Респонденттер


Өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат: Аты-жөніңіз, жасыңыз және тұрғылықты өңіріңіз, немен айналысасыз?



бет6/16
Дата10.12.2023
өлшемі43,38 Mb.
#136208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Гайд. Тереңдетілген сұхбат

Өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат: Аты-жөніңіз, жасыңыз және тұрғылықты өңіріңіз, немен айналысасыз?

Сәлеметсіз бе! Қайырлы күн! Менің есімім Азамат болады, жасым 23-те. Қордай ауданында тұрамын. Менің айналысатын жұмысым - музыка. Музыка саласымен айналысамын.

  1. Киберқылмыс дегенді қалай түсінесіз? Қандай ассоциация қалыптасады?

Киберқылмыс деген не? Менің түсінігім бойынша, кибер деген жалпы не екенін білмеймін, қандай сөзден алғанын. Кибер деген ойын естимін, киберспорт дегенді естігенмін. Сол негізі, кибер деген онлайн деген иә. Компьютермен иә, сонда бізде киберқылмыс деген бағанағы онлайн, интернет, мошенник деген сияқты түсінемін. Қылмысты преступление, интернет-мошенники, солай түсінемін.

  1. Сіз қандай іс-әрекеттерден кейін киберқылмыс жүзеге асырылады деп ойлайсыз?

Киберқылмыс жүзеге асырылады тек, адамның кішкене білімсіздігінен деп ойлаймын. Өйткені бізде, мысалға келтіретін болсам, адамның телефонына SMS келеді, кейбіреулері хабарласып осындай SMS-код келеді, соны айтып жіберіңіз дегенде, адам білмегендіктен айтып жіберуі мүмкін. Мысалға, банктардан осындай перевод жасалды, кодты айтып жіберіңіз деген сияқты оқиғаларды көріп жатырмыз. Естіп те жатамыз, адамның кішкене білімсіздігінен деп ойлаймын негізі.

  1. Сіздің басыңыздан қандай киберқылмыс өтті?

Менің басымнан 2019 жылы өтті. Студент болдым, любой студент бірде аш болады, бірде тоқ болады. Маған бір адам телефон соқты, бір жұмыс бар, давайте келіңіз, ақша табасыз, оңай жұмыс деген сияқты айтты, Кейін түсіндім, оңай ақша жерде жатпайтынын. Оңай ақша бере салатын ешкім жоқ. Жалпы, осындай оңай ақша, 1-2 сағаттық жұмыс, осындай баға болды, 10 мың теңгедей болды. Енді ондайға мүлдем ойланбағанмын, менің білімсіздігім шығар. Сабақ болды маған. Сөйтіп, мен отырамын, ойланамын. Балалық шығар мүмкін, иә давай, құры отырғанша барып жасай саламын дедім. Барып келісемін, бір парақ қағазға қол қоямын. Содан кейін уақыт өте береді. Бірталай уақыт өткеннен кейін үйге келеді звонокпен. Осындай сіздің атыңыздан компания ашылды, налог төленбеген, құжатта сіздің атыңыз тұр. Компанияның налогын төліңіз деген қағаз келгеннен кейін олар маған 1 жыл өткен соң келіп тұр.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет