қарастырады. Тіптен қазір Еуропаның бір-
масына тыйым салып та жатыр. Яғни жуан
келгенде даусыз күш біріктіреді. Ендеше,
міндеттелді. Яки макро эко но микалық
жақсы сөз бар. Сөзіне, өзіне қарап қазақ
береді. Бірақ кеңестік дәуірде ұлы баба-
мәнісі жойылды. Керісінше, кеңестік идео-
қоғамға терең сіңірілді. Сол кезде «Берсең
жастар легі көбейді. Бұл, мүмкін, саясатта
құрудың» «жемісі» де шығар. Бірақ бүгінгі
күрт өзгеріске ұшырады. Тәуелсіздік алған
көштік. Тыйым салынып келген, халыққа
алды. Сондықтан Тәуелсіздіктің бастапқы
тардың болуы заңды да шығар. Дегенмен
тәрбиелеу өзектілік танытып отыр. Ұлы
деген. Демек, еңбек нарығындағы бәсе ке-
қымбат болады. Осылайша өз ортасында
дүйім ді тәнті етері сөзсіз.
№73 (755)
28.04.2012 жыл,
сенбі
www.alashainasy.kz
4
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
ЫНТЫМАҚ
Аз ұлттардың құқығын кім қорғайды?
1 Мамыр мерекесінің тарихы жайлы білгім келеді
Гүлнар АХМЕТОВА
Аз ұлттардың құқықтарының халықаралық
жүйесінің пайда болуы қай кезеңнен басталады?
Нұрлан, Алматы
Азшылық ұлттардың құ-
қығын қорғау мәселесі ал-
ғаш
қыда екі мем
лекет
арасында ғана жүзеге асы -
ры латын. Яғни бір мемлекет
өзінің диаспорасы тұратын
екінші бір елмен келіссөздер
жүргізу арқылы ғана аз
ұлттардың құқық
тарының
сақталуын қамта масыз еткен.
Ал бұл мәселе 1877-1878
жылдардағы орыс-түрік
соғы
сынан кейін халық-
аралық дең гейге кө терілді.
Бұдан кейін уақыт өте келе
Ұлттар лигасы құрылып,
халы қ аралық сотта тұрақты
палата құрылды. БҰҰ-ның
жалпы дек ларациясына аз
ұлттардың құқығын қорғау
туралы бапты енгізуге АҚШ,
Франция, Авс тралия, Чили,
Бразилия сияқты елдер
атсалысқан.
1 Мамыр мерекесінің тарихы жайлы мағлұмат берсеңіздер. Бұл мереке
қай уақыттан бастап аталып келеді? Бүгінгі таңда бұл мерекені қанша мемлекет
атап өтіп жүр? 1 Мамыр мерекесін атап өтпейтін елдер де бар ма?
Жандарбек ИСАҚҰЛОВ, Алматы облысы
1886 жылы 1 Мамырда Американың
Чикаго қаласында 8 сағаттық жұмыс күнін
талап қылған жұмысшылар көте ріліске
шыққан. Нәтижесінде, көтеріліс шілер мен
полиция қақтығысып, қан төгіледі.
1889 жылы шілдеде Парижде өткен ІІ
Интернационалдың конгресінде Чи-
кагодағы жұмысшылар көтерілісінің құр-
метіне жыл сайын 1 мамырда шеру өткізу
туралы шешім қабылдайды.
1890 жылы Австро-Венгрияда, Бель-
гияда, Германияда, Данияда, Ис панияда,
Италияда, АҚШ-та, Нор вегияда, Фран-
цияда, Швецияда және бірқатар басқа да
мемлекеттерде Халық
аралық еңбек-
шілердің ынты мақтастық күні аталып
өтті.
Бүгінгі таңда бұл мереке әлемнің 142
мемлекетінде, 1 мамыр күні немесе ма-
мыр айының бірінші дүйсенбісінде аталып
өтілуде. Ал әлемнің 80 елінде бұл ме-
рекені атап өтпейді екен.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
Жұмысшы мамандығы жат болып бара ма?
КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ
БІЛІМГЕ ЖҰМЫЛЫҢДАР!
Ал біздегі кәсіби білім берудің олқы
түсіп жатқаны құпия емес. Жоғарғы мек-
тептің еңбек сіңірген қызметкері, про-
фессор Марат Нұриевтың айтуынша, мұн-
дай құбылыстың өзіндік себебі де бар.
«Өндіріс тоқырап тұрған кезеңде кәсіби-
техникалық мамандықтардың қажеті бол-
май қалғаны рас. Одан кейін 90-жыл-
дардың аяғында дағдарыс бас талғанда,
өнеркәсіп пен техникалық саланың өркен-
деуіне деген сенім жойылды. Сондықтан
да еліміздегі кәсіби білім беру жағы кен-
желеп қалды» дейді ол. Бүгін экономист
пен заңгер дипломын алғандарға жұмыс
табу қиын. Керісінше, өндіріске білікті ма-
ман жетіспейді. Рас, он шақты жыл бұрын
кәсіптік-техникалық училищелер (қазір
колледж) есін жиып, аяғынан тік тұра бас-
тады. Әйтсе де, бірден түзеліп кетті деуге
келмейді, яғни отандық кәсіби білім беру
стандарттары нарық талабына сай емес.
Қай салаға, қай кәсіпорынға, қай аймаққа
қандай мамандар қажет екені әлі күнге
дейін анықталмаған. 896 кәсіптік білім
беретін білім ордасының 509-ы мем-
лекеттің бақылауында болса, оның 371-і
ғана техникалық мамандықтарға даяр-
лайды. Ал жекеменшік оқу орындарында
ол тіпті де аз. Ескірген материалдық-
техникалық базаны жаңғырту үшін соңғы
үш жылда 600 млн теңгеден бөлініп келеді.
Бұл қажетті соманың шамамен 6
пайыздайы. Тағы бір түйткіл – өндірістік
тәжірибеден өтумен байланысты. Кеңес
кезінде төменгі курстағылар шеберха-
наларда шыңдалса, жоғары курс студент-
тері халық шаруашылығы нысандарына
баратын. Бүгінде ол – арман. Заң бойынша
колледж бен лицей атаулы шәкірттерін
кәсіпорынға жіберуі тиіс. Алайда өндіріс
басшысын оларды қабылдауға ешкім де
мәжбүрлей алмайды. Демек, кейін жасы
жеткен мамандар құрметті демалысқа
кеткенде, олардың орнын басатын ешкім
табылмай қалатын қауіп бар. Өз кезегінде
жұмыс берушілердің де Білім және ғылым
министрлігіне өкпесі қара қазандай.
Олардың ойынша, қазіргі кәсіби білім
өндіріс қажеттілігіне сәйкес емес. Қолда-
ныстағы кәсіби және техникалық білім
беру деңгейі кәсіпкерлер мен кәсіпорын
басшыларының көңілінен шықпайды.
Қолынан түк келмейтін түлекті баулуға көп
уақыт жұмсалады. Қалай десе де, алды-
мызда кәсіби білім беруді түбегейлі өзгерту
міндеті тұр. Атап айтқанда, материалдық-
техникалық базаны жақсарту, ұстаздардың
біліктілігін арттыру, оқу жоспарын өзгерту
кезек күттірмейді.
Осыған орай «Қазақстан Республи-
касының 2012-2020 жылдарға арналған
білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы»
шеңберінде техникалық және кәсіби білім
беру міндеттері жүзеге асырылмақ. Ел
экономикасын кәсіби-техникалық маман-
дармен қамтамасыз етуді көздейтін осы
бағдарлама Дүниежүзілік банктің
қатысуымен жүзеге асырылады. Жобаға
сай, келесі жылдан бастап 147 мамандық
бойынша кәсіби стандарттарды әзірлеу
қолға алынады.
ЕРІНБЕЙ ЕҢБЕКТЕНЕМ ДЕСЕҢ...
Статистика агенттігінің мәліметінше,
өткен жылы экономикалық белсенді
тұрғындардың 5,4 пайызы ғана (400 мың
адамнан сәл асады) жұмыссыз болған.
Салыстырсақ, жұмыссыздық шырқау
шегіне жеткен 1998 жылғы экономикалық
дағдарыс кезінде еңбекке жарамды
халықтың 13 пайызы жұмыстан айырыл-
ған-тұғын. Жұмыссыздықтың екінші тол-
қы нын 2008 жылғы дағдарыс туын датты
Үстіміздегі жылы еңбек
нарығының әрмен қарай
ұлғаятыны әлдеқашан
болжанып қойған. Елімізде
мұнайхимия, өнеркәсіп
құрал-жабдықтары
сияқты индустриялық
салалар дами түседі.
Сондай-ақ ІТ сектор мен
телеком да өркендеуін
жалғастырады. Осыған
байланысты кәсіби
техникалық мамандарға
мұқтаждық арта түспек.
(8 пайыз). Бүгінде еңбек нарығы қалпына
келіп, 1993 жылғы көрсеткішке қайта
орал дық. Сөйтіп, соңғы дағдарыс біздегі
жұмыссыздықтың өршуіне әсер ете ал-
мады. Оған мемлекет тарапынан дер ке-
зінде қолға алынған шаралар ықпалын
тигізгенін айтқан жөн. Әсіресе, соңғы жыл-
дары жүзеге асырылып жатқан жұмыс-
сыздықтың «Жол картасы» өзінің тиімділігін
көрсетті. Мәселен, 2010 жылы 100 мың-
нан аса адам жұмыспен қам тамасыз етілді.
Тіпті тілек білдірушілер та былмағандықтан,
бағдарламада көр сетілген 20 мыңдай
орын қамтыл мады.
Сонымен бірге биылдан бастап өзін-өзі
жұмыспен қамту бағдарламасы да ойда-
ғыдай жүзеге асуда. Оның алғашқы
бағытына 40 млрд теңге бөлініп, 100 мың-
ға жуық отандасымыз тартылды. Ағымдағы
жылы 126 мың адамды қам титын 62,3
млрд теңге жұмсалмақ. Еңбек және әлеу-
мет министрі Гүлшара Әбдіха лықованың
айтуынша, бұл бағдарлама кедейшілік
деңгейін 8,2 пайыздан 6 пайызға төмен-
детуге мүмкіндік береді. Ал жұмыссыздық
деңгейі 5,5 пайыздан көтерілмейді.
Жаңа бағдарлама тұрақты және өнімді
еңбекпен қамту есебінен тұрғындардың
әл-ауқатын барынша арттыру мақсатын
көздейді. Негізінен, жұмыссыз және тұр-
мы сы төмен отбасыларға арналған. Өзге
бағдарламалардан ерекшелігі, өз бетінше
еңбектенетіндерді демеуге ба
сымдық
береді. Өйткені бізде өзін-өзі жұмыспен
қамтитындар халықтың үштен бір бөлігін
құрайды. Әрі 71,2 пайызы ауылда. Қала-
дағы өз бетінше еңбек ете тіндердің 27
пайызы жоғары білімді, үш тен бірі орта
білімді, жартысынан азы мектеп бітіргендер
болса, ауылда бұл көрсеткіш 8,5, 15 және
76 пайызды құ райды. Сондықтан ауылға
айрықша мән берілетіні содан. Оның үстіне
өз бетінше еңбек ететіндерді зейнетақы
және әлеу меттік сақтандыру мәселесі де
шешілмек. Қазір олардың көбі салық
төлемейді, зейнетақы жинақтаушы қорына
қаржы салмайды. Демек, ертеңгі күні
мемлекет қалтасына салмақ түсіреді. Оның
алдын алу үшін бүгіннен бастап қам жасау
қажет.
САУАЛНАМА
ОЙТҮР
ТКІ
Достарыңызбен бөлісу: