ұрпақты болу құқықтарын жүзеге асыру мәселелерiне араласпауға;
бала туу туралы шешiмдi кемсiтушiлiксiз, қорқытусыз және зорлық-зомбылықсыз қабылдауына;
жеке өмiрiне, өз басының және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, дәрiгерлiк құпияны құрайтын мәлiметтердiң сақталуына кепiлдiк бередi.
9-бап. Азаматтардың құқықтары:
бедеулiктен емделуге, соның iшiнде Қазақстан Республикасында рұқсат етiлген ұрпақты болудың қазiргi заманғы қосалқы әдiстерi мен технологияларын қолдана отырып емделуге;
жыныстық клеткалар донорлығына;
контрацепция әдiстерiн пайдалануға және еркiн таңдауға
жүктiлiктi жасанды түрде үзуге;
өзiнiң ұрпақты болу құқықтарын қорғауға құқығы бар. Азаматтар өздерiнiң ұрпақты болу құқықтарын жүзеге асыру кезiнде басқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға мiндеттi.
Зиянды әдеттер
Жүктілік кезінде шылым шегу
Шылым шегетіндердің көпшілігінің балалары әлсіз, аурушаң, салмақтары қалыптыдан аз, әрі түрлі патологиямен туады. Өзінің құрдастарынан физикалық және психикалық тұрғыдан кеш дамиды.
Германия елінің зерттеушілерінің қорытындысы бойынша, әкесі темекі тартатын отбасында жүктілік кезіндегі бала өлімі 1,5 есе жоғары, ал өмірге келген нәрестелердің тума ақаулары 2 есе көп болады. Себебі шылым шегетіндердің ағзасында «патологиялық» сперматозоидтар түзіліп, ұрықтану процесінің бұрмалануына әкеледі, сонымен қатар темекі түтінде гендік мутацияны дамытатын мутациялық субстанциялар болады.
Хирургиялық операциялар
Статистикалық деректерге сүйенетін болсақ, жылына дүние жүзінде 50 млн жасанды түсік жасалады. Оның ішінде тек 20 млн ғана тіркеледі. Түсік жасату нәтижиесінде күніне 200 әйел, ал жылына 70 мың әйел жасанды түсік жасату кезіндегі асқынулардан көз жұмады.