Әр мемлекеттің денсаулық сақтау секторы экономика құрылымының үлкен материалдық, қаржы және адами ресурстарын тұтынады. Мемлекеттің денсаулық сақтауға бөлген үлкен шығындары – бұл елдің бюджеттік шығын бөлігі емес, бұл алдымен экономикалық қайтарым әкелетін инвестициялар екенін түсінуіміз қажет. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың оптималды моделі Қазақстан үшін – нарықтық қатынасы бар бюджеттік модель. Бұл тұрғындарды тәуелсіз жалпыға бірдей медициналық көмекпен қамтуға және қажеттілікке мүмкіндік береді, тұрғындардың осал топтарын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді, медициналық қызметтің еңбек мотивациясының механизмін дамытуға да мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының "Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру, ұйымдарды жетілдіру" деп аталатын 4-ші тармағына сәйкес, мемлекетте емделушінің мүддесі үшін денсаулық сақтау моделі құрылды.
Денсаулық сақтауды қаржыландыру экономикалық өсудің негізі
1. Денсаулық сақтау жүйесін тиімді құру, бастапқы медициналық-санитарлық көмектің басым дамуы негізінде.

2. Денсаулық сақтау саласында басқару жүйесін және менеджментін жетілдіру.
3. Денсаулық сақтауды қаржыландыру механизмін жетілдіру.
4. Медициналық қызметтің жоғары сапасымен және қол жетімділігімен қамтамасыз ету.Осы міндеттерді дұрыс орындау үшін қаржыландыруды ұйымдастырып жүргізу керек. Қаржыландыру жүйесін жетілдіру мемлекеттік бағдарламаның басымдық міндеттерінің бірі болып табылады.