Рентген кабинетінде жұмысты ұйымдастыру


Радиациялық бақылау мыналарды қамтуы керек



бет2/3
Дата22.04.2023
өлшемі17,04 Kb.
#85544
1   2   3
Байланысты:
Радиологиялық қауіпсіздік-1

Радиациялық бақылау мыналарды қамтуы керек:
- қызметкерлердің жұмыс орындарында, бөлмелерде және рентгендік стоматологиялық кабинетке іргелес аумақта сәулелену дозасының мөлшерлемесіне мерзімді бақылау;
- радиациялық қорғаныс құралдарының қорғаныш қасиеттерін бақылау;
- А тобы персоналының жеке бақылауы (мысалы, термолюминесцентті дозиметрлерді қолдану арқылы).
Радиациялық бақылау нәтижелері хаттамаға түсіріліп, рентген бөлмесінде сақталады.
Рентгендік зерттеу кезінде радиациялық қауіпсіздік жүйесі - радиациялық қауіпсіздіктің негізгі үш қағидасын - стандарттау, негіздеу және оңтайландыруды іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз етуі керек.
Стандарттау қағидасы- рентгендік зерттеулер жүргізетін персонал үшін рұқсат етілген дозадан аспауы керек.
Негіздеу қағидаты - альтернативті (сәулеленбейтін) әдістерді басым қолдану; зерттеулерді тек клиникалық көрсеткіштер бойынша жүргізу; рентгендік зерттеудің ең үнемді әдістерін таңдау; рентгендік тексеруден бас тарту қаупі оны жүргізу кезінде анықталу қаупінен асып кетуі керек.
Оңтайландыру қағидасы- диагностикалық ақпараттың қажетті мөлшері мен сапасы қамтамасыз етілген жағдайда қол жеткізуге болатын төмен деңгейде радиациялық дозаны сақтау арқылы әсер ету деңгейін шектеу болып табылады.
Қорытындылай келе, рентгендік және стоматологиялық процестің барлық қатысушыларының жоғарыда аталған талаптар мен радиациялық қауіпсіздік қағидаларын сақтау әсер етудің жағымсыз салдарларын азайтуға мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн.
1.Күшейткіш экрансыз қарапайым пленкамен жұмыс істейтін құрылғыларға арналған қарау терезесі бар үлкен қорғаныс экраны; панорамалық құрылғылар, пантомографтар (басқару панелі мен процедуралар бөлмесін бір бөлмеге орналастырған кезде).
2. Қорғаныш алжапқышы, бір жақты - жеңіл (персонал үшін).
3. Стоматологиялық қорғаныш алжапқыш (науқас үшін).
4. Стоматологиялық қорғаныш алжапқышы боламған жағдайда (науқас үшін) қорғаныш накидкасы және қақпалар.
Рентгендік диагностикалық қосымшаларды және олардың жұмысының физикалық-техникалық параметрлерін классификациялау

Дентальді рентген аппараттарының классификациясы және олардың жұмысының физика-техникалық стандарты



Рентген аппараты

Жұмыс күші, (мА x мин.)/апта.

Анодтық кернеу, кВ

1. Қарапайым пленкамен жұмыс жасайтын, күшейткіш экраны жоқ дентальді аппарат

200

70

2. Дентальді аппарат пен пантомограф, сезімталдығы жоғары пленкамен және/немесе цифрлі кескін қабылдағышпен,сонымен қатар визиограф(фотолабараториясыз)

40

70

3. Панорамды аппарат, пантомограф

200

90

11.2. Қарапайым пленкамен жұмыс жасайтын, күшейткіш экраны жоқ дентальді аппарат және панорамды аппараттар медициналық немесе стоматологиялық емдік-профилактикалық мекеменің тек рентген бөлімшесінде рұқсат етіледі(кабинет). Дентальді аппарат пен пантомограф, сезімталдығы жоғары пленкамен және/немесе цифрлі кескін қабылдағышпен,сонымен қатар визиограф(фотолабараториясыз), және жұмыс күші 40 (мА x мин.)/апта., аспайтын кескінді цифрлі өңдеуге болатын дентальды аппараттар егер радиациялық қауіпсіздік шаралары сақталған болса тұрғын үй орналасқан,оның ішінде тұрғын үймен іргелес, стоматологиялық мекемеде рентгенологиялық зерттеулерді жасауға болады.
11.3. Егер ғимаратта бірнеше рентгенологиялық зерттеу аппараттары орналасқан болса, басқару жүйесі оның тек біреуін ғана іске қоса алатынын ескеруі тиіс.
11.4. Ғимарат ауданы мен құрамы 11.2. кестеде көрсетілген
11.5. Ғимараттың емдеу бөлмесіне бірден көп дентальды аппарат орналастыратын болса ғимарат ауданы аппарат типіне байланысты кеңейтілуі қажет, бірақ әр аппарат үшін кемінде 4 шаршы м. кем болмауы тиіс.
11.6. Стоматологиялық рентген зертеулері ғимаратының ауа тазартқыш жүйесі стоматологиялық бөлімшелерге қойылатын талаптарға сай болуы керек.Ауаның температурасы мен жарықтандырылуы 5 қосымшада көрсетілген.
11.7 Медициналық практикада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған техникалық талаптарға сай стоматологиялық рентген аппрататарын қолдануға болады. .
Импорттық стоматологиялық рентген аппараттары ҚР денсаулық сақтау министрлігінің тіркелу куәлігі және санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар аппараттар тапсырысқа және қолдануға беріледі.
11.8. Стоматологиялық мекеме иондаушы сәулелер көзін тек арнайы рұқсат (лицензия) бар кезде ғана стоматологиялық зерттеулер жасау үшін қолдана алады.
11.9. Стоматологиялық рентген аппараттарын қолданушы мекемеде 5.32. п. сай құжаттары болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет