Сары күз кетсе жыл салып қайта қауышар,
Сары алтын уақыт осылай оралмайды ма?
(Айдар Сейдәзім) Ал «қара күз» тіркесінің қолданысынан күз мезгіліндегі ауа райының болмысы кейіптеу
арқылы көрінеді. Сол мезгілдегі табиғаттың мінезі адам кейпінде беріледі:
«Қаһарға мінген қара күз Тұратын тыста ысқырып» (Е. Раушанов) немесе«Қалжырап жатыр қара күз» (Е. Жақып- беков) – деген жолдардан кейіптеу түріндегі көріктеуіш құралдарының тамаша үлгілерін
көреміз. Осы өлең жолдарындағы қолданыстар тек қазақы таным үлгісінің негізінде дамып
жетіліп, жаңа сапалық деңгейге көтерілген. Табиғат суреттерін кейіптеу Абай өлеңдерінде
шеберлікпен сомдалатынын «Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан» (Абай) т. б. секілді
жолдардан жақсы білеміз. Осы ақындардың тіліндегі «қаһарға міну, тыста ысқырып тұру»,
«қалжырау» немесе Абайдың күзді кейіптеуіндегі «түсі суық» тек адамға ғана тән әрекеттер
мен сындық белгілер. Табиғат пен адам арасындағы, соның ішінде күз мезгілі мен адам
арасындағы түрлі тілдік байланыстарды пайдалана отырып, бірі арқылы екіншісінің
болмысын сомдауда әрі тілдің көріктеуіш құралдарын жетілдіруде, сөйтіп тіл мәдениетінің
сапасын арттыруда қазақ ақындарының сіңірген еңбектері зор. Тіл – мәдениеттің құралы,
қаруы. Тіл иеленушісінің санасындағы дүниетаным, менталитет, адамдардардың қарым-
қатынас құралы ретінде осы тілді пайдаланатын халықтың мәдениеті тілі арқылы тұлғаланып,
айналаға тарайды, қалыптастырады. Тілдің мәдени, яғни көріктеуіш құралдары неғұрлым
жетілген сайын, соғұрлым халық мәдениетінің терең қатпарлары айқындала береді. Тіл –
мәдениет айнасы, онда қоршаған әлем бейнеленіп қана қоймайды, адам өмірінің шынайы
шарттары, халықтың қоғамдық сана-сезімі, оның менталитеті, ұлттық болмысы, өмір сүру
салты, дәстүрі, өнегесі, құндылықтар жүйесі, дүниетанымы көрініс береді. Тілдің икемділігі,
яғни ақпарат тарту мүмкіндігі артқан сайын, мәдени сапасы да жоғарылай береді.
Лингвомәдениеттану осы екершеліктердің ескере отырып, көріктеуіш құралдардың
мағыналық кеңістігіндегі ұлттық мәселелерді де өзінің зерттеу нысаны ретінде қарастырады.
Ұлт тілінің ғасырлар тәжірибесінде сомдалған біртұтас келбеті – мәдени болмысының
көрсеткіші. Көріктеуіш құралдарды оқыту мәселесінде төл ұғымдарымыз бен игеріліп, өзімдік
болғандардың сырлары туралы да түсіндіре отыру оқыту әдістемесінің алдында тұрған
ауқымды міндеттердің бірі екені даусыз.