Ресейдегі әдістеменің дамуы

бет2/3
Дата05.06.2023
өлшемі92,83 Kb.
#98870
1   2   3

Е.К.Водовозова – шәкірті. 1871 жылы оның педагогикалық тәжірибесінің негізінде “Бір жастан сегіз жасқа дейінгілердің ақыл-ойының дамуы” деген еңбегін жазды. Ол да Ушинский сияқты отбасында және балабақшада балаларды тәрбиелеудің басты құралы – халық ауыз әдебиеті деп түсінді, және мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған орта, табиғатпен таныстырудың маңыздылығын дәлелдеді.

Бұлардан кейін тіл дамыту әдістемесі бойынша пікір айтқандардың бірі — И.Е.Тихеева. Ол да Ушинский секілді ана тілін игерудің балабақшадағы және мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің негізі деп қарады. Тихеева Россиядағы, Италиядағы балабақшалардың тәрбие, тәжірибелерімен танысып, кейін өзі де балабақшада меңгеруші болып қызмет істеді. Осы тәжірибесінің негізінде бақшада сабақ жүргізу үшін сабақ жоспары мен программасы болу керектігін айтты.

Тіл дамыту әдістемесі Октябрь революциясынан кейін жете дамыды. Яғни, еліміздегі балабақшалардың саны артып мектепке дейінгі тәрбиенің теориялық негізі қалыптаса бастады. Біздің елімізде балабақша халық ағарту жүйесіне енгізілді.

1924 жылы балабақшаға арналған әдебиеттер бойынша комиссия құрылып, оған Е.А.Флерина басшылық етті. Комиссия балаларға коммунистік тәрбие беретін жаңа әдебиеттер жазу керектігін айтты. Осы кездегі балабақша жөніндегі бір теріс пікір ертегіні оқытуға тиым салумен байланысты еді. Бұл қателік 1934 жылы жазушылар съезінен кейін түзетілді. Еліміздегі балабақша жұмысының жақсаруы орталық комитеттің жаңа шыққан қаулыларымен байланысты болды. Кеңестік мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуында Н.К.Крупскаяның қосқан үлесі мол. Оның педагогикалық еңбектерінде балалар тілін қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Ол сөзді ақыл-ой тәрбиесінің негізі деп қарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет