Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Басқару органдарындағы ресми кеңселік құжат. Бұйрық үлгісін дайындыңыз



бет11/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

12. Басқару органдарындағы ресми кеңселік құжат. Бұйрық үлгісін дайындыңыз.
Бұйрық – басшының мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т.б. мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті ісқағаздарының бір түрі. Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да, жазбаша да беріледі. Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 топқа бөлінеді:
1-ші топ. Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты.
2-ші топ. Жеке құрамға байланысты.
1) Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрық деп аталады. Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар негізі, әдетте, байланысты, жүзеге асыруда, жақсарту мақсатында, орындау мақсатында, жетілдіру мақсатында, үшін, сәйкес деген сияқты тұжырымдаулармен басталады.
2) Азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталады. Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі. Мысалы:
Зейнеткерлікке шығуына байланысты
Басқа жұмысқа ауысуына байланысты
Кәсіпорынның жойылуына байланысты
Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты
Өз өтініші бойынша
Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты
Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты
Ресми сапарға кетуіне байланысты
Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты
Айрықша жұмыс жағдайлары үшін.



13. Сенімхат құжатының жазылу үлгісі мысал келтіріңіз.
СЕНІМХАТ
26 ақпан, 2010 ж., Шымкент қаласы
Мен, Шымкент қаласы, Абай даңғылы, 12 үй, 34 пәтердің тұрғыны,
01.12.2006 жылы ҚР ІІМ берген №1234567989 жеке куәліктің иегері
Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы,
Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 54 үй, 32 пәтердің тұрғыны,
28.01.2008 жылы ҚР ІІМ берген №1234567989 жеке куәліктің иегері
Омаров Қанатқа, «ШНОС» мұнай өңдеу зауытының ауыр-материалдық құндылықтардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ақысы менің атымнан жүргізуге сенім білдіремін.
Бұл үшін мен Омаров Қанатқа:
– менің атымнан қол қоюға,
– банктегі есептерімді пайдалануға,
– тиісті құжаттарды рәсімдеуге,
– келісімшарттар жасауға өкілетті етемін.
Сенімхат 2011 жылдың 26 ақпанына дейін берілген.
26.02.2010 ж. Ұ.Е. Ерғазин ___________
Осы сенімхатты мен, 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген №1234567989 лицензия негізінде әрекет жасаушы Шымкент қаласы, «Аманат» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Маратов Рауан 2010 жылы 26 ақпанда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы қол қойды. Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеті тексерілді. Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №1234 тізбеге тіркелді. 650 теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус (Қолы_________ (Мөрдің орны)
Сенімхат – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан қандай да бір ісәрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат. Сенімхат нақты бір мәселені бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.Сенімхат екі түрлі болады: мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар және жеке тұлға атынан берілетін сенімхаттар. Сенімхат бір дана етіп дайындалады. Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі. Егер оның мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жылға дейін өз күшін сақтайды. Сенімхаттың жарамдылық мерзімі қолмен жазылады.Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Ондай кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар – мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі.Мұндай сенімхаттар мекеме бланкісіне рәсімделеді. Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірілген тұлғаға өзінің орнына қызмет атқаруына құқық береді.Мұндай сенімхаттар типтік үлгіде жазылады. Жеке сенімхат мынадай жағдайларда беріледі:
• Жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, хат-хабар, құжаттар алуға;
• Өтініш жазуға, қол қоюға;
• Пәтер сатуға және сатып алуға;
• Пәтерді жеке адамдарға жалға беруге;
• Автокөлік жүргізуге;
• Банктегі есепшоттарды пайдалануға;
• Барлық мекемелерде іс жүргізуге;
• Сот мекемелерінде оның өкілі болуға т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет