ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
“Ғажайып жады 1.0” марафонының студенті
______________________________________________
______________________________________________
МАҢЫЗДЫ! Тапсырмаларға сабақ басталмай жатып кіріспеңіз
2
АЛҒЫ СӨЗ
Сәлеметсіз бе! Сізді «Ғажайып жады» Марафонына қатысуға шешім
қабылдағаныңызға және сенім білдіргеніңізге алғыс айтамын. Сіздің осы
марафоннан максималды түрде пайда алуыңыз үшін бар күшімді саламын. Ал,
енді танысып алайық.
Менің есімім Мейіржан. Осы күнге дейін 15-тей тілмен жұмыс істеп,
оның ішінде 10 тілде сөйлей алу дағдысын қалыптастыра алдым. Ең қызығы,
мен осы тілдерді үйрену кезінде еш қалам мен қағаз пайдаланған жоқпын.
Көптеген адамдар «сенде талант бар ғой» деп жатады. Бәлкім тілдер менің
өмірімдегі миссиям болғаннан кейін маған Құдайдан берілген 1 пайыз дарын
бар шығар. Алайда, бұл менің ұзақ жылдар бойы жасаған еңбегімнің жемісі
деп білемін.
Осы марафонды жасаудағы басты себебім де сіздермен сол
тәжірбиеммен бөлісу болып табылады. Арнайы техникаларды меңгеру
арқылы сіздер де көптеген ақпаратты жадыңызда дұрыс сақтауды және
жалпы білім алуыңызды жүйелей алатын боласыз. Мен оған сенемін!
Марафон сізге пайдалы болуы үшін видеоларды мұқият тыңдауыңызды
және бірден онда берілген жаттығуларды орындауыңызды сұраймыз.
Бұл техникаларды жай ғана білу сізге еш пайда бермейді. Есте
сақтауыңызды 100 пайызға өзгерткіңіз келсе, онда күнде берілген
жаттыуғуларды орындауға тырысыңыз!
Білім алуыңызда сәттілік тілейміз және сіздің сұрақтарыңызға жауап
беруге тырысатын боламыз!
Құрметпен, Таштай Мейіржан!
3
Сіз өз жадыңызды дұрыс дамытуыңыз үшін төмендегі шарттарды
ұстануыңызды сұраймыз:
1)
Бірден «ручка мен карандаш» алып, айтылып жатырған
ақпараттарды
жазуға кіріспеңіздер!
2)
Үй жұмысын уақытылы орындап тұрыңыздар.
3)
Кураторға АПТАСЫНА 1 үй жұмысын болса да тексертуге
жіберіп тұрыңыздар.
4)
Тапсырмаларды жүйелі түрде орындауға тырысыңыздар.
5)
Үйренген техникаларыңызды қайталап тұрыңыздар.
6)
«Мен осыны білемін»
деп өтіп кетпей, айтылып жатырған
сөздерге мұқият көңіл бөліңіздер.
7)
Алған білімдеріңізді сол сәттен, сол күннен бастап-ақ практика
жүзінде пайдалана біліңіз.
8)
Ақпаратты құр жаттай беруден аулақ болыңыз, оны, ең
алдымен, түсінуге тырысыңыздар.
9)
Оқып жатырған ақпаратты есте сақтап алуды үйренгеннен кейін,
оны құр ақпарат ретінде жадыңызда жинап қоймаңыз, оны
БІЛІМГЕ
айналдырыңыз.
10)
Не оқысаңыз да, барлығын Анализдеуді және Синтездеуді
үйреніңіз.
4
Сіз қандай да бір ақпаратты үйреніп болған соң, оны ұмытып
қалмайтындай есте сақтау үшін дәлелденген
«Качели» системасы
,
яғни,
жүйесі бар. Осы система бойынша сіз ақпаратты мықтап есте сақтай аласыз.
Ол үшін өзіңіз үйреніп жатырған информацияңызды мынадай жүйелікпен
қайталап тұруыңыз қажет:
ОПЕРАТИВТІ ЖАДЫға сақтау үшін:
0 – 30 минут – 3 сағат – 8 сағат
Яғни, ақпаратты бір түсінген сәттен бастап жарты сағат соң, одан кейін
3 сағат соң, одан кейін 8 сағат соң бір қайталап өту керек. Сол кезде ақпарат
Оперативті жадыда мықтап бекінеді.
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЖАДЫға сақтау үшін:
1х3 күн – 3х3 күн – 9х3 күн – 1х3 ай – 1х4 ай
Яғни, ақпаратты бір түсінгеннен кейін,
3 күннен соң 1 рет қайталайсыз,
Тағы 3 күннен соң 3 реттен қайталайсыз,
Тағы 3 күннен кейін сол ақпаратты 9 реттен қайталайсыз,
Одан соң 3 айда 1 рет қайталайсыз,
Ендігіден бастап әр 4 ай сайын тек 1 рет қайталап тұрсаңыз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |