Ресейдегі әдістемесінің дамуы туралы түсінік беру. Ресей ғалымдарының еңбектерін меңгерту және талдауға үйрету. Өздігінен ізденіп, шығармашылықпен еңбек етуге бағыттау.
Жоспар 1. К.Д.Ушинский, Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева т.б. мектеп жасына дейінгі балаларға ана тілін үйретудің негізін қалаушылар. 2. 30-40 жылдардағы тіл дамыту бойынша жүргізілген жұмыстар
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында прогрессивтік бағыттағы педагогтің бірі – К.Д.Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Оның философиялық көзқарасы материалистік бағытта еді.

Ушинский баланың тіл қалыптасуындағы ана тілінің рөлін ерекше атап өтті. Оның тіл дамыту мен ойлау бір-бірімен тығыз байланыста болады деген пікірі күні бүгінгі дейін құнын жойған жоқ. Сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеуде: халық ауыз әдебиетінің басты роль атқаратындығын айта келіп, баланың жас ерекшелігіне қарай таңдап алынған ертегі, жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар балаларға адамгершілік тәрбиесін беруде қайнар көзі болып табылады деп дәлелдеді.
Ушинский балаларға шет тілін үйретуді өте жас кезінен бастауға болмайтындығын айта келіп бала алдымен өзінің ана тілін жақсы меңгергеннен кейін басқа тілді үйренуге бейімделеледі.
Ушинский балаларға шет тілін үйретуді өте жас кезінен бастауға болмайтындығын айта келіп бала алдымен өзінің ана тілін жақсы меңгергеннен кейін басқа тілді үйренуге бейімделеледі.
Ушинский өзінің көзқарасын “Балалар әлемі және хрестоматиясы” (1861), “Ана тілі” (1864) деген еңбектері арқылы халыққа шығарды. Ушинскийдің бұл еңбектеріндегі ең құнды пікірлерінің бірі мектепке баратын балаларды дайындап оқытудың қажеттігі туралы еді. Ушинскийдің идеясын оның ізбасарлары одан әрі жалғастырды. Оның шәкірттерінің бірі – А.С.Семенович. Ол Петербургте, Тбилисиде балабақшада тіл дамыту жұмысы бойынша тәжірибелер жүргізді. Оның әдістемелік теориясының негізінде “Отантану” деген еңбегі және жекелеген пәндік сабақтар өткізу керектігі жөніндегі сабақтардың балаларды қызықтыратын ойын түрлері арқылы өткізу керектігін айтты.