2. Республикалық М ұқағали Мақатаев оқуларына қатысушылар
2.1. Мұқағали Мақатаев оқуларының республикалық кезеңіне әр облыстағы
өткізілген байқаудан жеңіп шыққан 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.
2.2. Әрбір облыстағы білім беру ұйымдарында өткізілген республикалық
Мұқағали Мақатаев оқуларының ережесі бойынша әр номинациядан 1 (бір)
оқушы, облыс бойынша барлығы 3 (үш) үміткер ұсынылады. Қатысушының
толық аты-жөні, облысы, ауданы, мектебі, сыныбы және жетекшісі мен
қатысушының байланыс телефондары туралы сұранысты Алматы облысының
білім басқармасына жіберілуі керек.
Алдыңғы жылдардағы Мұқағали оқуларының жеңімпаздары (бас жүлде) бұл оқуға қатыса алмайды.
Байқаудың республикалық кезеңі ағымдағы жылдың наурыз айында өткізіледі.
Райымбек ауданы Қарасаз ауылындағы Мәдениет үйінде өтеді. байқауға қатысатындар Райымбек ауданы Қарасаз ауылындағы «Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектеп-интернатының жатақханасына орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |