Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Жеке басты ресми түрде куәландыратын құжатқа мысал келтіріңіз



бет21/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

29. Жеке басты ресми түрде куәландыратын құжатқа мысал келтіріңіз.
Азаматтардың заңды тұлғаларға көбірек жазатын құжат түрлері: негізінен арыз, сенімхат, қолхат, өмірбаян, өтініш т. басқалары болып келеді. Жанрлық стилі құжаттың құрамын мәтіннің мағыналық құрылымын сақтауды талап етеді. Тілдік норма сөз қолданудағы дұрыстықты, әдеби нормаға сәйкес келуін, анықтықты, қысқалықты, қарапайымдылықты, сөздің эмоцияға берілмеуін талап етеді. Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Ол қолмен, кейде арнайы бланкке бірінші жақта жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және тағы басқа қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Үлгі: Мен, Исабекова Алтынай Біржанқызы, 1974 жылдың 22 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Әкем, Исабеков Біржан Сақтайұлы, 1940 жылдың 5 наурызында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келді. Қазір – зейнеткер. Анам, Исабекова Райгүл Баташқызы, 1941 жылдың 20 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келді. Қазір – зейнеткер. Ағам, Исабеков Дидар Біржанұлы, 1972 жылдың 10 наурызында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында, Қарасу ауылында туған. Ол – кәсіпкер. 1982-1992 жылдар арасында Қарасу орта мектебінде оқыдым. 1992 жылы Семейдегі педагогика институтының филология факультетіне оқуға түстім. 1996 жылы аталған институтты қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, Қарасу ауылына қайтып келдім. Қазір Қарасу орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеймін. Тұрмыстамын, екі балам бар. ұлым 15 жаста 8 сыныпта оқиды, қызым 8 жаста 2 сыныпта оқиды. Мекен-жайым: Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, Абай көшесі, 5-үй.


30. Құжаттарды және құжатты ақпаратты топтастыру туралы баяндаңыз.
Құжат - латын тілінде «куәлік», «дәлелдеу тәсілі деген мағына береді. Бугiнгi қолданыста онын негiзгi мағынасы бар: 1) қандайда бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты растайтын іс қағазы. 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат. 3) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік. Кәсіпорынды басқару — мәлімсттерді кабылдап алу және өңдеу, шешім кабылдап оны орындау сияқты белгілі бір дәрежедегі ақараттық. процес болып табылады. Дұрыс шешім қабылдау үшін толық түрдегі жедел және ақиқат мәліметтер керек болады. Құжат ақпараттың осы талабына жауап беруі тиіс. Дегенмен хабардың толықтығы оның көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның мәнді де басты мәселелерін көрсетумен бағаланады. Яғни, ақпараттың көптігі оны өлшеуді талап етеді, оның маңызды, жедел орындауды қажет ететін жақтарын айқындап, оны қабылдап — түсінугн ыңғайлы күйге түсіруді керек етеді. Осы жұмыстың бәрін құжатты толтырушы атқаруы тиіс. Құжаттың сапасы оның толықтығы, оралымдылығы және анықтылығымен ғана емес, сондай-ақ оның ықшамдылығымен, Көрнекілігімен жане копайпылығымен айкындалады. Сондықтан құжаттар тікелей қатынас жасаумен тиімді ұштастырыла жургiзiлсе, техникалық жағынан жақсы жабдықталып, нақты мақсаттарға жұмсалса, онда олар іс- әрекеттің табысты болуына жағдай жасайды. Іс жүргізу құжаттары сонымен қатар хабар-мәліметтің қайнар көзі және таратушысы, заң арқылы корғалатын істі белгілеудің тәсілі де болып табылады. Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, несие беруде, бухгалтерлік есептеу мен есеп беруде, оперативті басқаруда, ұйымның қызметiн кадрлық жағынан камтамасыз етуде т.б. қолданылады. Құжаттарда мемлекеттік құрылым белгіленеді, олар мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және азаматтар арасындағы, заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастар үшін қызмет етді. Материалданған (құжат түріндегі) заңды күші бар мәліметтер төрелік сотта бизнес бойынша әріптестерімен шаруашылық дауларын немесе халықтық сотта еңбек тартыстарын шешудн қандай бір фактінің негізгі дәлелі етінде қызмет етеді. Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары белгілі бір мәдени-тарихи құндылыққа ие, мемлекеттің архив қорының бөлігі болып табылады, , сондықтан олар мемлекеттік архивтерге тапсырылуы тиіс. Құжат толтырудың біртұтас ережесін Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің архивтер мен құжаттарды басқару комитеті белгілейді. Мұндай соңғы ереже 1992 жылы 30 маусымда ҚР Министрлер Кабинеті бекіткен «Қазақстан Республикасында барлық ұйымдық- құқықтық нысандардағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда құжат толтыруды басқару және құжат жүргізудің негізгі ережелері» деп аталатын № 562 қаулысы болып табылады. «Ережелерде» құжаттарды толтырудың және құжат айналымын басқарудың нормалары айқындалған.Құжаттарды топтастыру - оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады. Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалык, акустикалық болып бөлінеді. Мазмұнына карай — ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып бөлінеді. Атауына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар т.б Tүpiне карай құжаттар типтік, үлгілік, жекелік капыпты. жалпыға бірдей болыпТүрiне карай құжаттар типтік, үлгілік, жекелік, қалыпты, жалпыға бiрдей болып бөлінеді. Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс, шығыс) болып бөлінеді. Орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес (жай) болып бөлінеді. Шығу тегіне карай құжаттар қызметтік және ресми-жекелік (атаулы) болып бөлінеді. Жариялылық дәрежесіне қарай құжаттар карапайым, күнделікті қызметте қолдану үшін және құпия болып бөлінеді. Заңдылық күшіне қарай шын және жалған құжаттар болып бөлінеді. Жасалу сатысына қарай түпнұсқа (бірінші данасы) және көшірме құжаттар болып бөлінеді. Көшірменің өзі іштей отпуск - шығыс құжатының толық көшірмесі, выписка құжаттың бір бөлігінің көшірмесі және дубликат құжаттың жоғалғанда берілетін екінші нұсқасы болып бөлшеді. Сақталу мерзіміне қарай құжаттардың мынадай түрлері болады: 10жылдан жоғары тұрақты мерзімге сақталатын және 10 жылға дейін уақытша сақталатын Қазақстан Республикасында қызмет ерекшелігіне карай «Құжат толтырудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелер» белгіленген. Осы мемлекеттік стандартқа сәйкес құжат толтырудын 16 бірынгай жүйесі бар жоспарлы, есептік-санактық, алғашқы есептеу, қаржылық және бухгалтерлік- есептік, ақшалай есеп айыру, ұйымдық- өкімдік, баға белгілеу бойынша, материаддық-техникалық жабдықтау мен өткізу бойынша, сауда бойынша, сыртқы сауда бойынша, құрылыс жобасы, өнертапқыштық және жаңалыктар ашу бойынша, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша, транспорт жүйесін жедел жоспарлау және басқару жұмысы бойынша, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету бойынша. Ұйым өзінің қалыпты қызмет етуiне қажет салалық құжаттар табелін әзірлейді. Ондай табельге дәстүрлі әдіспен жасалған құжат түрлері де, сондай-ақ есептеу техникалық құралдары арқылы жасалған түрлері де енеді. Құжаттарды басқару кызметі салалық бөлімдердің барлығына бірдей іс номенклатурасын жасап шығарады. Қағаз санының шектен тыс көптігінен оларды жасауға көп күнгі, уақыт етеді. Мұның өзі тікелей іске, ауызша түрдегі жеке қарым- қатынасқа кедергі келтіреді. Құжаттардың қажетті және жеткілікті мөлшерде болуы, оларды толтырудың біркелкілігі нақты жұмысқа көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет