Репродуктивті денсаулық, репродуктивті денсаулық жүйесі
Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiктерi
Репродуктивті денсаулық пен репродуктивті жүйеге қатысты өзекті мәселелер
Репродуктивті денсаулық – адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы.
Репродуктивті жүйе – адамның ұрпақ өрбіту қабілетін қамтамасыз ететін мүшелер жүйесі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Отбасы, аналық және балалық шақ қоғам мен мемлекет қамқорлығында» деп жариялаған. Өрбіту саулығы, біріншіден - өмір салтына, ішіп-жер тағамына, сәби, бала және бозбала кезіндегі денсаулығына, экологияға, нәсіл – тегіне, өрбіту денсаулығын қорғау орнының (мектеп, отбасын жоспарлау орталығы, денсаулық сақтау орталықтары бала тудыратын үй және т.б.) қызметін пайдалануға байланысты.
Өрбіту саулығының өзекті тұсы - отбасын жоспарлау, ол: өз нәпсілік өмірін бақылауға алуға, жыныстық жолмен таралатын аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді; Нәпсілік білімді дамытуға белсене қатысуға, өзінің өрбіту қабілетін дамытуды жоспарлауға ыңғай тудырады; Екі қабат болған кезде қатердің төрт түрінен сақтайды: a) жасөспірім жүктілігінен; b) 35 жастан кейінгі жүктіліктен; c) кішкене ғана үзілістен (екі жылдан кем) аяқ ауырлығынан; d) ықылассыз жүктіліктен ана өліиін қысқартып, мүгедектіктен сақтап, қатері бар бала тастаудан, сөйтіп, нәресте өлімінің деңгейін төмен түсіреді.
Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiктерi