Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Кепілхат Алматы қаласы, 2009 жыл 10 қазан



бет10/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

Кепілхат
Алматы қаласы, 2009 жыл 10 қазан
Мен, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 89 пәтердің тұрғыны, 11.03.2005 жылы ҚР ӘМ-гі берген №46578978011 жеке куәліктің иегері азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызы,
Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 2 үй, 12 пәтердің тұрғыны, 10.05.2003 жылы ҚР Әділет министрлігі берген №08974657 жеке куәліктің иегері азамат Тайлақова Мөлдір Даниярқызынан үш жүз мың (300 000) теңге алдым. Алған ақшаны 2010 жылы 20 қыркүйекте қайтаруға міндеттенемін.
Өз міндеттерімді орындауға:
– келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп тұруға;
– алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;
– келісімшарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге;
– мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн ішінде хабарлауға кепілдік беремін.
Кепілхат үш дана етіп жасалған, бірінші данасы – Алматы қаласы №122 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы – азамат Тайлақова Мөлдір Даниярқызында, үшінші данасы – азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызында сақталады.
Тараптардың қолы: Ә. Оразова
М.Тайлақова
Мен, 11.03.2003 жылы ҚР ӘМ-гі берген №46578978011 лицензия негізінде әрекет ететін, Алматы қаласы, №122 нотариалдық кеңсенің нотариусы Рамазанов Досан Талғатұлы, 2009 жылы 10 қазанда жоғарыда жазылған кепілхат мазмұнын куәландырдым.
Кепілхатқа менің қатысуыммен азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызы мен Тайлақова Мөлдір Даниярқызы қол қойды.
Кепілхат иесінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді.
№245 тізбесіне тіркелген.
1800 (бір мың сегіз жүз) теңге мемлекеттік салық алынды ______________ Нотариус Д.Рамазанов

11. Жеке тұлғаны бағалау мақсатында берілетін ресми құжат. Мінездеме туралы түсінігіңізді жазыңыз.
Мінездеме түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндык, біліктілік, кәсіптік, адамшылдық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс кағазының бір түрі. Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стильде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді. Мінездеме қызметкерді басқа бір вакансияға я болмаса оқу орнына ұсыну мақсатында да жазылады. Мұнда ұсынылған адамның аталған вакансияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілген аттестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеме қорытындысында "атқарып отырған қызметіне лайық", "қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық " немесе "атқарып отырған қызмет орнына лайық емес " деген сияқты түйінді сөздер жазылады.Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін т.б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзарту үшін " т.б. Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мәтіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, өмірбаяндық мәліметтерді, қорытынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады. Кейде мінездеме жоғары жағында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте тұратын арнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және ұйым жетекшісінің қолымен расталады. Мінездеме 2 дана етіп жазылады бірі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады. Мінездеме мынадай жағдайларда жазылады:
1. Оқуға немесе аспирантураға түсу үшін
2. Қызметкердің лауазымын көтеру үшін
3. Әскери комиссариатқа тапсыру үшін
4. Кандидаттық минимум тапсыру үшін т.б. жағдайларда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет