46
Құрмалас сөйлемнің ішінде салалас құрмалас сөйлемдерге тоқтала отырыып олардың
ерекшеліктерін, жасалу жолдарын, салаласты жасайтын амалдар, басқа да сипатын танытуда
автор 28 тараушаға бөліп қарастырған. Салалас құрмалас сөйлемдер атты тарауда автор
салаластың негізгі грамматикалық түрлеріне тоқтала отырып, олардың басты ерекшеліктеріне
жаңаша ғылыми көзқараспен талдауға негіздеген. Оның басты себебі автордың бұрынғы
классикалық бөліністі негізге ала отырып, әлі қарастырылмаған тұстарын қайта қарап ғылыми
қорытынды жасауында деп айтуға болады.
Атап айтқанда, салалас құрмалас сөйлемдердің мағынасы жағынан бірдей емес, 1 – ден
жалғаулықты түрлерді грамматикалық мағынасы жақтан 5 түрге бөлсе, семантикалық жақтан
да осылайша жіктейді. Осында басты назар аударатын мәселе көп функционалды
деп
жалғаулығының қызметі. Кезінде осы
деп тұлғасының мағыналық жағына қатысты ғылыми
жұмыстар жазылуына да Р. Әмір себеп болған.
Деп жалғаулығының салалас құрмаласты
жасаудағы грамматикалық мағынасы мен семантикалық жағынан топтастыру осы дептің көп
функционалдығын тағы да дәлелдейді.
Ыңғайлас салалас құрмаластарды жіктеуде олардың арасындағы грамматикалық әрі
семантикалық байланыстың әрқайысына талдау жасайды. Ыңғайлас слаластың арасында
болып жататын бір-бірімен ілесе болып жататын оқиға құбылыстардың мәндес, мағыналас
сипатын көрсетуде олардың жасалуын білдіретін әр түрлі тілдік бірліктердің қызметін мұқият
талдап көрсеткен.
Оқулықта қарсылықты салалас құрмаластың жасалуының түрлі себептерін жасауда
белсенді қызмет атқаратын тілдік бірліктердің қызметін
сонымен қатар, бірақ, алайда, ал,
Достарыңызбен бөлісу: