Ресейдегі картография ғылымының дамуы және Орыс географиялық қоғамы


Орыс географиялық қоғамы және олардың



бет2/3
Дата20.10.2023
өлшемі41,12 Kb.
#119934
1   2   3
2.2. Орыс географиялық қоғамы және олардың
Орталық Азиядағы зерттеулері.

Орынбор бөлімшесінің төрт кіші бөлімдері ашылды: география, этнография, тарихи - жаратылыстану, статистика. Аталған бөлімдер бойынша қазақ халқы және татар-башқұрт халықтары туралы мәліметтер жиналды.


Қоғамға мүше қазақ ғалымдары аталған салалар бойынша қазақ халқы туралы тың деректер мен мәліметтер жинай бастады.
Орыс Географиялық Қоғамының Орынборлық бөлімінің ең бір үздік мүшесі қазақ халқының ағартушысы, педагог, жазушы және этнограф Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) еді. Ы. Алтынсарин ұзақ уақыт В.В. Григорьев пен Н.И. Ильминский сияқты атақты орыс шығыстанушыларымен тығыз байланыста қызмет етеді. Қазақ халқының этнографиясына қызығушылық Ыбырайдың бойында жастайынан қалыптасып, өмір бойында сақталды. Ол жүйелі түрде ғылыми материалдар жинады. Ы.Алтынсариннің алғашқы ғылыми жұмыстары «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу мен үйлену кезіндегі дәстүрлері туралы очерк» және «Орынбор ведомствосы қазақтарының қайтыс болуы мен жоқтау кезіндегі дәстүрлері туралы очерктері» 1866-1868 жж. жазылып, 1870 жылы Орынборлық бөліммен жарияланады [3.173-б.]. Мұнда автор сол кездегі қазақ ауылындағы патриархалдық қатынастарды өте жақсы сипаттап, оқырманды қазақ көшпелі қоғамымен таныстырады. Орынборлық бөлімнің отырысы Ы.Алтынсариннің бұл еңбегін «қырғыздар» - (қазақтар - автор) этнографиясы жөніндегі өте құнды жетістік - деп, жоғары бағасын береді. Осыдан кейін Ыбырай Алтынсаринның есімі Ресейдің ғылыми ортасында кеңінен тарай бастады.
ОГҚ - ның Орынборлық бөлімінің келесі мүшесі, этнограф Бейбіт Дауылбаев. Ол этнограф ретінде Қазан университетінде мәліметтер жинады, Орынбордағы мұражайдың ашылуына көп көмегін тигізді. 1881 жылы Б.Дауылбаев «Рассказ о жизни киргиз Николаевского уезда Тургайской области с 1830 по 1880 год.» мақаласын жариялайды. Осы еңбегі үшін Дауылбаев Орыс Географиялық Қоғамының күміс медалін иеленеді. Бұл мақала қазақ халқының этнографиясын зерттеуде маңызды орын алады. Мұндай зерттеулер қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде санаулы ғана еді. Сонымен қатар Б. Даулбаев 1894 жылғы жарық көрген мақалдар жинағының авторы[4.73-б.].
Жоғарыда сөз болған М.С.Бабажанов ОГҚ этнография бөліміне қазақтардың тұрмысы, мәдениеті жайында мақалалар топтамасы мен түрлі этнографиялық бұйымдарды жинақтап тапсырғаны үшін марапатталды. Қоғамның Жазбаларында қазақ халқына қатысты түрлі тапқырыптарды қамтыған мақалалары жарияланып тұрды. М.С Бабажанов жылқы шаруашылығы проблемаларына, қымыздың емдік қасиетіне, қазақтардың діни түсінігіне, тарихи ескерткіштеріне арналған бірқатар тарихи-этнографиялық мақалалар жариялайды. 1864 ж. «Қымыз туралы хабарлар», «Жылқы және оларды Ішкі қырғыз ордасында сынақтан өткізу», «Ішкі қырғыз ордасындағы аңшылық», «Ішкі қырғыз ордасынан» атты мақалалары жарияланады. Оның орталық баспа беттерінде жарияланған мақалалары арқылы орыстың алдыңғы қатарлы прогрессивті қоғам мүшелері қазақ халқы туралы, оның мұң-мұқтаждықтары мен хал-ахуалымен танысуға мүмкіндік алды. М.С. Бабажанов публицист ретінде өз халқының құқығын қорғауға да белсене араласты [1.139-б.].
Т. Сейдалин әкімшілік қызметтермен бірге ғылыми жұмыстармен де айналысты. 1870-75 жылдары ОГҚ Орынбор бөлімшесінде жарық көрген «Торғай және Ырғыз далаларындағы жер игерудің дамуы жөнінде» атты зерттеу еңбегі Торғай, Ырғыз өзендері алқаптарындағы егіншілікті өркендетуге және қазақ ауыз әдебиетімен этнографиясын зерттеуге арналған. Сейдалиннің бұл шығармасы кейін Орыс географиялық қоғамының кітабына енеді. «Жазбалар» атты журналында жоғары бағаланған, көп жылғы қазақ тұрмысы, өмірі туралы этнографиялық, тарихи-статистикалық жинақтары нәтижесінде «Қырғыз-қайсақтардың тұрмысының сипаттамасы» атты еңбегі жарияланды. Бұл еңбек - құқықтану бойынша кандидаттық диссертацияның бір бөлігі болып табылады.
Д. Беркімбаев Ресейдің Орынбордағы Императорлық географиялық қоғамының Торғай облыстық статистикалық комитетінің мүшелігіне бірнеше рет сайланған. Қазақ елінің тарихын, мәдениетін, этнографиясын жазуда осы қоғамның жариялымындағы мол деректер көптеген мақалаларға арқау болған.
Орыс Географиялық Қоғамы мен орыс шығыстануының тарихымен атақты ғалым, этнограф және ағартушы-демократ Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835-1865жж.) атқарған қызметімен тығыз байланысты. Шоқан Уәлиханов еліміздің мәдениет тарихы мен ғылымында артынан өшпес із қалдырған көрнекті тұлға. Шоқанның ғылыми қызметі орыс шығыстану ғылымның кешенді түрде дамыған уақытында өткен болатын. Ол орыс шығыстану мектебінің ең үздік дәстүрлерін бойына сіңірген еді. Г.Н. Потанин әділетті түрде Уәлихановты «алғашқы қазақтардың бірі болып өз есімін орыс жазушыларының арасына қосты» деген пікірін айтады [2.152-б.]. Ш.Ш. Уәлиханов артынан алуан түрлі өте құнды аяқталған және аяқталмаған этнографиялық зерттеулерін қалдырған. Оның еңбектерінде жан-жақты терең ойлар мен идеяларды, қорытындыларды, қызықты болжамдарды, фактілік мәліметтерді көруге болады. Бүгінгі ғылым үшін олар өз құндылығын жоғалтқан жоқ.
1858-1859 жылдары Шоқан Еуропа ғалымдарынан бұрын Қашқарияға барып, бүкіл Алтышаһардың жағдайы туралы ғылыми құнды мәліметтер жинап, Шығыс Түркістанды ғылыми жолмен зерттеудің бастамасын жасады [5.9-б.]. Сондай-ақ Ш. Уәлиханов Тянь-Шань өлкесіне, яғни Ыстықкөл бассейнін алғашқы зерттеуші, тұңғыш рет қырғыз халқын, жерін жан-жақты зерттеп, «Манас» жырын әдебиеттану ғылымы әлеміне таныстырушы еді. Ш. Уәлихановтың көптеген ғылыми еңбектері XIX ғасырдың екінші жартысында Санкт-Петербургте Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының басылымдарында жарияланып отырды.
Қазақ зиялыларынан Әлихан Бөкейханов Омбыдағы Батыс Сібір Географиялық бөліміне мүше бола отырып, Семей бөлімшесі жұмысына белсене араласқан. Әлихан Бөкейханов қазақ мемлекетінің пайда болу тарихына, Кіші, Орта және Ұлы жүз хандықтарының Ресейдің қоластына енуіне, Үлкен Орда сұлтаны Сүйік Абылайхановқа қатысты құжаттарды зерттеу нәтижесінде «Из переписки (письма) киргизских ханов, султанов и пр. пр.», «Из переписки хана Средней Киргизской Орды Букея и его потомков», «Из бумаг султана Большой Киргизской Орды Абылайханова» атты ғылыми еңбектерін жариялады. Ә. Бөкейханов 1903 жылы Санкт-Петербургте Семенов Тянь-Шанскийдің редакциясымен басылып шыққан Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының «Россия. Полное Географическое описание нашего отечества» атты көп томдық кітабының 17-томына енген «Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи» еңбегінде қазақ өлкесі тас дәуірінен бастап көрініс табады [5.14-б.]. Алаш қайраткері Ә. Бөкейханов тұңғыш Абайтанушы ғалым болып саналады. Абай өлеңдері мен нақыл сөздерін Кәкітай Ысқақ ұлы тұңғыш жинақтап, 1909 жылы Санкт-Петербургтегі Ілияс Бораганскийдің баспасынан шығаруына Ә. Бөкейханов үлкен көмек көрсетеді.
Қазақ халқының жарқын болашағы үшін күрескен зиялылардың бірі - Семей Орыс Географиялық Қоғамынның мүшесі, Райымжан Мәрсеков (1902-1911жж). 1899 жылы жалпы студенттер толқуына қатысып, патша билігне қарсылығымен көзге түседі. Р. Мәрсековтың алғашқы мақалалары студент кезінде 1899-1900 жылдары «Дала уалаяты» газетіне жарияланып отырған. Р. Мәрсеков 1902 жылы 22 желтоқсанда Семей Орыс Географиялық Қоғамына мүше болуға өтініш беріп, мүше қызметкер ретінде қабылданған. Оның 1901 жылы «Санкть-Петербургское ведомство» газетінің 68-ші санында жарияланған «Киргизы и переселенцы» атты мақаласы аса құнды еңбек ретінде кітапхана каталогына енгізілген. Сонымен қатар каталогқа «Сайлау (выборы) и его вредн.послъдст.», «Киргизский народный судъ», «Женщина» мақалалары енген [7.5-б.].
Семей Орыс Географиялық Қоғамының қазақ мүшелері қатарында Алашорда үкіметі басшыларының бірі, қазақтың тұңғыш профессор-математигі, ірі қоғам қайраткері Әлімхан Ермековтің есімі де бар. Ә. Ермеков өмірінің Семей жерімен байланысы оның бала кезінен басталған. Томск технология институтының түлегі Ә. Ермеков 1920 жылы мамыр айында Мәскеуде В.И. Ленин төрағалық еткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақ Автономиялық Республикасын құру және оның шекарасын айқындау жөнінде баяндама жасаған. Ә. Ермеков «Ұлы матеметика курсы» (1935), «Қазақ тілінің математика терминдері» (1936ж.) атты еңбектерін қалдырған.
Сонымен қатар Санкт-Петербург университетін алтын медальмен бітірген, ұлтымыздың тұңғыш заң магистрі Жақын Ақпаев, қазақ халқының жарқын болашағы үшін күрескен Райымжан Мәрсеков, көпес Хамитов Мұхаммет және Абылайханов Арынғазы Семей Географиялық бөлімшесіне мүше болған.
Сонымен ХІХ ғ. ортасында құрылып, өз қызметін ХХ ғ. 30-шы жылдарына дейін жүргізген Орыс географиялық қоғамы (атауы бірнеше рет өзгерді) Ресейден басқа аймақтарда, соның ішінде қазақ өлкесінің орталық қалаларында бөлімшелерін құрды. Ғылыми қоғам қызметі бірнеше бағыттарда - тарих, география, этнография, статистика салалары бойынша зерттеулер жүргізді. ОГҚ ғылыми жұмыстарына қазақ зиялылары белсене араласты. Түрлі тақырыптарды қамтыған еңбектері қоғамның басылымдарында үзбей жарияланып тұрды. Облыс орталықтарында құрылған бөлімшелерде далалык өлкенің географиясы, тарихы, мәдениеті сондай-ақ қазақ елінің этнографиясы мен қазба байлықтары, әкімшілік-саяси басқару жүйесі туралы баға жетпес құнды ғылыми еңбектер жинақталды. Қазақ өлкесінде аталған ғылым салаларының дамуында орыс зерттеушілерімен қатар қазақ зиялыларының да үлесі зор болды және олардың еңбектерінің маңызы күні бүгінге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ.

Қорытынды




Орыс географиялық қоғамы – Ресей тарихындағы географиялық, экологиялық және мәдени аспектілерді терең және жан-жақты зерттеуге бағытталған қоғамдық ұйым. Бұл ұйым география саласындағы мамандарды, саяхатшыларды, экологтарды ғана емес, сонымен қатар Ресей туралы жаңа білім алуға ұмтылатын және оның табиғи ресурстары мен байлығын сақтауға көмектесуге дайын адамдарды біріктіреді.
Қоғамның жетекшілері Ресей императорлық үйінің мүшелері, саяхатшылар, зерттеушілер және мемлекет қайраткерлері болды. Бұл Романовтар императорлық үйінің өкілдері және ондаған экспедицияларға қатысып, мәдени өсімдіктердің шығу тегінің әлемдік орталықтары туралы ілімді жасаған ресейлік және кеңестік генетик, географ Николай Иванович Вавилов сияқты Қоғам президенттері. Орыс географиялық қоғамын да ғылымға зор үлес қосқан кеңестік зоолог, географ Лев Семенович Берг басқарды. Ол әртүрлі аймақтардың табиғаты туралы материалдар жинады, сонымен қатар «КСРО табиғаты» атты оқу құралын жасады. Л.С.Бергті қазіргі физикалық географияның жасаушысы деуге болады, өйткені ол ландшафттану ғылымының негізін салушы. Айтпақшы, Лев Семенович ұсынған ландшафт бөлімі бүгінгі күнге дейін сақталған.
Орыс географиялық қоғамы жастар ортасының өкілдерін әртүрлі байқаулар ұйымдастыру үшін шығармашылық әлеуетін ашу, сондай-ақ табиғатқа деген қамқорлық көзқарасын тәрбиелеу мақсатында өз қызметіне тартуға тырысады.
Қоғам экологиялық, географиялық, экологиялық және қайырымдылық ұйымдармен, оқу орындарымен (соның ішінде федералды университеттермен), ғылыми және ғылыми орталықтармен, туризм және білім беру саласында жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта. Орыс географиялық қоғамы да бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтасады.
Тарих пен қазіргі заман, ел өмірінде маңызды рөл атқарған барлық ұлы, көрнекті саяхатшылармен танысу мүмкіндігі. Жоғары профильді ашылулар, Жердің барлық климаттық әртүрлілігі, басқа да көптеген сұрақтардың жауабын Орыс географиялық қоғамының ресми сайтында табуға мүмкіндік береді.
Орыс географиялық қоғамы Жер планетасының барлық даналығы мен құпияларын түсінуге ұмтылатын көптеген география әуесқойлары, зерттеушілер, зерттеушілер мен авантюристер үшін жұмбақтар мен құпияларды ашуға, адам көзінен жасырылғанның бәрін білуге ​​мүмкіндік береді. Қоғамның сайты тарих пен қазіргі географияның ең қызықты материалдарын ұсынатын білім мен коммуникация көзіне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет