Республикалық жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өтетін М. Мақатев оқуларының ережесі



бет7/7
Дата24.02.2022
өлшемі21,37 Kb.
#26351
1   2   3   4   5   6   7
6. Қазылар алқасы

6.1. Мұқағали Мақатаев оқуларының қазылар алқасының құрамы төрағадан, хатшыдан және 8 алқа мүшелерінен тұрады.

6.2. Қазылар алқасының құрамын облыстық ұйымдастыру комитетінің ұсынуы бойынша облыстық білім басқармасының бастығы бекітеді.

Қазылар алқасы:

- талапкердің өнеріне талдау жасайды және 10 балдық жүйемен бағалайды;

- қатысушылардың өнерін бағалаудағы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

- жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды белгілейді.

- Алматы облыстық білім басқармасына Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының қорытындысы бойынша есеп береді.



7. Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

7.1. Мұқағали Мақатаев оқуларының ашылуы және қорытындылануы, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі салтатанатты түрде өтеді.

7.2.М. Мақатаев оқуларының соңғы кезеңінің жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша, Алматы облыстық білім басқармасының бас жүлде, 1, 2, 3 дәрежелі дипломдарымен және қатысқандары үшін алғыс хаттарымен марапатталады.

7.3 М. Мақатаев оқуларының шешуші кезеңінде әр номинация бойынша 7 жүлделі орын белгіленеді:

- Бас жүлде 1(біреу)

- 1 орын (біреу)

- 2 орын (екеу )

- 3 орын (үшеу)



Ескертпе. Республикалық байқауға қатысушылар алдын ала белгіленген уақытта Алматы қаласындағы «Саяхат» автобекетінде болулары керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет