Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ойт о лғАҚ Француз ойшылы Ж. Тириар геосаяси теориясында «әлемде АҚШ-қа қарсы тұра алатын бақталас пайда болғанда, Еуропаның мән-маңызы жойылады»



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата28.02.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5059
1   2   3   4   5   6

Рустам АЛПЫСБАЕВ, шығыстанушы:

– Өз басым түркі халықтарының 

бірігу идеясын қолдаймын. Шынында  

да, біз қазіргі уақыттағы барлық 

мүмкін  діктерімізді осы бағытты дамыту-

ға жұмылдыруымыз қажет. Біз көбіне 

осы төңіректе әңгіме қозғағанда кейбір 

мәселелердің бетін ғана қалқып өтетін 

сияқтымыз. Бізге өзара бірлігімізге 

кепіл бола алатын нақты факторларды 

анықтап алу шарт. Әуелі түркі жұртының 

тығыз қарым-қатынасына қол жеткізу 

үшін біздің жазуымыз ортақ болуы ке-

рек. Ол үшін түркітілдес елдерге ортақ, 

түсінікті латын графикасына жүгінуге 

тура келеді. Сонда ғана туысқан халық-

пыз деп отырған елдердің руханияты 

да, экономикалық мәселелері де түсі-

ністік жағдайда қалыпты дами алады. 

«Түбі бір түркі халықтарымыз, доспыз, 

бауырмыз» дегенге саятын жа лынды, 

пафосты ұран сөздерге әуестене бер-

мей, бізге шынайы, жүйелі іспен шұ-

ғыл дануымыз қажет. Бірақ бұл идея-

ның жүзеге асуына ұзақ уақыт кетеді. Ең 

бастысы, түркілік сана қалыптасуы 

керек.

ПЕЙІЛ


Мәриям  ӘБСАТТАР    

ТҮР


ТКІ 

КЕШЕ...

Қазақтың біртуар жазушысы Сайын 

Мұратбековтің повесі бойынша түсірілген 

(режиссері Ш.Бейсенбаев) «Тел өскен ұл» 

атты кеңестік кино естеріңізде шығар. Ұлы 

Отан соғысының кесірінен Евдокия шешей 

ұлынан көз жазып қалады. Сол ұлы араға 

37 жыл салып өзінің туған үйіне оралады. 

Ал сол уақыт аралығында Сергейді қазақ 

анасы Рабиға бауырына басып, өз ұлындай 

етіп өсіреді. Және ананың кемеңгерлігі сол, 

тумаса да туғанындай етіп өсірген ұлын 

алыстан туған анасы іздеп келгенде, қанша 

қимай тұрса да, жібереді. Қысқасы не ке-

рек, фильмді көрген кез келген көрерменнің 

әлгіндей бауырластыққа елжіреп, егіле 

жыламауы мүмкін еместей. 

БҮГІН... 

Қазақтай дарқан, қазақтай кең халық 

жоқ шығар әлемде. Біз әлі күнге кешегі 

ұлыстар бірлігін нық ұстап, Тәуелсіздігіміздің 

тірегі етіп ұстанып отырмыз. «Бауырға 

басқанбыз баршаның баласын» деген 

алғашқы Әнұранымыздағыдай қиын-қыс-

тау күндерде қазақтың қолтығына келіп 

пана тапқан корей, неміс, ұйғыр, дүнген, 

«Ребята, давайте жить 

дружно!» деуші еді бұрын, 

мультфильмдегі мысықтарға 

дейін. «Мосфильмнің» 

киноларында да достық, оның 

ішінде ұлттар бірлігі жақсы 

үйлесім табатын. Соғыс жайлы 

киноларда мәселен, окопта 

жатқан қос жауынгердің бірі 

орыс болса, екіншісі қазақ не 

өзбек секілді Азия халықта-

рынан еді ғой. Сондай-ақ 

бейбіт күннің өзінде де ауылы 

аралас, қойы қоралас қара па-

йым тұрғындардың бауырлас-

ты ғы керемет көрініс табушы 

еді кинолардан.

Достыққа жүрмін құмартып...

өзбек, тіпті кавказ халықтарының елімізге 

келуін біз бүгін барынша ашып көрсетуге 

талпынып жатырмыз. Бұған кейінгі кездері 

түсірілген Сламбек Тәуекелдің «Жерұйығы», 

Рүстем Әбдіраштың «Сталинге сыйлық» 



секілді туындылары дәлел бола алады. 

Сламбек ТӘУЕКЕЛ, ҚР еңбек сіңірген 

өнер қайраткері, кинорежиссер:  

– Көпұлтты ел екеніміз белгілі болса-

дағы, осындағы әр ұлттың бізге қашан, 

қандай жағдайда келгені, қалай өсіп-

өнгені жайлы екінің бірі біле бермейді. 

Әсіресе, жас ұрпақ. Қазақ халқының 

толе рант тылығы,  халықтар  бірлігі 

жақсы дегенмен, ұлтаралық қатынас 

деген өте нәзік ұғым. Бұл ретте қазақтың 

шыдамдылығы, қазақтың болмысының 

кеңдігі дәл  бір осы көпұлтты мемлекетке 

жаралған сияқты. Бұл фильмде біздің 

көрсетуге тырысқанымыз өз басына 

түскен нәубеттерге қарамастан, 1931-

32 жылдардағы ашаршылық, оның 

соңын ала бере 37- жылғы репрес сия-

ға қарамастан, қазақтың өзге халық-

тардың қиыншылығын түсініп, өзімен 

бірге бөлісе білгенін көрсетуді көздедік. 

Осы фильмнің сценариін жазған 

Лаврентий Сонның өзі жер аударылған 

кәріс ұлтының өкілі, өзі елімізге сол бір 

1937 жылдың қысында келіпті. Сол 

ызғарлы суықта, заманның қытымыр 

аязынан құтқарған қазақтың берген бір 

жұтым суы әлі есінде екенін айтады.

Айгүл ІСМАҚОВА, филология 

ғылымының докторы, профессор: 

– Жалпы, бізде халықтар достығы өз 

мазмұнына сай аталып жүрген жоқ. Тек 

бір ғана күн декларативті түрде алаң да 

концерт береміз де қоямыз. Әйтпесе, 

біздің қазақтың мүддесін қор  ғап жазып 

жүрген тұлғалар бар емес пе? Біз сол 

мереке қарсаңында жаны мен қазақ 

болып кеткен жазушы, т.б тұлғалары-

мыздың туындыларын шығарсақ. Әйт-

пе се, қазір ол мереке жай гастрономдық 

деңгейде ғана аталып өтіп жүр, өзбек-

тер палауын, ұйғыр самсасын алып 

шығып, дастарқан жаяды дегендей. 

Бұл жеткіліксіз, себебі бұл арқылы қа-

зақ тың өз бауырына алып отырған ұлт-

тарды жетілдіру, құрметтеу секілді қа-

сиет тері бұл жерде еш көрінбей қалады. 

Айталық, Қазақстанда барша ұлттардың 

тілінде мектептері де, әдебиеттері, тіпті 

театрлары да бар. Біз оған жақсы 

жағдай туғызып отырмыз. 

Ал қазақтың қай жазушысын алсақ 

та, кешегі ХХ ғасыр басындағы Жүсіп-

бек Аймауытовтан бастап, Мағжан 

Жұма баев аудармаларында да, бүгінгі 

Ма ғауин ағаларымыз, барлығы өз 

шы ғар  маларында  қазақтың  басқа 

халық тар мен, орыс халқымен біте 

қай  нас қан  тірлігін  шынайы  түрде 

керемет көрсеткен. Таптық бөлінуді 

ысырып қойып, адам ретінде сыйлас-

тық жоғары орынға қойылады. Абай 

айтқандай «адамзаттың бәрін сүй, 

бауы рым деп» деген ұлы идеясы дең-

гейінде. Біз сол дәрежедегі биіктікке 

ұмтылып, соған жетуді көздеуіміз ке-

рек.

ТҮЙІН: 

Кейінгі кезде орыс киноларын 

көрсеңіз, Ұлы Отан соғысында тек 

Ресей ғана қасық қандары 

қалғанша соғысып, өздері ғана 

бүгінгі күнге жеткендей... 

Мұндайда «біздің қан майданда 

қаза тапқан аталарымыз ше?» 

деген мұң қалады екен жүректе. 

Жаһандану дәуірінде әр ұлт өз 

идеологиясын нықтағаны дұрыс 

шығар, бірақ біте қайнасқан 

тарихымызды сызып тастау 

қаншалықты әділетті? 

Жерді жеті айналсам да 

қазақтай ұлт таппаспын!

АСЫҚ ОЙНАП ӨСКЕН ҰЛ 

Олег Свет Атырау облысы Қызылқоға 

ауданының тумасы. Қызылқоға – қазақы-

лықтың  қаймағы бұзылмаған жер. Ауыл 

мұғалімі  Людмила Дмитриевна мен инже-

нер Григорий Абрамовичтің   үшінші  пер зен-

ті  Олег  өзге де  бауырлары сияқты қа зақ 

мектебіне барған. Тілдік барьер бол ма-

ғандықтан түсінің  бөлектігі «тек айнаға 

қарағанда ғана есіне түсетін» ол  Қызылқо-

ғаның қырында асық ойнап өскендігін ай-

та ды. 


«Қазақтың  даладай дарқан ұлт екенді-

гін маған ешкім дәлелдеп әуреге түспеді 

десем болады. Қажет болса, өзім-ақ оған 

кез келген адамның көзін жеткізіп бере 

аламын. Қонақжайлылықты  да,  бауырмал-

дықты да  қазақтан үйрендім. Бойымдағы  

жақсы қасиеттерімнің барлығы қазақ 

достарымнан жұққан», – дейді Олег Григо-

рьевич  өзі өскен орта туралы ерекше ілти-

патпен.


«ҚАЗАҚ – ҮЛКЕНДІ 

СЫЙЛАЙ БІЛЕТІН ҰЛТ»

Олег Григорьевичтің айтуынша, оны 35 

жыл бойы таңдай қақтырып,  таңырқатумен 

келе жатқан бір нәрсе бар. Ол – қазақ ба-

лаларының  үлкеннің  алдын кесіп өтпей тін  

тәрбиелілігі. Сабаққа   дайындықсыз кел-

ген қазақ баласына ескертуімді сәл қатты-

рақ айтсам, ол менің сөзімді ағалық ақыл 

деп қабылдайды. Жанашырлығымды  ішкі 

түйсікпен ұғынады. Яғни қазақ – үлкенді 

сыйлай білетін ұлт. Бұл сірә, қанмен бері-

летін  қасиет болса керек? Мен мұндайды 

өзге ұлт өкілдерінен байқай алмадым – 

дейді тәжірбиелі ұстаз.

Тілін де, салт-дәстүрін де өз басы  өте 

жақсы білетін ұлтқа тән тағы бір қасиет 

туралы  Олег Свет былай дейді:

«Хакім Абай  өзінің 23-інші қара сөзін-

де  «Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір 

қуаныш, бір жұбаныш бар – деген екен. 

Сон дағы жұбанышы – жалғыз біз бе, елдің 

бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген 

ұлы той, көппен бірге болсақ болады да 

деген сөзді жұбаныш қылады» – демеуші 

ме еді? 

Абай әулие ғой. Қазақтың  шаруасы 

оңға баспаса, «әй, құрысыншы, мейлі»  

дейтіні рас. Өзге жұрт бастаған ісін  ақыры-

на жеткізбей қоймайды. Құрысыншы дей 

салатын қазақы көнбістікті соңғы жылдары  

өз бойымнан да байқап жүрмін. Кейде  

оқушының ынта-ықыласына бола  көңілін 

жықпай,  «бестік» қоя салатыным бар. Бұл 

– дұрыс емес! Өз басым қазақтай қабілетті 

халықтың ұл-қызы табанды болғанын 

қалар едім. Шәкірттерімнен үнемі осыны 

талап етіп отырамын. Жасым 55-ке келсе 

де менің қазаққа бергенімнен алғаным 

көп. Ал менен қазақтың тілі мен әдебиетін 

үйреніп жүрген  бұл жеткіншектердің  алар 

асулары алда».

Жаңагүл НИЗАМИ,

 Ақтөбе облысы

Ақтөбедегі №9 мектеп-

гимназияның мұғалімі Олег 

Григорьевич Свет 35 жылдан 

бері білім беру саласында  

еңбектеніп келеді. Мектеп 

оқушыларына қазақ тілі мен 

әдебиетінен дәріс беретін 

мұғалім  -  орыс ұлтының 

өкілі. «Жерді жеті айналсам 

да қазақтай ұлт таппаспын» 

дейтін Республиканың үздік 

мұғалімін Қазақстан 

халықтарының бірлігі 

күнінің қарсаңында  сөзге 

тартқан болатынбыз. 

Соңғы жылдары Оралда Антонина секілді Абай тілін үйренуге 

құлшыныс танытқан өзге ұлт өкілдерінің қатары жедел артты. Алайда 

өкініштісі мұндай бастаманы өзіміздің қаракөздер жоққа шығарып жатыр. 

Қалалық білім беру бөлімінің берген дерегіне сәйкес, биыл 400-дей қара 

домалақ қазақ баласы орыс мектебіне «Букварь» ұстап барыпты...

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, 

Орал

қатысып, талабын шыңдап жүр. Әсіресе, 

ән шырқағанды ұнатады. «Маған Қазақ 

елінің Әнұраны ерекше ұнайды» деп,  

қолын жүрек тұсына қойып, Әнұранды 

әуелетіп жібергенде пысық қыздың таудай 

талабы мен отансүйгіштігіне шын риза 

болдық. Вокал үйірмесінен бөлек, 

гимнастика, ат спортына да жазылып 

қойған. Атбегілікке баулып жүрген Армат 

ағасына әбден бауыр басып қалыпты. 

«Менің «Көгершін» деген арғымағым бар. 

Ол өте әдемі, өзі аппақ. Мен оны көрмесем 

сағынып қаламын, Ар мат ағамды да 

сағынамын» – дейді бүлдір шін қыз ағынан 

жарыла. 


Үйде ертегі кітаптары да көп. Бірақ бә-

рін оқып бола қойған жоқ. Ол Абай өлең-

дерінің де біразын жатқа біледі, кейбірін 

ұмытып қалғанын да жасырмайды. «Әлі 

кішкентаймын ғой, өскесін бәрін жат тап 

аламын» деп жұбатып қояды өз-өзін. Біз-

дің кішкентай кейіпкеріміз жазғы дема лы-

сын мағыналы өткізуге тырысады. 



Басы 1-бетте

Абай мен Михаэлис 

қалай танысқан?

Абай неге Михаэлисті қастер тұтқан? Жалпы, орыс оқымыстылары мен 

Абайдың достығынан қандай істер жүзеге асты? 

Мұхтар ӘБДІРАХМАН, Тараз қаласы

Кейде шырғалаңы мол болса да тари-

хи тағдырымыздың бізге екінші жағынан, 

көп нәрсе сыйлағанын аңғарамыз. Сол 

мысал ды тіпті жер аудару сынды тұлға-

лар ды өз елі мен жерінен қуғындаудан 

да көруге болады. Мысалы, Семей 

жерінде алғаш ашылған кітапхананың 

өмірге келуі,  сол кездегі Ресей ден саяси 

жер аударылған ағартушы, ғалым дар 

Е.А.Михаэлис,  Лоба новс кий,  Долгопо-

лов, Филиповтардың да арқасында деуге 

болады. 

Бұл туралы www.abay.nabrk.kz сай-

тында былай делінеді: Е.А.Михаэлис 

бастаған саяси жер аударылғандардың 

күшімен кітапхана 1883 жылы күзде рес-

ми түрде облыстық санақ комитеті үйінде 

ашылды. Тура сол кездерде кітапхананың 

ең алғашқы оқырмандарының бірі Абай 

болатын.  Кітапханаға  келіп  жүріп  Абай       

Е. Михаэлиспен кездеседі. «Менің көзімді 

дүниеге ашқан Михаэлис» – деп Абай оны 

ерекше құрметтеген. Ол кітапхана ісіне 

атсалыса жүріп, өзі де кітаптар алып, білі-

мін көтерген. Бұл туралы Ә. Жиреншин 

1961 жылы шыққан ақынның толық жина-

ғына жазған алғы сөзінде былай дейді: 

«1886 жылы орыстың Батыс Сібіріндегі 

географиялық қоғамының Семейдегі бір 

бөлімшесіне досы Михаэлис тің ұсынуымен 

Абай мүше болып сайланды. Қоғамның 

ғылым қайраткерлеріне тарих, этнография, 

қазақтардың әдет-ғұрпы, салт-санасы, 

әдепкі правосы жөнінде Абай үнемі кеңес 

беріп, ақылгөйі болады. Мысалы, Абайдың 

ақылымен Маковецкий қазақтың әдет-

ғұрпы, әлеуметтік дағдылы правосын 

жинап кітап қып жазды». 

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)

Аб



ай ОМАРОВ (к

олла


ж)

№73 (755) 

28.04.2012 жыл, 

сенбі             



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

Қазақстан халқының бірлігі 



күні қалай тойланады?

Елімізде қанша шешен 

тұрып жатыр?

– Ахмет Сейдарахманұлы, өмірбая-

ныңызға үңілсек, тағдыр ғұмырыңызға 

Қазақстанмен түбегейлі байланыс сый-

лаған екен. Қостанай өңірінде дүниеге 

келіп, жастық шағыңыз Грозныйда өтіп-

ті. Кейін Қазақстанға келіп, еңбек жолын 

Маңғыстауда бастапсыз. Осы жайында 

толығырақ айтып берсеңіз? Аталарыңыз 

Қазақстанға қалай келген еді?

– Менен бұрын әке-шешемнің де тағды-

ры Қазақстанда тоғысқан екен.  Сталиндік 

репрессия Қазақстанға 1,5 млн адамды жер 

аударғаны белгілі ғой. 1944 жылы әкем мен 

шешем де Шешенстаннан осы қазақ дала-

сына жер аударылып келіпті. Бір қызығы, 

ата-анам Қазақстанға келгенше бір-бірін 

мүлдем танымаған, Шешенстанда елдің екі 

түкпірінде өмір сүрген адамдар. Әкемнің 

туыстары тау бөктерінде тұрса, анам 

жағынан туыстар ежелден Терек қаласының 

тұрғыны. Бәлкім, Қазақстанға тағдырдың 

айдауымен келмесе, Кавказдың екі шетіндегі 

олар да бір-бірімен ешқашан кездеспей 

кетуі мүмкін бе еді? Дегенмен, бұл – тағдыр. 

Кавказдан айдалып келіп, Қостанайда кез-

десіп, 1949 жылы осы өңірде отбасын құ-

рып ты. Мен олардың тұңғышымын. Қос-

танай облысы Ұзынкөл ауданының Ершовка 

ауылында дүниеге келдім. 

Осы тұста есімнен еш кетпейтін бір 

әңгіме айта кетейін. Осыдан бір жыл бұрын 

сайлаушылармен кездесу барысында өзім 

өмірге келген сол ауылға ат басын бұрудың 

сәті түсті. Иә, сөйтіп кіндік қан тамған өлкеге 

ұзақ жылдан соң тұңғыш рет аяқ бастым. 

Сондағы толқығанымды тілмен жеткізу еш 

мүмкін емес еді. Адам дүниеге «шыр» етіп 

түскен жерін сезініп, сол сезімді бастан 

кешірудің өзі зор бақыт екен. «Міне, мынау  

– менің туған жерім! Менің кіндігім кесілген, 

қаным тамған жер. Менің киелі мекенім». 

Осы жерге 54 жылдан соң оралып отырмын. 

Тұла бойымды керемет сезім биледі. Сірә, 

мен сондай сезімді өмірімде ешқашан 

басымнан кешпеген болармын. 

Сонымен, жаңағы әңгімеге қайта келсек, 

1957 жылдары елге оралу туралы рұқсат 

болған соң отбасымызбен Шешенстанға 

қайта көшіп бардық. Онда да ата-бабамыз 

бұрыннан мекендеген орынға емес, басқа 

ауылға орналасуға ғана рұқсат бар еді. 

Көшіп барған ауылдың басым бөлігі біз 

секілді Ресейдің басқа өңірлерінен айдаумен 

келген орыс, украин, неміс  ұлтының өкілдері 

болып шықты. Дегенмен ол жерге көп тұрақ-

тай алмадық. Кейіннен әкем Грозныйға кө-

ші ріп әкелді. Мен сол қалада оқыдым, білім 

алдым. 1974 жылы Грозныйдағы мұнай 

институтына түсіп, мұнай-газ скважиналарын 

бұрғылау мамандығын таңдадым. Грозный 

институты мұнай мен газ саласындағы Кеңес 

Одағының ең алдыңғы қатарлы білім ошағы 

еді. Бүкіл одаққа танымал мұнайшылардың 

барлығы осы институттың түлектері болатын. 

Институтта оқып жүргенде-ақ қоғамдық 

жұмысқа, оның ішінде студенттік құрылыс 

отрядына белсене араласып, қызметті осы 

саладан бастаған едім. Бір жағынан 13 аға-

йындының ішіндегі ең үлкені болған дық тан 

жұмысқа ерте араласуыма тура келді. 

Екіншіден, тұрмысымыз да мәз емес еді. 

Әкем бізді асырау үшін жүк тасушы болып 

істеді, шешем еден жуатын. Бар күн көрісіміз 

сол болғандықтан, маған да жұмыс істеуге 

тура келді. Сөйтіп, жасымнан еңбекке ара-

лас тым, көзге де бірден түстім. Біртіндеп 

өсіп, кейіннен республикалық құрылыс 

отрядының басшысы болдым. Комсомол 

белсендісіне тән мансаптардың бірінен соң 

бірін бағындырдым. 



– Шешенстанда жүрген сіз Қазақстан-

ға қалай және не себептермен  оралды-

ңыз? 

– Біздің әулетімізбен құрмет тұтып, қатты 

сыйлайтын үлкен әжеміз бар еді. «Көзім 

тіріде келінімді көрсет» деп айтқанын екі 

етпей, ертерек үйленуге тура келді. Жеке 

шаңырақ көтеріп, отбасылы болған соң 

тұрмысты да түзеу керек болды. Әйтпесе, ол 

кездегі табысым біріне жетсе, екіншісіне 

жетпейтін. Міне, сонда барып кәсіби жұмы-

сы ма бетбұрыс жасадым. 1973 жылы сту-

дент бола жүріп, Өзенде өндірістік тәжіри-

беден өткенім бар. Соның септігі тиіп, 1977 

жылы Маңғыстаудағы кен игеру жұмысына 

араласуыма тура келді. Бұл кездері Өзенде 

алғашқы өнім де алына бастаған кезең еді. 

Мұнай саласындағы Бүкілодақтық еңбек 

ерлері де шыға бастады. Содан болуы керек 

Одақтағы мұнай саласына қатысы бар 

мамандардың дені де осы өңірге жиналған 

болатын. Әзірбайжан, Шешенстан, Башки-

рия, Татарстан, Сібір мамандары үсті-үстіне 

келіп жатты. Сөйтіп, мен де Маңғыстау өңі-

рін де білек сыбанған мұнайшылар ортасына 

келіп түстім. Бұл тағдырдың тауқыметімен 

өзімнің туған жерім Қазақстанға екінші рет 

және соңғы рет оралуым болатын. Мұндай 

жолды сыйлаған тағдырға еш өкпелеген 

емеспін, керісінше разымын. Оның үстіне, 

дәл сол жылдары республика бойынша ең 

көп жалақыны біз алатынбыз. Ал кәсіпке 

келсек, Өзенге келген бетте мұнай бұрғылау 

кәсіпорны саласында қатардағы бұрғылау-

шыдан бастап барлық тәжірибелік сатыдан 

өттім. Кейіннен Қызылордадағы Құмкөл 

кенін игеру экспедициясының алғашқы бас-

шысы болу да менің маңдайыма жазылып-

ты. 

– Тәуелсіздік алған тұста қайда еді-

ңіз? Қым-қуыт мәселелер орын алған 

сол жылдары жастық шағыңыз, студент-

тік өміріңізді өткізген Грозныйға қайтып 

кету туралы ой болмады ма? 

– Расында, Кеңес Одағы ыдыраған тұста 

ең алдымен, тікелей Мәскеуге бағынатын 

салалар ауыр соққыға ұшырады. Басқасын 

айтпай-ақ қояйын, біздің басқарма басшы-

сының өзі тек Мәскеуге ғана қарайтын 

минис трлік арқылы тағайындалатын. Ол өз 

алдына, ал мұнай өндірісін ұстап тұрған 

техникалық жабдықтау жұмысының барлы-

ғы орталық арқылы шешімін табатын, құ-

рал-жабдықтың бәрі өзімізден емес, одақ-

тағы кәсіпорындарға байлаулы еді. Мұндай 

бір-бірімен сабақтасқан байла 

ныстың 


баршасы бір-ақ күнде опырылып түсті. Ал 

Қазақстанда өздігінен мұнай саласының 

жұмысын көтеріп әкететін, толық қуатта 

ұстап тұратын ешқандай шама болмады. 

Мұнай өндірісіндегі арнайы техника, бөл-

шектер, шынын айтқанда, қазірдің өзінде де 

басым жағдайда өзімізден шықпайды. 

Ресей зауыттарынан әкелеміз. Сөйтіп, бір 

жылдың ішінде-ақ өндіріс тоқтады, жалақы 

жоғалды. Қатты жапа шеккен біз болдық. 

Дегенмен өмір тоқтаған емес. Алайда жала-

қы мен ағымдағы тіршілік өз алдына, «біз 

кімбіз, қайда өмір сүріп жатырмыз, болаша-

ғымыз не болады?» деген мәселелер сол 

кезде тіпті өрши түсті. Әлгі мұнайдың арқа-

сында Қазақстанның бір нүктесіне жиналған 

көптеген ұлт өкілдері жалақыдан бір қағыл-

са, болашағы үшін және алаңдай бастады. 

Қазақтан өзге жұрттың көпшілігі болашағына 

қолайлы жер туралы ойлады. Сөйтіп, мамы-

ражай заманда әр аймақтан ағылған көп 

жұрт ел басына күн туғанда өзімен бір тілде 

сөйлейтін, түбі бір, тамыр-тарихы ортақ 

туыстарына қарай тарта бастады. 

Менің жеке басымдағы жағдайға келетін 

болсақ, Қазақстанның тәуелсіздікке ұмты-

лысы, ел болу үдерісі көз алдымнан өтті. 

91-жылдардағы өзгерістерді Мәскеу мен 

Қазақстанның арасындағы текетірес деп  

қабылдадым. Әрине, сол тұста партиялық 

ұйымда қызмет ете жүріп, біз де мұндай 

текетіреске еріксіз араластық. Алайда басты 

қағидат біздің «кіммен болуымыз қажет 

екенін» анықтап алуымыз керек болды. Мен 

«әділдік пен  шындық салтанат құруы керек» 

деген ұстанымды құптадым. Ал тарихтың 

әділдігіне келсек, әрбір халықтың, оның 

ішінде ұлы қазақ халқының да өз тағдырын 

өзі шешуге құқысы бар болатын. Одақтағы 

кез келген мемлекеттің егемен, еркін дамуға 

құқы бар болатын. Неге бұндай құқықты 

қазақтар пайдаланбауы керек? «Бәрі Ресей-

дің қол астында болуы шарт» дегенге қарсы 

шығып, мен қазақтармен бірге болғым 

келетінін сол кезде айқындап қойдым. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет