Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет дат! 6-б етте Қуаныш СҰлтанов



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата12.01.2017
өлшемі6,66 Mb.
#1735
1   2   3   4   5   6

– Қуаныш Сұлтанұлы, сіз тәуелсіз 

Қазақ елінің құрылғанына куә 

болып қана қоймай, Елбасымен 

бірге еліміздің іргетасын қалыптас-

тыру барысына тікелей қатыстыңыз. 

Ендеше, естелік ретінде айтып 

өтсеңіз, осыдан 20 жыл бұрын 

Тәуелсіздік жарияланғанда сіз 

қандай қызметте едіңіз? Тәуелсіз-

діктің жариялануын қандай 

сезіммен қарсы алдыңыз? 

– 1991 жылдың тамызына қарай бір 

кездегі қуатты партия құрдымға кете бас-

тады. Партия атқаратын құзыреттің барлы-

ғы жаңадан құрылып жатқан мемлекеттік 

құрылымдарға ауысып жатқан кез. Сол 

тұста Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен 

бірнеше маңызды министрліктер, солардың 

алғашқылары болып Бұқаралық ақпарат 

құралдары және баспасөз министрлігі 

құрылды. Идеологиядағы БАҚ-тың рөлі 

үлкен еді. Саясаттың жұмыс бағыты да БАҚ 

арқылы жүргізілді. Осындай жауапты 

салаға тұңғыш министр болып тағайындал-

дым. Сол тұста мен Жоғарғы Кеңестің 

құрамындағы депутат та едім. Бірнеше ай 

министрдің қызметін қатар алып жүруіме 

тура келді. Кейіннен жаңа заң шығып, 

желтоқсанның соңына таман депутаттық 

өкілеттігімді тапсыруға тиіс болатынмын. 

Сондықтан да Тәуелсіздік заңы қабылдана-

тын 16 желтоқсан күні Жоғарғы Кеңестің 

отырысына, бір жағынан, депутат, екінші 

жағынан, министр ретінде қатыстым. Сөз 

сөйледім. Пікірімді айтып, ұстанымымды 

таныттым. Қазір айтуға оңай, дегенмен сол 

кезде Тәуелсіздік жариялау барысының өзі 

оңайға соққан жоқ. Ұлты басқа депутат-

тардың біразы қарсылық көрсетіп бақты. 

Заң жобасын әзірлеуді басқарған заңгер 

Сұлтан Сартаев ағамыз сауатты құжат 

жасап, ол туралы баяндама жасаған-ды. 

Сонда кейбір депутаттар «біз кімнен тәуел-

сіздік алмақпыз?!» дегендей қитұрқылыққа 

басты, арандатқыш сұрақтарын ортаға 

салды. Кейбірі референдум өткізу керектігін 

айтты. Ал ондай референдум біздің жағ-

дайымызға мүлдем теріс әсер ететін еді. 

Өйткені сол жылдары республикамыз дағы 

қазақ саны 36 пайызды ғана құрайтын, 

яғни ұтылатынымыз анық болатын. Сол 

үшін референдумға жол бермеуге тырыс-

тық. Ақыр соңында бір азғантай топтың 

қарсылығына қарамастан, кешке қарай заң 

қабылданды. Бұл «Қазақстан Республика-

сы ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң 

болатын. Дәл сол кезде біз тұңғыш рет 

бұғаудан босанған секілді үлкен сезімді, 

бостандық рухын бастан кешірдік. Бұл 

қайталанбас сезім еді. Оны сөзбен айтып 

жеткізу де қиындау. Әйтсе де алды-арты-

мызды бағамдамай, «Тәуелсіздікті алдық 

та, жарияладық» деп жалған айта алмай-

мын. Қорқыныш болды. Тәуелсіздік жария-

ланғаннан кейінгі үрей де басым болды. 

«Алдымыз қалай болар екен, ел қайтер 

екен, қайда барамыз, кім боламыз?» деген 

ойымызды қанша сан-саққа жүгірткені міз-

бен, нақты жауап таба қойылуы қиын. 

Өйткені біз өзіміз қазір ғана құтылған 

жүйенің қуатын да, қайратын да білетінбіз. 

Сол жүйе қайта күш алып, келе қалса, бізді 

аямайтынын да білетінбіз. Ондай жағдайда 

Тәуелсіздік үшін құрбанның кім болатынын 

да өзіміз сездік. 

Дегенмен біз үшін сол кезеңдегі басты 

идеологиямыз Тәуелсіздік болды. Тәуел-

сіздік идеологиясының сол тұстағы мәнісі: 

ең алдымен ұлтыңды, Отаныңды сүй, туған 

тіліңді құрметте, сол арқылы еңсеңді көтер, 

азат Қазақ елі! Бұл идеология осылай 

туындай беруі тиіс болатын. Өйткені жұрт-

шы 

лыққа азаттықтың ақиқатын анық 



сезінуі ауадай қажет-тін. Ал оның өзі қы-

руар жұмысты талап етті. Тарихтың терең-

дігі, тарихтың әділеттілігі, ақтаңдақтардан 

арылу, шынайы тарихты қалпына келтіру 

– мұның баршасы қыруар идеологиялық 

жұмысты талап етті, соларды кешіктірмей 

қолға алуға тура келді. Әрине, Тәуелсіздікті 

бүгін жариялап, ертең өз-өзінен мемлекет 

құрыла салады, содан бәрі бір арнаға түсе 

кетеді деген ой болған жоқ. Қазір кейінге 

қарап әңгіме ретінде айту оңай, ал сол 

кездегі Тәуелсіздіктің тәуекелі тың береке 

болғанымен, тым күрделі мәселе еді. «Енді 

не істейміз? Қайсысын бұрын қолға ала-

мыз? Не маңызды?» деген сұраққа Елбасы-

дан бастап бәріміз де жауапты болатынбыз. 

Осындай қиындықтан көшбасшылықтың 

дұрыс бағдар ұстануы мен ұлттық қабілеті-

міздің қайсарлығы арқылы аман шықтық 

деп айта аламын. 



– Рас, Тәуелсіздікті жариялау бар 

да, оған қол жеткізу бар. Осы 

тұрғыдан алғанда, отарлану 

салдарынан толық арылып болдық 

па? Біздің қоғам Тәуелсіздік рухын 

қаншалықты сезіне алды? 

– Тәуелсіздік – бізді тіпті өзіміз болжай 

алмаған биікке шығарды. Осы 20 жылда 

бұдан бұрынғы 200 жылда қол жетпеген 

арманға қол жетті. Алайда Тәуелсіздіктің 

берген мүмкіндігін толық пайдалана алма-

ған, әсіресе отарлану салдарынан арылуға 

пайдалана алмаған жерлеріміз баршылық. 

Әрине, бұл – бір ғана адамның қолында 

тұр ған, әйтпесе қандай да бір бұйрықтар-

мен, жарлықтармен шешімін таба қоятын   

дүние емес. Мәселен, Тәуелсіздік рухына 

қатысты Президент Н.Назарбаев аз айтып 

жатқан жоқ. «Қазақ қазақпен қазақша сөй-

лессін» деді Елбасы. Нәтиже нешік? Сөйте 

тұра біз неге басқа жұртқа өзіміздің өкпе-

міз ді айтуымыз керек? Қазақ қазақ тіліне 

қатысты мәселеде ешкімге өкпе айта ал-

май ды. Тарихқа тоңмойындар ғана өкпе 

артудан жалықпайды. Рас, бұрынғы Кеңес 

Одағында СОКП Орталық комитетінің орыс 

тілінің қуатын көтеруге қатысты қаулысы 

болды. Қазақ тіліне қатысты ешбір мәселе 

ашық көтерілген де емес еді. Поштаға 

барып, қазақ тілінде телеграмма саламын 

десең, саған аспаннан түскендей қарайтын. 

Басқа ұлттың өкілдері «сен неге мен (яғни 

кеңес азаматы) түсінбейтін тілде сөйлей-

сің?» дегенді нұқып тұратын. Ал қазір ше? 

Қазіргі жағдай, шынымен де, біздің ұлттық 

санамыздың толық оянбай жатқанын білді-

реді. Басынан талай тоқырауды өткізген, 

сондықтан да тіл тура лы тебірене айта 

алатын менің кейбір заман дастарымның 

өзі немерелерімен өзге тілде сөйлесу әдетін 

әлі де қоя алмай келеді. «Арыла алмай жүр» 

дегеннің бірі – осы. Дегенмен болашақтан 

күтер үміт мол. Біз тілдік мәселені науқан-

шылдықпен, әйт 

песе ұраншылдықпен 

өткізгеннен ештеңе ұтпай мыз. Бұл да – са-

на ның мәселесі. Меніңше, келесі буынның 

санасы, әсіресе тілге қатысты санасы 

оянады. Ұлты қазақ емес жастардың өзі 

қазақшаға бет бұрған. Бұл – жақсылықтың 

нышаны. Осы тұрғыдан алғанда, алдағы 

уақытта отаршылдық зардабынан толық 

арыла аламыз деп айта аламын. Оның үсті-

не, қазақтың арасын тіл білетін, тіл білмей-

тін деп бөлуді доғару керек. Қазақша біл-

мей тін топтың қаны – қазақ. Оның өзі ана 

тілін білмегенімен, келесі ұрпағының қаны 

тартады, онымен бірге санасы да сілкінеді. 

Біздің ортамыз да – соған ыңғайлы тәуелсіз 

елдің ортасы. Тек тілге қатысты ортақ мүдде 

болуы керек.

Жалпылама алғанда, құлдық санадан 

арыла алмауды білдіретін тілден басқа да 

көптеген белгі баршылық. Мәселен,  20 жыл 

ішінде елді мекендердің де атауы толық 

өзгере алмады. Әсіресе өңірлерде. Қайта 

орталық қалаларда көше атаулары өзгерді, 

ал жергілікті жерлерде мызғымай 

тын 


«баяғы жартас – сол жартас». Бұған қара-

сақ, кейбір жағдайларда біздің санамызда-

ғы отаршыл дықтың сарқыншағы әлі де 

қалғанын  бай қай мыз. 



– Неге арыла алмай отырмыз 

және арылудың жолы қайсы?

– Менің байқауымша, атау ауыстыру 

мәселесінде жергілікті биліктегі атқамі-

нерлер бейқамдық танытып отыр. Өңір 

бас шысы ұлттық атауларды қайтару маңы-

зын білмейді не жете түсінбейді. Түсінсе де, 

құлықты емес болып отырғандар да болуы 

мүмкін. Не болмаса ондай адамдар халық 

алдында беделсіз болуы мүмкін. Осындай 

ынтасыздықтан барып қос тараптың нара-

зы лығы тууы кәдік. «Арылудың жолы – 

жергілікті халықпен жұмыс істеу керек» деп 

ойлаймын. Билік қоғаммен үздіксіз қаты-

наста, пікір алысуда болуы қажет. 1993 

жылы Петропавл қаласындағы бұрынғы 

Коммунистік даңғылына Мағжан Жұма-

баев тың есімі берілді. Сол кезде қаладағы 

қазақтардың саны тіпті аз болатын, қазір де 

көп емес. Атауды ауыстыруға қарсы болған 

облыс пен қаладағы казактар, басқа ұлт 

өкілдері наразылық шеруіне шықты. Вице-

премьер ретінде соған баруыма тура келді. 

Менімен бірге Әбіш Кекілбаев та барды. Біз 

наразылық шеруіне шыққан жергілікті 

жұртшылықпен сөйлестік. Ішінде бірде-бір 

қазағы жоқ аудиторияға әңгіме айтуға тура 

келді. Мағжанның кім екенін түсіндіріп 

бақтық. Коммунистік партияның саясаты-

мен атылып кеткен құрбан екенін, «Қазақ-

тың Пушкині» екенін жеткіздік. Сонда ғана 

жергілікті басқа жұрт Мағжанды мойында-

ды. Әрине, олардың бөркін аспанға ата 

қуанғанын көргенім жоқ, бірақ наразы топ 

қазақтың құрбан болған ұлының ірілігін 

мойындады. Оның есімінің ұлықталуы тиіс 

құқын да, деңгейін де мойындады. Тіпті 

«біз мұны білмеппіз ғой» деп айтқандары 

да есте. Ал солардың білмегені үшін кімді  

кінәлаймыз?! Тіпті сол кездері басқа түгіл, 

өзіміз де Мағжанмен енді ғана қауышып, 

танып жаттық емес пе?! Мінеки, осындай 

жұмыстар толассыз болуы тиіс еді. Алда 

солай болса деп тілеймін. 

– Тәуелсіздік тұғырлы болуы 

үшін біздің келешекте нені сақтауы-

мыз, неден арылуымыз керек?

– Әуел бастан солай болғаны секілді 

Тәуелсіздіктің қауіпсіздігін мәңгі бақи 

қамтамасыз етуді ойдан еш шығармауға 

тиіспіз. Бұл санадан бір сәт те шет қалмауы-

мыз шарт. Тағы да айтамын, Тәуелсіздіктің 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең алдымен, 

халықтың санасындағы дүние. Сол сана 

арқылы әрбір адам мемлекетінің тұрпатына, 

болмысына өз үлесін қосса игі. Оның үстіне, 

Тәуелсіздік – жалаң ұран емес. Сондықтан 

да Тәуелсіздіктің қауіпсіздігіне әлеуметтік 

тұрғыдан да қараған лазым. Елдің тұрмыс-

әлеуеті артып, қазіргі экономикалық жетіс-

тік тер тұрақтанса, оны ары қарай өрбітсек 

игі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

үдемелі индустриялық дамуды ұлттық 

идеология деңгейіне көтеріп отыр. Бұл да 

– Тәуелсіздік қауіпсіздігінің бір тетігі. Қазақ 

ұлтының дүниежүзілік бәсекеге қабілетті 

болуы да экономикадан арыға кетіп, Тәуел-

сіздікке тірелетіні ақиқат. Ал бәсекелестіктің 

өзі еңбек арқылы келеді. Екінші басты 

мәселе – ұлттың өсімін қамтамасыз етіп, 

тыныштықты қамту. Ұлттық өсімнің де, 

тыныштықтың қамтылуының да құрамдас 

бөліктері жетерлік. Бұған айрықша назар  

аударылса игі. Отаншылдық тәрбиені де 

тереңдеткен абзал. Бір сөзбен айтқанда, 

Тәуелсіздіктің қауіпсіздігі мәселесінде назар 

аударатын мәселе жетерлік. Мәселен, 

сырттан қауіп көп-ақ. Әрине, Қазақстанға 

нақты бір тұстан соғыс ашқалы кезеніп 

тұрған ешкім жоқ. Бірақ неше түрлі аранда-

ту шы күштер жүр. Біздің заманымыздың 

ерекшелігі осында. Көзге көрінбейтін қа-

тер лер де – соның айғағы. Мұнда да айта-

тын дүние санаға тіреледі. Басқасын айт-

пай-ақ, кешегі елді дүрліктірген лаңкестік 

әрекет тердің баршасы сананың осалдығы-

нан туды. Лаңкестікке барғанның барлығы 

– қазақтың жігіттері. Санадан болған сы-

нық оларды осылай улады. Санасы мықты 

қоғамды, санасы биік адамды сырттан да, 

іштен де ешбір күш іріте алмайды. 

– Жақында Парламент Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 20 

жы л дығы  Декларациясын  қабыл-

дады. Бұл құжаттың келешек үшін 

мәні мен маңызы қандай деп айтар 

едіңіз? 

– Парламенттің осы бастамасын 

Президент қолдаған болатын. Расымен, 

өркениет тәжірибесінде елеулі кезеңдерді 

ескеру бар. Бұған дейінгі атқарылған істерді 

бір саралап, болашақпен соны ұштастыру-

дың маңызы зор. Сол тұрғыдан алғанда, 

Парламентте халықтың назарын аударатын 

құжаттың қабылданғаны орынды болды. 

1997 жылы астана Ақмолаға көшкенде 

Үкімет Парламентпен бірлесіп халыққа 

үндеу жариялағаны есіме түседі. Ол да 

елеулі оқиға еді. Сол секілді 20 жылдықта 

негізгі жетістіктерімізді айта отырып, соған 

сүйене отырып, болашақты қамтамасыз 

ететін мәселе көтерілді. Саяси құжаттың 

салмағы да болашақ үшін зор. Отаншыл-

дықты, адамның рухын, санасын көтеретін 

мәселе. Жақсылықты айтудан қашпай, 

келешекті дұрыс бағамдау деп білемін. 

Кем-кетікті жою үшін жақсы рухты, жақсы 

көзқарасты пайдалану керек. Тағы айтарым, 

рухани бостандықпен бірге серпіліп, жаңа 

шыңға қарай көтерілгеннен ұтарымыз да 

мол болмақ. Қандай нәрсе болсын жеңіске 

жетелейтін – халықтың рухы. Сол рух арқы-

лы сапа көрсетіледі. 

Сұхбаттасқан Қанат ҚАЗЫ

ДАТ!


Қуаныш СҰЛТАНОВ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері: 

Тәуелсіздік – ұлттық сана жемісі

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№224 (676) 

16.12.2011 жыл, 

жұма


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz



Кристиан ВУЛЬФФ, Германия Федеративті Республикасының Президенті:

– Қазақстан Республикасы биыл Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт аралығында Сіздің еліңіз ғажайып жолды 

жүріп өтті. Мақтануға лайық көп жетістікке жеттіңіздер және алдарыңызда барлық азаматтың мүддесіне сәйкес елді 

модернизациялау үшін әлі талай шаруа тұр. 

1991 жылдан бері біздің елдеріміздің арасында достық қарым-қатынас орнады. Алғашқы жылдардан бастап Германия Қазақстанға 

белсенді қолдау білдірді. Германия құндылықтар мен құқыққа негізделген саяси диалогті тереңдете отырып, алдағы уақытта да Сіздің 

елдің сенімді әріптесі болып қала береді. 

Сізге және Қазақстан халқына бейбітшілік, бостандық пен гүлденуге негізделген жарқын болашақ, барлық жақсылықты тілеймін

АЛАШ АЗАМАТЫ

яғни ұтылатынымыз анық болатын. Сол

тілінің қуатын көтеруге қатысты қаулысы

н

б

зы



қ

м

а



ы

з

ж



о

н

ж



К

б

қ



к

о

ө



п

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТІЛЕГІМ БАР...

Тәуелсіздіктің мән-мазмұнын, мағынасын, өткен-кеткенін бажайлап, мей-

лін ше өз санамнан өткізіп бағалай алатын жастамын. Жай жаста емеспін, көр-

генім арқылы, білек сыбанып кіріскенім, қатынасқаным арқылы білемін – 

Тәуелсіздіктің құны ешбір нәрсемен өлшенбейді. Дүниеде ешбір мәселедегі 

теңдесі жоқ құбылыс – Тәуелсіздік. Біздің тегіміз – Тәуелсіздік, санамыз, рухы-

мыз – Тәуелсіздік. Ендігі жерде Тәуелсіздік болмаса, қазақ жұрты болмай 

қалуымыз да ғажап емес. Сондықтан да келер ұрпақ Тәуелсіздіктің сапасын, 

санасын, құнын түсінетін әрі бізден де қуатты болса екен. Біз Тәуелсіздік алға-

нымыз үшін кезіндегі Алаш зиялыларынан еш әулие емеспіз. Олардан сана мыз 

да соншалықты артық емес. Алайда тағдыр бізге Тәуелсіздікті жариялау 

құзыреті мен құдіретін сыйлады. Ендеше, біз оны мұраға, мәңгілік мұраға 

қалдыруға тиіспіз. Мұраға иегерлердің қабілеті бізден жоғары болуы тиіс. 

Олар дың сондай болатынына сенімдімін де. Бір сөзбен айтқанда, өзін де, хал-

қын да ұшпаққа жеткізетін ұрпақ келе жатыр деп санаймын. Соған тілектес пін! 

?

С А У А Л Н А М А

С А У А Л Н А М А

1) Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі деп нені айтар едіңіз?

2) Алдағы уақытта бірінші кезекте шешілуі тиіс қандай мәселе деп ойлайсыз?

Тасбай 

СИМАМБАЕВ, 

Сенат депутаты:

Асқар 

СЫРҒАБАЕВ, 

экономист ғалым:

1) Тәуелсіздікке қол жеткізу бізге оңайға түскен жоқ. Одан 

беріде Тәуелсіздіктің қадіріне жетіп, оны ұстап тұру, мемлекетті 

аяғынан тік тұрғызып, халықтың әл-ауқатын көтеру – оңай 

шаруа емес. Сондықтан біздің 20 жыл ішіндегі басты жетістігі-

міз осы жылдар ішінде егемен ел ретінде аяғымыздан тік 

тұрып, экономикамызды тіктеп алғанымыз деп ойлаймын. 

2) Біз қазір мемлекет ретінде қалыптасқанымызды 

дәлелде дік. Ендігі жерде халықтың әлеуметтік жағдайының 

көтеріліп, әл-ауқатының жақсаруы үшін жұмыс істеуіміз 

керек. Өйткені елдің ертеңіне халық сенгенде ғана біз мықты 

мемлекетке айналамыз. Мемлекеттің басты байлығы халық 

екенін ескере отырып, халықтың жарқын болашағы үшін 

жұмыс істеу алдағы уақыттағы алғашқы кезекте атқарылар 

істің ең бастысы дер едім.

1) Ең басты жетістігіміз әлем елдері арасында өзімізді егеменді ел ретінде 

жан-жақты танытуымыз деп білемін! Қазіргі таңда жас та болса қарыштап дамып 

келе жатқан Қазақстанды әлем елдері жақсы таниды. Қазақстанның эко но-

микасы еліміздің дамуы жөнінен көзге түссе, мәде ние тін халықаралық дәре жеде 

мойындатып жүрген таланттылар баршы лық. Ал саясат саласында Елбасы ның 

ұстанған бағытын талай дамыған ел мойындап, үлгі етуде. Бұл – біз дің мемлекет 

қалыптастыру кезеңінде дұрыс бағытты ұстанып келе жатқаны мыз дың айғағы. 

Қа зіргі таңда бірқатар елдің Қазақстанмен дипло ма тиялық тең дәрежеде саяси, 

мәдени, экономикалық, ғылыми байланыстарда жұмыс істеуге талпынуы – 

Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде мойындалғанының белгі сі. 

2) Ал алдағы уақытта шешілуі тиіс ең басты мәселе – демократия. Қазірдің 

өзін де мұның алғышарттары жасалып жатыр. Мәселен, көппартия лы мемлекет 

құ ру, қоғамдағы азаматтардың белсенділігін арттыру арқылы еліміздегі демо-

кра тия ны дамыту – басты мәселе.

Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Шерубай 

ҚҰРМАНБАЙ, ҚР 

Мәдениет минис-

трлігі Тіл комитеті-

нің төрағасы, фи-

лология ғылымы-

ның докторы, про-

фессор:

1) Тәуелсіздіктің арқасында жеткен жетістіктеріміз өте 

көп. Соның ішіндегі ең басты жетістігіміз – мәдени мұралар 

мен ұлт ретіндегі тарихымызды жаңғыртуға қол жеткізуіміз, 

қалпына келтіруіміз. Сондай-ақ ұлттық тіліміздің мемле-

кеттік мәртебеге ие болуы – мен үшін өте үлкен жетістік. 

Мем лекетімізді өз тілімізде басқарып, ғылым мен білім 

саласының қазақ тілінде өркендеуі ұлт үшін үлкен мақта-

ныш болуы тиіс.  

2) Еліміздің қай саласында болсын ең бірінші кезекте 

шешілуі тиіс мәселелер әлі де болса жеткілікті. Соның 

ішінде қазақ тілінің терминологиялық тұрғыдан сөздік 

қорының көбейіп, өмірлік қолданысын кеңейту басты 

мақсатымыз болуы тиіс. Тағы бір айта кетер жайт, осынау 

ұлан-байтақ жерге ие болып, Тәуелсіз еліміздің тұғыры 

мықты болуы үшін демографиялық жағдайымызды 

жақсартуға тырысуымыз қажет. Осы бағытта мемлекеттің 

басты мақсаттарының бірі халық санын ұлғайту болуы 

керек деп ойлаймын.


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№222 (676) 16.12.2011 жыл, сәрсенбі          



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

БІР СҰРАҚ

ШАР

А

Алтай мен Атыраудың 



арасындағы ұлан-ғайыр 

кеңістіктің маңдайымызға 

жазылуы  – Жаратқанның 

қазаққа деген мейірімі мен 

ризалық сыйы шығар. Сондай-

ақ бір кездері бастан өткерген 

тарихи тағдырымыз да бүгін, 

қарасақ, өзімізге жақсылық 

болып қайтып жатқандай. 

Яғни «асыра сілтеу болмасын, 

аша тұяқ қалмасын» деген 

голощекиндік саясат пен 

байларды тәркілеу тұсында 

малын жанының садағасы 

деген қазақ ұрпағының 

бойында ұлттық қасиетін 

сақтап қалу үшін шартарапқа 

тарыдай шашырап кеткенін 

білесіздер. Күні кешеге 

дейін біз соны қасірет деп 

танып келсек, енді бүгін 

Тәуелсіздігіміздің 

20 жылдығы тұсында, 

тәуелсіз елдің көзімен 

қарап көрсек, ол тарихи 

тағдырымыз қайта өзімізді 

дүниенің төрт бұрышына кең 

қанат жаюымызға әкелген 

сынды...

Қазақ спортындағы ең сәтті жыл

Алдымен басшылардың пікірлерін бі-

лу ді жөн көріп, Туризм және спорт ми-

нистр лігі Спорт комитетінің төрағасы Ел-

сияр Қанағатовқа хабарластық.

– Меніңше, қазақ спорты үшін бәрінен 

де биылғы жыл жемісті болған сияқты. 

Өйт кені қай тұрғыда болсын алға қа рыш-

тап басудамыз. Спортқа бұқара халықтың 

да қызығушылығы артып, қазір еліміздің 

18 пайыздан астамы салауатты өмір салтын 

ұстана бастады. Республи 

камыздың әр 

аймағында жасанды алаңдар мен жас 

жеткіншектерге арналған спорт кешендері 

ашылуда. Халықаралық аренадағы жетіс-

тік теріміз де аз емес. Биыл әлем чемпионат-

та рында барлығы 15 медальға қол жет-

кіздік. Тәуелсіз ел тарихына көз жүгіртсек, 

бұ 


рын-соңды дүниежүзілік додаларда 

мұн ша медальға ие болып көрмегенбіз. Ал 

Олимпиада ойындары өткен жылдар 

туралы айтар болсақ, 1996 жылғы жетісті-

гі мізді әлі қайталай алмай келеміз. Де ген-

мен бұл олқылықтың орнын келесі жылы 

тол тырамыз деген үміт бар, – деп жауап 

бер ді Елсияр Баймұхамедұлы. Ал Сидней 

Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан 

Ыб райымовтың жауабы өзгешелеу болып 

шықты.

– Кез келген елдің спорттағы биіктігі 



Олимпиадамен өлшенеді ғой. Бұл тұрғыда 

қа зақ спорты үшін 2000 жыл жемісті бол-

ды. Кеңестік мектептің түлектері мен Тә уел-

сіз Қазақстан спорт мектебі өкілде рінің 

то ғыс қан  жылында  Сидней  Олим пиа да-

сын да үш алтын алдық. Бейресми жал пы-

ко мандалық есепте 22-орынға тұрақтап, 

Ис пания, Түркия сынды елдерді артымызда 

қал дырдық. Сонымен қатар биылғы жыл-

ды да қазақ спорты үшін сәтті өтті деуге 

не гіз бар. Сөзіміздің дәлелі ретінде қазақ 

же рінде өткен VII қысқы Азия ойындарын 

атап көрсетсек, жетіп жатыр, – деді даңқты 

бокс шымыз. Сондай-ақ белгілі спорт жур-

на  лисі  Қыдырбек  Рысбек  те  Ыб ра йы мов-

тың сөзін қостап, соған сәйкес бір мысалды 

көлденең тартты.

– Орта есеппен Алматының әуежайына 

күніне 4000 адам барады екен. Ал Сидней 

Олимпиадасынан кейін олжа салған қан-

дас тарымызды күтіп алу үшін таңғы сағат 

төрттер шамасында әуежайға 4500 адам 

жиналған еді. Міне, қуаныш, ілтипат деп 

осы ны айт. «Бір ғана спорт түрі» деп бөл-

мей-ақ қояйық, бірақ төрт бірдей қа зақ 

жі гітінің Олимпиада ойындарының фи на-

лы на шығып, оның екеуі жеңімпаз атан ға-

ны – үлкен жетістік. Сондай-ақ 2005 жыл 

да ел спортына үлкен қуаныш сыйлаған 

еді. Серік Сәпиев, Ердос Жаңабергенов 

сын ды екі қазақ боксшысы әлем чемпионы 

ата нып, мерейімізді тасытты, – деді ұлт-

жан ды ағамыз. Сонымен қатар бұл сұраққа 

қа зақтың әйгілі мұзбалағы Мақсұт Жұ-

маевтың да ойын білгенбіз. 

– Қарақорымдағы «өлім нүктесі» ата-

лып кеткен К2 шыңына шығуға бұған дейін 

бес мәрте талпынғанбыз. Биыл, міне, сол 

шыңның ұшар биігінде қазақтың көк Туын 

жел 


біреттік. Сөйтіп, Тәуелсіздік алған 

алғаш қы жылдарда қабылданған «Әлем-

нің ең биік 14 шыңына шығу» бағдарлама-

сын сәтті аяқтадық. Яғни Қазақстан аль пи-

низ мі үшін биыл бәрінен сәтті жыл болды, 

– деді күні кеше ғана Құрмет орденімен 

марапатталған саңлағымыз. Спортшы-

лары мыздың пікірін білдік. Сөйтіп, спорт-

тың әр түріндегі жетістіктерден хабардар 

әріптестеріміздің де ойын білгіміз келді. 

– Спорт туралы қалам тербеп жүр ге ні-

міз ге біраз жылдың жүзі болды ғой. Бірақ 

шы нын айту керек, биылғы жылы жазар 

жақсы жаңалық көп болды. VII қысқы Азия 

ойындарын өткізіп, сары құрлық бо йын ша 

командалық сында бірінші орынға 

көтерілдік. Керемет спорттық кешендер 

пайдалануға берілді. Шаңғымен тұғырдан 

се кіруден, велотректен, конькимен жү гі ру-

ден Әлем кубоктарының кезеңдері өтті. 

2017 жылғы қысқы Универсиаданы Алма-

ты қаласында өткізу құқығын жеңіп алдық 

та, «Олимпиада ойындарын өткізсек» де-

ген арманымызға жақындай түстік. Соны-

мен қатар биыл тұңғыш рет Қазақстаннан 

үш дүркін әлем чемпионы шықты, – деп 

қыл қалам шебері Михаил Васильев биыл-

ғы жылдың аса сәтті болғанын мысалдар-

мен келтірді.

Сонымен, әлқиссамызда айтып өтке-

німіздей, әр жылдың өз ерекшелігі болға-

нына тағы бір рет көз жеткізіп отырмыз. 

Дегенмен елімізбен бірге спортымыз да 

дамып келе жатыр ғой. Қай спорт түрін 

алсақ та, ешқайсысы да бір орында тұралап 

қалған жоқ. Алға нық қадаммен басып 

келеміз. Сондықтан бар жетістіктеріміз әлі 

алда деп сенеміз.



Қазақ спорты үшін 

әр жылдың өз орны бар. 

«Бір жылдарда әлем 

чемпионатында сәтті өнер 

көрсетсек, бір жылдарда 

Олимпиада ойындарында 

атой салдық, бүкіл әлемнің 

назарын аудартып, ірі 

доданы ұйымдастырдық» 

дегендей, әр жыл өзінше бір 

оқиғаларымен ерекшеленеді. 

Дегенмен Тәуелсіздігімізді 

алған 20 жыл ішіндегі ең 

сәтті жылды анықтау үшін 

«Қазақ спорты үшін ең 

жемісті жыл қайсы болды?» 

деген сұрақты спортшылар 

мен мамандардың алдына 

төтесінен қойған едік. 

Соның қорытындысын 

назарларыңызға ұсынсақ.

Егемендік – әлемдегі бар қазаққа ортақ құндылық

Қазақстанның төл Туы көк аспанда 

жел 

 

 



біреген сәтте елдегі қазақтар ғана 

емес, шекара сыртында ғұмыр кешіп жүр-

ген Алаш ұрпағы да тегіс қуанып, көздеріне 

жас алып, осы бір аңсар шаққа жет ке ніне 

ақсарбас атап, құрбан шалып, бі р-бірімен 

көріскені – тарихи шындық. Себебі атаме-

кен нің кеңестік «түрмеде» отыр ғаны жат-

жұрт та жүрген бауырдың жү ре гіне тікенше 

қа 

далғаны өз алдына, олардың туған 



жердің топырағын тым бол ма са бір рет ба-

суына, жусанын иіскеуіне тос қауыл болып 

тұрған еді. Егемендік алы сымен Елбасымыз 

ең бірінші кезекте Дү ние жүзі қазақтарының 

құрылтайын өткізіп, со 

 

дан кейін қан-



дастарды елге көшіріп әкелуді қолға алды. 

Бүгінде соның арқа сында арқа-басымыз 

кеңіп, салт-санамыз жаңғырып, бір атаның 

балаларындай өмір сү ріп жатырмыз деуге 

әбден негіз бар. Арғы беттен бері өткен-

дермен қатар, сол жақ  та тұрғанымен, жан-

жүрегі елмен со ға  тын қандастарымыз да 

жетерлік, әлемнің әр түкпіріндегі бауырла-

рым ыздың бүгінгі санағы 5 миллионнан 

асып жығы лады. Сол 5 миллион бауырдың 

жүрегі тоғысқан бір нүкте болса, ол – Отан, 

яғни Тәуелсіз Қа зақстан. Тәуелсіздік мере-

ке сіне орай ір ге міздегі Қытай еліндегі қан-

дас  тарымыз Үрім жіде бас қосып, ұлан-

асыр той өт кіз гелі жатыр, бұл да болса – екі 

ел арасындағы сая си, мәдени қарым-қа-

ты  настың  бе рік ті гінің,  яғни  татулықтың  ар-

қа сы, сондай-ақ алып Қытай империя сы-

ның Тәуелсіз Қа зақ станды еңселі ел ретінде 

мойындауы. 



ӘЛЕМ ӘЛДИЛЕГЕН АЛАШ БАЛАСЫ

Ментолға ТҮРКЕС (Франция қазағы)

– Францияда, білуімше, 250-дей 

от басы, 1000-ға жуық қазақ өмір сү-

реді. Барлығымыз бір-бірімізді та нып, 

той-томалақта бас қосып, араласып 

тұрамыз. Осы Тәуелсіздік мерекесін де 

әр жыл сайын сондай бір ерекше се зім-

мен күтіп, осы күні теледи дарда Қа зақ-

станда не болып жатқанын спутниктік 

ар налар арқылы жібермей көруге ты-

ры самыз. Отбасылар бір-біріміздің үйі-

міз ге барып, дастархан басында жи на-

лып, еліміздің Тәуелсіздігін тойлаймыз. 

Биыл да солай болатынына сенімдімін. 

Мен өзім Парижде бірінші техника ма-

ман дығын, екінші транспорт, логистика 

са ласын бітірдім. Кішкентай кезімнен 

өз еліме, өз жеріме барып, қазағыммен 

қазақ тілінде сөйлессем деген арманым 

болды. Сонымен, биыл Тәуелсіз елімді 

кө рейін деп  осында келдім, ата-анам 

Фран цияда қалды. Қазақша тіл үйреніп, 

із деніп жүрмін. Себебі біз отбасында 

ата-ана, туған-туыс, бауыр арасында 

ғана қазақша сөйлесе аламыз, басқа 

мүмкіндік жоқ. Сондықтан тілді білу дә-

ре жеміз тек тұрмыстық деңгейде ғана. 

Біз, Франция қазағы,  Мұстафа Шоқай 

бабамызбен мақтанып, міне, қазақ де-

ген осындай халық дейміз. Ал біздің 

қа зіргі тілді білуіміз, бұл қазақылығымыз 

сол  атамыздың  дә ре  жесіндегі  тұлға 

болуға, сондай қай раткер болуға жа-

рас пайды. Бүгін мен «қазақпын» деп 

ай тармын, бірақ олай айту аз, мен сол 

қазақы қанымды ғана емес, рухымды 

ұрпағыма беруім керек, ал оған менің 

бүгінгі деңгейім жетпейді. Сол үшін елі-

ме келдім. Тәуелсіздік мерекесін осында 

өз көзіммен көретініме қуаныш ты мын.

Ертай, 20 жаста (Моңғолия қазағы): 

– Моңғолияда барлығы 21 облыс 

бол са, соның бір облысы түгелімен қа-

зақ тардікі, Баян Өлгей аймағын өз де-

ріңіз естіп жүрген шығарсыздар. Біз ол 

жер де мектепті қазақша оқыдық. Бірақ 

Қа зақстан тарихы деген пән қазақша 

жүр ген жоқ, моңғолша өтетін. Қа зақ-

стан елінің болашағы зор. Көк туының 

көк аспанда мәңгілік желбірегенін 

тілей міз.   

Мухаммед Абдурахим ХУДАЯТ, 

Сауд Арабиясы, Мекке қаласы: 

– Арабияда туып, сонда білім ал-

ған мын. Жасым 25-те. Ата-анамыз со-

нау бір кезеңдерде Ауғанстан арқылы 

Ара бияға кеткен екен. Арабияда бар-

лығы тек араб тілінде, қазақша сөй ле-

се тін адам табу қиын. Қазақтар да онша 

көп емеспіз. Сондықтан бір-бірімізді 

жақ сы танып, араласамыз. Тәуелсіздік 

күні – біз үшін ең бір қастерлі мереке. 

Өйт кені Тәуелсіздік алғалы бері Ота ны-

мыз дүниежүзіндегі қандастарымен 

емін-еркін араласа алатын болды. Кө-

ші ріп алып та жатыр. Өкінішті, әрине, 

біз дің елде Қазақстанның Тәуелсіздігі 

сон шалықты дүркіреген той болып атап 

өтіл мейді, бірақ біз өзіміз, яғни осында 

тұ ратын және Меккеге жыл бойына үз-

діксіз келіп тұратын бауырлармен бар-

лы ғымыз бас қосып, тойларымыз анық. 

Мек ке – исі мұсылман үшін қасиетті 

ме кен ғой, адамдардың Аллаға бір та-

бан жақындайтын жері. Қағбаның қара 

та сын айналып, еліміздің Тәуелсіздігін 

баян 

ды етуді тілегеннің өзі қайда 

жатыр?!.  

«ҚАРАЖОРҒА» МЕН 

ҚАЖЫҒҰМАРДЫҢ ӨЗІ НЕГЕ ТҰРАДЫ?!.

Тойлау дегеннің өзі – шартты ұғым, не-

гіз гі мәселе – әр қазақтың жүрегіндегі ел ге 

деген сүйіспеншілік. Тәуелсіздікті нау қан-

дық той деп емес, шын сезінген жан өз бе-

ре рін еліне дәл 20 жылдықты немесе 16 

жел тоқсан күнін күтпей-ақ, осы 20 жыл 

ішінде беріп жүр. Осы шеттегі қандас та ры-

мыздың елге келгендері өздерімен бірге 

елімізде өшіп бара жатқан біршама салт-

дәстүрімізді ала келді. Айталық, бір ғана 

«Қаражорғаның» өзі неге тұрады? Қа жы-

ғұмар сынды атажұрттың бір жұтым ауасын 

аңсап кеткен ардақтымыз қазақ тарихын, 

оның ішінде шекара асуға мәжбүр болған 

қиын-қыстау заман келбетін көз алдымызға 

алып келетін 6 томдығын тарту етті. Шұғыла 

сын ды қазақтың биші қызы өзімен бірге 

қа зақтың қаншама биін алып келсе, Майра 

Мұ 


хамедқызы, Отанбек сынды бұлбұл 

дауыс әншілер де егемен елдің еңсесін 

әлем жұртшылығына таныту жолында қыз-

мет етіп жүр. 

ДО

ДА

ШЕ



ТЕЛДЕГІ ҚАНДА

С

ТАР



Бірнеше дүркін әлем чемпионы нешеу?

Халықаралық федерацияларда беделіміз өсіп келеді



Өткенде отандық басылымдар «Илья Ильин үшінші рет әлем чемпионы атанды» деп жарыса жазды. Тіпті «ол 

– Қазақстаннан шыққан алғашқы үш дүркін әлем чемпионы» деушілер де болды. Тағы да кімдер бірнеше дүркін 

әлем чемпионы болды, соны білуге бола ма? 

Ербол ӨМІРЗАҚ, Балқаш қаласы

Еліміз Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, дербес мемлекет болып ха-

 лықаралық додаларға қатыса бастағалы, Илья Ильиннің ал ғаш 

рет үш дүркін әлем чемпионы атанғаны рас. Бірақ бұл – Олим -

пиада ойындары бағдарламасын дағы спорт түрлері бо йын  ша 

ғана. Негізі, бізде самбодан төрт дүркін әлем чемпионы бол ған 

Ерболат Байбатыров, самбодан әлемді үш рет мойын дат  қан Ас-

хат Шахаров сынды саңлақтарымыз баршылық. Бұл орай да, 

шахматтан жас жеткіншектер арасында төрт дүркін әлем чем-

пионы болған Жансая Әбдімәлік қарындасымыздың өзі бір тө  бе 

екендігін айта кеткіміз келеді. Ал пауэрлифтингтен әлемнің бір-

неше дүркін чемпионы және рекордшысы болған Алексей Си -

воконь деген жеңімпаз жігітіміздің қанша рет бүкіл әлемдік бі  -

ріншіліктерде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілгендігін 

дөп басып айта алмаймыз. 1993 жылдан бастап, 2000 жылға 

де  йін «чемпиондардың чемпионы» атанған Сивоконь кезінде 

осы «пауэрлифтингтің Пелесі» атанған. Людмила Шумилова су 

ас тында жүзуден бес дүркін әлем чемпионы атанып, осы спорт 

тү  рінде теңдессіз болып танылған. Айта берсек, мұндай даңқты 

спортшыларымыз көп. Ал Олимпиада ойындары бағдарламасын-

да  ғы спорт түрлеріне қайта оралар болсақ, И.Ильиннен басқа екі 

 дүркін әлем чемпионы болған бірнеше спортшымыз ба р. Олар 

– Серік Сәпиев (бокс), Юрий Мельниченко, Мкхитар Ма    нукян 

(екеуі де – грек-рим күресі), Майя Манеза, Светлана По   добедова 

және Зүлфия Чиншанло (бәрі де – ауыр атлетика).

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№224(676) 

16.12.2011 жыл, 

жұма


www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz



Александр ЛУКАШЕНКО, Беларусь Республикасының Президенті:

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Беларусь халқының атынан және өз атымнан Сізді Қазақстан Республикасының жаңа тарихындағы даңқты күн 

– Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.Қазақстан халқының еңбекқорлығы мен патриотизмі 

арқасында Сіздің еліңіз осы жылдарда мемлекеттілікті нығайтуда, әлеуметтік-экономикалық дамуда, бұрынғы кеңестік 

кеңістіктегі ықпалдастық үдерістерге, жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосып 

отырған Қазақстанның халықаралық қатынастардың белсенді қатысушы ретіндегі беделін бекітуде, шын мәнінде, 

тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

СЕРПІН


Бізде осы неше түрлі халықаралық додалар, түрлі шаралар жиі өтетін болды. Біраз 

қар жы жұмсалатын осы додалар шынымен-ақ еліміздің ұпайын өсіріп жүр ме? Өзі-

міз дің басшылар «бәрін жақсы» деп айта береді ғой, ал шетелдіктер не дейді 

екен? 

Файза ӘМІРТАЙҚЫЗЫ, Астана қаласы

Футболдан әртүрлі семинарлар, шаралар 

ұйым  дастырылып  жүр.  Солардың  біразына 

қа  ты сып,  ше тел діктердің  сүйсіне  мақтағанда-

рын өз құ 

лағы 


мыз 

бен естідік. Мысалы, 

УЕФА-ның ме 

диа-офице 

рі Мамука Ква-

рацхелия «тіпті Еуропаның дамыған ел-

дерінде мұн дай семинарлар өткізілмейді» 

деп там 


санған. Көбіне жымиып, көңілді 

жүретін Мамука бірінші кезекте өзінің Грузия-

сымен салыстырады да, сүйсі неді.

Желтоқсанның басында ҚР волейбол 

фе де ра ция сының  бас  хатшысы  Ермек  Сыр-

лыбаев Лозанада (Швейцария) өткен FIVB-

тің (Ха лық аралық волейбол федерация сы-

ның) жиы  нына қатысып келді. Онда биылғы 

«Гран-при» додасының өткізілуі қо рытын-

ды  ла ныпты.

– FIVB әйелдер арасындағы «Гран-при» 

до  да  сының тамыз айында біздің елде өткен 

кез еңіне өте жоғары баға берді. «Ұйымдас-

тырылуы тамаша болды» деп мақтағандар 

көп. Алматыға келген ел дердің өкілдерінің 

бәрі ұлттық федерация қыз меткерлері тұр-

мақ, волонтерлердің жұмысына дән риза 

бо лыпты. Бразилия, Италия және Таиланд 

құ  рамалары  «Алматыда  өткен  доданың 

ұйым дасты ры луы бәрінен артық болды» деп 

жылы лебіздерін жау дыртты. Бәрі де қонақ-

тар ды қабылдау мен олар ды күту жағынан 

бәрінен асып түскенімізді сипаттады. Әрине, 

кемшін тұсымыз да аталды. Тек телевизиялық 

трансляция тарату жағынан ескерту жасалды. 

Басқасы өте жоғары бағаланды, – деді FIVB 

штаб-пәтерінен оралған Ермек Сырлыбаев.

Ал VІІ қысқы Азия ойындарының ашылу 

салтанатында Халықаралық Олимпиада коми-

тетінің президенті Жак Роггенің біздің елге қан-

дай баға бергендігін тікелей таратылым ар-

қылы өз құлақта рыңызбен естідіңіздер. Біздің 

елдің әлеуетіне көзі жеткен Рогге мырза: 

«Қазақ стан 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы 

өткізуге үміткер бола алады», – деген бола-

тын.


Мәриям ӘБСАТТАР

Әзиз ЖҰМАДІЛ

Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, 

тарих ғылымының докторы, профессор: 

– Қазақ топырағында 1991 жылдан бергі уақытта 

қа з ақ мемлекеттілігі пайда болды. Әрине, оның тұл-

ғалары бар және ол бір адам бола алмайды. Мемлекет 

басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған бүтіндей саяси 

элитаның негізгі қызметі де осы қазақ жеріндегі ұлттық 

тұрпатты жаңа мемлекеттің Тәуелсіздігінің баянды 

болуы еді.  Бірақ біздің Тәуелсіздігіміз, мемле кеттілігіміз 

бүгінгі күнмен ғана байланысты бола ал май ды. Ол – 

арғы тарихты айтпағанда, бергі Әлихан Бө кейханов 

бастаған Алаш азаматтарының еңбек те рі нің жемісі. 

Әрине, алашордашылардың Тәуелсіздік үшін күресі сәтсіз аяқталды. Бі рақ дәл сол 

сәтсіз әрекет, сәтсіз ұмтылыс тарихта орын алмаған болса, бүгінгі Тә уел сіздігіміздің 

болуы тағы күмәнді. Сол кезде егілген дән бізге уақыт өте же мі сін әкелді. Бүгінде сол 

Тәуелсіздіктің баянды болуына аянбай еңбек етіп жатқан аза маттар көп және олар 

бола береді. 

Дәурен СҚАҚОВ, 

Тәуелсіздік құрдасы, студент:

– Мен үшін еліміздің Тәуелсіздігіне еңбек сіңірген 

тұлғалар көп. Алдымен сол Тәуелсіздікке қол жеткізу 

үшін ерлік көрсетіп, 86 жылдың ауыртпашылығын 

көтерген Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат 

Асанова сынды көптеген аға-әпкемізді атауға болады. 

Сол кезде алаңда тұрған «желтоқсаншылардың» әрбірін 

Тәуелсіздіктің тұлғасы деп атар едім. Сондай-ақ сол 

Тәуелсіздікті ұстап тұру үшін аянбай тер төгіп жүрген 

ағаларымыз көп. Әрине, олардың қатарында, ең 

алдымен, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 

атауға болады. Сондай-ақ ұлттық рәміздеріміздің, 

Конституциямыздың, заңдарымыздың автор ла рын, сол кездегі қиын кездерде 

жауапкершілік жүктеген үкімет адамдарын, Қа зақ станның сыртқы саясатын дамыту 

мақсатында шетелмен байланыс орнатқан ал ғашқы елшілерді атар едім. Меніңше, 

Тәуелсіздік тұлғалары әлі де пайда бола береді.

Сауалнаманы дайындаған Сәкен КӨКЕНОВ

Сіз үшін Тәуелсіздік тұлғалары кімдер?

Жас ұландар мереке күні

мақал-мәтелден сайысқа түсті

Гимназияның оқу ісі меңгерушісі Ләззат Ибраеваның айтуынша, балалар мақал-мә-

телдерді білетінін ғана емес, мән-мағынасын жақсы түсінетінін жеткізген. Өз перзенттерінің 

жетістікке жеткенін көрген ата-аналардың да қуанышында шек болмады. «Шәкірттердің 

білімі мен тәрбиесін шыңдайтын мұндай шаралар жиі болуы керек. Олардың қазақ 

мақал-мателдерін жетік игеріп, өмірде қолдана алатын дәрежеде екендігі қуантады. 

Мақал-мәтелдер – отансүйгіштікке, адамгершілікке, ар-ұятқа, ибалылыққа тәр биелейді», 

– дейді Ләззат Ибраева. 



Гүлмира ҚАСЕНОВА, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: 

– Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген құштарлығына үнемі разы боламын. Бұл 

ша раны Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап ұйымдастырған жайымыз бар. Бір жа-

ғы нан, балалар қазақ халқының салт-дәстүрінен, мақал-мәтелдерінен хабардар бол-

сын, отансүйгіштік қасиеті артсын деген ниетпен де осындай ойын сипатындағы са-

йыс ты қолға алдық. Оқушылардың ынтасы зор. Қазақша ән-күй дейсіз бе, өлең мен 

қа ра сөз, мақал-мәтел дейсіз бе – барлығын қағып алады. Атап айтар болсақ, 6-сы-

нып тағы Данил Ан, Лия Оразаева, 10-сыныптағы Володя Кононов сияқты шә кірт терім 

қа зақ тілінен білімдерін күннен-күнге жетілдіріп, ерекше көзге түсіп жүр.

Арман СЕРІКҰЛЫ

Алматы қаласының №56 гимназиясында ел Тәуелсіздігінің 

20 жылдығына орай өзге ұлт өкілдері мен орыстілді қазақтың 

балалары арасында «Мың бір мақал» деген тақырыппен 

интеллектуалды ойын үлгісіндегі мерекелік шара өтті. Қазақтың 

ән-күй, би өнерімен өрнектеліп отырған мақал-мәтел сайысына 

оқушылар ғана емес, ата-аналар, ұстаздар қауымы да белсене 

қатысты. Оқушылар әдет-ғұрып, салт-дәстүр сипатталатын 

көріністер қойып, мақал-мәтелдердің мәнін ашуға тылпыныс 

жасады.

?

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


Нұрғис

а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№222 (674) 14.12.2011 жыл, сәрсенбі          



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

АЗАТТЫҚ КЕЛБЕТІ

№224 (676) 16.12.2011 жыл, жұма          



www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

К

е



зекшi  ред

ак

тор – Әзиз ЖҰМАДІЛ



Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


А

ЕВ  – 


ж

а

уапты х



а

тшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т 

 



минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап


 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар

 



қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi



 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты



 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1083

А

ст



ана  қаласы «А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №2715

Бағасы  к

е

лiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



д

ак

цияның



 м

ек

ен



ж

айы


А

лм



ат

ы

 қ



ал

ас

ы



,05

0

05



1,

 Б

ег



ал

и

н кө



ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

е

л.: 



388-80-62

БҮГІН:

Шығуы 

 

        Ұзақтығы 

 

          Батуы

 08:17 

 

            09.00 

 

           17:18   

Тар


ат

у қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


н

а б


ю

р

осының ж



ет

екшiсi 


Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

А

рман А


СҚАРОВ – тілші

Желтоқсанның 16-сы

Алаштың атаулы күні

Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні.

1996 жылы Алматыда Республика алаңында Тәуелсіздік монументі 

салтанатты түрде ашылды.

11 жыл бұрын (2000) Алматыда ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы 

және дипломат Абылай ханның ескерткіші ашылды.

2 жыл бұрын (2009) Шымкентте Әбілхан Қастеевке ескерт 

кіш 


орнатылды.

Туған күн иелері

Бибігүл Төлегенова (1929) – Қазақстаның және КСРО-ның Халық 

әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Республикасы 

Мемлекеттік сыйлығының иегері;

Ғани Қыстауов (1944) – кинорежиссер, суретші, сценарист;

Әбу Меңлібаев (1947) – техника ғылымының докторы, профессор, 

академик;



Қадыржан Дамитов (1959) – «Қазақстан қор биржасы» АҚ 

президенті;



Айгүл Тасболат (1970) – «Алматы қаласы Өңірлік қаржы орталығы» 

АҚ басқарма төрағасының орынбасары.



Желтоқсанның 17-сі

Алаштың азалы күні

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі құрбандарын еске алу күні. 



Туған күн иелері 

Ағабек Қарабеков (1950) – медицина ғылымының докторы

профессор;



Қадырхан Отаров (1953) – Ақмола облысы әкімінің орынбасары;

Қайрат Закирянов (1954) – Қазақ спорт және туризм академиясының 

президенті, педагогика ғылымының докторы, профессор, академик;



Тимур Досымбетов (1957) – полковник;

Дүйсенбек Әубәкіров (1962) – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 

 

қаржылық-бақылау инспекциясының бастығы;



Талғат Тайшанов (1963) – Маңғыстау облыстық телерадио компаниясының 

директоры;



Ерлан Стамбеков (1966) – Қазақстан өндірісшілер және кәсіпкерлер одағының 

президенті;



Ержан Жылқыбаев (1982) – Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің 

орынбасары. 



Желтоқсанның 18-і

Алаштың атаулы күні

Халықаралық көші-қон күні.



Туған күн иелері

Оралбай Әбдікәрімов (1944) – ҚР Парламент Сенатының депутаты, «Нұр 

Отан» партиясы жанындағы жемқорлықпен күрес бойынша республикалық 

қоғамдық кеңестің төрағасы;

Ардақ Сыдық (1947) – Алматы облыстық мәслихатының хатшысы;

Қуат Есімханов (1952) – «Теміржолжылу» АҚ президенті;

Арасанбай Естен (1953) – жазушы;

Әділ Ыбраев (1953) – «Караван» газетінің бас редакторы;

Әлихан Смайылов (1972) – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы;

Асқар Бегманов (1975) – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі;

Назерке Нысанбаева (1983) – «Алаш айнасы» газетінің хатшы-референті.

Желтоқсанның 19-ы

Алаштың атаулы күні

111 жыл бұрын қазақ тілі білімінің негізін қалаушылардың бірі, түркітанушы, 

педагог-ағартушы, профессор Құдайберген Жұбанов (1899-1938) дүниеге 

келді. 


91 жыл бұрын (1920-1942) еліміздің еркіндігін, ар-намысын қорғаған ержүрек 

перзенттеріміздің бірі, Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров дүниеге 

келді. 

Туған күн иелері

Ерболат Шоқаев (1945) – генерал-майор, Ұлттық қауіпсіздік органдарының 

құрметті қызметкері;



Сабыр Темірбеков (1946) – генерал-майор;

Серік Шахманов (1957) – полиция полковнигі;

Шолпан Шақабаева (1958) – Маңғыстау облыстық статистика департаментінің 

бастығы;


Қасымбек Алдияров (1959) – Ақтөбе политехникалық колледжінің 

директоры;



Сайран Сайфеденов (1974) – Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 

орынбасары;



Еркеғали Еденбаев (1975) – «Цесна» Корпорациясы» АҚ басқарма 

төрағасы.



Желтоқсанның 20-сы

Алаштың атаулы күні

41 жыл бұрын (1970) Сұлтан Қожықовтың қазақтың ұлттық кинематографиясы 

алтын қорының мұрасына айналған әйгілі кинотуындысы «Қыз Жібек» экранға 

шықты. 


Туған күн иелері

Дулат Исабеков (1942) – «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы, 

драматург;



Найля Нұрланова (1949) – экономика ғылымының докторы, профессор;

Әміржан Түсіпбеков (1953) – ҚР қорғаныс министрінің орынбасары;

Қайрат Тыныбеков (1959) – ҚР ішкі істер министрінің орынбасары;

Сәкен Әбдірахманов (1960) – Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының 

директоры – көркемдік жетекшісі;



Нұрғали Білісбеков (1962) – Алматы қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті 

департаментінің бастығы, генерал-майор;



Алмат Исәділ (1976) – «Алаш айнасы» газетінің бөлім редакторы, ақын.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

ЖЕЛТОҚСАН

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14

15



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



28

29

30



31

Ауа райы

-18-20

о

 

 -25-27

о

-11-13

о

 

-18-20

о

-17-19

о

 

-24-26

о

 -8-10

о

 

-18-20

о

 -3-5

о

 

-10-12

о

 

-20-22



о

 

-28-30

о

 

-18-20



о

 

-28-30

о

-17-19

о

 

  -28-30

о

-10-12

о

 

-21-23

о

-2-4

о

 

 -11-13

о

-14-16

о

 

-26-28

о

-20-22

о

 

-28-30

о

 

-8-10

о

 

 -13-15

о

 

-6-8

О

 

-9-11

О

  

-5-7

о

 

-8-10

о

        


-21-23

о

 

-28-30

о

 

-6-8

О

 

-12-14

О

  

-8-10

о

 

-14-16

о

 

 



  

ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫНДЫСЫ



Кеше

Кеше

Бүгін

Бүгін

 Ы. Алтынсарин атындағы кинотеатр (Қызылорда)

Ы. Алтынсарин атындағы кинотеатр (Қызылорда)

Облыс әкімдігі (Талдықорған) 

Облыс әкімдігі (Талдықорған) 

Республика сарайы (Алматы)

Мәдениет сарайы (Талдықорған) 

Мәдениет сарайы (Талдықорған) 

Республика сарайы (Алматы)

Астана саябағы 

Астана саябағы

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері іргемізді бекітіп, шаңыра-

ғымызды бүтіндей бастадық. Бүгінде Қазақ елі   әлемнің 

мықты мемлекеттерімен терезесін теңестіре бастады. 

Өткенге зер салып қарасақ,  жоғалтқанымыз көп екен. Ен-

дігі мақсат – кешегі күннен сабақ ала отырып бүгінгіні 

қалып тастыру. Бұл жолда тамырын тереңнен алған Алаш 

жұрты еңсесін көтеріп, ертеңгі болашақ үшін игі істерге ба-

тыл қадам жасап отыр. Осылайша уақыт өткен сайын жаңа 

әлемдегі жаңа Қазақ стан   ның өз шежіресі жазылуда. Осы 

орайда біз Тәуелсіздігіміз дің 20 жылдығы қарсаңында  

оқырман назарына кешегі мен бүгінгі күніміздің 

айғағындай болған фотобаяндарды ұсынып отырмыз. 

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет