңызды теріс ойлардан тазар-
туға көмектесетін осы бір ша-
бытты, таза өлеңге ыстық
ықыласымызды білдірмеуге
болмайды. Көкірегіңіз жаң-
бырдан соңғы ауаны жұтып
тазарғандай әсерде қаласыз.
Жырда динамикалық қозға-
лыс бар. Әрбір сөз өз міндетін
атқарып тұр. Бос тұрғаны
жоқ, сына қаға алмайсыз.
Туған жер табиғатын
жырлау жақсы қасиет, әрі
ақындар үшін парыз деуге
болады. Осы тұрғыдан алған-
да Сәбиттің табиғат лирика-
лары өзіндік бояуымен,
өрнегімен назар аударады.
Табиғатты шебер суретте-
ген, жанды көріністерге құры-
лған сәтті өлеңдер Сәбитте аз
емес. "Үт айы - үміт айы",
"Үр сұлу, уыз қымыз", "Жа-
стық шақ, таныс б а қ " ,
"Көңілім - көктем, жаным -
жаз", "Сәулелі сәуірде" т.б.
осындай өлеңдер.
Ақынның табиғат жайлы
өлеңдеріндегі ерекше атауға
тура келетін нәрсе, бірін-
шіден, оның суретшілігі бол-
са, екіншіден, сол суретті
адам қарекетімен байланыс-
тыруға, жанды етіп көрсету-
ге ұмтылушылығы. Мәселен,
мына шумақтағы:
" Келдің бе, көктем көгілдір,
Нұрыңды көктен төгілдір!
Көркіңмен арбап көңілді,
Өрім-жыр болып өріл бір.
Көрген де бар-ау, көрмеген,
Көктем-ай, неткен көркем ең?!
Үт болып енші үйіме,
Құт болып келші өлкеме." -
деуі қандай әдемі айтыл-
ған. Шынында да, кызығып
та, қызғанып та о қ и т ы н
жақсы өлең бұл. Көктем
тіршілігі, табиғат тынысы бұл
арада адам қимылымен аста-
сып жатыр.
Қай а қ ынны ң болмасын
әлеуметтік күшін, идеялық
өсу дәрежесін танытатын ли-
риканың бір саласы - азамат-
тық немесе саяси лирика бө-
лып табылады. А қ ы н н ы ң
көптеген өлеңдерінен Ота-
нға, елге, жерге деген ыстық
махаббаты, келешекке артар
үміті, халқын қадірлеуі,
зұлымдык атаулыға қарсы
күреске әзірлігі анық
аңғарылады. Мәселен, "Со-
лженицын, жер иесі сен бе
едің?" деген өлеңнен С ә -
биттің ақындық
қуатын
бірден тануға болады:
" Деп жүр едік:
" Бұл да бір ел көсемі",
" Теке сақал ерек бітіп
өседі".
Сөйткен саппас
ар жағынан мұхиттың:
Сақстанды " Зэкстан " деп
бөседі.
Ит жатады тойған
жерін өңгеріп,
Елді қайтсін, тумаған соң
ер болып ?
Монарх сымақ
Солженицын жайғасып,
Торт бөлгендей отыр
сырттан жер бөліп!
Орал жақты
казактарға бөледі.
Сібір жақты тыңгерлерге
бөледі.
" Карлагтарды " зэктеріне
береді,
Тоңмойынша, соған
қазақ көнеді".
М ұ н д а й а з а м а т т ы қ а -
у қ ы м ы к е ң , а қ ы н н ы ң
әлеуметтік көзқарасын та-
н ы т а т ы н ә д е м і ө л е ң д е р
әрдайым оқушысын қуан-
тары хақ.
Қ олын а
қалам алған
ақындардың махаббатты
жырламағаны кемде-кем.
Сәбиттің де көп өлеңдері
адамзат ғұмырында өзімен
бірге кететін мәңгілік махаб-
бат тақырыбына арналған.
Бір жақсысы - а қ ы н н ы ң
жігіттері мен қыздары кез
келген теректің түбінде
тұрып, "өлдім-өштім" деп
үзіліп сүйісіп жатпайды,
"сүйдім-күйдім" деп ант-су
да ішпейді. Сәбит Қыдырбай-
ұлы жырларынд а шынай ы
мөлдір сезім, терең де тұнық
сыр бар. Жүрекке жылы, са-
малдай ескен жастық лебі
бар. Ақынның үш жинағын-
да жаныңды тәтті мұңға
бөлейтін, сезіміңді толқын-
дай тербететін өлеңдер көп-
ак.
" Тұрар мүмкін бұл өмір
кешігуден,
Сұлулыққа сұқтанып
өшігуден?
Жоғалтумен жүрмін мен
аруларды,
Табылады көңілдің хошы
кіммен?"
Осы бір төрт жолға іңкәр
сезім де, сарғайған сағыныш
та сыйып-ақ кеткен.
Сәбиттің нұрлы да, шуақ-
ты ж ы р л а р ы н ы ң көбісі -
өзінің кіндік қаны тамып,
туып өскен жеріндегі тума-
бауырларына, сағынысып
көріскен балалық, жастық
жылдарының куәгерлеріне
аса бір ыстық сезім, зор
ықыласпен емірене, тебірене
шалқып, толғанысты күй
кешкен сәттерімен ерек-
шеленеді:
" Балдәурен балалық шақ -
пейіш шағым,
Алыс бір сағымдайын
кейін қалдың.
Алғашқы дәуіріндей
адамзаттың, -
Күнәсіз пәк кезіме
зейін салдым.
Гүлдәурен жастық шағым
- гүл кешуім,
Думанды сайран күнге
ілесуім.
Бұл бір шақ білмес
шаршап-шалдығуды,
Шырқайтын күнде әнін,
күнде жырын..."
А қ ы н , мейлі
қалада
тұрсын, мейлі астанада
жүрсін, бәрібір елмен етене
болғысы келеді. Оған
Сәбиттің мына жолдары куә:
" Ұмытқан жоқ ел барын,
ауыл барын,
Жиі еске алам, сендерді,
бауырларым.
Нөсер болып құюға
асықпаңдар,
Туар әлі сендер
бір зауылдар күн.
Ақша бұлттар - жаумаған
жауындарым,
Інілерім - тынысым,
бауырларым,
Жырды бірақ жазыңдар
мен жазбаған,
Тек сендерге тілеймін
дауыл-дарын!"
А қ ы н н ы ң сенімі мен
күдігі, жеке б а с ы н ы ң
пендешілігі мен ақындық
тұлғасы екі ұдай арпалысқа,
тайталас күреске түскен
сәттерде үнемі үстем түсіп
отырды. С. Бексейіттің лири-
калары ақынның жүрек жар-
ды ш ы н д ы ғ ы н көрсете
білгендіктен, сол өлеңнің та-
биғатына сай әуенге, пафо-
сқа ие болып келеді. Авто-
рдың мұндай жетістіктеріне
қ уанасың , сондықтан болу
керек, Сәбит өлеңдерін оқып
отырғанда сол өлеңнің поэзи-
ялық атмосферасынан, гео-
фафиясынан, суреті мен ой-
ынан ешқайда шығып кете
алмайсың. Ақын лирикала-
рының бойындағы өзіне тән
сейсмикалық сілкініс сенің
де өн бойыңды дүр сілкінтіп,
жүрегіңе мазмұнды ой салып,
ішкі әлеміңді тебірентіп
кетеді:
" Жақсылықтың шыбығын
егіп өтем,
Әділеттің барына
сеніп өтем.
Мәдименен ұстасса
туысқаны,
Меніменен қастасты
тегі бөтен.
Құлы екенсің жел-сөздің,
тек өсектің,
Жазықсыздан мені сен
неге сөктің ?
Дарабозбын ішінде
көп есектің!
Бастан бағым, тақымнан
тағым кетіп,
Барғаным жоқ дәп саған
шағым етіп.
Тәңір берген, иншалла,
нәсібім бар,
Хақ жолына дөп келіп
ақ ниетім.
Ойлағам жоқ басым мен
бақтың қамын.
Ойлағам жоқ тақым мен
тақтың қамын.
Қияметтен өтемін
Кием қолдап, -
Көп жабының ішінде
АҚБУРАМЫН!"
Мен бір әңгіме үстінде
Сәбиттен:
- Ө л е ң д і к а л а й ж а з а -
сың? Қай жерде жазасың? -
деп сұрағаным бар.
С ә б и т с ә л о й л а н ы п
отырды да:
- Осы б і р е у л е р күнде
жазатын көрінеді. Мен кей-
де а й л а п та, ж ы л д а п та
жазбай кетем. Бір уақытта
өлең өзі келіп:
- Ал, Сәбе, біз келдік, -
деп хабар береді. Сол кезде
мен де қ а л а м а л а м . Бір
күнде, екі күнде, ары кетті
бір жетіде көңіліме жазыл-
ған ө л е ң д е р д і
қ ағазғ а
түсіріп үлгерем. Ол менің
е ң б а қ ы т т ы ш а қ т а р ы м .
Бірақ сол шақ маған өте
сирек жолығысады! - деді
ақын.
Мен ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ
адамы болған соң Сәбиттің
бұл с ө з і н е ш е к с і з с е н е м .
Оның тез ж а з а т ы н ы , бір
жазғанына қайта оралмай-
тыны жыр кітаптарының өн
бойынан көрініп тұр.
И ә , н а ғ ы з а қ ы н н ы ң
қ ызығ ы да , қ ымбат ы да -
жыры. Нағыз а қ ы н н ы ң ба-
қыты д а , у а қ ы т ы да -
ж ы р ы . Н а ғ ы з а қ ы н н ы ң
а ң с а р ы да, м а н с а б ы да -
ж ы р ы . Н а ғ ы з а қ ы н н ы ң
мінген аты да, махаббаты да
- ж ы р ы . Н а ғ ы з а қ ы н н ы ң
көрігі де, көлігі де - жыры.
Нағыз а қ ы н н ы ң анасы да,
баласы да - ж ы р ы . Ақ
жырды ғана өлімге қимай -
ды.
Д ү н и е н і бар ж а н ы м е н
с ү й е т і н , сәл н ә р с е г е
қ уанып , сә л нәрседе н се-
кем алатын Сәбит Бексейіт
туралы көп айтуға болады,
көсіліп айтуға б о л а д ы .
О н ы ң ө л е ң , п о э м а л а р ы
қазіргі дәуірдегі қазақ по-
э з и я с ы н ы ң ө з і н д і к орны
бар белігі. А қ ы н н ы ң бұл
саладағы табыстары дау ту-
дырмайды. О н ы ң ақындық
жолы әлі де мол жеміс
әкелетіні күмәнсіз. Ең бас-
тысы - Сәбит Қыдырбайұ-
л ы а қ ы н д ы қ т ы ң м а қ с а т -
мүддесін дұрыс түсінеді:
" Бала боп, жігіт боп
гүл кештім,
Армансыз жиырмадай
жыл кештім.
Сарқылмас сиқырлы
сыр кештім,
Ақын боп, жырау боп
жыр кештім.
Елу жыл жалықпай
мұң кештім,
Жүз кештім басымнан,
мың кештім.
Ой кештім тылсымды
тұңғиық,
Зар заман көшіне
ілестім.
Жүз жасаған
дана шалдаймын,
Ғасырдың әр сәтін
талдаймын.
Сырттай - азулы
арландаймын,
Іштей - ашулы
көкжалдаймын ", -
деп ж а з ғ а н еді ол бір
өлеңінде. Бұл - а қ ы н н ы ң
шығармашылық бағдарла-
масы тәрізді сөз.
С ө з с о н ы н д а а й т а р ы -
мыз, С ә б и т Б е к с е й і т дер
кезінде, шабытты шағында.
Алдында әлі с ә с к е с і мен
іңірі бар. Жол - ұзақ, міндет
- ауыр.
Азия Транзит. - 2002 . - №11. - 44-46 б.
Достарыңызбен бөлісу: |