179
екінші анасы; Көр көрмей көңіл сенбес; Арзан алдайды; Ынтымақтың иығы биік. Мінеки, бұл
мақалдарда заттардың жандандыруы, оларға адамның бейнесінің берілуі бізге
антропоцентрикалық мәселесін, негізін көрсетеді. Когнитивтік лингвистикада
білім ұғымымен
бірге
таным, ақпарат, сана, ойлау тәрізді ұғымдық категориялар жиі қолданылады. Аса
маңызды, мәнді деген деректер жинақталып, концептілік жүйеге түседі
[2]. Тіл мен таным
процестерінің арақатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл
мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатынасы адам баласының интеллектуалды өміріне (оған
тіл де кіреді) құндылықтар қанша рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен танымның ара
қатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі.
Концептінің жасалуына ұғым
емес, заттық бейнелер (заттың образы) негіз болады. Мысалы,
Ер қанаты – ат, Ер қаруы – бес
қару
дегенде
ер азаматқа тән құрал, қарулар жігіттің
батырлық қасиеттерін көрсететін
негізігі көрсеткіші ақиқат өмірден алынған бейнелер негіз болып тұр.
Антропоцентристік паремиологияның маңызды міндеті тілдік бірліктер мәнінің лингвис-
тикалық және экстралингвистикалық ара қатысының зерттелуі болып табылады.
Өйткені
паремиологиялық мағынада ойландыратын мәліметтің бір бөлігі ғана кодпен жазылады, ал сол
уақытта оның басқа бөлігі адамның психикасында ойлағыштық бейнелер мен және экстра-
лингвистикалық өзгешелік көрініс алады. «Тіл төңірегіндегі адам» деген принципіне негіз-
делген паремиологияның зерттелуі жаңа бағыттың дамуына әкелді, яғни антропоцентристік
паремиология. Бұл жерде лингвистиканың антропоцентристік парадигманың негізінде жазыл-
ған «антропоцентрикалық» «тіл төңірегіндегі адам» зерттеуінің ұстанымдары қолданылады,
тірек – паремиологиядағы
адам. Мысалы, «Малы жоқ» деп
Ерден түңілме. Егіні жоқ деп
Жерден түңілме. Ел үмітін
ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Ер – намысының құлы.
Ерлік білекте
емес, жүректе.
Ер қартайса, қазаншы болады, Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Ер жігіт
ел үшін туады, Ел үшін өледі.
Батыр туса – ел ырысы, Шын
ер – жеңсе, тасымас, Жеңілсе,
жасымас. Жаңбыр жауса – жер ырысы (Қазақ мақал-мәтелдері. Ө. Тұрманжанов).
Жігіттің
түрлі қасиеті:
батырлығы, жомарттығы, ерлігі, мергендігі, сабырлығы, абыройы, намысы,
дәрежесі, кедейлігі т. б. қасиеттері осылайша тілдік ұжымның
когнитивтік санасында
мағыналар кеңістігі, яғни дүние туралы тілде бекітілген дәстүрлі білімдер түрлері (типі) пайда
болады. Әр халық дүние алуандығын өз таным-түсінігінше таптастырып, топтастырады,
дүниенің үзіктерін өздерінше атайды. Дүниенің өзіндік жүйеленген бейнесінде жекелік,
топтық және ұлттық тәжірибенің белгісі, табы жатады.
Антропоцентристік паремиялардын зерттелуіне орай А. А. Потебня берген ұғым өте мәнді
және орынды: «В слове мы различаем: внешнюю форму, то
есть членораздельный звук,
содержание, объективизируемое посредством звука, и внутреннюю форму, или ближайщее
этимологическое значение слова, тот способ, каким выражается содержание. При некотором
внимании нет возможности смешать содержание с внутреннею формою» [3]. Қазақ тіліндегі
антропоцентристік паремияларының ішкі формасының зерттелуіне этимологикалық аспектісі
негіз ретінде алынған.
ММ-дерді қазақ тіл білімінің жеке-дербес жаңа бір саласы – паремиологияның нақты зерт-
теу нысаны ету, оларды ұлттың рухани мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен, дүниетанымымен,
ділімен сабақтастықта жаңа бағытта қарастыру қолға алынуда. ММ-дерін когнитивтік,
семантикалық,
прагматикалық, этнолингвистикалық және этномәдени бірлікте, тұтастықта
қарастыру – лингвистканың жаңа бағыттарына жатады. Мысалы, Ел күйінгенде күйінген
ба-
тыр. Ел сүйінгенде сүйінген
батыр. Ерегісте мыңға татыр.
Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
Еменнің иілгені – сынғаны
(Қазақ мақал-мәтелдері. Ө. Тұрманжанов). Мәлелен, Е. С. Кубря-
кова когнитивті лингвистика саласын, оның ішінде когниция туралы: «В когнитивной науке
было сформулировано понятие "
когниция". Этот термин достаточно трудно перевести на
русский язык, так как с его помощью обозначается как процесс
приобретения знаний и опыта
("познание"), так и результат этого процесса, а также мышление как таковое. что "термин
"когниция" относится ко всем процессам, в ходе которых сенсорные данные, выступающие в
качестве
сигналов информации, данные "на входе", трансформируются, поступая для их
180
переработки центральной нервной системой, мозгом, преобразуются в
виде ментальных
репрезентаций разного типа» – дейді [4].
Мақал-мәтелдердің құрамындағы көмескі сөздердің төркінін
ашуда ұстанатын қағида
ретінде академик Ә. Қайдардың тұжырымы: «Бүгінгі танда бізге беймәлім мағынасы күңгірт-
тенген, қолданылуы шектелген сөздердің біркатарын ғасырлар бойы қалыптасып, тұрақтанып,
біртұтас болып құрылған фразеологизмдер құрамынан іздегеніміз абзал. Біле-білсек, бұл
тәрізді сөздердің мағыналарының күнгірттенуіне де және сол сөздердің құпия-сырын ашып
беруге де себебші болатын фразеологизмдердің өздері болмақшы» [5, 295]. Осы ой
тұжырымдамасынан ерте замандарда тілдік қолданыста белсенді қолданылған сөздердің сан-
қилы замандардан өтсе де, бүгінде белгілі қолданыста пайдалану – тілдің өміршеңдігінің куәсі.
Қорытындылай келе, тілдің антропоцентристік паремия бейнелерін талдау бізге бейнелер
әлемнің көрінісі екенін көрсетеді. Әрі олар мәдени код аясы, шеңберінде талдана-саралана
алады. ММ-дегі өзіне тән антропоцентристік паремияларының бейнелерін атап айтуға болады.
Паремияларды рухани құндылық деп есептей отырып, зерттелген антропоцентристік паремия-
ларда мәдени кодтың бейнелерін бірнеше тип белгілеріне бөлуге болады: 1) биоморфті мәдени
код, жануардың, құстың т. б. бейнелерін көрсететін; 2) аңызды мәдени код, адам туралы діни
көріністер, ертегілердегі кейіпкерлердің т. б. бейнелерін көрсетеді. Қазақ тіліндегі
антропоцентристік паремиялар бейнесінің коды әнбебеп және
олардың ММ-де қолданысы
ұлттық мәдени тілдік бірліктер арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: