Ресейдегі картография ғылымының дамуы және Орыс географиялық қоғамы



бет1/3
Дата20.10.2023
өлшемі41,12 Kb.
#119934
  1   2   3
Байланысты:
Реферат



ЖОСПАР



1

Кіріспе




2.

Ресейдегі картография ғылымының дамуы және Орыс географиялық қоғамы




2.1.

Ресей картография ғылымының даму тарихы




2.2.

Орыс географиялық қоғамы және олардың Орталық Азиядағы зерттеулері




3.

Қорытынды




КІРІСПЕ



Халқымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке жеткен қазіргі күні болашақтағы беріктігімізді іске асыруда өткен тарихымызды жеткілікті тұрғыда саралап, үлгі алар жақтарын жаңғыртып, кемшіліктерінен қорытынды шығара білу қазіргі басты керек талабы екендігі белгілі. Сол себептен еліміздің тарихының кейбір кем жерлерін әлі де тереңдей зерттеп, оны толтыруда XIX ғасырдың басында құрылған Орыс Географиялық Қоғамының үлесі айтарлықтай үлкен.
Ғасыр бойында тынбай қыруар еңбек атқарған Қоғам мүшелерінің жұмыстары қазақ халқымыздың өткен тарихы мен этнографиясы туралы бай, әрі ғылым үшін құндылығы шексіз материалдар береді. Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстанның өлкелері мен өңірлернің тарихын тың мәліметтермен, құнды мұрағат құжаттары арқылы зерттеп, оның өзіндік ерекшелігін айқындау, осы арқылы нақты шындыққа негізделген біртұтас ел тарихын жасауда бұл Қоғамның атқарған жұмысы зор. Әсіресе Қоғам мүшелері ғасыр бойында жинаған деректері, жазған еңбектері Шығыс өңірінің тарихынан терең сыр шертеді.
Сонымен қатар Орынбор, Оңтүстік Қазақстан және еліміздің басқа өңірлерін этнографиялық, археологиялық, топографиялық, тарихи зерттеуде Орыс Географиялық Қоғамының мүшелері мен экспедицияларының жүргізген зерттеулері, сондай-ақ қазақ халқының арасынан шыққан зиялылардың ғылыми еңбектері, очерктері мен монографиялары, мақалалары мен альбомдарын көпшілікке таныстыру, еліміздің тарихы үшін құндысын алудың маңызы зор.

2 РЕСЕЙДЕГІ КАРТОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОРЫС ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫ


2.1. Ресейдегі картография ғылымының даму тарихы


Әрбір мемлекеттің саяси-мәдени даму тарихында ғылыми қоғамдар мен ұйымдардың және олардың атқарған қызметінің алатын орны ерекше. Осындай ғылыми қоғамдардың бірі – ХІХ ғ. Ресейде құрылған Орыс географиялық қоғамы. Орыс географиялық қоғамы 1845 ж. орыс ғалымдары Ф.А. Литке мен К.И. Арсеньевтің идеяларымен құрылды. Ғылыми қоғам қызметінің алғашқы жылдарында-ақ қоғамға мүше зерттеушілердің қолдауымен бірнеше бөлімшелер ашылады. Олардың қатарында Сібір, Кавказ, Балтық бөлімшелері және Қазақстанның аумағында Орынбор, Орал, Семей, Түркістан бөлімшелері болды.


1867 жылы 17 шілдеде І Николай патшаның Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесін құру туралы бұйрығы шықты. Қазақ даласында ОГҚ бөлімшелерінің ашылуы қазақ зиялы өкілдерінің өздерінің интеллектуалды әлеуетін жүзеге асыруға, сол сияқты демократиялық көзқарас пен көңіл күйдің қалыптасуына мүмкіндік берді. ХІХ ғасырдағы қазақтардан шыққан орыстың іргелі білім ордаларынан білім алған тұлғалары М.С. Бабажанов, С.И. Тілемісов, М.Я. Жарасбаев, М.А. Асатов, Б.Қ. Қарпықов, Ү.К. Күнтеков, Н.М. Саванбаевтар ОГҚ шынайы мүшелері болды, әріптес мүшелер қатарында – Ы.Алтынсарин, Д.Б.Беркімбаев, Б.Д.Дауылбаев, Б.Л. Наурызбаев, Т.А. Сейдалиндер болды. Қазақтардың ғылыми қоғам қызметіне араласуы ғылым әлеміне етене енуіне, зерттеушілер ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Ал, ОГҚ қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі алдыңғы қатардағы ғылыми орталық болатын. Осыған орай ғылыми қоғамның марапаттары да жоғары бағаланды. Мәселен М.С. Бабажанов күміс медальді иеленген алғашқы қазақ зиялыларының бірі еді[1,-11б.].
Орыс географиялық қоғамның бөлімшелерінің құрылуында Ресей империясының отаршылдық мақсатта отар елдің табиғатын, пайдалы қазбаларын, халқының әдет-ғұрпын зерттеу көзделгені рас. Бірақ қоғамның ғылым үшін қызметі басымырақ еді. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Ресейдің шығысындағы ірі саяси және мәдени орталық бола отырып, қазақ халқының этнографиялық тарихын зерттеуге елеулі орын алды. Орыс географиялық қоғамына мүше ғалымдардың идеясымен бірнеше бөлімшелер ашылды. Ашылған бөлімшелер әкімшілік-территориялық бөліністерге сай құрылды. Мысалы Орынбор бөлімшесі Орынбор генерал-губенаторлығына қарасты Торғай облысында құрылды. Орынбор бөлімшесі генерал-губернатор Крыжановскийдің идеясымен ашылды. Генерал-губернатор өлкені зерттеп танудағы шешімін таппаған мәселелерді аймақтарға бөлу арқылы реттестіруді ойлады. Орынбор бөлімшесінің төрағасы болып Торғай облыстық әскери-губернаторы Н.Л. Баллюзек сайланды[2.139-б.].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет