Алматы қ. «08» 04. 2023ж. Бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын 2022 жылғы «06» тамызында №KZ13UWQ03805848 мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің негізінде әрекет етуші Жеке кәсіпкер «Мусаева» негізінде әрекет ететін Мусаева Жулдызай Дуйсеновна бір жағынан, және
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын Қазақстан Республикасының азаматы (шасы)
Жадрасинова Лаура
жеке куәлігі/төлқұжаты №046383266 2019 жылғы «14» тамыз, ҚР ІІМ МИНИСТРЛІГІ берілген, Ақтөбе қаласы, Заречный 1 көшесі, 84 үй мекен-жайында тұрады, жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) №790717401035, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке-жеке "Тарап" деп аталатын немесе жоғарыда көрсетілгендей, төмендегілер туралы осы өтеулі қызмет көрсету шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1. ОСЫ ШАРТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР МЕН ТЕРМИНДЕР
1.1. Ақпараттық қызметтер – оқушыларды Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тапсыруға оқыту және дайындау, яғни Қазақстан Республикасының аумағында әрекетке қабілетті кәмелетке толған/кәмелетке толмаған жеке және заңды тұлғаларға, оқушылардың ата-аналарына, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, көрсетілетін электрондық қызметтер (оның ішінде ақпараттық, интерактивті, транзакциялық);
1.2. Ақпараттық технология – ақпаратты жинауды, жасауды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшіруді, беруді және таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген әдістердің, өндірістік процестердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
1.3. Сайт – Интернет-ресурс https://juz40.kz, яғни бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған ақпарат (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге түрде), бұл Шартының ажырамас бөлігі болып табылады;
1.4. Келуші – онда тіркелу немесе тапсырысты орналастыру мақсатынсыз, сайтқа кірген тұлға;