Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»



бет42/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58
Байланысты:
ІС-ҚАҒАЗДАР ЕМТИХАН 26

Сенімхат
Мен,Саттарова Нурия, көршім, Құрманова Асылға Түркістан қаласы Тәуелсіздік көшесі,17-үйде тұратын,2023 жылы қаңтар айының зейнетақымды алуға сенім білдіремін
Жеке куәлік № 111019888 берілген күні
05 қаңтар 2023 жыл ____________ (қолы)
Нотариус ___________ Ержанова Аңсарым
№111019888____________________ қолын растаймын
Кепілхат
Алматы қаласы 2022 жыл 10 қазан
Мен,Алматы қаласы,Абай даңғылы,23 үй 89 пәтер тұрғыны, 11.03.2020 ҚР ӘМ-гі берген № 46578978011 жеке куәліктің иегері азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызы. Алматы қаласы,Абылайхан көшесі,2 үй 12 пәтердің тұрғыны 10.02.2019 ҚР ӘМ-гі берген №46578978011 жеке куәліктің иегері азамат Тайлақова Мөлдір Даниярқызынан үш жүз мың теңге алдым.Алған ақшаны 2023 жылы 10 наурызда қайтаруға міндеттімін. Өз міндеттерімді орындауға:
-Келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп тұруға;
-Алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;
-Келісімшарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге;
-Мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн ішінде хабарлауға кепілдік беремін. Кепілхат үш дана етіп жасалған, бірінші данасы-Алматы қаласы №122 нотариалдық кеңседе тіркелген,екінші данасы-азамат Тайлақова Мөлдір Даниярқызында,үшінші данасы-азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызы сақталады.

Талаптардың қолы______ Ә.Оразова. М.Тайлақова


Мен 11.03.2019 жылы ҚР ӘМ-гі берген № 46578978001 лицензия негізінде әрекет ететін,Алматы қаласы №122 нотариалдық кеңсенің нотариусы Рамазанов Досан Талғатұлы,2022 жылы жоғарыда көрсетілген кепілхат мазмұнын куаландырдым.Кепілхатқа менің қатысуыммен азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызы мен Тайлақов Мөлдір Даниярқызы қол қойды. Кепілхат иесінің жеке басы анықталды.Құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді.
№245 тізбесіне тіркелген.
1800(бір мың сегіз жүз) теңге мемлекеттік салық алынды

___________Нотариус Д.Рамазанов




65. Қысқа мәтінді хаттаманың жазылу үлгісін беріңіз.
Хаттама - жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект және сөйлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін. Қысқа хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздердің тақырыбы және кабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді. Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа қатысушылардьң санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет