жоғалған жоқ қой...
– Ұлттық ақын дегенді біз қалай
түсінеміз? Кеңестік кезеңде «түрі ұлттық,
мазмұны социалистік» деген ұран жетегінде
кеттік. Сондықтан қоғамдық болмысты
жырлауымыз керек деп ұрандаттық. Социа-
листік қоғам, коммунистік идеяны басты
назарда ұстадық. Ал ұлтты жырласаң –
ұлтшыл атандырды. Ал Қасым ағысқа қарсы
жүзді. Өз ұлтының сөз асылын, ой асылын,
қадір-қасиетін, дәстүр-салтын бойына
сіңіріп, осындай жауһар қасиеттерді
шығармашылығында жарқыратып көрсете
білді. Қасымды сондықтан ұлттық ақын деп
бағалады.
Жалпы, шығармашылық адамын, ақын-
жазушыларды олардың өмір сүрген қоғамын
танып-білмей жазғыруға болмайды.
Мысалы, Сәкен Сейфуллинді ұлттық ақын
деуге бола ма? Әрине, болады. Мейлі ол
кеңесті жырласын, социализмді өлеңіне
қоссын. Алайда ақын да адам ғой. Есесіне,
ол ұлтының қажетіне жарайтын қаншама
дүние қалдырды. Өз ұлтының ұғым-таны-
мында ой тербеп, мұң-мұқтажын жүрегімен
қабылдай алса, барлық асыл қасиеттерін
сезініп, осының бәрін өзінің туындыларында
көрсете білсе, неге біз оны ұлттық ақын
демейміз?! Нағыз ақын ешқа шан идеоло-
гияға құл болмайды.
Қасым өнердің барлық түріне жетік
болды. Музыкалық аспаптың бәрінде
ойнады. Бұл – Құдайдың барлық өнерді
бітік-бітік етіп бір жанға бергендігі. Егер
Қасым қаласа, ұлы музыкант болар еді,
керемет әртіс те шығатын еді, әлемді аузына
қаратқан ғаламат композитор болу да
қолынан келер еді. Алайда ол өзінің рухына
тірек етіп, тұғыр етіп ақындықты таңдады.
Басқа өнерін осы ақындығын шыңдайтын,
сезімін ұштап отыратын демеуші күш ретінде
пайдаланды.
Қасымның тіл байлығы халықтың
дәстүрлі сөз өнерінің тұнбасынан теріліп
алынған. Мәселен, оның Нұрпейіс Бай-
ғанинге арнаған жыры бар. Ол Нұрпейістің
жырын тыңдап таңғалған. Әрине, арнау
жазғысы келсе, «Нұрпейіс ақын керемет
екен» деп өлең жаза беруіне болатын еді.
Бірақ ол: «Алысқа бір көз салып, Асқар биік
тау көрдім. Асқар таудан жосылған, Ағыл-
тегіл сел көрдім. Аққу ұшып, қаз қонған,
айдын шалқар көл көр дім», – деп жырлады.
Нұрпейіс – халық ауыз әдебиетінің жарқын
өкілі. Сондықтан да Қасым өзінің тебіренісін
қалыпқа салмай, бұрынғы жыраулық
дәстүрмен жеткізді. Міне, қандай керемет
ұлттық сөз маржандары, теңдессіз теңеулер!
Қасымның сезімі мен сыры ұлттық сезіммен
ұштасып жатты. Оны барлық өлеңдерінен
аңғаруға болады. Сондықтан да Қасым
халықтың жүрегінен ешқашан жойылмақ
емес. Қазақ жер бетінде өмір сүрсе, Қасым
әр қазақтың жүрегінде жатталып жатады.
Қазақтың Қасымға деген сүйіспеншілігі
ешқашан жоғалмайды. Қасым әр жырында
қазақтың ойын айтады, қазақтың сезімін
жеткізеді, қазақтың намысын сездіреді.
– 1940 жылы жазған «Сұлтанмахмұт
туралы балладасында» Қасым ақын екі
жас жігіттің қабір басында айтысып келе
жатқандығын суреттейді. Бірі ақынның
өлмегендігін, оның қазақпен бірге мәңгі
жасайтындығын, өжет жырлары кең
даланы шарлап кеткендігін айтса, екін-
шісі қабірге ақынның өзімен бірге
жырларының да көмілгендігін айтып
бой бермейді. Балладаның түйіні
Сұлтанмахмұттың қабірден тұрып,
жалынды жырын оқып жүріп кеткен-
дігімен аяқталады. Осы жерде мынандай
ой келеді: сол 40-жылдардың өзінде-ақ
Қасым «халық жауы» атанған Алаш
арыстарын сағынып, олардың күндердің
күнінде ақталып шығатынына, қалың
қазағымен қайта қауышатындығына
сенген секілді...
– Қасым ақын алдағы күнді болжай
білді. Қазағы аманда өзінің де, жырлары-
ның да ешқашан ұмытылмайтындығын,
өлмейтіндігін сезді. Сол сияқты күндердің
күнінде Мағжанның да, Сұлтанмахмұттың
да, Алаш арыстарының да ақталып шыға-
тындығына, халқымен қайта қауышатын-
дығына, жазған еңбектері қазақтың керегіне
жарайтындығына имандай сенді. Ол Алаш
арыстарының шығармашылығымен өте
жақын таныс болды. Сұлтанмахмұт туралы
айту сол кезеңде тек Қасымның ғана қолынан
келген ұлы іс еді.
– Демек, Қасым Алаш арыстарымен
жақын араласты деп ой түюімізге негіз
бар ма? Қанша дегенмен ол 1924-1930
жылдары Алаш қаласында (Семей)
әуелі интернатта, сосын техникумда
оқыды. Алаш көсемдерімен оның
жақын араласуы, пікір алмасуы бек
мүмкін ғой?
– Бұлай деп айта алмаймын. 1925
жылдан бастап Алаш арыстарын қудалай
бастады. Үш-төрт жылда біразының шы ғар-
машылығына тыйым салынды. Алайда
Қасым олардың шығармашы
лығымен
жақсы таныс болды. Қасым Семейге барған
кезінде бала болатын, Алаш ардақтылары-
мен сөйлесетіндей деңгейде болған жоқ. Ал
ол есейіп, оң-солын танығанда арыстарымыз-
дың біразын қудалап, халықтан жырақтатып
әкеткен еді.
– «Аманжол Рақымжанның Қасы-
мымын, Мен қалған бір атаның ғасы-
рымын» деген ақын өз жайын өзі айтуға
тырысты. Осы алты жылға жуық
жазылған өлеңді формасына қарап
«аяқталмай қалған поэма» дейтіндер де
бар. Бұл пікір қаншалықты шындыққа
жанасымды?
– Қасым әуелгіде бұл өлеңнің тақырыбын
«Сыр» деп қойған. 1948-54 жылдар
аралығында жазылды. Басқаға емес, өз-
өзіне айтқан сыры ғой. Есмағамбет Смайы-
ловтың зерттеуінде осы өлең туралы ай-
тылған. «1954 жылдың қыркүйегінде Қасым
маған осы өлеңді оқып берді. Егіліп отырып
тыңдадым. «Керемет екен, бірақ осы өлім
дегенді неге көп айтасыз?» – дедім. Сонда
Қасым: «Есмағамбет, мені көріп отырсың.
Көңілімді неге алдайсың?» – деді. Бәрін де
өзі сезіп отырғандай еді», – дейді. Ақын жан
сырын айтып қалғысы келді. Қасым 1951
жылы 12 өлең, 1952 жылы – 7, 1953 жылы
– 9, 1954 жылы төрт өлең ғана жазған екен.
Өзінің сөніп бара жатқан дығын ақын жан-
жүрегімен сезінді.
Бұл өлеңнен ақынның азаматтық
тұлғасын, адами қуанышы мен қайғысын,
сырлы сезімі мен құпия сырын, былайша
айтқанда, Қасымның адамдық бітімі мен
ақындық болмысын бар қырынан танимыз.
Әсіресе, ақынның өлеңге өзгеше құрметпен
қарауы — оның ұлы мақсатын айқын
танытады:
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп,
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
«Өзім туралы» өлеңі адамның рухани
жан дүниесін терең ашады. Ол — жеке
тағдыр мәселесін көркем жинақтау, өз
деңгейіне көтерген философиялық лирика.
Мұнда бәрі бар – өршілдік, тағдырдан
тарық қандық, өлеңінің өлместігіне сенген
сенім, өмірдің күнгейі мен көлеңкесін
таразылаған шындық. Олар ақынның дүние,
тіршілік туралы таным-толғанысын айқын-
дайды.
– Соңғы сауалым болсын, аға, біз
неге Қасымның ақындық мектебі жайлы
жақ ашпаймыз осы?
–
Дұрыс. Қасымның мектебі жайлы
көп айтылмайды. Ал енді сіз мына қызыққа
қараңыз. 1960 жылдардың аяғы, 70-
жылдардың басында әдебиетке «жыл
құсындай жылылық әкелген» буынның бәрі
– Қасым мектебінің өкілдері. Мұқағали,
Жұмекен, Мұхтар, Қадыр, Тұманбай, Сағи
тағы да басқа қаптаған кіл таланттар –
Қасымның жырымен сусындаған, соның
мектебін көрген ақындар. Олар Қасымның
жырымен шабыттанды. Сондай-ақ
өздерімен бірге Қасымды да өз тұғырына
көтерді. Бір анық нәрсе, бұл – Қасым
мектебінің түлектері қазақ поэзиясын биікке
көтерді. Шоқжұлдыз болып жанды.
– Салиқалы сұхбатыңызға рақмет.
Сұхбаттасқан
Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ
ДАТ!
Өмірхан ӘБДИМАНҰЛЫ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ әдебиетінің тарихы және
әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор:
Қасым – қазақ әдебиетіндегі лирикалық
поэзияның Мағжаннан кейінгі атасы
Қайсар ақын Қасым Аманжолов атындағы сайт ашылады дегенді естіп едім.
Өлеңсүйер қауым болғандықтан, бұл жаңалыққа елеңдеп қалдық. Қасымға
арналған сайт бар ма немесе биылғы 100 жылдық қарсаңында ашыла ма?
Еркін ЕРДЕНОВ, Алматы
www.qasym.kz сайтын жасауды Қарағанды
облысының әкімдігі мен кеншілер қаласындағы
«Болашақ» университетінің бастамашыл тобы
осыдан бірер ай бұрын қолға алған болатын.
Жақында жария ғаламторға жүзін көрсетіп,
той әзірлігін, ақын шығармашылығын тізіп
жаза бастаған сайттың тұсаукесері, бұйыртса,
той сәтінде болары анық. Сайттың шығар-
машыл тобының алқасында белгілі қалам-
герлер Ғалым Жайлыбай, Серік Ақсұңқарұлы
бастаған танымал азаматтар бар.
Түрлі ақпараттар мен ақын жырлары
тізілген порталда ақын тойына әзірлік жайы,
ақынның күнделігінен үзінділер, өлеңдер,
кеншілер аймағында өткізіліп жатқан үлкенді-
кішілі шаралар туралы кеңінен жазылған.
Портал модераторы аталмыш университеттің
студенті Дулат Аманжолов бастаған жұмысшы
тобының ізденісі баянды болса, ғаламтор
кеңістігінен Қасым мұрасын қастерлер ұрпақ
үшін жаңа әлем есігі ашылары анық.
Дүние қандай жап-жарық!
Дүние қандай жап-жарық!
Осындай ма еді бұрын да?!
Осындай ма еді бұрын да?!
Байқамаппын аңғарып
Байқамаппын аңғарып
Ойдың тапшылығында.
Ойдың тапшылығында.
Дүние қандай жап-жарық!
Жырдың алтын бұлағы,
Жалт-жұлт етіп жатшы ағып,
Жарқылдайын мен-дағы.
сенбі
www.alashainasy.kz
р қ
р қ
бұлағы,
ұ
бұлағы,
жатшы ағып,,,,
жатшы ағып
жатшы ағып,
мен-дағы.
мен-дағы.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№152 (604)
27.08.2011 жыл
сенбі
www.alashainasy.kz
e-mail: info@alashainasy.kz
7
Қасым мен Сақыпжамалды жолықтырған қызыл үй
ТАҒЫЛЫМ
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
БІР БЕЛГІ...
Қасым – майдангер ақын
Қасым соғыстан кейін жазған күн-
делігінде: «Мен Отан соғысына 1941 жылдың
4 ағусында кеттім де, 1945 жылдың 20
июнінде демалысқа келдім. Құсатай
Сүлейменов деген жақын інімнің ізденуі
арқасында әскерден босадым. Жазушылар
союзы, оның бастығы Сәбит Мұқанов менің
әскерден босауыма, әдебиет жұмысына
араласуыма жөнді көмек көрсете алған жоқ.
Сәкең, әдетінше, құр сөзбен жарылқады.
Жалғыз мені емес...» – деп жазады. Қарап
отырсақ, ақын соғыс басталғаннан
аяқталғанға дейін толық қатысқан. Жорық
жолдарын жырға қосып, «Абдолла», «Елге
хат» және өзге де өлмес туындылары арқылы
қазақ қанындағы қайсар рухты жаңаша
өрнектеген. Қасым соғыс жылдары ұрыс
қимылдарынан тыс кезде жауынгерлерге
саяси-патриоттық үгіт істеріне көптеп
қатыстырылған екен. Майдан газеттеріне,
елдегі басылымдарға отты жырлары тұрақты
жарияланып тұрған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын-жазушыларымыз аз емес. Қасым
Аманжолов та соғысқа қатысқан екен. Қасым Ұлы Отан соғысына қай жылдары
қатысты?
Арай БОЛАТБЕКҚЫЗЫ, Балқаш
Ақын мүшәйрасы қашан өтеді?
Осыдан біраз бұрын Қазақстан
Жазушылар одағы мен Қарағанды
облысы әкiмшiлiгi бiрiгiп, дауылпаз
ақын Қасым Аманжоловтың 100 жыл-
дық мерейтойына орай жазба ақын-
дардың «Сен неткен бақытты едiң,
келер ұрпақ...» атты республикалық
жыр мүшәйрасын жариялаған бо-
латын.
Осы уақытқа ұйымдастыру комис-
сиясына елiмiздiң барлық аймағынан
жүзден астам ақын үш өлеңнен жолда-
ған. Оның бiреуi – ел Тәуелсiздiгiнiң 20
жылдығына, екiншici Қасым Аман-
жоловтың рухына арналса, үшiншi өлең
еркiн тақырыпта жазылған.
Мүшәйра қорытындысы 8-11
қыркүйек күндері аралығында Қара-
ғандыда атап өтілетін Қасым Аман-
жоловтың 100 жылдық мерейтойы
қарсаңында шығарылады. Жүлдегер
ақындар Қарағанды қаласында өтетiн
мүшәйраның ақтық мәресiне арнайы
шақырылады.
«Ақын Қасымның мерейтойы қарсаңында мүшәйра
ұйымдастырылады» дегенді естіп едім. Ол қашан өтеді?
Дастан МАРАТҰЛЫ, Талғар қаласы
«Қош болшы енді, Оралым» десе де,
Оралы Қасымымен қоштаспайды
ӘУЕН
ШАҒАН, ҚЫЗЫЛ ҮЙ,
ҚЫЗЫҚ МАХАББАТ...
– Шағанның бойы көк шалғын,
Шалқамнан жатқам шаңқай түс.
Гүл болып менің құшағым,
Кеудеме қонған бұлбұл құс, – деп
жырлаған Шағаны мынау еді, – деп
әңгімесін фотосурет көрсетуден бастады
Ақұштап ақын. – Сол Шаған қазір де
сондай көк шалғын, қарағайлы, қайыңды.
Шынында, Шағанның жағалауына барсаң,
жыр жазбау мүмкін емес.
– Сол өзен, сол шалғын, бірақ
Қасым жоқ дейсіз ғой?..
– Иә... Ал енді мынау ескі үйге қараңыз,
қызыл кірпіштен өрілген бұл үй – бүгінде
облыстық радио ғимараты. Кезінде мұнда
Қасым алғаш махаббатын жолықтырған.
Сақыпжамал есімі бізге ақынның өлеңдері
арқылы өте жақсы таныс. «Сақыпжамал,
бір өзіңде екі әйелдің аты бар» деп
жырлады ғой. «Бөтен біреудің көліне
қондың» деп те жырлаған алғаш. Міне,
сол Сақыпжамалмен Қасымды жолық-
тырған осы үй еді. Бұл жөнінде ақын
өмірбаянын парақтасаңыз, табасыз.
Сақыпжамалдың жолдасы әскери адам
еді, өзі Қасыммен дос болатын. Бұл жүрек
дегенді қойсаңшы, асау ғой, асау, әсіресе
ақын жүрегі. Досына еріп келіп жүріп,
әйеліне ғашық болады ғой. Шын сезім
ақылдың әміріне көнсін бе? Әрине, әйел
– Сақыпжамал апамыз қазақы әдептен
аттамайтын инабатты, ибалы еді. Ол
Қасымның ақындығына сүйсінген, қызық
адам ретінде араласқан басында. Жыр
арнап жүрген ақын жайлы күйеуіне «осы
Қасым сен жоқ кезде маған «сені жақсы
көремін деп айтады» деп, ақынның ол
сөзін қалжың ретінде қабылдаған.
Жолдасы да «Сәпен, ақындар өзі сондай
болады, мән берме» дейді екен. Сөйтсе,
Қасым Сақыпжамалға, шын мәнінде, бір
көргеннен ғашық болыпты. Соғыстан кейін
ақыры оған үйленді, екеуі бір отбасы
болып өмір сүрді. Сөйткен Сақыпжамал
апамызды, кейін Әбу Сәрсенбаев
ағамыздың үйіндегі Ләзиза апамызды
мерекелерімен құттықтай барғанымда,
талай рет көріп, бір дастарқанда шай да
ішкен кездерім болды. Бұл да – өзінше
тарих. Міне, Қасым сүйіктісін алғаш
жолықтырған Оралдағы сол көне шаңырақ
әлі тұр.
СОҒЫСҚА ДА ҚАСЫМ ОСЫ
ОРАЛДАН АТТАНЫП ЕДІ
Қол созып қызыл вагоннан,
Үстіңнен өтіп барамын.
Қош болшы енді, Оралым,
Гүл бере шалқып, сайранда!
Айтпақшы, қайда бораның,
Кетейін алып майданға.
Міне, сол сұрапыл соғысқа кетіп бара
жатқан кездің өзінде де Оралдың үстінен
жүріп өтіп, майданға Оралдың боранын,
жастық шақтың қысын, ызғарын жырлап,
өтіп кеткен.
Биыл ғасыр тойы тойланғалы отырған қазақтың дауылпаз
ақыны, классик ақын Қасым Аманжолов Қарағандыға қарасты
Қарқаралыда туғанымен, бүтін жастық шағы, ең бір әдемі өлең
жазып, лапылдаған ғажайып ғашық кезеңін Жайық бойында
өткерген екен. Алғаш Абай туған Семей жерінде білім алған
ақын әрі қарайғы білімін Оралдың педагогикалық
институтында жалғап еді. Одан Оралдың облыстық газетінде
қызмет істеді. Оған ақынның «Кезгенмін Совет көшесін» деген
жырынан бастап, біршама өлеңдері куә. Жайық бойында
қалған Аманжолдың Қасымының сол іздерін бізге өзі де
«Жайықтың ақ шағаласы» атанған ақын Ақұштап Бақтыгереева
алып келгендей болды.
КӨК ТЕРЕКТІ КӨШЕ –
АМАНЖОЛОВ АТЫНДА
Терезе алды – көк терек,
Тұр екен кімдер сүйеніп,
Жүр екен кімдер үйленіп? – десе, мынау
– сол көк терегі. Бүгінде оған екі адамның
құшағы жетпейді. Күтімі де жақсы. Мынау
– сол үй. Әлгі терек сол Сақыпжамал
тұрған үйдің терезесінің түбінде болған.
Осы көк терекке сүйеніп тұрған күйі ақын
Сақыпжамалға талай тамсана қараған.
Сол көшеге қазір Қасым Аманжоловтың
атын бергіздік. Ақын ағаның аруағының
алдында жасаған бір тамшы үлесіміз осы
болған шығар. Ол көшеде сондай-ақ бүгін
Мағжан Жұмабаевтың суреттері ілулі тұр.
Ол көшеде сол Қасымды көрген ескі үйлер
де сақталған.
– Ақын, әттең, ерте кетті, көре
қойған жоқсыз ғой. Бірақ жырына
жастайы ңыздан қанып өскен
шығарсыз? Жалпы, Қасым
жырлары сіздің ақын болып
қалыптасуыңызға әсер етті деп
айта аласыз ба?
– О-о, әрине!
«Ақсәуле, аспанда Аймен таласасың,
Төгілген иығыңа қара шашың», – деген
Қасымның сөзіне жазылған әндер шырқал-
ғанда, «сол Ақсәуле мен екенмін» деп өстік
қой. Қасым жырлары әр адамның жүрегіне
жол табатын жеңіл әрі өткір, лапылдаған
отты өлеңдер ғой. Қасыммен бірге соғыста
бірге болған Абдолла Жұмағалиев те осы
Оралдан еді. Екеуі де мықты, екеуі де
өрімдей жас, екеуі де – жақсы ақын, екеуі
майданға бірге аттанған. Соғыс жүрген
жерде қаза жүрері хақ, Абдолла соғыста
Қасымның көзінше қаза тапқан, оған
Қасым дастан арнаған. «Ақын өлімі туралы
аңыз» атты дастаны ақынның қыршын
кеткен досына қойған ескерткіші іспетті.
Абдолла Жұмағалиевтің де туған жерінде
есімі бар, еске алып отырады елі. Осындай
өмір кешкен таланттарымыздың Оралда
әлі ізі сол күйінде сайрап жатыр. Одан
бөлек, қазір де оқу орындарында,
кітапханаларда ақынға арналған кештер
өткізіліп тұрады.
– Қасым рухымен сырласқан,
өлең арнап болмаса жырына
жауап жазған кезіңіз болды ма?
– Ақын ағаға тікелей өлең арнамасам
да, Қасым жырларын эпиграф етіп алып,
еліктеген тұстарымыз болды. Мысалы,
менің әкеге жазған өлеңім, мүмкін, осы
Қасым жырының әсері шығар деп
ойлаймын. Себебі ол:
Аманжол Рахымжанның Қасымымын,
Мен өткен бір атаның ғасырымын.
Біреудің жұртта қалған жасығымын,
Біреудің аспандағы асылымын, – десе
ол, мен де өзімді «қыз да болсам біреудің
асылымын» деп әкемнің атын өлтірмей
жүруім осы Қасым сынды ақынның әсері
болса керек.
«ДАРИҒА, СОЛ ҚЫЗ» –
ДАРИҒА ҚАСЫМҚЫЗЫ
Қасымның соғыста жазған «Дариға,
сол қыз...» өлеңіне ән де өте үйлесімді
шыққан. Оның бүгінгі ұрпаққа жетуіне
алғаш негіз салған – ақын Ғафу Қайыр-
беков. Осы Ғафекеңнің орындауында біз
әлгі әнді жиі тыңдап өстік. Тіпті күні бүгінге
дейін қанша әнші шырқаса да, дәл Ғафу
Қайырбековтей ешкім жүрегінің түбінен
шығара орындай алмай жүр. «Қайда екен,
қайда, Дариға-ай, сол қыз» деп үзіліп
тұрып шырқағанда, ой бір өзіміз де бірге
үзілуге шақ қалушы едік. Ғафе
кеңдер
Қасымның көзін көрген адамдар ғой. Тіпті
сүйген жары Сақыпжамалдан ту ған қызына
Қасым Дариға деп ат қояды. Ол елес пе,
арман ба, жоқ, ынтығу ма, әйтеуір, Дариға
аты ақын өлеңінде жүрді ғой. Дариға –
осы біз шамалас, соғыстан кейінгі ұрпақ.
Менен бірер жас кіші де болса керек.
Алматыда тұрады. Дариға әкесі жайлы
естелік жазып қойды деп естідік, өткен
жылы «Ақжайық» атты Орал дағы жазушы-
лар кітапханасынан шығарамыз ба деп
ойлап жүр едім. Биылғы су тасқыны біраз
есеңгіретіп тастады да, «Ақжайық»
кітапханасы тоқтап тұр әзірге. Енді, бәлкім,
100 жылдығына бір жерден басы
лып
шығатын шығар. Ал, жалпы, Қа
сым
Аманжоловты біз Жайықтың да ақыны деп
санаймыз. Болашақта, бәлкім, ақынның өз
шығармаларын шығарып та қалармыз.
– Әр ақынның өз қолтаңбасы
болары сөзсіз, Қасымды Қасым
ететін нендей ерекшелігі дер
едіңіз сіз ақын көзімен қарағанда?
– Қасымның сол кездегі поэзияға әкел-
ген ұйқасы ерекше, сосын өлеңі отты,
лепті. Өткір айтатын, еркін, тентек мінезі-
мен де ерекше болған ол. Мысалы,
Бермесең бермей-ақ қой
баспанаңды,
Сонда да тастамаймын астанамды.
Өлеңнің отыменен жылытамын,
Өзімді, әйелімді, жас баламды, – деп,
пәтер бермеген басшыларға өлең жазу ол
кезде екінің бірінің қолынан келе бермеген.
Бұл өзі қабағы түксиген, «халық жауы»
дегенді жаба салатын Сталиннің кезеңдері
емес пе? Соның аяқ шені. Соның өзінде
қорықпай, тайсалмай жырлаған Қасымды
оқырман қалай жақсы көрмесін?!. Ол өзі
бір әдебиетке құбылыс болып келіп еді.
Міне, сөйткен Қасымның ешбір жерде
ескерткіші жоқ әлі күнге. Осы Жайық
бойына Қасымға қасқайтып тұрып
ескерткіш қойсақ та, жарасар еді. Жалпы,
қазіргі кездегідей ақынды туған жерінде
ғана шектеп қалу деген – жағымды жағдай
емес. Ақын – туған елге ортақ тұлға. Мы-
салы, Ілияс Жансүгіровтің Талды қорғанда
тұруы шарт емес. Себебі Ілиястың
«Құлагерін» оқып, қазақтың әр баласы
әдебиетке келеді. Сол сияқты Қасым да
қазақтың қай даласында тұрса да
жарасады. Себебі Қарқаралыда туғанмен,
ол – Қарқаралының ғана Қасымы емес,
бүтін қазақтың Қасымы!
Әңгімелескен
Мәриям ӘБСАТТАР
Күлемін де жылаймын,
Күлемін де жылаймын,
Жылаймын да күлемін.
Жылаймын да күлемін.
Heгe ғана бұлаймын,
Heгe ғана бұлаймын,
Өзім ғана білемін.
Өзім ғана білемін.
Өкінбеймін өмірге
Өкінбеймін өмірге
Босқа келген екем деп.
Босқа келген екем деп.
Өкінемін бір күнде
Өкінемін бір күнде
Түк бітірмей кетем деп.
Түк бітірмей кетем деп.
Қан майданның қақ
ортасында жүріп, қаруы мен
қаламын қатар ұстаған қазақтың
ержүрек ақындарының бірегейі
– Қасым. Қасымның от пен
оқтың арасында туған жалынды
жырлары заман өзгеріп, буын
ауысса да, оқырманын әсерсіз
қалдыра алмайды. Қаншама
жыр, екі дастан, аудармалар
қалдырған ақын қысқа
ғұмырында қазақтың ән
айдынына да тамшыдай болсын
үлесін қосып үлгерген. Өкініштісі,
Қасымның сан әнінен ел
құлағында екеуінің ғана қалуы.
Қазақтың есті әндеріне әуес кез келген
адамнан «Қасымның қандай әнін білесіз?»
деп сұрасаңыз, «Дариға, сол қыз» бен
«Өзім туралыны» жаңылмай айтатыны
анық. Ал алдыңғы буын әншілер, Қасым-
ның көзін көрген жандар басқа да әнде-
рінің болғандығын айтады. Бірақ олар не
себепті бүгінге жетпей қалды?
Мыңбай РӘШ, ақын, сатирик, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген
мәдениет қайраткері:
– Қасымның «Өзім туралы», «Да-
риға, сол қыз», «Ақсәуле» әндерінің
үшеуін де білемін. 1952 жылы Ғафу
Қайырбековпен бірге үйіне барғанда,
өзінен үйренгенмін. Ол әндерді өзім
домбырамен айтып тұрамын. Қасым,
негізі, көп ән шығарған. Бірақ олардың
барлығы ұқыпсыздықтан, Композитор-
лар одағы не басқа біреу айналыспаған
соң, кезінде нотаға түспей ұмыт
қалған.
Қасымға баспана сыйлаған «Өзім
туралы» атты өлеңіндегі өмір шын дығы
ақынның көкірегін жарып шыққан ән
арқылы өмір-толғауына ай нал ды. Ол әнді
тыңдаған адам бір ғана Қасымның
тағдырын емес, қазақтың қамын ойлаған
азаматтардың бейнесін, тыныс-тіршілігін
түсінетіні хақ. Бұл тол ғауды бізге жеткізген
– әнші, композитор Тұрсынғазы
Рахымов.
Тұрсынғазы РАХЫМОВ,
композитор, әнші, Қазақстанның еңбек
сіңірген мәдениет қайраткері:
– Қасымның әнін мен 70-жылдары
ауыл қарттарынан үйреніп алып келдім.
Абайдың сөзіне жазылған «Өлсем,
орным қара жер сыз болмай ма»
өлеңінің әнін біреулер Жәнібек
Кәрменовтікі десе, біреулер Қасым
Аманжоловтікі дейді. Бала күнімде
1947 жылы Қасымның Абай ауданына
келгендігін естігенмін. «Бұл сол тұста
шыққан ән» деседі үлкендер. Менің
ойымша да, ән Қасымдікі. Композитор
Теміржан Базарбаев 1947 жылы сол
әннің Қасымға тиесілі екендігі жөнінде
газеттен оқығандығын айтқан.
Жұрттың барлығы Жәнібектей ән
дүлдүлінің әні деп жүрген «Өлсем, орным
қара жер сыз болмай ма» әні туралы тың
деректі Тұрсынғазы ағадан естігенде,
таңғалғаным рас. Ал оның, шындығында,
кімдікі екендігін музыкатану ғылымының
құзырына тапсырайық.
Ән болып әуелеген
Қасым жырлары
ТҮЙІН
Ал қазақтың жыраулық поэзия-
сының дәстүрін ХХ ғасырда қайта
түрлендіріп, халыққа отаншылдық
рух сыйлаған, соның әсерінен сын-
шылар тарапынан теперіш те көрген
батыр ақын жырлары ғасырға жуық
уақыт өтсе де, тазалығы мен мөл-
дірлігін жоймай келеді. Ал нақты
орындаушысы болмаған соң, халық
жадынан өшіп, мұрағаттарда ғана
сақтаулы қалған әндері болса,
Қасымның 100 жылдығы аясында
табылар деген үміттеміз. Себебі
өлмейтін мұра ақынның өзі өлсе де,
теңіз бетіне қалқып шығарына күмән
жоқ. «Ұмытса да достарым, Ұмытар
ма мені елім!» деп Қасым ақынның
өзі айтқандай, дариядай даналық
іздеушісі табылса, тасада қалмас...
Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ
Бәйге мөлшерi:
Бас бәйге (бiреу)
Бiрiншi бәйге (бiреу)
Екiншi бәйге (екеу)
Үшiншi бәйге (үшеу)
Ынталандыру бәйгесi (бесеу)
Қазылар алқасының шешiмi қайта
қаралмайды.
Мүшәйра жүлдегерi қомақты ақ-
шалай сыйлықтар және дипломдармен
марапатталады. Жүлде алған шығар-
малар республикалық басылымдарда
жарияланып, алдағы уақытта арнайы
жыр жинағына топтастырылмақ.
«Терезе алды – көк терек...»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№152 (604)
27.08.2011 жыл
сенбі
www.alashainasy.kz
e-mail: info@alashainasy.kz
8
ӨМІР-ДАСТАН
№152 (604) 27.08.2011 жыл, сенбі
www.alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
e-mail: info@alashainasy.kz
К
е
зекшi ред
ак
тор – Мәриям ӘБСА
ТТ
АР
Республикалық
қоғамдық-саяси
ақпараттық газет
Бас редактор – Серiк ЖАНБОЛАТ
Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ
Бас ред
ак
тордың бiрiншi орынб
ас
ары
Мақсат ӘДIЛХАН
Бас ред
ак
тордың орынб
ас
ары
Айдын ҚАБ
А – ж
а
уапты х
а
тшы
Талға
т КIРШIБ
А
ЕВ –
ж
а
уапты х
а
тшының орынб
ас
ары
Нұрлыб
ай ИТЕКБ
АЕВ –
те
х.ред
ак
тор
Күләш НАҚЫПОВ
А
–
аға к
оррек
тор, т
е
л.:
388-80-76
Газе
т 2008 жылдың 17 қар
ашасынд
а ҚР Мәдение
т және ақпар
а
т
минис
трлiгiнде тiрк
е
лiп, бұқар
алық ақпар
а
т құр
алын есепк
е қою
тур
алы №9650-Г к
уәлiгi берiлг
ен.
Р
ед
акция авт
орлар мақаласы мен ж
арнама мазмұнына ж
а
уап
бермейдi.
Авт
орлар қо
лж
азб
асы өңде
лмейдi және к
ерi қайт
арылмайды.
Көлемi екi к
омпью
терлiк бе
тт
ен (14 к
ег
ль) ас
а
тын ма
териалд
ар
қабылд
анб
айды.
«Алаш айнасынд
а» ж
арияланған ма
териалд
ар мен с
уре
тт
ердi
көшiрiп немесе өңдеп б
ас
у үшiн ред
акцияның ж
азб
аша рұқс
а
ты
алынып, г
азе
тк
е сiлт
еме ж
ас
алуы мiнде
ттi.
Құрылтайшысы және меншiк
иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС
Директор –
Александр Филимонович АН
Алма
ты қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС
Қалд
аяқов көшесi, 17-үй. Т
ел.:
8
(727) 273-12-04, 273-12-54
Тапсырыс – №1011
А
ст
ана қаласы «А
ст
ана-По
лигр
афия»,
Бр
усиловский көшесi, 87-үй. Т
ел.:
8
(7172) 37-05-59
Тапсырыс – №1771
Шымк
ент қаласы «Оңтүс
тiк по
лигр
афия» б
аспалар үйi» ЖШС
Байтұрсынұлы көшесi, 18-үй. Т
ел.:
8
(7252) 30-03-30, 30-03-31
Тапсырыс – №8179
Бағасы к
е
лiсiмдi
Таралымы – 10 000 дана
Газе
т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.
«А
ла
ш а
й
на
сы
» г
аз
ет
iн
е ж
аз
ы
лу
и
нд
екс
i: 6
42
59
Ре
д
ак
цияның
м
ек
ен
ж
айы
:
А
лм
ат
ы
қ
ал
ас
ы
,05
0
05
1,
Б
ег
ал
и
н кө
ш
ес
і, 1
4
8/
1 А
e-
m
ail
: inf
o
@
a
lashainas
y.
kz
Аймақтағы тiлшiлер:
А
тыр
ау – Бақытгүл Б
АБ
АШ, т
ел.: 87015533653
Қар
ағанды – Серiк САҒЫНТ
АЙ, т
ел.: 8777 3909779
Ж
амбыл – Гүлж
ан КӨШЕРОВ
А, т
ел.: 8701 7711648
Қызылж
ар – Ерб
ақыт АМАНТ
АЙ, т
ел.: 8 705 4418255
Қызылорд
а – Әділж
ан ҮМБЕ
Т, т
ел.: 8777 7054466
Өск
емен – А
зама
т ҚА
СЫМ, т
ел.: 8777 3554114
Шымк
ент – Шадияр МО
ЛДАБЕК, т
ел.: 8705 9877799
Бөлiм редакторлары:
Құб
аш МЕҢДIҒА
ЛИЕВ – с
аяси бюро, т
е
л.:
388-80-72
Берiк ӘШIМОВ – нарық, т
е
л.:
388-80-69
Қалд
ар КӨМЕКБ
АЕВ – қоғам, т
е
л.:
388-80-65
Алма
т ИСӘДIЛ – өрк
ение
т, т
е
л.:
388-80-64
Нұрғазы СА
САЕВ – дод
а (спор
т), т
е
л.:
388-80-74
Бо
ла
тбек МҰХТ
АРОВ – ж
аңалықт
ар, т
е
л.:
388-80-68
Дарх
ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк
тi
тiлшiлер қосыны, т
е
л.:
388-80-62
БҮГІН:
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
ТАМЫЗ
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Шығуы
Ұзақтығы
Батуы
06:10
13.27
19:37
Тар
ат
у қызме
тi
те
л.:
8 (727) 388-80-88
Ж
арнама бөлімі
те
л.:
8 (727) 388-81-00
8 (727) 380-41-78
e-
m
ail
:
alikulova.a@orangepoint.kz
Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61
Астана бюросы:
Мек
енж
айы: Сейфу
ллин көшесi, 31, офис 215
Те
л.
: 8 (7172) 54-27-31
E-mail: aa_as
tana@mail.ru
Айбын ШАҒА
ЛАҚОВ –
Аста
н
а б
ю
р
осының ж
ет
екшiсi
Салт
ан СӘКЕН – тiлшi
Қана
т Т
ОҚАБ
АЕВ – тілші
А
рман А
СҚАРОВ – тілші
Тамыздың 27-сі
Алаштың атаулы күні
•
1919 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің Қостанай уезін
Челябинск облысына қосу туралы шешімі қабылданды. Алайда шешімге
қарсылық білдірген Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың саяси
наразылығы Қостанайды Қазақстанға қайтаруға негіз болды.
• 1992 жылы Қазақстан мен Армения арасында дипломатиялық қарым-
қатынас орнатылды.
• 19 жыл бұрын (1992) Алматыдағы Кино үйінде Асанәлі Әшімовтің
«Елім-ай» киностудиясы түсірген «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» фильмінің
премьерасы болды.
• 4 жыл бұрын (2007) Ақтауда 80-нен астам тарихи құнды ескерткіштері
бар 28 тарихи-археологиялық кешен табылды.
Туған күн иелері
Бексұлтан Сәрсеков (1953) – Есірткі, психотроптық заттар және
олардың ұйытпасының заңсыз айналымымен күрестің Орталық Азия
аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы ұшу фазасының директоры,
профессор, генерал-майор;
Дастан Сартаев (1959) – Павлодар облысының прокуроры, 3-сыныпты
мемлекеттік кеңесші;
Бекет Аймағамбетов (1960) – Жамбыл облыстық ІІД бастығы, полиция
полковнигі;
Қанат Жанғаскин
(1961) – экономика ғылымының докторы;
Сәрсен Көкебаев
(1961) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Техникалық қызмет департаментінің бастығы;
Болат Сәтбаев (1963) – Алматы облысы бойынша Салық департаменті
бастығының орынбасары;
Айзада Аққайсиева (1969) – экономика ғылымының докторы.
Қалмаханбет Мұхаметқали (1975) – «Дала мен қала» газеті Бас
редакторының орынбасары, ақын.
ФОТОШЕЖІРЕ
«Алаш айнасы» газетінің ұжымы белгілі әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрмет
орденінің иегері Майра Ілиясоваға туған әпкесі
Сәния Әлімғазықызы ИБРАЕВАНЫҢ
қайтыс болуына орай, қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
8
Тамыздың 28-і
Алаштың атаулы күні
• 80 жыл бұрын (1931-1998) мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымының
кандидаты Өзбекәлі Жәнібеков дүниеге келді.
• 22 жыл бұрын (1989) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет -
Сұлтан мемлекеттік қорық-мұражайы» ұйымдастырылды.
• Шахтер күні. Тамыз айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі
төралқасының 1947 жылғы қыркүйектің 10-ындағы Жарлығымен бекітілген.
Туған күн иелері
Құрманғали Уәли (1947) – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;
Бақыт Серәлиев (1950) – Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының
директоры;
Сейілда Байшақов (1950) – ҚР футбол федерациясының вице-президенті;
Әбдіманап Бектұрғанов (1958) – заң ғылымының докторы, профессор;
Алтай Қазмағамбетов (1964) – педогогика ғылымының докторы;
Нұрсұлу Құрманбекқызы (1965) – «Алаш айнасы» газетінің корректоры;
Анастасия Щегорцова (1980) – ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының
орынбасары.
Тамыздың 29-ы
Алаштың атаулы күні
• 291 жыл бұрын (1720) Өскемен қаласының негізі қаланды.
• 20 жыл бұрын (1991) Президент Н.Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын
жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Полигон жабылғаннан кейін ондағы барлық
нысандар және үш ядролық реактор Қазақстан Республикасының меншігіне өтті.
• 2 жыл бұрын (2009) Өскеменде Абай мен Пушкин ескерткіштері салтанатты түрде
ашылды.
• Ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні. Қазанның 30-ында БҰҰ Бас
Ассамблеясының бірінші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық
қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынады. Қазақстан ұсынған қарардың
бірлескен авторлары 26 мемлекет болды, оның ішінде Армения, Белоруссия,
Бразилия, Катар, Қырғызстан, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірлігі, Тәжікстан,
Түрікменстан және Жапония.
Туған күн иелері
Сәбит Тауланов (1947) – педагогика ғылымының докторы, генерал-майор;
Нұрлан Батпенов (1949) – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу
институтының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор;
Әбдуәхит Мақұлбаев
(1961) – ОҚО бақылау және халықты әлеуметтік қорғау
жөніндегі департамент директорының орынбасары;
Бөлтірік Жақыпов
(1961) – Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасының бастығы;
Марат Бекетаев (1977) – ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.
Тамыздың 30-ы
Алаштың атаулы күні
• Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1995 жылғы мамырдың 30-ында
бүкілреспубликалық референдумда қабылданған Конституция – еліміздің Негізгі
заңы ретінде бүкіл халықтың ерік-жігерінің айғағы, «Қазақстан Республикасы өзiн
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады,
оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен
бостандықтары».
• Ораза айт мейрамы (2011 жылғы тамыздың 30-31-і және 1 қыркүйектің – 1432
хижра жылының 1-3-ші шәууәлі)
Туған күн иелері
Төлеген Рахымжанов (1948) – полиция генерал-майоры;
Қыдыркелді Медеуов (1955) – Алматы облыстық мәслихатының депутаты;
Серік Бейсеков (1958) – Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы,
полковник;
Қайрат Түгелбаев (1959) – «Толғау» ЖШС көлік жүргізушісі;
Меруерт Қазыбекова
(1961) – Қазақстан кәсіпкерлер әйелдері одағының
төрайымы.
Тамыздың 31-і
Алаштың атаулы күні
• 1874 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш зиялысы, қазақтан шыққан
тұңғыш мал дәрігерлерінің бірі Түбек Есенғұлов дүниеге келді.
• 12 жыл бұрын (1999) Алматы облысы Кербұлақ ауданының Қоянкөз ауылындағы
орта мектепке Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тоқсын Құлыбековтің есімі
берілді.
• 4 жыл бұрын (2007) Таразда Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды.
• 2 жыл бұрын (2009) Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданында ядролық
сынақтар құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.
Туған күн иелері
Зәмзәгүл Шәріпова
(1931) – Қазақстанның халық әртісі;
Гүлмира Шалабаева (1956) – философия ғылымының докторы;
Ерлан Нығматулин (1962) – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;
Нұрлан Нығматулин (1962) – «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары,
саясаттану ғылымының докторы;
Талғат Сәрсенбаев (1966) – ҚР Сенат Аппаратының басшысы, заң ғылымының
докторы, профессор;
Сәуле Сәрсенбаева (1967) – медицина ғылымының докторы, профессор.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
БӨЛТІРІК – қасқырдың қарақұлақтанып қалған күшігін осылай атайды. Жалпы, түркі
халқы өзін Көк бөріден тарататын болғандықтан «Бөлтірік, Арлан, Қасқырбай»
есімдері ел ішінде ара-тұра кездесіп қалады. Бұл есімді жаңа туған сәбиге «қасқырдай
қайратты, қайсар» болсын деген ниетпен қояды. Аузы дуалы Бөлтірік шешеннің де
құрметіне нәрестеге осы есімді беріп жатады. Ел ішінде өте сирек кездесетін төл
ныспымыз.
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...»
ҚАРА ПАЛЬТО
Қасым Аманжолов пен Ғабдол Сланов өзара сыйлас,
сырлас екен. Бір күні Ғабдол басына көк елтірі құлақшын,
үстіне көк жағалы пальто киіп көшеге шығыпты. Алдынан
кездесе кеткен жұпыны киімді Қасымға қарап:
– Байғазы бер, – десе керек.
Қасымның қалтасы тесік, ақша тұрмайды.
– Байғазыға өлең берейін, – дейді ол.
– Мейлі, өлең берсең бере ғой.
Сонда Қасым:
Жігіттің көрдік жүйрік, шабанын да,
Япырмау, бір шаба алмай қаламын ба?
Үстімнен түспей қойды қара пальто,
Көк бөрік, көк жағаның заманында, – деп өлеңдетіп
жіберіпті.
ҚАСЫМ НЕГЕ СЫНАЛДЫ?
Қазақ поэзиясының классиктерінің бірі Қасым
Аманжолов 50-жылдардың басында сталиндік
жандайшаптардың талқысына көп түсті. «Ұлтшыл» деп
айып тағылып, көп сыналыпты. Осындай жадап-жүдеп
жүрген шағында, бірде сырлас бір досына:
– Мені сынап жүргендердің бәрі де менше жазғысы
келеді. Бірақ амал қанша, жаза алмайды. Сосын да мені
сынайды, – деп мұңын шағыпты.
АДАМДАР БАР АЛАСА...
Елуінші жылдардың басы болуы керек, бірде Ғабдол
Сланов, Қасым Аманжолов және тағы бірнеше адам
жаздың әсем бір күнінде қала сыртына, Талғар жаққа
серуенге шығады. Сонда Ғабдол:
– Шын ақын екеніңді білейін, мына Талғар шыңы
туралы табан астында суырып салып, бір шумақ өлең
шығаршы, – депті.
Сонда Қасым қолма-қол:
Биіксің, Талғар, тамаша!
Тұрсың көкпен таласа.
Әттең, сенің бауырыңда
Адамдар бар аласа, – деген екен.
Қасымның «деген екендері»
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |