31. Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар. Бұйрық – басшының мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т.б. мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті ісқағаздарының бір түрі. Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар мекемеде күтпеген оқиға болған кездегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байла- нысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілеттік те беріледі. Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі.
Үлгі :
Халықаралық Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ «25» қаңтар 2013 ж. Алматы қаласы
«Аймақтану» мамандығының 2 курс студенті Д.А. Омарованы «Маркетинг» мамандығына ауыстыру туралы №282/с БҰЙРЫҚ
Студенттің өтініші негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аймақтану» мамандығы бойынша (қазақ бөлімінде) оқитын 2 курс студенті Омарова Дина Алтайқызы «Маркетинг» мамандығына 2012-2013 оқу жылынан бастап ауыстырылсын.
2. ХБА-мен Д.А. Омарованың арасында білім беру қызметін көрсету бойынша келісімшартқа сәйкес өзгертулер енгізілсін.
3. Аталған бұйрықтың орындалуын қадағалау Оқу ісі жөніндегі проректор Ж.С. Қапалбековке жүктелсін.
Ректор Т. Балықбаев
32. Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі туралы өз пікіріңіз. ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады. Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
- құжаттың аты;
- қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
- қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);
- қайтарылатын нақты уақыты;
- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
- қолхат жазылған күн;
- тараптардың қолы;
- мекеме мөрі.
Сөздік:
қолхат- расписка
азамат- гражданин
мерзім-срок
кепілақы- задаток
қарыз- долг
ақша- деньги
уәде- обещание
қайтарып беру- вернуть, возвращать
алу-брать
кабылдап алу- принять
Үлгі:
Қолхат
Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі ...
15 ақпан ,2003ж. (қолы)
Қолхат
Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000(үш мың) АҚШ долларын алдым.
2003 жылы 15 қыркүйекте жасалган келісім-шартқа сәйкес 2003 жылгы 10-шы қыркүйектен 10 желтоқсанга дейін алынған ақшаның пайызын төлеп түруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитүлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ.
10.12.2003жыл қолы
Қолхат
Мен, ФИТ-02-Іқ тобының студенті Ержан Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызба-геометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге) алдым. Штангенциркульді бір жетіде қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік №11655223.
24.03.03 колы
Х.Б.Ержанның қолын растаймын.