Ресейдегі әдістеменің дамуы

бет3/3
Дата05.06.2023
өлшемі92,83 Kb.
#98870
1   2   3

1938 жылы “Балабақша тәрбиешісіне басшылық” деген атпен жаңа бағдарламалық әдістемелік құжат жарық көрді. Бұл басшылықтың тіл дамыту әдістемесіне балалардың мәнерлеп сөйлеуіне, қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. Бірақ бұл басшылықта да қателік болды. Яғни, бала тілінің дыбыстық жағын байланыстырып сөйлеуіне көңіл бөлінбеді. 1945 жылы шыққан “Тәрбиешіге басшылықтың жаңа басылымында” ана тілін үйрету және айналадағы қоршаған ортамен таныстыру мәселелеріне тереңірек көңіл бөлінді және осы кезеңде мектепке дейінгі мекемелерге арналған алғашқы ғылыми еңбектер шыға бастады. Солардың бірі Е.А.Флерина. Ол қарапайым тәрбиешіден педагогика ғылымының докторына дейін көтерілген ғалым. Ленин атындағы Москва мемлекеттік пединституттың профессоры. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық даму заңдылықтарына, баланың тілін дамыту балабақшаға арналған ойыншықтар және оған қойылатын талаптар, сондай-ақ бақшада бейнелеу өнерін ұйымдастыру мәселелеріне көңіл бөлді.

1940 жылы еліміздің көптеген қалалары мен облыстарында мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне арналған ғылыми практикалық конференциялар өткізілді. Бұл конференцияда балабақшаға арналған ғылыми еңбектерге талдау жасалынып қол жеткен табыстар және алда тұрған міндеттер сөз болды. Сондай-ақ осы конфернцияда жеке адамдардың тәжірибелері ортаға салынды. Мысалы, Е.И.Радинаның “Балабақшада тіл дамыту” сабақтарында әңгіме әдісін қалай пайдалану керектігі жөніндегі баяндамасы өте сәтті шықты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет