Ресми девиантты мінез-құлық. Бұл мінез-құлықта ереже бұзған адам заңмен қудаланып отырады.Қарапайым мысал ретінде,қоғамдық орында шылым шеккен адамды алайық. Не болмса ұрлық жасаған тұлға



Дата28.04.2023
өлшемі64,74 Kb.
#87673
Байланысты:
әлеуметтану (копия)


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті «Филология және әлем тілдері»
Мамандығы «Қазақ филологиясы»


СӨЖ

Орындаған:Берікболқызы Ақтоты
Тексерген:Имашева Ж.А.

Алматы,2023 жыл

  1. Девиантты мінез-құлық - жалпыға ортақ ережелерді бұзу

Ресми девиантты мінез-құлық.Бұл мінез-құлықта ереже бұзған адам заңмен қудаланып отырады.Қарапайым мысал ретінде,қоғамдық орында шылым шеккен адамды алайық.Не болмса ұрлық жасаған тұлға.Бұндай тұлғалар заң бойынша өз істеріне жауап береді.


Бейресми девиантты мінез-құлық.Бұл мінез-құлық заң бойынша қудаланбаса да,тұлға өзінің алған тәрбиесі бойынша сынға ұшырап жатады.Мәселен,үлкен кісіні асығыста қағып кету,қолында ауыр заттары болса,оларға көмектеспей өтіп кету,оларды сыйламау,жол бермеу ,арнайы мекемелерге белгілі бір уақыттан кешігіп келу сияқты.


Субмәдени.Қоғамға қалыпты емес мінез-құлықтың белгілі бір ортада қалыпты болып кетуі.Кішінің өз мүддесін қорғауы үшін үлкенге қарсы сөйлеуі,жалған сөз айту,ғайбаттау деген секілді.Бұндай істер кезінде арнайы жазаға ұшыратып отырған,қазірде қоғамда қалыпты..Одан бөлек , бұрынғы уақытта қазақтарда Исламнан өзге дінге ауысу қылмыс ретінде қарастырылып,олардың малы тәркіленген.Қазірде біз “зайырлы мемлекет” болғандықтан,әркімнің дінді қабылдауы өз еркінде.


Қайталанбалы.Белгілі бір қылмыс пен жаман іс-әрекетті жеке тұлғаның қайталай беруі.Адамның бір затты ұрлап,қанша жерден жазаға ұшыраса да,сол қылмысқа тағы баруы.Немесе сол сияқты тиым салынған затты сатып,қанша жазаланса да қайта сол затты тасуы,түрмеге қайта-қайта оралуы секілді.


Ситуативті.Бұл мінез-құлықтың бір ортада қалыпты,екінші ортада қылмыс ретінде немесе қалыпты емес түрде қарастырылуы.Мысалы,отбасыңның бір затын тығып қою,рұқсатсыз алу ол отбасылық өмірде қалыптылық болса,ал қоғамда бұл заң бойынша қарастырылады.Сол сияқты досыңа әзілдеп тіл тигізу немесе оны итеріп қалып,ақырын әзіл ретінде ұру олар үшін қалыпты болса,заңда қалыпты дүние болып табылмайды.


2.”Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді”.Бұл пікір де дұрыс,ал менің ойымша бұл жердегі басты рөл отбасындағы,мектептегі тәрбиеде деп білемін.Себебі,баланың психикалық ауытқуы болсын,өзін ортада ұстауы,басқа да кісілерге қарым-қатынасы осы тәрбиеден шығады.Бұндай жағдайларда ата-ана баланы бақылауға алуы қажет деп есептеймін.Тіпті баланың тәрбиелейтін қамқоршылары жоқ болғанның өзінде тәрбие бұзылады.Балаға моральдық тұрғыдан ауыр сөз айтылуы мүмкін, сол секілді қоғамның қарым-қатынасы да әсер еткеннен кейін осындай мінез-құлықтар пайда болып жатады.


3.Бағытталған-адам бойынан норманы қалыптастыру болып табылады.
Мысалы,адамның мектепте білім алуы.Мектептен кейінгі ЖОО-да білім алуы,баланың балабақшаға баруы,адамның түрмеге түсіп қалуы секілді.Яғни тұлғаның өз бойына белгілі бір керекті қасиеттерді жетілдіретін мекемелер.


Бағытталмаған-ешкімнің басқаруынсыз өздігінен жүретін процесс.Бұндай процесс көбіне отбасылық өмірде ұшырасады.Баланың ата-анасына,аға-әпкесіне қарап,өз бойынан керек қасиеттерді қалыптастыруы.Тек отбасыда ғана емес белгілі бір фильмнен,кітаптан,немесе достарының ықпалымен де қалыптастыруы жатады.


4.
Инновация-мақсатқа жетуді қабылдайды,бірақ оның амалын қабылдамайды.Бұл типке ақшаға,жетістікке оңай жолмен жетуді қалайтын адамдар жатады.Мысалы,ұрлық жасау,біреудің ақшасын алу,пайдасы мол ауыр қылмыспен (есірткі сату) айналысу.


Комформизм-қабылдайды,мақұлдайды.Мұндай адамдардың қатарына кез келген қоғамдағы заңға бағынатын тұлғаларды жатқызамыз.Мысалы,мектептің өзіндік тәртібіне,мемлекеттің тәртібіне,универдің тәртібіне бағыну секілді.


Ритуализм-мақсатты мойындамай,тек жету жолын мойындайды.Ешқандай жетістікке жеткісі келмейтін,карьераны мақұлдамайтындар.Мысалы,бір ғана жүйемен қалып қойған мекеме(дамусыз) немесе ешкімнен ерекшеленбей бір жұмыспен шектелген адамдар.


Ретритизм-мақсаттан да,жету жолынан да бас тарту.Мұндай адамдардың типтеріне көшедегі “бомж” бен жұмыссыз,үйсіз жүргендерді жатқыза аламыз.Себебі,олардың мақсаты да,оны жасар іс-қимылы да болмайды.Жалпы ондай жандарды өмірге құлшынысы жоқ адамдар деп айта аламыз.


Көтеріліс-жету жолынан бас тартып,өзіндік ұсынысын білдіру.Революционерлер мен түрлі партиялық ұйымдар осы формаға мысал бола алады.Яғни өз ұсынысын білдіріп,арнайы көтеріліс ұйымдастыратын талапшыл өкілдер.Олар өз қалауларын орындатқызу үшін осы әрекетті мақұлдайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет