Рентгенографи я



бет5/24
Дата22.11.2022
өлшемі4,56 Mb.
#51691
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
treatise34952 3

12-сурет. Гейгер есептеуішінің сипаттамасы.




Олардың кірісіндегі терезе



слюдадан жасалған және СИ-4Р берилийлі терезесі бар.
Рентген аппараттарының жаңа маркаларында иондағыш сәулелерді тіркеу үшін сцинтилляциялық есептеуіш қолданылады. Бұл есептеуіштерді ұзақ уақыт пайдалануға болады.



13-сурет. МСТР-4 есептеуіші: 1-кірістегі терезе; 2-замазка; 3-шыны корпус; 4-мыстан жасалған катод; 5-анод.

Сонымен қатар олардың «өлі уақыты» өте аз және импульсты санау жылдамдығы 10имп/с шамасына жетеді. Мұндай есептеуіштер иондағыш сәулелер әсер еткенде люминесцентік жарық шығаратын мөлдір кристалдан сцителлятордан тұрады. Ол сцинтилляторлар NaJ немесе КJ кристалдары және олардың белсенділігін артыру үшін қосылады. Сцинтилляторлар фотоэлектрондық күшейткішпен жалғасады. Рентген сәулесінің кванты сцинтиллятормен соқтығысып одан тез қозғалатын фотоэлектронды ұрып шығарады. Сол электрондар кристаллдың ішінде қозғала келіп оның атомдарын иондайды. Қозған атомдар көрінетін жарық квантарын шығарып кристалда жарық (сцинтилляция) тудырады. Олай болса люминофор кристалында рентген кванттары жарық кванттарына түрленеді. Осы процесс қайта сәуле шығару деп аталады. Жарық кванттарды фотоэлектрондардық күшейткіштің катодымен соқтығысып, одан кейін электронды ұрып шығарады. Осы жолмен алынған бос электрондарды фотоэлектрондардық күшейткіште тізбектей орналасқан электродтарында біртіндеп көбейтеді. Ол электродтарды динодтар дейді. Осындай есептеуіштерде фотоэлектрондар саны 10-не дйін, ал ток 10А шамасына дейін күшейеді. Бөлшектердің иондағыш қабілетімен амплитудасының арасындағы байланысты негізге ала отырып амплитудалық сараптағыштың көмегімен, рентген сәулесінің белгілі бір толқын аралығын бөліп алуға болады.
Рентгенқұрылымдық сараптама жүргізу үшін рентген есептеуіші ретінде сцинтиляциялық есептеуіштер қолданылады.
Рентген сәулелерін түрліше типті есептеуіштермен тіркейтін рентген аппараттары рентгендік дифрактометр деп аталады. Рентгендік дифрактометрлердің ерекшеліктерін қарастырмас бұрын ТМД елдерінде қолданылатын рентген аппараттарының ерекшеліктерін қысқаша қарастырайық.


2.2 Рентген аппараттары
Кез-келген рентген аппараттары мынадай арнайы шарттарға сәйкес келуі қажет:

  • рентген түтігінің анодына берілетін жоғарғы кернеуді алу және ол кернеу антикатодта рентген сәулесінің қажетті сериясын қоздыруға жеткілікті болуы;

  • рентген түтігінің катодының қылсымын қоздыратын ток және лампаларын қоректендіретін түзетілген анодтық ток болуы;

  • рентгендік камера деп аталатын зерттелінетін нұсқа орналастырылатын арнайы орын болуы және дифрактометрден басқа рентген сәулелерін тіркеуге арналған арнайы құрылымдар болуы.

Сонымен рентген түтіктерінен басқа барлық рентген аппараттарының негізгі бөліктері мыналар: жоғары вольтты трансформатор, рентген түтігінің катодының қылсымын қыздыратын трансформатор мен кенотрондар, басқару пульті және тіркеуіш құрылымдар. Рентген аппараттарының қолдану шартына байланысты электрлік сызбалары әртүрлі болады.
Рентгенқұрылымдық сараптама жасауға арналған УРС-1,0 (УРС-55) кенотронсыз рентген аппаратының рентген түтігіндегі шекті қуаты небәрі 1 кВт және ол басқару пультімен қоса стол үстіне қоюға болатындай шағын өлшемді болып келеді. Түзеткіштің рөлін БСВ-2 типті рентген түтігінің өзі атқарады. Ол түтіктің рентген сәулесі шығатын екі терезесі бар, сондықтан оған екі рентген камерасының қондырғысын қатар қосуға болады. Жоғарғы кернеуден қорғану үшін аппараттың жоғарғы вольтті схемасының аноды жерге қосылған.(14 а-сурет). Осындай рентген аппаратының жұмыс режимі мынадай: кернеуі 55 кВ-қа дейін түтіктен өтетін ток – 30мА-ға дейін болады.Ток пен кернеудің уақытқа тәуелділігінің графигі 14 б-суретте көрсетілген.



Жоғарғы вольтты трансформатор салынған арнайы маймен толтырылған бак–жұмыс столының рөлін атқарады. Арнайы трансформатор майы құйылған бак суытқыш ретінде қолданылады. Бактың қақпағына суытқыш бар рентген түтігі, екі рентген камерасының астына қойылатын құрылымдар және суытқыш жүйесі істен шыққанда немесе жоғары вольтты трансформатордың қақпағы ашық қалғанда аппаратты ток көзінен автоматты түрде ажыратқыш құрылым бар. Басқару пульті аппараттың жұмыс режимін тағайындап, оны үздіксіз бақылап отыруға арналған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет