Республикалық жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өтетін М. Мақатев оқуларының ережесі



жүктеу 101.54 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі101.54 Kb.

Республикалық жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары  

арасында өтетін М. Мақатев оқуларының  

ЕРЕЖЕСІ 

 

1.



 

Жалпы ережелер 

 

М.  Мақатаев  оқуларының  құрылтайшылары  облыстық  білім  басқармасы, 



аудандық, қалалық білім бөлімдері мен басқармалары, жергілікті жерлердегі 

білім ұйымдары болып табылады. 

 

Осы  ережелер  республиканың  жалпы  білім  беретін  оқу  орындарының 



оқушылары  арасында  өткізілетін  М.  Мақатаев  оқуларының  мәртебесін, 

мақсаттары мен міндеттерін айқындайды. 

 

Республикалық  жалпы  білім  беретін  оқу  орындарының  оқушылары 



арасында өткізілетін М. Мақатаев оқуларының міндеттері мен мақсаттары: 

-

 



республиканың  жалпы  білім  беретін  оқу  орындарының 

оқушылары  арасында  М.  Мақатаевтың  шығармаларын 

насихаттау; 

-

 



республикалық  жалпы  білім  беретін  оқу  орындарының 

оқушыларының  шығармашылық  қабілеттерін,  эстетикалық 

талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау; 

-

 



оқушылардың  поэзияға  деген  құштарлығын  арттыру,  өлең 

сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне 

білуге үйрету. Өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін 

дамыту; 


-

 

жас  ақындарға  әлеуметтік-рухани  қолдау  көрсетіп,  олармен 



шығармашылық  жұмыс  түрлерін  жандандыру.  Жас  буынның 

тарихи 


танымдарын, 

демократияға 

және 

азаматтыққа 



бағдарланған  дүниетанымдары  мен  сана-сезімдерін,  өмірге 

көзқарасын қалыптастыру. 

                                  Мүшәйраның шарттары 

 

М.  Мақатаев  оқуларына  қатысатын  оқушының  жан-жақты  дарынды 



поэзияны  сүйетін,  оны  тақырыбына  сай  талдай  білетін,  ғылыми  жұмысқа 

бейімі бар, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті әрі ақындық талабы 

болуы шарт және облыстық байқаудың жүлдегері болу керек. 

М. Мақатаев оқуларына қатысушы үміткер ақиық ақын М. Мақатаевтың  

шығармашылығын  жақсы  білуі  керек  және  кез  келген  өлеңін  талдай  алуы  

қажет. Сонымен бірге талапкер өз шығармашылық қабілетін танытуы керек. 

 

«Айтып  өткен  ақында  арман  бар  ма?»    айдарында  –  оқушы 

Мұқағалидың  бір  өлеңін  ой  кестесіне  сай  көркемдеп  оқиды,  жүріс-тұрыс 

мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілік дәрежеде болуы тиіс (5-10 балл). 

 

«Көкірегімді  жыр  сәулесі  мазалайды...»  айдарында  оқушы  өз  төл 

туындысын оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына 

назар аударылады (5-10 балл). 



 

«Жыр  эстафетасы»  айдарында  үміткерлер  «Аққулар  ұйықтағанда», 

«Райымбек,  Райымбек»  поэмаларын  жатқа  толық  білуі  керек.  Оқушылар 

жеребе бойынша таңдауына түскен поэманы жатқа айту арқылы өзара сынға 

түседі. 


 

«Жырлайды  жүрек»  айдарында  берілген  дайын  ұйқасты  пайдалана 

отырып,  тұжырымды,  түйінді  бір  шумақ  өлең  туғызу.  Ол  ұтымды,  жұрт 

көңілінен шығардай болғаны абзал (5-10 балл). 

 

«Сыр сандықты ашып қара 

 

Ашып  қара,  сырласым»    айдарында  үміткер  сандықтан  шығатын 

Мұқағали  өлеңдерінің  шумақтары  бойынша  оның  тақырыптық  мазмұнын 

ашады,  көркем  ой  кестесімен  тақырыпты  дамытады.  Мұнда  шешендігі,  ой 

жүйелілігі, ұтымды жауабы ескеріледі. Мәселен «Көшеді өлең, немесе өшеді 

өлең»  немесе  «Шеше  сен  бақыттысың  тербете  бер,  Құба  талдан  иілген 

бесігімді» деген тақырыптағы өлеңдерінен ой өрістету (5-10 балл). 

 

«Мұқағали мұрасын кім көп біледі»  - сұрақ-жауап ойыны. Бұл «Ғасыр 

көшбасшысы» ойынындағы «Жорға» ойыны секілді, 1 минутта 10 сұрақтың 

қаншасына  жауап  берді,  әрі  оның  қаншасы  дұрыс  екендігі  ескеріледі.  Әр 

дұрыс жауап – 1 ұпай.  

 

Әр  айдарды қорғауға  3 минут беріледі 

 

М.  Мақатаев  оқуларының  соңғы  кезеңіне  қатысуға  жолдама  алған 



талапкер  туралы  толық  мәліметті  іріктеу  комиссиясы  республикалық 

ұйымдастыру  комитетіне  жібереді.  Қатысушылардың  аты-жөні  бүркеншек 

атпен (псевдоним) берілуі тиіс. 

 

М.  Мақатаев  оқуларына  қатысушы  талапкер  туралы  2  конверт  болуы 



керек. 1-ші конвертте мына мәліметтер болуы тиіс: мүшәйраға қатысушының 

толық  аты-жөні,  мектебі,  ауданы,  оқитын  сыныбы,  1  фотосуреті,  бүркеншік 

аты. 2-ші конвертте жоғарыда айтылғандай ақын шығармашылығы бойынша 

жазған ғылыми-зерттеу еңбектерін жіберулері  керек. 

 

1-ші  және  2-ші  конвертті  өздерімен  бірге  алып  келіп,  комиссия  



мүшелеріне  тапсырады.    Мұқағали  оқуларына  қатысушылар  Алматы 

қаласына  келгеннен  кейін  Алматы  қаласы,  Бөгенбай  батыр  көшесі,  53 



байланыс  телефоны:  (87272)  916223,  87024386652,  Жанқожаева 

Тұрсынгүл Кенжеғожақызына   хабарласуы керек.  

 

М.  Мақатаев  оқуларына  жалпы  білім  беретін  мектептердің  7-11  сынып 



оқушылары қатыса алады. 

 

Облыстық,  аудандық,  қалалық,  мектепішілік  М.  Мақатаев  оқуларын 



өткізудің  нақты  мерзімін  тиісті  білім  бөлімдері  мен  мекеме  басшылары 

белгілейді. 

 

М.  Мақатаев  оқуларының  соңғы  кезеңі,  республикалық  тур  Райымбек 



ауданы Қарасаз ауылында өткізіледі. 

2.

 

Қаржыландыру 

 

Облыстық,  аудандық,  қалалық,  мектепішілік  М.  Мақатаев  оқуларын 



өткізудің  1-  кезеңін  қаржыландыруды  тиісті  білім  органдары  жүзеге 

асырады. 



 

М.  Мақатаев  оқуларына  қатысушылардың  жолда  жүруге  байланысты 

шығындарын, орналастыруын жіберіп отырған мекеме көтереді. 

 

М. Мақатаев оқуларына қатысушылары тамақтандыру, марапаттауға және 



жүлделері мен кеңсе заттарын сатып алуға байланысты шығындарын Алматы 

облыстық білім басқармасы көтереді. 

 

 

                                              4. Жұмыс органдары 



 

М.  Мақатаев  оқуларының  шешуші  соңғы  кезеңін  дайындау  және  өткізу 

жөніндегі  ұйымдастыру  жұмыстарын  жүзеге  асыру  және  үйлестіру 

мақсатында  облыстық  білім  басқармасының  бұйрығымен  ұйымдастыру 

комитеті құрылады. 

 

Республикалық  ұйымдастыру  комитетінің  құрамына  облыстық  білім 



басқармасы  мен  облыстық  білім  ұйымдарының  қызметкерлері,  тиісті 

аудандық білім бөлімдерінің жетекшілері енгізіледі. 

 

М. Мақатаев оқуларының соңғы кезеңін өткізудің ұйымдастыру комитеті: 



-

 

М. Мақатаев оқуларының өткізудің жалпы тәртібін белгілейді; 



-

 

Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады; 



-

 

М. 



Мақатаев 

оқуларының 

материалдарын 

баспасөзге 

жариялауға береді. 

 

Республикалық  ұйымдастыру  комитетінің  төрағасы  –  облыстық  білім 



басқармасының басшысы. 

3.

 

Қазылар алқасы 

 

М.  Мақатаев  оқуларының  қазылар  алқасының  құрамы  төрағадан, 



хатшыдан және 4-6 алқа мүшелерінен тұрады. 

 

Қазылар алқасының құрамын облыстық ұйымдастыру комитетінің ұсынуы 



бойынша облыстық білім басқармасының басшысы бекітеді. 

 

Қазылар алқасы: 



-

 

талапкердің  өнеріне  талдау  жасайды  және  10  балдық  жүйемен 



бағалайды; 

-

 



қатысушылардың  өнерін  бағалаудағы  мәселелерді  талқылайды 

және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді; 

-

 

жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі. 



 

Облыстық  білім  басқармасына  М.  Мақатаев  оқуларының  қорытындысы 

бойынша есеп береді. 

4.

 

Жүлдегерлерді марапаттау 

 

М. 



Мақатаев 

оқуларының 

ашылуы 

және 


қорытындылануы, 

жеңімпаздарды марапаттау рәсімі салтатанатты түрде өтеді. 

 

М.  Мақатаев  оқуларының  облыстық,  аудандық,  қалалық  жеңімпаздары 



тиісті  білім  мекемелерінің  дипломдарымен,  ынталандыру  грамоталарымен 

және ескерткіш сыйлықтармен марапатталады. 

 

М.  Мақатаев  оқуларының  соңғы  кезеңінің  жүлдегерлері  қазылар 



алқасының шешімі бойынша, Алматы облыстық білім басқармасының 1, 2, 3 

дәрежелі  дипломдарымен,  ынталандыру  грамоталарымен  және  бағалы 

сыйлықтармен марапатталады. 


 

М. Мақатаев оқуларының шешуші кезеңінде 9 жүлделі орын белгіленеді: 

-

 

бас жүлде 



-

 

1 орын (екеу) 



-

 

2 орын (үшеу) 



-

 

3 орын (үшеу) 



Қосымша ескерту: 

 «Ақын    мұражайына    менің  үлесім...».  М.Мақатаев  оқуларының 

шарттарынан  тыс  мүшайраға  қатысушы  ақын  шығармашылығына  

байланысты    жеке    қолынан  жасаған    бұйымдары,  суреттері,  кестелері,  

ақынның    танылмаған    қырын  көрсететін  жобалары,  зерттеулері,  ақын  

жайлы    ел    аузындағы    естілмеген    естеліктерін  ұсынады.  Ұсынылған  

заттары  ақын    мұражайынан  арнайы    орынға    жыл  сайын    жинақталып  

отырылады. Бұл  айдар ерікті түрде, ұпай саны есептелмейді. 

 

 



 

Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет