Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Университет ректорының атына және факультет деканының атына мерекелік іс-шараға қатысу туралы өтініш үлгісін жазыңыз



бет36/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

51. Университет ректорының атына және факультет деканының атына мерекелік іс-шараға қатысу туралы өтініш үлгісін жазыңыз.
Қ.А.Я атындағы
халықаралық қазақ-түрік
университеттің ректоры
А.Озтүркке
Фат 112А тобының 2курс студенті
Д.Джамаловадан
Өтініш
Менің сізге өтініш беру себебім,мені 19.03.2023жылы "Наурыз"мерекесіне орай өтетін іш-шараға қатысуымен рұқсат беруіңізді өтінемін.
10.03.2023. (қолы)

52. Басқару органдарындағы ресми-кеңселік құжат. Жарғы туралы мәліметтерді жинақтаңыз.
Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, ал қоғамдық ұйымдардың жарғыларын (съезд) құрылтай қабылдайды және бекітеді.
1) заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құжат. Заңды тұлғалардың Жарғысын құрылтайшы белгілейді. Белгіленген Жарғы міндетті түрде Әділет министірінің тиісті басқармаларында тіркеліп, заңды тұлғаның қызмет істеуіне рұқсат етілгендігі туралы куәлік беріледі. Жарғы заңды тұлғаның құқықтық жағдайын, ішкі басқарылуын, құрылымын, қаржыландырылуын, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін және өзге заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын айқындайды. Жарғыда мекеменің нақты атауы, тұрған орны, атқаратын қызметінің түрлері, т.б. қажетті мәліметтер көрсетіледі.
2) заңмен және басқадай құқықтық актімен белгіленген ережелер жинағы. Ол белгілі бір сала бойынша мемл. басқару органдары мен шаруашылық саласындағы заңды тұлғалардың міндеттері мен құқықтарын белгілейді (мысалы, белгілі бір сала қызметкерлерінің тәртібі туралы Жарғы.
3) Мемлекеттің Қарулы Күштері құрамалары мен бөлімдеріндегі ішкі тәртіп ережелері мен әскери іс-қимыл жүргізу ретін айқындайтын құжаттардың жалпылама атауы.

53. Қалалық спорт мектебіндегі барлық секциялар мен жетекшілерін көрсетіп, тәлім алушылардың жетістігін баяндайтын ақпарат хат үлгісін жазыңыз.
Ақпараттық хат
Құрметті әріптестер!
Қазақ спорт және туризм академиясы атынан Сіздерді 2014 жылғы 1-4 қазанда Алматы қаласында өтетін «Олимпиялық спорт және спорт бұқара үшін» ХVIII Халықаралық ғылыми конгресіне шақыруды мәртебе санаймын.
Барлық елдердің ғалымдарына Конгресс өткізудің кезекті құқығын Қазақстанға беру шешімдері үшін шын жүректен алғыс айта отырып, бұны біздің республиканың әлемдік спорттық қозғалыс пен спорттық ғылымды дамытудағы үлесін танығандық ретінде бағалаймыз.
Бұл ерекше маңызды оқиға Қазақ спорт және туризм академиясы үшін айтулы уақытта – құрылғанына 70 жыл толуы күндері өтетіні керемет нышан.
Конгресс ұйымдастырушылары, академия ұжымы Конгрестің әлемдік спорттық ғылымды дамытуға қомақты үлес қосуына және халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етуіне бар қажеттілікті жасайды.
Алматыда кездескенше ерекше тілектер және зор үмітпен.
Қазақтың спорт және туризм
академиясы президенті,
профессор Қ. Закирьянов
Конгрестің ғылыми бағыты
Секция тақырыптары
1. Заманауи олимпиялық спорт. Олимпиялық білім беру (тәжірибе, мәселелер, болашақ).
2. Дене тәрбиесі мен спорттың гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық мәселелері. Менеджмент, маркетинг.
3. Балалар мен жасөспірімдер спорты.
4. Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық-психологиялық мәселелері.
5. Дене тәрбиесі мен спорттық жаттығудың медициналық-биологиялық аспектісі.
Дөңгелек үстелдер
1. Дене тәрбиесін оқытуды инновациялық дамытудың мәселелері мен технологиялары.
2. Тынығу және бұқаралық спорт. Халықтың түрлі топтарының дене қимыл белсенділігін ұйымдастырудың заманауи формалары.
3. Спорттық медицина және физикалық оңалту.
4. Паралимпиялық спорт. Бейімдеме дене тәрбиесі.
5. Халықты дене қимылдық тәрбиелеу жүйесіндегі ұлттық спорт түрлері.
Конгрестің ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конгресс өткізу формасы
Баяндамалар:
- пленарлық отырыстарда – 30 мин;
- жетекші баяндамалар – 20 мин;
- секцияларда – 10 мин;
- стендтік баяндамалар – 5 мин. Баяндама ені - 0,841 м, биіктігі - 1,189 м, ISO216 бетте ұсынылуы тиіс. Стендтік баяндама авторлары белгіленген уақытқа сәйкес сауалдарға жауап беру үшін қатысуы қажет.
Дөңгелек үстел отырысы
Баяндамалар ілеспе аудармамен қамтылады.
Байқау
Конгресс аясында «Үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» аталымында байқау өткізіледі. Үздік ҒЗЖ иегерлері 1000 $, көлемінде ақшалай сыйақы, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
Қатысуға өтінім
Баяндама авторлары www.isc-almaty.kz Конгресс сайтының «Тіркеу» бөліміндегі тіркеу үлгісін толтырулары қажет.
Ұйымдастыру комитеті:
Мекенжай: Қазақтың спорт және туризм академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет