Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет30/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

берсем – оқушы түсінеді" деген қарапайым қағиданы ұстанады. Сабақта мұғалім көбіне 
"қайтала", "жатта", "есіңе түсір", "көшір", "келтір", "анықтаманы айтып бер" сияқты жаттанды 
тапсырмаларды орындатады. Оқушыларға осы әрекеттер үйреншікті болып, білім алуды 
қайталау деп түсінеді. Сондықтан сабаққа дайындалғанда көбінесе жаттауға мән бергендіктен, 
таным мен ойлауы дұрыс қалыптаспайды. "Озат оқушы" деп тапсырманы мүлтіксіз орындап, 
оны жаттап алатын шәкіртті айтатын еді. Алайда бүгінгі күні бұл түсінік өзгерді. Бүгінде 
педагогикада сөз арқылы ғана білім алу мүмкін еместігін айтады. Білімді әрекет етіп қана 
игеруге болады. Адам тек ізденіп, өз қолымен жасағанды жадында сақтайды. "Менің өзіме 
жасатсаң – үйренемін, маған айтып берсең – ұмытып қаламын" деген екен Конфуций. Сондық-
тан да әр сабақта оқушылар бұрыңғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді 
әрекеттер атқаруы керек: ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру.
Қазақ тілін нәтижелі үйрену үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – бүгінгі күннің 
маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек – талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге, 
оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолданудың мүмкін-
діктерін арттыруды көздейді. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі – 
оқушылардың тілін дамыту процесі. Себебі оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғы-
нып, ойының дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, 
басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сон-
дықтан да оқыту процесі нәтижелі болу үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр – сырын ауызша 
сөйлеу тілінде де, жазу мәдениетінде де ерекше ұғындыруымыз қажет. Қай заманда да орта 
білімнің ең басты мақсаты – оқушы баланы қоршаған ортасы мен қоғамы туралы өзіндік ой, 
пікір түйіп, сол ойды ауызша және жазбаша түрде жеткізе білуге үйрету. Егер, ол бала орта 
мектеп бағдарламасындағы қазақ тілі грамматикасының заңдылықтарын білмей, өз ойын 
сауатты түрде жазып жеткізе алмаса, онда орта мектеп бағдарламасының ең басты мақсаты-
ның орындалмағаны. Орта мектеп бағдарламасындағы қазақ тілінің ең негізгі міндеті – 
оқушыны сөйлеу мәдениетіне үйрете отырып, ойын сауатты жеткізе алуы үшін қазақ тілі 
грамматикасын оқушыға тереңнен меңгерту.


52 
Білім беру саласына енген жаңалықтар да синтаксис саласының мақсат міндеттерін 
айқындап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет