Орындағандар: Нұрланқызы Айшагүл Нұрланұызы Таңшолпан Кашибаева Ақтоты Қуанышқызы Динара 1-ші респондент. Қуанышқызы Балнұр Өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат: Аты-жөніңіз, жасыңыз және тұрғылықты өңіріңіз, немен айналысасыз?
Сәлеметсіз бе! Аты-жөнім Балнұр Қуанышқызы. Жасым 23те, Алматы қаласының тұрғынымын. Қазіргі таңда Асфердияров атындағы медициналық университеттің 6курс студентімін.
Киберқылмыс дегенді қалай түсінесіз? Қандай ассоциация қалыптасады?
Негізі кибер деген сөзді бұрын соңды көп естімегенмін. Бірақ осы жақында білуім бойынша интернетте жасалатын қылмыс түрлері. Киберқылмыс деген кезде маған қараңды бөлмедегі хакердің бейнесі елестейді.
Сіз қандай іс-әрекеттерден кейін киберқылмыс жүзеге асырылады деп ойлайсыз?
Интернет желісіндегі бірнеше приложениелерге адамдардың өздері жайлы ақпараттарды ашық жазып коюынан деп ойлаймын. Мысалы, инстаграмм, вконтакте, тикток деген сияқты платформаларда біз өзіміз жайлы ақпараттарды барлығына көрсетеміз ғой, не алдық, қайда бардық деген сияқты. Осылардың салдарынан адамдар туралы ақпараттарды алу оңай болады деп ойлаймын. Содан киберқылмыс жүзеге асырылатын сияқты.
Сіздің басыңыздан қандай киберқылмыс өтті?
Менің басымнан осы жақында 2-3 ай бұрын өтті. Инстаграмм парақшамдағы 4-5 суреттерімді алып, мен ретінде басқа парақша ашып, достарымнан, туыстарымнан ақша сұраған. Кредитімнің пениясы өсіп жатыр 30мын немесе 25мын бере тұршы деп сұраған. Мені, менің күйеуімді және күйеуім жұмыс парақшасын бұғаттап тастаған. Менде парақшам барлығына ашық болған болатын. Бәлкім содан болар менің суреттерімді, менің жұбайым кім екенін оңай біліп алды. Солай менің деке суреттерімді алып, мен ретінде адамдардан ақша сұраған.
Өзіңіздің құрбан екеніңізді қалай білдіңіз және оны білген кезде кімге бірінші хабарладыңыз?
Маған ватсапқа құрбым мен туысқан әпкем жазды, неге ақша сұрадың, мынау шынымен сен бе? Деп. Сөйлескен скриндерді жіберді. Мен сол кезде түсіндім, оның алаяқ біреу жасап отырғанын. Бірден туысқандарға ескерту жасап, сіздерге ақша сұрап жазса, бермеңіздер. Ол мен емеспін деп айттым. Жіберген суреттердә көргенде шынымен кате кате жазған, менің жазу стильіме мүлдем ұқсамайды.
ҚҚО-на жүгіндіңіз бе? Егер жүгінсеңіз, олардың сізге тиімді көмек көрсете алатындығына қаншалықты сенімді болдыңыз?
Жоқ жүгінген жоқпын. Жалған парақшаға жалоб жасадық бәріміз, сосын ол атын өзгертіп, суреттерді өшіріп тастады. Содан кейін оны сол күйі қалдыра салдым, бәрібір таба алмайды деп ойладым.
Сіздің ойыңызша ҚҚО-ы үшін киберқылмыс мәселесі қаншалықты маңызды, әрі қауіпті қылмыс ретінде саналады? Қазіргі қызмет көрсету сапалары қалай бағалайсыз?
Білмеймін. Қылмыскерді табуы қиын болатын сияқты. Мен негізі ҚҚО барып көрмегенмін, жұмыс жасау сапалары жайында толықтай қанағаттанамын деп айта алмаймын. Өз жұмыстарын орындайды әрине, бірақ оған не көп уаөыт кетеді немесе жылы жауып коя салатын сияқты.