Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Анықтама және оның құрылымы туралы мәліметті көрсетіңіз



бет32/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

44. Анықтама және оның құрылымы туралы мәліметті көрсетіңіз.
Анықтама кең мағынада, ұғымның мазмұнын ашуға көмектесетін логикалық амал. Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні немесе оқиғаны дәлелдейтін, растайтын iс қағазының бір түрі. Анықтаманың құқықтық дәрежесі жағы заңдық күшке ие. Себебі бiздiң жеке басымызды куәландыратын құжатымызды жоғалтып алған жағдайда, онын орнын уақытша анықтама ауыстыра алады. Сондай-ақ перзентханаларда сәбидің өмірге жаңа келгендігінде растау үшін анықтама беріледі.
Құрылымы • Құжат атауы. • Берілген күні, айы, жылы, нөмiр, орны. • Негізгі мәтіні.
• Анықтаманың қандай ұйымға арналып берiлгендiгi туралы мәлімет.
• Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет.
• Анықтама мәтінінде жазылған мәліметтің растығына жауапты ұйым жетекшiсiнiң лауазымы, аты-жөні, қолы.
• Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі.

45. Кепiлхаттың жазылу үлгiсi туралы сипаттап жазыңыз.
Кепілхат – белгілі бір құндылықтардың (мүлік, зат, ақша т.б.) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсетіп, келісімшарттың негізінде жасала- тын ісқағазының бір түрі. Кепілхаттың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күші бар. Себебі, кепілхат міндетті түрде нотариалдық кеңседе нотариус жазбасымен рас- талады, мөр басылады. Кепілхат алушы, беруші және нотариалдық кеңсе үшін 3 дана етіп толтырылады. Кепілхаттың ерекшелігі:
Келісімшарт негізінде жасалынады. Даналары туралы мәлімет көрсетіледі.
Кепілдіктері көрсетіледі.
6 Құрылымы: Құжаттың атауы.
Күні, айы, жылы, жасалған орны.
Кепілхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені).
Кепілхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені).
Алынған заттың атауы (егер ақша болса, сомасы санмен де, жазба- ша да көрсетіледі).
Қайтарылатын нақты уақыты.
Затқа берілетін кепілдіктері.
Даналар туралы мәлімет.
Тараптардың қолы.
Нотариалдық кеңсенің жазбасы, қолы, мөрі.
Тұлғаның өз борышы үшін жерді, ғимаратты немесе оған тиесілі басқа бір мүлікті, кепілге салуға келіскендігін қуаттайтын және борыш қайтарылмаған жағдайда несиегерге кепілге салынған мүлікті иелену құқығын беретін заңды құжат. Кепілхат борышкермен есеп айырысқан сәтке дейін, несиегердің колында болады, есеп айырысқаннан кейін кепілхат жойылады.

Кепілхат
Алматы қаласы, 25 қараша 2003 жыл.
Мен, азамат Ержан Бауыржанұлы Хайрош мекен-жайым Алматы қаласы, Абай даңгылы, 10 үй, 5пәтер, жеке басымның куәлік №010777888 ҚР ІІМ берген Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 25 үй, 106 пәтерде тұратын жеке басының куәлІк №10356706 ҚР ІІМ берген Әсел Тұрарбайқызы Жұмаділовадан 150 000 (жүз елу мың) теңге алдым.Өз міндеттерімді орындауға:
— келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп түруға;
— алынган ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;
— келісім-шарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге;
— мекен-жайым өзгерген жағдайда бүл туралы 3 күн ішінде хабарлауга кепілдік беремін.
Осы кепілхат 3 дана етіп жасалған:
Бір данасы Алматы қаласы 47 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы – азамат Жұмаділова Әселге берілген, үшінші данасы – азамат Ержан Хайрошта сақталған.
25.12.2003 Қолы
Ержан Хайроштың қолын растаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет