Ресейдің халықаралық саудаға беріп жатқан үлесі



бет1/3
Дата05.11.2022
өлшемі0,65 Mb.
#47646
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Ресейдің халықаралық саудаға беріп жатқан үлесі

Ресейдің халықаралық саудаға беріп жатқан үлесі

Омарқызы Құралай

Буркутбаева Дильназ

Шахма Ақерке

Сайлау Гүлнұр

Кашенова Дильнара

Сауда – кез келген мемлекеттің экономикасындағы маңызды құрам­дас­тардың бірі. Ежелден-ақ сауда жолдары қалалар мен мемлекеттерді байланыстырып, әртүрлі халықтардың мәдениетін, ғылымы мен озық ой­ларын сабақтастырған. Қазақстанда на­рық экономикасы мен барлық эко­номикалық жүйенің қалыптасуы сауда саласынан басталды десек, артық айтпаспыз.

Сыртқы сауда

Ресей Федерациясының басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың жалпы сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы сауда байланысына тәуелді. Ел экономикасы көптеген жылдар бойы жасанды саяси кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей экономикасы ашық сипат алып, халықаралық деңгейге бетбұрыс жасады.

1994 жылы Ресей мен Еуропалық Одақ арасында серіктестік пен достастық келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде Ресей Еуропалық Одақ елдеріне өз экспортының үлесін 40 %-ға дейін көтерді. Сонымен қатар Батыс Еуропаның жоғары дамыған мемлекеттерімен арадағы байланысты күшейтіп, оның үлесін

50—60 %-ға дейін өсірді.

Ресейдің экспортқа шығаратын тауарлары арасында отын-энергетикалық және минералдық ресурстардың үлесі басым. Мұнай мен мұнай өнімдерін Германия, Италия, Швейцария, Ұлыбритания мен Польшаға; табиғи газды Германия, Италия, Францияға; таскөмірді Жапония мен Түркияға шығарады. 2004 жылғы қорытынды бойынша осы тауарлардың Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова мен Украинадағы үлесі 24 %-дан 60 %-ға дейін ауытқыған. Сонымен қатар осы жылғы қорытынды бойынша Ресейдің ең басты сауда серіктестері ТМД елдерінен басқа Германия, Италия, Қытай және Нидерланд болып отыр.

Ресей Федерациясы Қазақстанның аса ірі сауда серіктестігі болып табылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты сауда айналымының үлесі ҚР барлық тауар айналымының 23%-ын ТМД елдерінде тауар айналымының 75%-ын құрайды. Қазақстан Республикасы Статистика агеттігінің мәліметтері бойынша 2005 жылы ҚР мен РФ арасындағы сауда айналымы 9518,5 млн. доллларды құрады (қазақстан экспорт – 2927,2 млн. доллар, импорт – 6591,3 млн. доллар), ал бұл көрсеткіш 2004 жылы 7,05 млрд. доллар болған еді (тиісінше – 2,83 млрд. доллар және 4,81 млрд. доллар). Тауарларды Ресейге тасымалдаудың негізгі статьялары минералдық өнімдер қымбат емес металдар және олардан жасалған бұйымдар (20%), азақ-түлік тауарлары мен оларды өндіруге қажетті шикізат (6%), химия өнеркәсібінің (3%), машиналар мен жабдықтар және т.б. (4%).Ресейден Қазақстанға әкелінетін тауарлардың негізгі статьялары: машиналар мен жабдықтар, транспорт құралдары химия өнеркәсібі өнімдері (16%), минералдық өнімдер (13%), қымбат емес металдар мен оларды өндіріске қажетті шикізат (11%), азық-түлік тауарлары мен олардан жасалған бұйымдар (9%) және т.б. (10%).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет