Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата06.03.2017
өлшемі11,62 Mb.
#8427
  1   2   3   4

1

1

Т А Ғ Л Ы М



ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

№8 (106)


30 қараша

2013 жыл


www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

№8 (106)


30 қараша

2013 жыл


Полифония 

культуры и языков 

современной 

личности

Ұлы тұлғаны

ұлықтау

3-бетте

6-бетте

8-бетте

Қыздардың 

қолында қола

Құрметті оқытушылар мен

студенттер!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан 

Республикасы Тұңғыш Президенті 

күні мерекесімен шын жүректен 

құттықтаймын! 

Міне, екінші жыл қатарынан 

Тұңғыш Президент күнін атап 

өтудеміз. Түсінген жанға бұл күннің 

мәні мен мағынасы зор, тағылымы 

мен тәлімі мол. Біз Тәуелсіздікке қол 

жеткізгелі бері кең байтақ даламыз-

да қазақ халқымен бірге жүздеген 

ұлыстың өкілдері ынтымақтастықта 

бейбіт өмір сүруде. Сол бейбіт 

қоғамды құруда, республикамыздың 

ішкі-сыртқы саясатындағы өзекті 

мәселелерді шешуде, тың ойлар-

ды жүзеге асыруда, халықтың әл-

ауқатын жақсартуда өзінің шебер 

ұйымдастырушылығы мен сараб-

дал саясатының арқасында барша 

қазақстандықтарды кемел келе-

шекке бастап келе жатқан Елбасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені 

тарихи ақиқат. Сондықтан, Ұлт 

Көшбасшысының есімімен тікелей 

байланысты ерекше мерекелік күнді 

белгілеудің өзі – болашақ ұрпақ үшін 

үлкен құндылық деп есептеймін.

Қазақтың қайсар ұлдары қан-

шама жылдар өтсе де игі істерімен 

ел үшін үлгі болып қала береді. Ал 

Қазақстанның әрбір азаматы үшін 

жаңа заманда үлгі алар тұлғалардың 

арасында Елбасының болмысы ерек. 

Сол себепті де бұл күннің тәрбиелік 

мәні үлкен екендігін ұғынайық.  

ХХІ ғасырға жаңа леппен, 

жаңа қарқынмен, жаңа ойлармен 

қа дам басып келеміз. Бұл біздің 

Қазақстанның тарихи алтын ғасыры! 

Мақсатты арманға – инновациялық-

технологиялық дамыған ғасырға 

Ұлт Көшбасшысымен бірге, дені 

сау, көкірегі ояу ұрпағымызбен қа-

рыш ты қадамдар жасап, дамыған 

Қазақстанды қалыптастыруға үлес 

қосайық! 

Баршаңызды ұлық мерекемен 

құттықтай отырып, отбасыларыңызға 

амандық, дендеріңізге саулық 

тілеймін. Елді сыйлар, ел сүйетін 

ұрпағымыз көбейсін!

Былтырғы жылдан бері 

Қазақстан халқының 

күнтізбесіне жаңа 

мейрам қосылды. Ол – 1 

желтоқсанда ресми түрде 

аталып өтілетін Тәуелсіз 

Қазақстан Республикасының 

Тұңғыш Президенті күні. Бұл 

күн Қазақстанның дүниежүзі 

елдерінің алдында мерейін 

өсіріп, беделінің артуына 

зор ықпал ететін мәні зор 

мереке. 

Себебі Қазақстан 22 жыл 

ішінде эволюциялық 

жолмен қарқынды түрде 

дамып, экономикасы 

әлсіз, халқының әл-

ауқаты төмен, болашағы 

бұлыңғыр деп ойлаған 

талай жанның секемін 

сейілтіп, дамыған 50 елдің 

қатарында аты аталып, 

көңіл аударарлықтай, 

санасатындай мықты 

мемлекетке айналды. 

Осы жылдар аралығында 

Қазақстанның жеткен әрбір 

жетістігі тәуелсіз елдің 

тұңғыш басшысы Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың 

есімімен тығыз байланысты.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ – 

ҰЛТТЫҢ ТҰТАСТЫҚ МЕРЕКЕСІ

Жарқын болашақтың жігерлі қадамы



11 қараша күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және 

балет театрында 1 курс студенттерін қабылдау рәсіміне арналған 

«Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға жетпес» байлығы атты мерекелік 

шара өткізілді. Салтанатты кешке Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің оқытушы-профессорлар құрамы 

мен ардагер ұстаздар, студенттер қауымы, жазушы, әуезовтанушы 

Зейнолла Қаболовтың жары Сәуле Төлеуқызы Қабдолова, «Жас 

Отан» жастар қанатының «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің 

төрағасы Айдар Қырықбай, елге танымал азаматтар қатысып, 

студенттердің қуанышымен бөлісіп, концерттік бағдарламаны 

тамашалап қайтты.

29 қараша күні Қыздар университетінде 

«Әйел және отбасылық құндылық: 

дәстүрлі отбасылық саясаттың тәжірибесі» 

тақырыбында халықаралық ғылыми-

практикалық конференция болып өтті. 

Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 страте-

гиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 

бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 

аясында өткен шараның басты мақсаты – 

отбасылық құндылықтарды нығайту, қазақ 

халқының қалыптасқан отбасын құрудағы 

тәрбиелік мәні күшті салты мен әдет-ғұрпын, 

тарихтағы ұлағатты аналардың үлгісін қайта 

жаңғырту, жастарды жарасымды отбасылық 

өмірге даярлауда көркем әдеби шығармалар 

мен театр қойылымдарының ықпалын 

арттыру. 

Енді ғана жоғары оқу ор­

нының табалдырығын аттап, 

үлкен өмірге қадам басқан 

1­курс студенттеріне арналған 

биылғы кеш бұрынғы шара­

лардан өзгеше. Себебі Қа­

зақстанда ғана емес, бүкіл 

ТМД мемлекеттерінің ішінде 

тек қана қыз балаларға ар­

налған Қыздар университеті 

70­тің кемеліне аяқ басып 

отыр. Мерейлі датаға арналған 

биылғы жыл атаулы 70 шараға 

толы болмақ.



(Жалғасы 4-5 беттерде)

Ер мерейі – 

ел мерейі

Отбасылық 

құндылықтар 

басты назарда

Д.Ж.НӨКЕТАЕВА,

ҚазМемҚызПУ ректоры

2 бет 


(Жалғасы 3-бетте)

2

2

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№8 (106)

30 қараша

2013 жыл

А Қ П А Р А Т



23 қараша күні Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінде «Жастарға 

сенім арту: болашақ жеңістердің страте-

гиясы» тақырыбында бас қосқан жиын 

өтті. Аталмыш жиынға оқу орын басшысы 

Д.Ж.Нөкетаева, «Нұр Отан» партиясы 

қоғамдық саяси институты директорының 

орынбасары С.А.Қожкенов, «Нұр Отан» 

партиясының Алматы қалалық филиалы 

төрағасының орынбасары С.В.Канкуров, 

ҚазМемҚызПУ Бастауыш партия 

ұйымының төрайымы С.Н.Акишева және 

партия мүшелері мен студенттер қатысты. 

Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы 

қоғамдық саяси институты директорының 

орынбасары С.А.Қожкенов «Нұр Отан» 

партиясының XV съезі мен қабылданған 

жаңа саяси Доктрина жайында ақпарат беріп, 

партияның құрылымы, жаңалықтары жай­

ында бөлісті. Үкімет мүшелері мен бюджеттік 

қызметкерлердің партиясы деп қабылданатын 

«Нұр Отан» партиясы шын мәнінде халықтық 

партия екендігін, оның құрамы үкіметтік 

емес ұйымдар мүшелерімен, жастармен, 

ғалымдармен толығып отырғандығын жеткізді. 

Сондай­ақ Доктринада көрсетілген мақсаттар 

мен міндеттерді орындауда жастардың рөлінің 

зор екендігін жеткізді. 

Жиын барысында университет ректоры 

Д.Ж.Нөкетаева, «Нұр Отан» партиясының 

Алматы қалалық филиалы төрағасының орын­

басары С.В.Канкуров те съезд, Доктрина 

жайында ақпарат беріп, келе жатқан Тұңғыш 

Президент күнімен құттықтап өтті. Сонымен 

қатар, Қыздар университетінің атынан XV съезд 

делегаттары қатарында болған «Жас Отан» 

жастар қанатының төрайымы Ғазиза Камалова 

мен Қымбат Бабатаева да ұлттық патриотизм, 

жастар тәрбиесі жайында өз ойларын ортаға 

салды.  


Жиын соңында қазақ филологиясы және 

әлем тілдері факультетінің 2­курс студенттері 

– Жанаргүл Хамитова, Жанбота Тоқтархан, 

Мадина Талабаева, Ажар Шәкібаева, Зәуре 

Арғынбаева белсенділік танытып, жиналған 

қауымға пікірлерін білдірді. Белсенді қыздар 

қазіргі таңда орыс, ағылшын тілдерінде 

еркін сөйлей алатындықтарын, қытай, кәріс 

т.б. шет тілдерін меңгеруге күш жұмсап 

жатқандықтарын, болашақта шетелдіктерге 

қазақ тілін оқыту, ауыл балаларына шет 

тілдерін үйрету, халықаралық байланыстар 

секілді маңызды мәселелер бойынша қызмет 

атқарғылары келетіндіктерін жеткізді. Со­

нымен қатар студенттердің ұлттық ком­

панияларда өндірістік тәжірибеден өтуі, 

жастардың баспана алуы сияқты бірқатар 

өзекті мәселелерге «Нұр Отан» партиясының 

атсалысу деңгейі жайында да сұрақтар 

қойылып, қанағаттандырарлық жауаптар 

берілді. 

Жиын соңында «Нұр Отан» партиясының 

қатарына қабылданған жаңа мүшелерге 

С.А.Қожкенов мырза партия куәліктерін табыс 

етті.    

Қ.ТЕЛМАН

Б ұ л   б а й қ а у д ы ң   б а с т ы   м а қ с а т ы   – 

психологтардың кәсіби шеберліктері мен 

қабілеттерін анықтау. Бұл байқауға әр 

аймақтың үздік психологтары қатысқан бола­

тын. Республиканың әр аймағынан 73 психолог 

маманның арасында өткен байқау 3 секцияға 

бөлінді. Секциялар еңбек өтіліне қарай топ­

тастырылды: 1­3 жыл, 3­7 жыл және 7 жылдан 

жоғары. Аталған байқауға ҚазМемҚызПУ 

атынан теориялық және практикалық психо­

логия кафедрасының аға оқытушысы Ділдә 

Сәрсенқызы Сақтағанова қатысты. 28 психо­

лог жиналған секция да жылдар бойы жинаған 

іс тәжірибесі мен шеберлігінің арқасында 

Д.Сақтағанова «Креативті психолог» номи­

нациясына ие болып, жеңімпаз атанды. Бұл 

сынның жолдамасы Алматы қаласы білім 

басқармасының ұйымдастыруымен өткен 

«Жылдың үздік психологы» атты қалалық 

байқау арқылы берілген еді. Сол байқауда да 

шеберлігін дәлелдеген болатын. 

2012 жылы Лондон Олимпиадасына, 

2013 жылы Болгарияда өткен Әлем чемпио­

натына қатысқан ҚР Бокс құрамасының 

спортшыларына психологиялық дайындық 

жүргізіп, жеңіске жетуіне септігін тигізген 

психолог Ділдә Сәрсенқызы оқушылармен 

де тығыз байланыста. Ұлттық бірыңғай тест­

ке даярлық жұмыстарын жүргізіп, сынақтан 

өтуге көмек көрсетті. Телеарналарда «Таң­

шолпан», «Айтуға оңай» сынды бірнеше 

бағдарламаларда талқыланған тақырыптық 

мәселелер бойынша да кәсіби маман ретінде 

жүйелі кеңес жүргізуі тыңдарман қауымға өз 

септігін тигізуде.



Өз тілшімізден

(Басы 1-бетте)

Алқалы жиынға ҚазМемҚызПУ рек­

торы Динар Нөкетаева, ҚР ҰҒА академигі, 

ф.ғ.д., профессор Сейіт Қасқабасов, жа­

зушы Смағұл Елубай,  Әдебиет және өнер 

институтының директоры, ф.ғ.д., профессор 

Уәлихан Қалижан,  ҚР Ұлттық Банк төрағасы 

Қайрат Келімбетов,  Немат Келімбетовтің 

келіні Фатима Келімбетова, М.Әуезов 

атындағы мемлекеттік академиялық драма 

театрының бас режиссері Есмұхан Обаев,  

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер 

академиясының ректоры А.Мұхамедиұлы, 

«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің 

президенті С.Абдрахманов, жазушы, ҚР 

Мәдениет қайраткері Райхан Мәженқызы 

және де Түркия, Қытай, Әзербайжан мен 

Ресейден мәртебелі қонақтар келді. 

Конференция жұмысы «Қазақстан–2050» 

Стратегиясындағы әйелдің рөлі, отбасы 

құндылығы», «Жазушы Н.Келімбетовтің  

«Үміт үзгім келмейді»,«Қа риялар», «Қайғыдан 

бақыт жасаған» шығармаларындағы әйел­

Ана образы, ұрпақ тәрбиесіндегі көркем 

әдебиеттің ықпалы», «Отбасы әлеуметтік­

мәдени кеңістікте: дәстүрлігі мен жаңа­

шылдығы» атты үш бағытта өрбіді. Шараға 

қатысушылар өз ой­пікірлерін ортаға салып, 

отбасылық және демографиялық түйткілді 

мәселелерді экономикалық жолмен ғана 

емес, рухани тұрғыдан да шешкен дұрыс 

деген ұсыныс­пікірлерін жеткізді. Бұл та­

рапта қаламгердің «Үміт үзгім келмейді» 

шығармасындағы әйел бейнесі, қайғыдан 

бақыт жасаған туындысындағы отбасын 

сақтаған ерлігі бүгінгі жас ұрпаққа үлгі бо­

лары сөзсіз екендігі де оқу орны басшысы 

Д.Ж.Нөкетаева өз баяндамасында атап өтті. 

Алқалы жиында жазушы Смағұл Елу­

бай: «Мына жарық дүниеде жұп жазбай 

жүріп өткен халқына белгілі қаламгер Не­

мат Келімбетов пен құдай қосқан қосағы 

28 қараша күні Қыздар университетінде 

«Жан Нұры» психологиялық орталығы ашыл­

ды. Психологиялық орталық қызметінің негізгі 

мақсаты – оқытушылар мен студенттерге 

оқу және кәсіби қызметтері мәселелері, жеке 

мәселелерді шешу, ағарту жұмыстарын жүргізу,  

оқу үрдісін тәжірибемен ұштастыру, студенттің  

тұлға ретінде жетілуіне, оның қабілеттері мен 

бейім діліктерінің дамуына ықпал ету және 

ұжымда үйлесімді ахуалды қалыптастыру 

жөнінде психологиялық кеңес беру. 

ҚазМемҚызПУ ректоры Д.Ж.Нөкетаева: 

«Бұл ең алдымен бүгінгі қоғамда, әсіресе жас­

тар арасында орын алып жатқан өз­өзіне қол 

жұмсау, суицид сияқты келеңсіз жағдайлардан 

сақтандыру үшін қажет. Өмірден артық қымбат 

ешнәрсе жоқ. Соны әр студент жадында сақтауы 

керек. Біліктілігі жоғары педагог­психологтар 

жастардың өмірге деген құштарлықтарын одан 

әрі оятып, жат қылықтардан арылтуға септігін 

тигізеді деп сенемін», – деп орталықтың бүгінгі 

заман талабына сай ашылып отырғандығын 

атап өтті.

Кеңес беруден өзге орталықта студенттерге 

отбасылық қарым­қатынас психологиясы, 

өмірлік жол психологиясы, мансап психологи­

ясы, стрестен шығу жолдары т.б. мәселелерде 

дәрістер мен семинарлар, ал оқытушылар үшін 

кәсіби­шығармашылық дамуы жөнінде тре­

нингтер өткізілетін болады. Аталған қызметтер 

тегін жүргізілмек.

Н.ЖҰМАҒҰЛОВА

13-15 қараша 

күндері Қазақстан 

Республикасы 

Білім және ғылым 

министрлігі, 

«Дарын» 

ғылыми-

практикалық 

орталығы 

ұйымдастырған 

«Ең үздік жыл 

психологы» 

байқауы өтті. 

Жастар мәселесі талқыланды

Жан дауасы 

«Жан Нұрында»

Креативті психолог – 

Ділдә Сақтағанова

Қуаныш Тазабекқызының өмір соқпағы, 

сол соқпақ барысында орын алған өмір 

үшін болған аласапыран арпалыстағы қиын 

тағдырын тәптіштеп айтудың, Н.Келімбетов 

шығармаларын насихаттаудың үлкен 

тәрбиелік мәні зор. Әсіресе, жастар үшін, 

жас отбасылар үшін, айдың күні аманында 

тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандар үшін. 

Бүгінгі таңда көз алдымызда қабырғамызды 

қайыстырып қаншама жас отау құлауда. 

Бұның барлығы мыңдаған жылдарға созылған 

терең тамырлы халықтық қазақы моральдың 

сабағы үзілуінен», – деді. 

К о н ф е р е н ц и я   б а р ы с ы н д а   ш е ­

телдік қонақтардың барлығы Немат 

Келімбетовтің шығармалары сұранысқа 

ие және жоғары бағаланатындығын ерек­

ше атап өтті. Түрік елінің Мимар Синан 

көркем өнер университетінен келген та­

рихшы, әрі әдебиетші Әбдуақап Қара Не­

мат Келімбетовтің түрік тіліне аударылған 

кітабы мектептерде қосымша өмір сабағы 

ретінде оқытылатындығын қуанышпен 

айта келіп, келесі жылы жазушының «Үміт 

үзгім келмейді» шығармасы түрік тілінде 

сахналанады деген сүйінші хабарын жеткізді. 

Бүгінге дейін жазушы Әбдуақап Қара Не­

мат Келімбетовтің 4­томдығын түрік тіліне 

аударған. 

Сондай­ақ, жастардың ортасында 

дәстүрлі отбасын қалыптастыру үшін әлемдік 

және ұлттық құндылықтарды кеңінен наси­

хаттау қажеттігі, отбасылық құндылықтарды 

нығайтуда атқарар қажетті жұмыстар мен от­

басы тәрбиесінің маңыздылығы да сөз болды. 

Тағылымы мол халықаралық конферен­

ция жұмысы концерттік бағдарламаға ұласты. 

Шара барысында қонақтар  «Ақтұмар» 

мұражайымен танысып, «Ұлылықты 

ұлықтаған аналар» тақырыбындағы 

сурет көрмесі мен жазушы Немат 

Келімбетовтің туындылары қойылған 

«Қайғыдан бақыт жасаған» атты кітап 

көрмесін тамашалады. 

Нәзира ЕЛЕУХАН

Отбасылық 

құндылықтар 

басты назарда


3

3

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№8 (106)

30 қараша

2013 жыл

А Қ П А Р А Т



ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ – 

ҰЛТТЫҢ ТҰТАСТЫҚ МЕРЕКЕСІ

Зәки Ахметов және қазақ әдебиеті 



Қазақ қыздарының жарқын 

өміріне жол ашып, бүгінгі Қыздар 

университетін ашу туралы қаулыға 

қол қойған мемлекет және қоғам 

қайраткері  Нұртас Оңдасыновты 

ұлықтау мақсатында 19-қараша күні 

Қыздар университетінде дөңгелек үстел 

өткізілді.

22 қараша күні ҚазМемҚызПУ-дың 70 жылдығына арналған аса 

көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының 

иегері, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының 

докторы, профессор Зәки Ахметовтың туғанына 85 жыл толуына 

орай «Зәки Ахметов және қазіргі қазақ әдебиеттануының өзекті 

мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық 

конференция болып өтті.

Д.Ж.Нөкетаева, бірінші проректоры, ф.ғ.д. 

Б.А.Әлиев, ҚазҰАУ­дың қоғамдық пәндер 

кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдар 

докторы, профессор С.М.Борбасов, Абылай 

хан атындағы ҚазХҚжӘТУ­дің халықаралық 

қатынастар кафедрасының профессоры, та­

рихы ғылымдарының докторы С.М.Сапанов, 

Халықаралық ақпараттық техно логиялар 

университетінің профессоры, саяси ғы­

лымдарының докторы Д.Қыдырбекұлы, 

«Қазақ газеттері» ЖШС­нің Бас директоры, 

саяси ғылымдарының кандидаты, доцент 

Ж.О.Кенжалин, ҚазМемҚызПУ қоғамдық­

гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, 

философия ғылымдарының докторы, профес­

сор С.И.Оспанов, сонымен қатар оқытушылар 

және студенттер қатысты.

Елбасы залында «Қазақстанның алтын 

ғасыры», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» 

сынды бірнеше тақырыптармен мемлекет 

басшысының еңбектері және Елбасының 

айтқан ойлары мен ұлағатты сөздері, сонымен 

қатар, әлем мемлекеттерінің Қазақстан туралы, 

Елбасы жайында пікірлері стендтерге жазылып 

қойылған. Бұл залды ашудағы басты мақсат 

– студенттер, жастар Ұлт Көшбасшысының 

өмірбаяны мен еңбек жолынан толық мағлұмат 

алуын қамтамасыз ету. 

Залмен толық танысқан қонақтар мәжіліс 

залында бас қосты. «1­желтоқсан Тұңғыш 

Президент күні – мән­маңызы зор күн. 

Қазақстанның дамуы үшін, экономикалық 

қуаты артуы үшін, әлеуметтік жаңғыртуларды 

орындауда Елбасының ерен еңбегі мен 

көшбасшылық қасиетінің орны ерекше. 

Елбасымыз өзінің жолдаулары мен елдік 

еңбектерінде Қазақстанды кемел келешектің 

Жиында қазіргі әдебиеттанудың 

жай­күйі талқыланып, ғалымның 

шығарма шы лығы  мен  ғылыми 

зерттеулері, қазақ әдебиетінің 

тео риясы, тарихы мен сынын 

зерттеудің және оларды жоғары 

мектепте оқытудың әдіснамалық 

м ә с е л е л е р і   қ а р а л д ы .   К о н ф е ­

р е н ц и я   ж ұ м ы с ы н а   Қ а з а қ с т а н 

әдебиеттанушы ғалымдарымен 

қатар, Нидерланд, Польша, Түркия, 

Ресей елдерінің әдебиеттанушы 

ғалымдары, белгілі жазушылар, 

жоғары оқу орындарының оқытушы­

профессорлары мен докторанттары 

қатысты.


У н и в е р с и т е т   р е к т о р ы 

Д.Ж.Нөкетаева: «Ғалымның артын­

да қалдырған мұрасы – болашақ 

ұрпақ пен ғалымдар үшін баға жетпес 

құндылық. Академик Зәки Ахме­

тов өмірінің соңына дейін өзінің 

ұстаздық еңбек жолын бастаған 

Қыздар университетінде қызмет 

етті. Ұлттық ғылымды дамытуға 

негіз боларлық іргелі зерттеулері мен 

ұшан­теңіз еңбегі үлгі тұтуға әбден 

лайық», – деп қазақ әдебиетіне сүбелі 

үлес қосқан Зәки Ахметов жайында 

сөз қозғады.

К о н ф е р е н ц и я   б а р ы с ы н ­

да М.Әуезов атындағы Әдебиет 

және өнер институтының дирек­

торы У.Қалижан, Абай ғылыми­

зерттеу институтының директоры 

Ж.Дәдебаев, А.Мицкеевич атындағы 

Познан университетінің профессо­

ры Хенрук Янковский, Вашингтон 

университетінің профессоры Талант 

Мауқанұлы, Анкара университетінің 

профессоры Фунда Топырақ, Шығыс 

Қазақстан облысы, Ұлан ауданының 

мәслихат депутаты Назигүл Сей­

сембина ғалымның өмірі мен шы­

ғармашылығы жайлы баяндама жа­

сады.


Анталияның «Мугла» универ­

си тетімен, Нидерландының «Евра­

зия перспектива» ғылыми зерттеу 

орта лығымен, Қ.Жұбанов атындағы 

Ақтөбе мемлекеттік өңірлік универ­

ситетімен, Ы.Алтынсарин атындағы 

Арқалық мемлекеттік педагогикалық 

инс ти тутымен  онлайн  жүйесінде 

байланыс орнатылды. Сондай­ақ, 

қазақ әдебиетін зерттеудегі бір­

неше өзекті мәселелер бойынша 

секциялық жұмыстар жүргізілді. 



Н.ЖҰМАҒҰЛОВА

бастауы екендігін айқын көрсетеді», – деп 

сөз бастаған университет басшысы Динар 

Нөкетаева Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуы­

на қосып отырған айрықша еңбегі жайын да ба­

яндама жасап, келешек ұрпақ үшін үлгі болатын 

ерекше тұлға екендігін жеткізді. 

Шараның негізгі мақсаты – бүгінгі 

күні жер жүзіне танымал болған Тәуелсіз 

Қазақстанның тарихы мен сол тарихты бірге 

сомдап келе жатқан  Елбасының сындар­

лы саясатының нәтижелерін көрсету. Ел 

тағдырын арқалаған Қазақстанның Тұңғыш 

Президенті төңірегіне ел­жұрт жұмылып, 

батыл реформаларына тірек болып қолдады. 

Елбасының шешімдерінің нәтижесінде ел эко­

номикасы артып, саяси­әлеуметтік даму үрдісі 

қарқындап алға басты.

Профессор, с.ғ.д., Дулатбек Қыдырбекұлы 

Қ а з а қ с т а н н ы ң   с ы р т қ ы   с а я с а т ы н д а ғ ы 

жетістіктеріне жіті тоқталып, әлемдік аренадағы 

дәрежесі мен деңгейі, танымалдылығы жай­

ында баяндап, Елбасының қосқан үлесі мен 

алар орнына тоқталып өтті. Алдағы уақытта 

Қазақстанды инновациялық дамыған мемле­

кет қатарынан көру үлкен мақсат екендігін де 

жеткізді. Ал, профессор Сайын Борбасов Пре­

зидент және мемлекеттік тіл мәселесі жөнінде 

баян дама жасап, қазақ тілінің дәрежесін көтеріп, 

қолдану аясын кеңейтуді, сонымен қатар, қазақ 

тілін дамыту үшін бірнеше ұсыныстарын жа­

сады. Қыздар университетінің профессоры 

С.И.Оспанов мемлекет басшысының бәсекеге 

қабілеттілікті қалыптастыру саясаты жөнінде 

ой толғады. 

Елбасының бастамасымен қабылдан­

ғ а н   « Қ а з а қ с т а н – 2 0 3 0 »   с т р а т е г и я л ы қ 

бағдарламасы көптеген ірі мәселелерді ше­

шуге себеп болса, «Қазақстан­2050» стра­

тегиясы жаңа саяси бағыттың негізі бо­

лып отыр. Бағдарлы жоспар Қазақстанды 

әлемнің ең дамыған 30 елінің  қатарына 

енгізуді көздейді. Дөңгелек үстел бары­

сында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, 

Көшбасшы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздікке 

қол жеткізгеннен кейінгі нәтижелі саясаты, 

қажымас еңбегі, батыл реформалары, прези­

дент институтының қалыптасуы туралы про­

фессор С.М.Сапанов, Елбасы идеяларының 

БАҚ­та насихатталуы жайында «Қазақ 

газеттері» ЖШС Бас директоры Жұмабек 

Кенжалин де өз ойларын ортаға салды.

Білім саласында болып жатқан рефор­

малар тікелей Елбасының бастамасымен әрі 

қолдауымен жүзеге асырылуда. Интеллектуалды 

ұлт қалыптастыру саясаты талқыланған жиында 

білім саласындағы реформалар туралы да сөз 

қозғалып, ф.ғ.д., доцент Б.М.Аташ көпшілікке 

Елбасы саясатының маңыздылығына тоқталып 

өтті.Елбасының «2050 стратегиясында» білім 

қызметкерлерінің алдына қойған міндеттерін 

жүзеге асыру мақсатында атқарылған 

жұмыстарға тоқталды.

Былтырғы жылдан бері Қазақстан Респуб­

ликасында да Тұңғыш Президент күні мерекесі 

аталып, Елбасының игі істері кең насихатталу­

да. Мұндағы мақсат әрбір азаматты болашақта 

білікті, білімді, өз ұлтының патриоты болуға 

тәрбиелеу. Қыздар университеті де қазақ 

қыздарының парасат мектебі ретінде студент­

терге саяси сабақтар мен іс­шараларды өткізіп, 

белсенді, қоғамдағы өзекті мәселелерге өз ойла­

рын еркін айта алатын қыздарды тәрбиелеуде. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет