Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата06.03.2017
өлшемі11,62 Mb.
#8427
1   2   3   4

Қарлыға ТЕЛМАН

«Ақтұмар» тарихи­этнографиялық 

музейінің ұйымдастыруымен өткен 

жиынға Н.Оңдасыновтың ұрпақтары 

мен белгілі ақын Темірхан Медетбек, 

Қазақстан журналистер одағының мүшесі 

Гүлсім Оразалинова,  өнертанушы, 

этнограф­ғалым Зәбира Жәкішева, 

Алматы қалалық мұрағатының жеке 

қорлар бөлімінің меңгерушісі Ләйла 

Рахипова, мұрағаттың сақтау қорының 

меңгерушісі Ақбөпе Имашова және та­

рихшылар  мен студенттер қатысты.

Д ө ң г е л е к   ү с т е л д е   м е м л е к е т 

қайраткерінің өмірі мен қызметінен 

бейнефильм көрсетілді. Оқу орынның 

бірінші проректоры Б.А.Әлиев: «Мем­

лекет қайраткері, лингвист, жазушы 

Нұртас Оңдасынов жан­жақты адам 

болған. Ол еліміздің дамуына үлес 

қосып, экономика, білім, өнер, ауыл 

шаруашылығы және өзге де барлық 

салаға өз ықпалын тигізген. Осы Қыздар 

университетін ашуға да зор үлес қосты», 

– деп бұл игі шара Н.Оңдасыновтың 

ұлттық, отаншылдық қасиеттерін жас 

ұрпаққа дәріптеу мақсатында өткізіліп 

отырғандығын атап өтті.

Ақын Темірхан Медетбек бойы­

на адамдықтық асыл қасиетін жиған 

тұлға жайында толғамды ой айтып, 

келесі жылы Н.Оңдасыновтың 110 

ж ы л д ы ғ ы н а   о р а й   к о н ф е р е н ц и я 

өткізу, оқу орын қабырғасына тақта 

мен  Н.Оңдасынов атындағы аудито­

рия ашу жөніндегі тілегін білдірді. 25 

жылдан аса уақыт Н.Оңдасыновтың 

ө м і р і   м е н   қ ы з м е т і н   з е р т т е г е н 

Г.Оразалинова: «Қыздар университеті 

– Оңдасыновтың идеясынан туған «пер­

зент». Өмірбаяндық деректері, ғылыми­

зерттеу мақалаларымен қатар, Қыздар 

университетін құру туралы 20 беттік 

қолжазбасын мұражайға табыстауға 

әзірмін», – деген ұсынысын да жеткізді. 

Өз кезегінде  «Ақтұмар» мұражайының 

басшысы Сәуле Мерекеева: «Қыздар 

университетінің құрылуы жайында сөз 

еткенде екі тұлғаның – Н.Оңдасынов пен 

Ж.Шаяхметовтың есімін бірге атауымыз 

керек. Мәскеуге хат жазған, бұйрыққа, 

басқа да құжаттарға Н.Оңдасынов қол 

қойған. Тарихи құжаттарға сүйене 

отырып, Оңдасыновты университетті 

құруға тікелей атсалысқан деп айтуға 

болады», – деп жиналған қауымды та­

рихи мәліметтермен таныстырып өтті. 

« А қ т ұ м а р »   э т н о г р а ф и я л ы қ 

музейінде Н.Д.Оңдасыновтың 1944 

жылғы 15 тамызда Қазақ қыздар инсти­

тутын ашу туралы №457 Қаулыға қол 

қойған құжаты мен қайраткердің 1948 

жылы Қыздар университетінің алғашқы 

түлектерімен бірге түскен суреттері 

сақтаулы.

Нәзира ЕЛЕУХАН

(Басы 1-бетте)

1991 жылғы 1 желтоқсандағы президенттік 

сайлауда халықтың таңдауының арқасында 

Елбасы атанған Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды 

индустриалды­инновациялық бағытта 

әлеуметтік тұрғыдан жаңғырған, әлем 

елдерімен терезесі тең елге айналдырды. Міне, 

сол Көшбасшы – Тұңғыш Президент күніне 

орай республиканың түкпір­түкпірінде атау­

лы күннің мәні мен мағынасын түсіндірген 

тәрбиелік шаралар жүргізілуде.

25 қараша күні Қазақ мемле кеттік қыздар 

педагогикалық уни верситетінде де Қазақстан 

Респуб ликасының Тұңғыш Президенті 

күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстанның Ұлт 

көшбасшысы» атты тақырыптағы дөңгелек 

үстел ұйымдастырылды және оқу орнының бас 

оқу ғимаратында Елбасына арналған зал мен 

Тұңғыш Президент атындағы дәрісхананың 

ашылу салтанаты өткізілді. 

Қ ы з д а р   у н и в е р с и т е т і н і ң   р е к т о р ы 

ҰЛЫ ТҰЛҒАНЫ

ҰЛЫҚТАУ


4

4

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№8 (106)

30 қараша

2013 жыл

Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К



Мектеп қабырғасында оқып жүрген 

әрбір бала өзінің арманындағы жоғары 

оқу орнына түскісі келеді. Сол үшін та-

лаптанады, ізденеді, еңбек етеді. Мен де 

армандадым, мақсат қойдым. Еліміздегі 

тек қана қыздарға арналған универси-

тетте білім алғым келді. 

Мектепте оқып жүргенде маған 

ұ с т а з ы м   а у д а н ы м ы з д а ғ ы   ү з д і к 

мұғалімдердің барлығы ҚазМемҚызПУ-

ды бітіргендігін үнемі айтып оты-

р а т ы н .   М ү м к і н   м е н і ң   д е   с о н д а й 

мұғалім болғым келген шығар. Қыздар 

университетін алғаш рет бала кезімде 

«Тақиялы періште» фильмінен көріп, 

қыздардың билегеніне таңқалғанмын. Сол 

таңғалыстың шындыққа айналатынын 

кім білген?!

Менің арманым орындалды. Қазір 

белсенді, сұлу қыздардың университетінде 

білім алып жатырмын. Бұл менің асқақ 

арманымның жемісі деп ойлаймын. 

Мен бұл университеттен білікті де 

білімді ұстаз, инабатты қыз, ибалы 

келін тәрбиеленіп шығатынына сенемін. 

Ендігі мақсатым – оқу орнымның атақ-

абыройына дақ келтірмей, мерейін асы-

рып, мәртебесін көтеру. 

Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың 

қолында. Ал, келер жас ұрпаққа  білім 

беретін, азамат етіп тәрбиелейтін, 

әрине, біз – болашақ ұлағатты ұстаздар. 

Мен біреу жетпеген жетістікке 

жеттім, біреу сезінбеген күйді бас-

тан өткердім. Қыздар оқитын білім 

ордасының табалдырығын аттағанымды 

зор мақтанышпен айта аламын. Маған 

бұл бір қуаныш! Себебі, елімізде универ-

ситеттер көп, ал қыздаруниверситеті 

– жалғыз.

Маржан ӘБІШОВА,

қазақ филологиясы және 

әлем тілдері факультетінің 

1-курс студенті

Арман болған 

оқу орны

(Басы 1-бетте)

Қыздар университеті бұл күнге ерекше 

дайындықпен келді. 70 жылдыққа байла­

н ы с т ы   б і л і м   ш ы р а ғ ы   т ұ т а н д ы р ы л ы п , 

Қыздар қалашығында эстафеталық марафон 

ұйымдастырылған еді. Педагогика және пси­

хология, өнер және музыка факультеттерінің 

ардагер ұстаздары мерейтой алауын Студенттер 

үйінен бастап, Гоголь көшесінің бойымен бас 

оқу ғимаратына жеткізу үшін қазақ филология­

сы және әлем тілдері факультетінің ұстаздарына 

тапсырған болатын. Қуанышқа ортақтасып, 

қыздардың тойына атсалыса келген Олимпиада 

чемпиондары Ермахан Ыбырайымов пен Майя 

Манеза да ұстаздар мен студенттердің ортасы­

нан табылды. Қыздар қалашығын толық айна­

лып, қолдан­қолға жеткізілген білім алауы сту­

денттер мерекесіне дейін бас оқу ғимаратында 

сақталып келді. 

Көптен күткен мерекелік күн де жетті. 

Жиналған қауым эстафеталық марафонның 

Ж

арқын болашақтың



қызықты сәттерінен арнайы дайындалған 

фильмді тамашалады. Бұл көріністен кейін 

сахнаға көтерілген Қыздар университетінің рек­

торы Динар Нөкетаева бас ғимаратта сақталған 

алауды бірінші проректор Баходир Алиевтен 

салтанатты түрде алып, ел алдында алау ошағын 

тұтатты. Сахна төрінде жастықтың, сұлулықтың 

символы деп бағаланатын қызғалдақтың 

пішініндей жапырағы жайқалған, күлтесі 

ашылған мерейтойлық алау лапылдап жанған 

кезде айналасына ерекше шуақ шашып, 

студенттердің бойына өзгеше жалынмен әсер 

етті. Олимпиадалық ойындарда ғана болатын 

бұл көрініс – 70 жылдық тарихы бар Қыздар 

университетінің Қазақстан білім­ғылым 

саласындағы өзіндік алтын діңгек екенін 

айғақтап бергендей.

Алау отын жаққан оқу орнының басшы­

сы Динар Нөкетаева: «Қыздар университеті 

– қаракөз қыздарға білім мен дәстүрлі 

Нағыз студент атанған 1­курстықтар 

барлық қажетті құндылықтарды иемден­

ген соң Қыздар университетінің басшылық 

құрамы мен оқытушы­профессорлар алдында 

артылған сенімге лайық болуға ынта­жігерлерін 

білдірді. «Мен, Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің студенті 

шәкіртке қойылатын талаптарды ар­намыс 

кодексіне сай бұлжытпай орындауға, Тәуелсіз 

қазақ елінің азаматтығын абыроймен сақтауға, 

ата­баба аманатын ақтауға, арыммен, жаным­

мен қорғауға ант етемін! Отан үшін, ел үшін, 

атамекен жер үшін, кең даламды, қасиетті 

туымды көзімнің қарашығындай сақтауға 

ант етемін! Ел бастаған көсемді, сөз бастаған 

шешенді, данагөй аталарымды, ел іргесін 

қорғайтын ержүрек ағаларымды қолдауға ант 

етемін! Жеті ғаламның сырын, жеті жұрттың 

тілін үйреніп, бар өмірімді халқыма арнауға ант 

етемін!» деп барша 1­курс студенттерінің аты­

нан Сабина Қойкенова сахна төріне көтеріліп, 

жұртшылықтың алдында ант берді. Жиналған 

барша студенттер Сабинаға қосылып «Ант 

етемін!» деп бірауыздан қосылған сайын театр  

қамтамасыз етілген. Оқу базасының жыл сайын 

жаңарып отыруының болашақ мамандардың 

замана көшіне ілесетіндей, инновациялық 

технологияларды пайдалана алатындай бо­

луы үшін маңызы зор. Мемлекет басшысы 

«Қазақстан–2050» Стратегиясында: «Бәсекеге 

қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз 

сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. 

Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық 

жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің 

азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен 

және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау 

машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», – деп 

атап көрсете отырып, ұстаздарға үлкен міндет 

жүктегені белгілі.

Биылғы жаңа оқу жылына парасат мектебіне 

айналған Қыздар университеті 1­курсқа 43 

мамандық бойынша 1679 студент қабылдады. 

Оның ішінде 550 студент мемлекеттік грант 

иегерлері. Қазіргі таңда 2013­2014 жаңа оқу жы­

лында 5500­ге жуық студент күндізгі бөлімде, 

ал 2574 студент сырттай бөлімде білім алуда. 

22 мамандық бойынша 172 магистрант, 4 док­

торант PhD докторантурасының 2 мамандығы 

тәрбиені қатар беріп отырған парасат мектебі. 

Осы мерзім ішінде киелі оқу орны мектеп 

мұғалімінен бастап қоғам қайраткеріне дейін 

танымал өз түлектерін тәрбиелеп шығарды. 

Бұл білім ұясынан ұшқан әрбір түлек қоғамда 

өз орнын таба білетін білікті де кәсіби маман 

деп зор сеніммен айта аламын», – деп сапқа 

жаңа қосылған шәкірттерді «Мен – Қыздар 

университетінің студентімін!» деген атқа лайық 

болуға шақырды. 

Қыздар университетінің өткені мен 

болашағына, мақсаты мен миссиясына, ұлт 

аналары мен ұлттық тәрбие жас ұрпақ үшін, 

шаңырақ шырақшылары үшін үлгі­өнеге 

екендігін атап өткен оқу орны басшысы Динар 

Жүсіпәліқызы болашақтың қақпасын ашатын 

білім кілтін табыс етті. Оны қаншама қызға бас­

көз болып, сапалы білім, саналы тәрбие алуға 

көп күш жұмсап отырған ұлағатты ұстаз, білікті 

басшының қолынан Ақерке Амантаева алды. 

Білімге жолдама берілген соң профессор, арда­

гер ұстаз Қазына Аймағамбетқызы студенттік 

билетті өз қолымен Аида Досболға тапсыр­

ды. Сонымен қатар, өмірдің сан сынағынан 

сүрінбей өткен, өнегесі мен ұлағаты мол Сәуле 

Қабдолованың қолынан сынақ кітапшасын 

Ләззат Тәкен қабыл алды. Студенттік өмірдің 

басты үш белгісі берілді. Білімге жолдама алған 

кешегі оқушылар ресми түрде студент атанып, 

студенттік билеттерін де қолға алып, сынақ 

тапсыруға қадам басты. 

ғимараты асқақтаған үнге толып, керемет 

тебіреніске түсті. Жүректері лүпілдеп тұрып 

оқытушылар алдында ант берген қыздар сол 

сәтте өздерінің мойындарына артылған жүктің 

салмағын сезген де болар...     

Қ а з а қ с т а н н ы ң   ә р   а й м а ғ ы н а н   м ы ң 

жасаған Алматыға келген қаракөздер Қыздар 

университетінің төрінен табылып, білім алып, 

маманданып шыққандарына, міне, 70 жылға 

жуықтады. Осы уақытқа дейін 50 мыңнан аса 

қыздар білім ошақтарында ұстаздық қызметке 

даярланды. Өз отбасын ғана емес, өзгенің де 

шаңырағында білімді де саналы ұрпақты өсіруге 

үлес қосуда. 

Ұлт тәрбиешілерінің «ұстаханасы» атанған 

киелі шаңырақ сонау соғыс жылдарында 

ашылғалы бері уақыт өткен сайын толығып, 

жаңарып, кемелдене түсті. Қазіргі таңда да 

Қазақ қыздарының парасат мектебі бұрынғы 

межеден тайған жоқ. Білім беру мен тәрбие 

жұмыстары заман талабына қарай бейімделіп, 

жаңаша оқу бағыттары мен стандарттарын 

қабылдап, біліктілікті арттыру жолында біршама 

істерді атқарып келеді. ХХІ ғасыр ақпараттық­

технологияның дамыған ғасыры, сапалы білім 

мен жаңаша ойлаудың заманы екендігі айқын. 

Осы көшке Қыздар университеті де ілесіп, өз 

үлесін қосуды қолға алып отыр. Орта білім 

беретін мектептерге маман дайындайтын 

жоғары оқу орны ретінде заманауи технология­

ны қолданып, жаңа техникалық жабдықтармен 

бойынша оқуға қабылданып, мемлекеттік 

гранттың есебінен ғылыми жұмыстармен ай­

налысуда. 

Осыншама қыз баланың білім алуына 

бар жағдайды жасауға ниеттенген универ­

ситет басшылығы халықаралық деңгейдегі 

үздік оқу орындармен байланыс орнатып, 

отандық және шетелдік дипломды беруді 

жүзеге асыру жұмыстарын қолға алды. Ұлы­

британияның LAMS, АҚШ­тың Мисси сипи, 

Честер университеттерімен байланыс орнатып, 

болашақта қосдипломды ма ман шығаруға 

мүмкіндік туып отыр. Сондай­ақ, Түркия, 

Қытай, Англия сынды бірқатар мемлекеттердің 

көшбасшы оқу орындарымен әріптестік 

жұмыстар жүргізілуде. Қыздар университетінің 

оқытушылар мен студенттері академиялық 

ұтқырлықты дамыту бойынша сол оқу орын­

дарынан тағылымнамадан өтіп, тәжірибе 

алмасып, біліктіліктерін арттыруда. Заманауи 

тұрғыда жоғары деңгейде оқыту, білім алу 

мәселелерін шешуде халықаралық байланы­

стар, алыс­жақын шет мемлекеттердің оқу 

орындарымен тәжірибе алмасу оң шешімін 

тауып отыр.

Қыздар университетінің білім беру 

деңгейі туралы дәріс барысында, зертханалық 

орталықтарда, кітапханаларда, танымдық 

іс­шараларда, ғылыми конференцияларда 

хабардар болған 1­курс студенттері өздерінің 

құрметтеріне арналған салтанатты жиында 


5

5

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№8 (106)

30 қараша

2013 жыл

Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К



Когда я окончила школу на ЕНТ на-

брала всего лишь 51 балл, не считая ка-

захский язык. Думала, что этих баллов 

мне не хватит на поступление в универ-

ситет. Но благодаря моим грамотам и 

дипломам я поступила в Казахский го-

сударственный женский педагогический 

университет. 

Мой вуз был основан в 1944 году. По 

всему миру насчитывается всего 4 таких 

университета, которые предназначены 

только для девушек. Мой университет 

является единственным в своем роде 

учебным заведением на территории не 

только Казахстана, но и в СНГ. 

Я учусь на физико-математическом 

факультете, по специальности инфор-

матика, и горжусь тем, что являюсь 

студенткой этого прославленного ВУЗа. 

Я знаю, что те знания, которые я полу-

чаю здесь, помогут мне в будущем реали-

зовать мои профессиональные навыки и 

умения на благо нашего государства. Я 

хочу внести достойный вклад в систему 

образования, обучения и воспитания 

страны. 

Почему я выбрала профессию учи-

теля? Профессия учителя привлекает 

меня, прежде всего своей гуманностью и 

благородством. Я думаю, для того чтобы 

преподавать, надо много работать над 

собой, самосовершенствоваться. Человек 

жестокий, властный, эгоистичный не 

может быть стать истинным учите-

лем. Быть учителем для меня – значит 

быть человеком творческим, индиви-

дуальным, любящим детей, с богатым 

внутренним миром и неистощимой жиз-

ненной энергией. «Учитель» – такое ма-

ленькое слово. И так легко его сказать, 

сколько в нем прекрасного и большого.

Сания РАХМАНОВА, 

студентка І курса физико-

математического факультета

Хочу стать 

учителем!

жігерлі қадамы

дарынды, талантты қыздардың өнерлерін кең 

ауқымда тамашалауға мүмкіндік туды.  

Талай талант иелері өнер көрсеткен ұлы 

да дана Абайдың атымен аталатын опера 

және балет театрының сахнасына Қыздар 

университетінің дарынды аруларынан құралған 

Халық аспаптар оркестрі көтерілді. Әлемде 

мұндай оркестр жоқ шығар! Бұрымдылар 

мен сырғалылар сұңғақ бойдың, күлімдеген 

көздің, қиылған қастың әдемілігімен ғана емес, 

шынайы талант пен дарынның асқақтығын 

танытып, ұлттық аспаптардың құлағында 

ойнайтындарын көрсетіп, көрерменнің 

көңіліне Құрманғазының «Балбырауын», 

С.Мұхамеджановтың «Шаттық Отаны» сынды 

күйлерімен жол тартты. «Нағыз қазақ – қазақ 

емес, нағыз қазақ – домбыра!». Қазақтың ерек­

ше дарын иесі, қанатты ақыны Қадыр Мырза 

Әлидің жыр жолдарынан орын алған дом­

быра Қыздар университетінің қаракөздеріне 

де таңсық емес. Домбыраның қос ішегінен 

төгілген күй қобыздың сарынымен жалғасып, 

жетігеннің жетелеуімен сазсырнайдың да сыр­

лы үнімен астасып, көңіл түйсігін қазақтың кең 

жазира дархан даланы қиялмен шарлатты, жан 

тебірентті.         

Күмбірлеген күй әуені Қазақстан Рес­

публикасының халық әртісі Ескендір Ха­

санғалиев пен әнші Біржан Хасанғалиевтің 

әуелеген әніне ұласты. Ару қыздардың орта­

сын ән мен жырға бөлеген сахна саңлақтары 

студенттерді мерекесімен құттықтап, өмір жо­

лында сәттіліктерді тіледі. 

Қазақстанның талай баласын ғылым ның 

әр саласына баулып, сабақтарын жүргізген 

Қыздар университеті түлектерінің арасында му­

зыка мамандарын дайындайтын факультеттің 

деңгейі ерекше екендігі республика көлеміндегі 

концерттер мен жетістіктерін айтпағанда, 

осындай жиындарда көрермен көңілінен 

айрықша орын алып, шынайы дарын иелері 

өз шеберліктерін байқатып жатады. Соның бір 

дәлелі – үкілері үлбіреп, бүрмелі көйлектері 

ажарларына сән кіргізіп сахна төрінде Нұргүл 

Әлқожа, Арай Асқап, Гауһар Сапарбаева, 

Құндыз Махановалардың дәстүрлі әндерден 

поппури орындауы. Қазақтың халық әндері 

театр сахнасында өрледі, көңіл көкжиегін 

кеңейтті.

Оқу орынның үйір мелері мен клубтарының 

жұмыстары ха лықаралық, республикалық 

байқауларда, ғылыми конференцияларда, 

түрлі жарыстарда анық байқалады. Соның бір 

дәлелі ретінде студенттердің салтанатты жиы­

нында дәстүрлі музыканың өнерпаздарының 

әсем әндері жанды тебірентсе, он саусақтары 

майысқан  биші қыздардан құралған «Томи­

рис» би тобы да сахна төрінде түрлі ұлттың биін 

билеп, жиналған қауымға қуаныш сыйлады. 

Талай байқаулар мен фестивальдардың лауре­

аты, жеңімпазы атанып жүрген «Томирис» – 

Қыздар университетінің айнасы. Оқу орнының 

6 факультетінің 1 курс студенттері бас қосқан 

күні талапты, қабілетті қыздарға, әсіресе, хо­

реография кафедрасының студенттеріне арнап 

қазақтың, орыстың ұлттық билерін жарасым­

ды қимылдармен көрсетіп, жан мен тәннің 

сұлулығын жеткізе білді.  

Әні мен сәні жарасқан қыздарға қарап 

«Бұл оқу орны кіл өнерпаздарды дайындайды 

ма?!» деген ойға кетерің де ғажап емес. Әрине, 

Қазақстанның әр аймағындағы педагог маман­

дарды даярлайтын оқу орындарынан Қыздар 

университетінің өзгешелігі де, даралығы да 

атында. «Қыздар университеті» дегенде тек 

қана қыз балаларға арналғандығы айқын сезіліп 

тұрады. Атауын естігеннен­ақ жанарлары 

нұрлы қыздардың ортасы екендігі сезіледі, ал 

оқу орынның ішкі жағдайы қандай? 

Бүгінгі таңда Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің негізгі 

мақсаты – біліктілігі жоғары педагог ма­

мандарды дайындау, жастардың бойында 

белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік 

жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, 

жоғары адамгершілік және көшбасшылық 

қасиеттерді қалыптастыру. Бұл киелі шаңырақ 

Қазақстанның түкпір­түкпіріне педагог ма­

мандарды даярлайтын бірегей оқу орны. 

Ұлттық рейтинг­2013 көрсеткіші бойынша 

республикалық үздік 30 ЖОО ішінде 12 орын­

ды, Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі 

тәуелсіз қазақстандық агенттігінің жүргізген 

зерттеулері бойынша ең үздік 20 ЖОО ішінде 

10 орынды иеленсе, Ұлттық рейтинг бойынша 

педагогикалық жоғары оқу орындары арасын­

да 2 орынға ие болды. Осындай ірі жетістіктер 

оқытушы­профессорлардың көп жылғы 

еңбектерінің сүбелі үлесінің жемісі екендігі 

даусыз.  

Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің даму 

жолын айқындайтын «Қазақстан­2050» Стра­

тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа 

саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында: 

«Жаңа технологиялық толқын жалына жар­

масып, теңдессіз инновациялар жасау барлық 

елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны 

жете түсінуге тиіспіз. Сондықтан біз өте 

шынайы, барынша прагматикалық стратегия 

құрғанымыз жөн», – деп жоғары білімді ұлт 

қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті 

мемлекет құру міндетін алға қойып отыр. 

Межелеген 2020 жылға қарай Қазақстан – 

білімді ел, ақылмен құрылған экономика және 

біліктілігі жоғары жұмыс күші қалыптасқан 

мемлекет болады деп жоспарлануда. Білім 

беру саласының дамуы еліміздің болашақ 

экономикалық, саяси және әлеуметтік­

мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы 

болары анық. 

Осы мәселе бойынша жиналған қауым­

ның алдында ректор Динар Нөкетаева: 

«Университет ұжымы білім­ғылым­өндіріс 

үш тігін бетке ұстап, институтциональды 

және халықаралық арнайы аккредита­

циялардан өтіп, әлемдік білім беру 

рейтингтеріне кіруді мақсат етіп отыр», – 

деп өз баяндамасында парасат мектебінің 

алдағы жоспары жайында жіті түсіндіріп 

өтті. Сондай­ақ, Әбу Насыр әл­Фараби 

айтқан «Тәрбиесіз берілген білім – адамзатқа 

зиянын тигізуі мүмкін» деген пікірі өмір­

шеңдігін дәлелдеп отырғандығын, бұл қара 

шаңырақ сапалы білім беру жолында елде 

қабылданып жатқан реформаларға сай 

әлем мемлекеттеріндегі білім беру техно­

логияларын да пайдалана отырып, үздік 

университеттермен тәжірибе алмаса білікті 

маман дайындауға күш салып келетіндігін 

де жеткізді. Себебі, Қыздар университетінің 

арулары республиканың түкпір­түкпіріне, 

ауылдық аймақтарға барып мұғалім болмақ. 

Олар қай жерде қызмет етсе де келешектің 

қамы үшін еңбек етеді. Қазақстанның 

болашағы жарқын болу үшін білімді маман 

дайындау – басты парыз.

Қыздар қалашығында тәртіпке, тәрбиеге 

ерекше көңіл бөлінген. Мұндағы қызмет 

«Қызға қырық үйден тыю» деген қазақтың 

мәтеліне сай жүргізіліп отыр десек, артық 

айтпағандық болар. Сапалы білім берумен 

қатар саналы тәрбиені сіңіру жоспарлы 

бағыттың айқын көрінісі болып отыр. 

Сапалы білім бере отырып білікті маман 

дайындау мақсатында сабақ кестесіндегі 

дәрістерден бөлек жүргізілетін тәрбиелік 

жұмыстардың саны біршама. Қоғамдағы 

өзекті мәселелерге өз ой­пікірлерін қосып, 

түрлі ақпаратты талдауды, сараптауды, 

шешім шығаруды дарытатын Студенттер 

альянсымен қатар «Парасатты НЛО» пікір­

сайыс клубы жұмыс істейді. Әр шаңырақтың 

қарадомалағының өсіп­жетілуіне, тұлға 

болып қалыптасуына қозғаушы болатын 

«Ізгілік», «Жан жылуы» еріктілер клуб­

тары болашақ психологтардың өздеріне 

түйінді мәселелердің шешімін табуды 

үйретуді қолға алған. Қазақы қалжыңмен, 

әзіл­оспақпен түрлі мәселелерді қозғауға 

негіз болатын «Тек қана қыздар» көңілді 

тапқырлар клубы, салауатты өмір сал­

т ы н   қ а л ы п т а с т ы р у д а   « Ш а х м а т » , 

«Тоғызқұмалақ» клубтары нәтижелі жұмыс 

атқаруда. Бұл ортадан ақын да, әнші де, 

биші де, талаптарын шыңдайды. Оған «То­

мирис» би ансамблінің, «Айгүл» вокалды­

аспаптар ансамблінің, «Ұлар» фольклорлық­

этнографиялық ансамблінің, «Өнер жастан» 

опера студиясының, «Жан сарайы» драма 

театрының, «Жас ақындар» клубының, 

«Ы.Алтынсариншылар» ордасының  жемісті 

жұмыстары куә.

Елбасы жастарға арнаған бір сөзінде: «Бұл 

заман білекке сенетін емес, білімге сенетін за­

ман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен 

азаматтардың білімімен өлшенеді. Сол білімді 

тұрмыс игілігіне жарата білумен бағаланады. 

Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі,  ақыл­ой 

–   аза маттығымыздың алдаспаны», – деп білім 

алудың басты мақсатын көрсетті. Ал, Қыздар 

университетінің ұжымы енді ғана «студент» 

атанған 1 курстықтарды қатарға қабылдап, 

ерекше оқу жылы – 70 жылдыққа қарышты 

қадамның сәттілік алауын жағып, белсенді, 

зейінді шәкірт болулары үшін салтанатты 

жиынмен көңілдерін көтеріп, тың серпіліс 

сыйлады. Сахнада өнер көрсеткен жоғары 

курстың студенттерінің орнын болашақта 

өздері де басатындықтарын сезінді. Қыздар 

университетінде олар үшін тек қана білім алып, 

қоғамдық жұмыстарға араласып, ертеңі үшін 

бүгін қамданып, шеберлігін шыңдап, тәжірибе 

жинақтауға мол мүмкіндік жасалып отыр. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет