Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ойт о лғАҚ Француз ойшылы Ж. Тириар геосаяси теориясында «әлемде АҚШ-қа қарсы тұра алатын бақталас пайда болғанда, Еуропаның мән-маңызы жойылады»


– Мұндай таңдауға не себеп бол ды?



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата28.02.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5059
1   2   3   4   5   6

– Мұндай таңдауға не себеп бол ды?

– Жоғарыда айтқанымдай, әділдікті ту 

еттім. Егер Қазақстан әділдіктің ақ жолында 

жеңіске жетсе, онда бүкіл республикамызға 

еркіндік орнайды деп сендім. Бұл біздің, 

менің қатарымдағылардың идеологиялық 

таза ұстанымы болды. Ендеше, Қазақстанның 

тәуелсіздікке құқы бар екенін, орталықтың 

озбырлығынан босауға тиіс екендігін құпта-

дым. Дегенмен шынын айту керек, сол тұс-

та ғы саяси мәселенің барлығы біздің қа ла-

ған, қаламағанымызға емес, қажеттілікті, 

қолдауды білдіруімізге көбірек байланысты 

еді. Ендеше, алмағайып заманда  таңдауым-

ның дұрыс болғанына шүкіршілік қыла-

мын. 


– Ал дәл осы мәселе төңірегінде 

Шешенстандағы жағдай туралы не ай-

тар едіңіз?

– Иә, Шешенстанда да «тәуелсіздік» 

мәселесі туралы әңгіме болды. Дудаевтар 

көтерілді. Дегенмен мәселе мынада: Ше-

шенс тандағы қызу үдерісті Қазақстанның 

жағдайымен салыстыруға еш келмейтіндей 

еді. Балаларымыз, отбасымыз үшін оның 

жағымсыз салдары көп болды.



– Шешенстанға сол үшін барғыңыз 

келген жоқ па? 

– Мәселе онда емес. Бұл, ең алдымен, 

жоғарыда айтқандай, менің туған жерім. 

Екіншіден, менің достарымның барлығы 

дерлік Қазақстанда. Өндірістік қатынастарым 

да, кәсіби тәжірибем де Қазақстанмен ты-

ғыз байланысты өтті. Шешенстандағы өмі-

рім: мектеп, институт, азғантай жылғы жұ-

мыс. Жастық шағыммен бірге барлығы да 

Шешенстанда қалды. Тіпті мен кейіннен 

Ше шенс танға көбінесе отбасылық жағдайға, 

өлім-жітімге ғана барып жүрдім десем 

болады. 

Ал жалпы, сіз жаңа меңзеген Шешен-

стандағы жағдайға келетін болсақ, ондағы 

мәселенің баршасы тек достық арқылы ше-

шілуі тиіс еді. Тіпті мен алғаш рет Дудаевпен 

Шешенстанда кездескенде де: «Қазақстан-

мен өзара әрекеттесетін жолды табайық» 

дегенді айттым. Шешенстанға барып, өзім 

бір істі тындырсам деп ойлаған емеспін. 

Бірақ өзіміз білетіндей, ол елде басқаша 

саяси жағдай сипат алды. Шынын айтқанда, 

сол кезде әскери қимылдарды ылғи да алға 

тартқандар болды, ал біз қашанда соғысқа 

қарсы болған едік. Осындай себептерден 

кейін, Қазақстанның зиялылары арқылы 

Шешенстанның басына төнген қауіптен 

құтқарар жолды да қарауға тырыстық. Де-

ген мен, айта кетейін, мен үшін тұрғылықты 

мекенжайымды айқындаудың мәні мүлдем 

басқада еді. «Иә, мен шешенмін, сол үшін 

Шешенстанға кетуім керек» деп емес, кері-

сінше өзімнің жаныма жақын, мүмкіндігімді 

толық жүзеге асыра алатын жағдайды қа-

лып тастыратын мемлекет маған қашанда 

қымбат еді. Ондай мекенді бәлкім басқа 

жерден таба алмас па едім?! Қазақстанда 

біз өзіміздің ұлттық мәдени орталығымызды 

аштық. Біз ғана емес, қиын күндері қазақтың 

құшақ ашқан кеңпейілділігінің арқасында 

ғана аман қалып, осындай ұлы далада 

жетілген барша басқа да халықтар өзінің 

даму жолын Қазақстаннан тапты. Бұнда кез 

келген этнос үшін дінін, дәстүрін, салтын, 

сақтауға құрметтеуге мүмкіндік қарастырыл-

ды. 

Бір сөзбен айтқанда, 90-жылдардың 



аяғында Кеңес Одағы қирандыға айналған 

тұста Қазақстандағы өзге ұлттар келешекте 

осы елмен үйлесімді дамитынына сенген 

еді. Ал мен үшін мұндай сенім осы жерге 

алғаш қадам басқаннан бастап-ақ орнап 

қалған. Сондықтан да, «Шешенстанға кету» 

мәселесін мен осылай түсіндірер едім. 

– Жалпы, «Отанды сүю иманнан» 

деген сөз бар. Сіз үшін Отан сөзінің 

мағынасы не? Оны қалай құрмет 

тұтасыз?

– Иманнан бәрі басталады. Иман жоқ 

жерде ештеңе де болмайды. Ал Отанға 

деген сезім анаға деген сезіммен бірге 

туады. Қазақтар «Отан-Ана» десе шешендер 

«Даймохк-Нана» дейміз. Сөйтіп, біз әртүрлі 

тілде сөйлегенімізбен, Отанға деген ойымыз 

бір. «Нана», яғни «Ана» сөзі – құдыретті сөз. 

Жер-Ана! Отан-Ана! Мінеки, адам баласы-

ның бойындағы Отанға деген сезімінің бәрі 

Анадан келеді. Екіншіден, қазақтар өзінің 

дарқан даласында туған кез келген бөтен 

ұлттың азаматын өзінің баласындай әлдиле-

ді. Бұл да қазақтың қасиетті халық екендігіне 

бір ғана мысал. Тарихқа кішкене кері үңілсек, 

бұған талай мысал келтіреріміз хақ. Алма-

ғайып замандарда қазақ халқы өзінің мұңы-

нан арыла алмай тұрып, басқа халықтың 

қайғысына ортақтаса алды,  өзінікін қоя тұ-

рып, оның проблемасын да сезіне алды. 

Сөйтіп, қолынан келгенше қолдау көрсетуге 

тырысады, оны міндет санайды да. Ал осын-

дай киелі жерде достық пен бейбітшіліктің 

жағымды атмосферасы қалыптаспауы да 

еш мүмкін емес еді. Сіз айтпақшы, иманды 

адам өзіне жылуын берген, тәрбиелеп қана 

емес, мәпелеп өсірген туған жерін құрметте-

мей тұра алмайды. Менің өзім осында туға-

ным бір басқа, әкем мен шешемді, аға-

бауы рымды осы Қазақстанға жерледім. 

Тағы айтарым, «бір Отаным анда, екін-

шісі мында» деген болмайды. Отан – біреу 

ғана. Ал нағыз азамат үшін Отанға деген 

сезіммен қатар, сол Отан алдындағы жауап-

кершіліктің болғаны да маңызды. Сол үшін 

айтар едім, анаға деген сезімін Отанына да 

білдіре алған жігіт қана, өзінің ұлы борышын 

ақтай алады. «Отанды сүю үшін үлкен тәр-

биені қалыптастыру керек» деп жатады. 

Бәл кім, мен қателесермін, бірақ меніңше 

Отанға деген сезім тәрбиемен ғана емес, 

ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын аналық 

сезіммен бірге келеді. Сондықтан да менің 

Отанға деген махаббатымды анама деген 

махаббатыммен өлшеуге болады.   

– Жақында Шешенстан Республи-

касына сапармен барып қайтқаныңызды 

естіген едік. Ол жақтағы қандастарыңыз 

Қазақстан Парламентінің депутатын 

қалай қабылдады? 

– Өте жоғары қабылдады. Ассамблея 

атынан депутат болғаным үшін мен де 

қуандым. Қазақстан халқы Ассамблеясы 

атынан Мәжіліс депутаты болып сайланға-

нымды естіген сәттен Ресей Думасының 

депутаттарынан, Президент Рамзан 

Қадыровтан, Ингуш Парламентінен көптеген 

құттықтаулар алдым. Рамзан Қадыров Елба-

сының атына алғысын білдіріп, жеделхат та 

жолдапты. Шынымды айтсам, менің өзімнен 

гөрі, Шешенстанда бұл кәдімгідей ақпарат-

тық жарылыс жасады десе де болады. «Қа-

зақс танда шешен азаматы депутат болды» 

деп айқайлатып жатқанын естідім. Осы үшін 

шешен халқы қазақтар жайлы тек таусыл-

май тын ыстық ықылас, құрметтерін айтты. 

Тіпті кей жағдайда менің өзім де ыңғай сыз-

дандым. Сапар барысында Шешенстанның 

Парламентінде болдым, ең құрметті қонақ 

ретінде қошемет жасалды. Депутаттар 

алдында сөз сөйледім. Президент Р.Қады-

ров пен кездестім. Ең бастысы, менің депу-

тат тығымды барлық шешендер бір жағынан 

жетістік ретінде қарастырса, екінші жағынан 

қазақ халқының үлкен жүректілігін де тани 

түсті. Расын айтайын, қазір Шешенстанда 60 

жастан асқан шешен ұлтының көпшілігі – 

Қазақстанда туғандар. Сондықтан да ол 

жақта 1944-1958 жылғы туғандардың 

көпшілігін қазақстандықтар деуге болады.  

– Елбасы Н.Назарбаев «Тәуелсіздік 

жылдарындағы жетістікке жеткізген ең 

басты байлығымыз – біздің бейбіт өмі-

рі міз, ұлтаралық татулығымыз» дегенді 

жиі қайталайды. Сіздің ойыңызша, 

ұлтаралық татулықтың негізгі тірегі не 

болуы тиіс?

– Расында, татулықтың, бірліктің қазақ-

стандық жолы туралы айтқанда Президент 

Н. Назарбаевтың саяси жігері, өлшеусіз ең-

бегі туралы айтпай кету еш мүмкін емес. Бұл 

үшін Елбасыға шексіз алғыс білдіруге тиіспіз. 

Ал ұлтаралық татулықтың негізгі тірегін 

түйсіну үшін біз ең алдымен өткенімізді 

саралап, бүгінгімізді бағамдауымыз керек, 

келешегімізді сол бойынша сараптау қажет. 

Біз шынайылықты сүйетін халықпыз. Шына-

йылық негізінен туған татулығымыздан 

ажырамауымыз керек. Біздің келешегіміз 

– халықтар бірлігінде. Бірлік болған жерде 

ғана тірлік болады. Оны бізден бұрынғылар 

да айтып кетпеп пе еді?!



– Мемлекеттік тіл де ұлттарды 

ұйыстыратын фактор ретінде қаралады. 

Сіздің бұған көзқарасыңызды білсек?  

– Елбасы айтпақшы, қазақ тілін білу – 

бұл жай айтылған ұраншылдық дүниесі 

емес. Қазақ тілін білген адам Қазақстанның 

да тарихын біледі деген сөз. Ассамблея да 

осы бағытта жұмыстар атқаруда. «Қазақстан 

– сенің Отаның болса, онда қазақ тілі сенің 

– туған тілің» деген қағиданың болғанын 

құптаймын. Тіпті маған кейде, мемлекеттік 

тілдің қасында жұмыс тілі, ресми тіл деген 

секілділер болмауы керектей сезіледі. Оның 

үстіне мемлекеттік сананы қалыптастыратын 

құрал да мемлекеттік тіл болуы шарт. Өкініш-

ке қарай, қазақтар үшін де, өзге ұлттар үшін 

де ана тілі тұрмыстық деңгейден де мүлдем 

алыстап кеткен кездер болды. Біз бәріміз де 

орыс тілінде сөйледік. Бірақ орыс болып 

кеткен жоқпыз. Ал егер біз өзара түсіну үшін 

Қазақстанда орыс тілінің орнына қазақ тілін 

қолданатын дәрежеге жетсек, онда біз өзі-

міз дің қазақ тіліне деген құрметімізді білді-

ретін едік. Дегенмен, бір айта кетерлігі, мә-

се ленің қалайша шапшаң жүзеге асуында 

емес, қалайша сапалы жүзеге асуында бо-

лып отыр. Мәселен, құжаттарда 2020 жылға 

дейін дедік. Ал оның тетіктері қайда? Міне, 

Ассамблея осыған да назар салып жүр. Бір 

сөзбен айтқанда, болашақта Қазақстанда 

тұратын, осында жұмыс істеп, өмірін байла-

ныстырғандардың баршасы қазақ тілін 

білулері қажет. 

– Сіз өзіңіз қазақша білесіз бе?

– Қазақ тілін жетік білем дей алмаймын. 

Достарыммен ақырындап қалжыңдасуға 

ғана шамам жетеді. Дегенмен о сының өзі 

мені қазақтарға жақындата түсе 

тінін 


ұғынамын. Сондықтан да ұйыстырар фактор 

ретіндегі тілдің рөлі аса маңызды. Сосын 

тағы айтарым, қазақы менталитетті бір 

кісідей білемін. Сол үшін қазақ тілін біл-

мейтін адамды қазақ емес деп айтуға ауыз 

бармайды. Өйткені он тіл білетін адамнан 

да оның рухани байлығы, еліне, жеріне де-

ген сүйіспеншілігі мол болуы мүмкін. Сон-

дық тан да, қазақ тілін қысым көрсететін, 

әйтпесе ынталандыратын науқандық құрал-

ға айналмаса екен деп тілеймін. Бұл табиғи 

дамуға негізделіп, соған бәріміз жағдай 

жасағанымыз абзал. 

– Былтырғы Қазақстан халқы Ас-

самб леясының сессиясында Президент 

Н. Назарбаев жалпыұлттық бірлігімізді 

нығайту туралы тапсырма жүктеген еді. 

Бұған шешен-ингуш диаспорасы  қалай 

атсалыспақ?

– Әрине, жалғыз шешен мен ингушқа 

ғана ештеңе тіреліп тұрған жоқ. Менің 

ойым ша, өзін ұлттың, елдің патриотымын 

деп санайтын адам – Қазақстанның Тәуел-

сіздігін нығайту үшін өз үлесін қосуға тыры-

сатын адам. Өйткені Қазақстан көп жетістікке 

жетті, әлем бізді мойындады, көптеген жер-

де Тәуелсіз мемлекет ретінде рейтингтерімізді 

нықтап жатырмыз. Алайда Тәуелсіздікке 

төнген қауіп еш уақытта сейілген емес. Кез 

келген сәтте егемендігімізден айырылып 

қалуымыз мүмкін. Сондықтан Тәуелсіздікті 

нығайту – бұл бүгінгі біздің Қазақстанда 

өмір сүретін азаматтардың ортақ жұмылатын 

жұмысы. Мұны айтып отырған себебім, 

бізден де қуатты мемлекеттер болғандығын, 

олардың  қалай тәуелсіздіктен айырылғаны 

туралы тарихтан талай мысал суыруға 

болады. Сол үшін бізге бүкіл қоғам болып 

тәуелсіздікті мығымдауға күш салғанымыз 

жөн. Қазақстанға қырын қарайтындардың 

саяси мүдделеріне соқтығудан сақтанып, 

алауыздықтан алыс болғанымыз жөн. Осы-

дан қамсыз болмайық. Өйткені тәуелсіздік 

тұғыры мен оны нығайту тірегінің барлығы 

бірлікке, татулыққа негізделеді. Тәуелсіздікті 

нығайта түсу үшін қазақстандықтар ішкі 

бірлігін күшейтіп, сырттан келетін арандату-

ларға соқтығып қалмауы шарт. Оның ішінде 

теріс діни факторлардан да сақтануға 

тиіспіз. Бұнда ислам ағымдарын ғана емес, 

барлық діндік ағымдарды жамылған, сырт-

тан келетін қауіптер баршылық. Осыдан 

қорқу керек. Бөлінбей, бірігу керек. Қазақ-

тар дың «жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» 

деген сөзі бар. Бұл дұрыс. Біздің Лидеріміздің 

ұстанған саясаты да – осы. Әрине, мемлекет-

тік шекарамыз мығым, біртұтас елміз. Де-

ген мен ешқандай күш бізді іштен де, сырттан 

да іріте алмайтындай бірлікте болғанымыз 

– аса маңызды мәселе.



– 1 Мамыр күнін былтырдан бастап 

ерекше форматта тойлауды бастадық.  

Осыған орай Сіздің лебізіңізді білсек 

деп едік?

– Біз неге бұл күнді мерекелеуді дәстүрге 

айналдырдық? Жалпы, посткеңестік кеңістік-

те өмір сүрген халықтардың басымы үшін 1 

Мамыр –  бұл таза көктем мейрамы. Оны 

дәстүрлі түрде жаңғырған Наурыз мерекесі-

нің жалғасы десе де болады. Бұрын да осы 

күнді мерекелеуге әзірлік ерекше болатын 

еді, сол дәстүрді қайтарып жатқанымызға 

қуаныштымын. Кеңестік кезеңде, шынын 

айту керек, халықтарды жақындататын, 

оның ішінде рухани жағынан жалпыхалықтық 

мейрамға ұласатын мерекелер өте аз еді. 

Революцияға орайластырылған, басқа да 

кәсіби мерекелер болды. Сондықтан да, 

мен бұрыннан 1 Мамырды нағыз рухани 

мейрам деп санап келемін. 

Жалпы, Қазақстан Тәуелсіздігін алғалы 

бері көп нәрсе өзгерді. Біз ұлттық, діни, 

нәсілдік нышанымызға қайта бет бұрып, 

түп-тамырымызға тарттық. Көп нәрсені тәрк 

етуге тура келді. Кеңес Одағындағы ұлттық, 

діндік кемсітушіліктердің орнын толтыруға 

тырыстық. Түпкі мерекелерімізді де қайтар-

дық. Ораза айт, Құрбан айт мерекелерін 

тірілттік, Наурызды жаңғырттық. Дегенмен 

солардың арасында қасиетті бірлікке 

үндейтін мерекені сақтап қалдық. Не үшін 

сақтап қалдық? Бұл – елдіктің бірліктің 

үндеуі.  Сол үшін де біз бұл күні ұлтаралық 

татулықты әспеттеу арқылы ұлттық бірігу 

мен татулық мәнін жете ұғынатындаймыз. 

Бірлік – бұл ұлттық тарихтың да, діни тари-

хы мыздың негізі. Ислам діні де халықтарды 

бірігуге шақырады. Сондықтан да, біз өз 

түйсігіміздегі бірігуді ауқымдандырға ны-

мыздан ұтарымыз мол. Ал бұны ұлттық, 

мемлекеттік мереке ретінде белгілеу –Ел-

басы Н. Назарбаевтың даналығы, көрегендігі 

десек артық емес. Бұл мереке арқылы кон-

фес сиялар, ұлттар арасында өзара сенім 

мен түсінік қалыптасады. Ендеше, бұны 

қазақстандықтардың қолымен жасалып, 

қазақ даласында бүршік жарған ерекше 

рухани ноу-хау деп атаса да болады. Соның 

ішінде бұндағы қазақ ұлтының, қазақ 

халқының рөлі аса маңызды екені сөзсіз. 

Мәселен, біз секілді мұсылман жамағаты 

үшін Қазақстанда бірлікте, татулықта өмір 

сүру мәселесі соншалықты қиындық тудыр-

мас. Өйткені мемлекеттің тұтқасындағы ұлт, 

қазақ ұлты – мұсылмандар. Ал солай бола 

тұрғанымен, Қазақстандағы шешендер ғана 

емес, барша этнос өкілдері де өздерін 

жайлы сезінеді. Бұл әлемдегі көпшілік елден 

қазақ халқының ең озық ерекшелігі. Біздің 

бауырлас қазақтар өзінің атамекенінде 

басқа да халықтарға өсіп-өніп, осынау киелі 

мекенді туған жеріндей сезінуге жағдай 

жасады. Сондықтан да, бұл барша халықтар 

үшін бақыт.  Ендеше, татулықты ту ететін 

мерекеміз құтты болсын! 



– Әңгімеңізге рақмет!

Қанат ҚАЗЫ,

Астана

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Алматыда қалай тойланады? 

Мерекелік шараларды тамашалау үшін қай алаңға шыққан дұрыс?

Мейрамбек ҚАМБАРОВ, Алматы қаласы

Алматы қаласында биылғы мереке «Ортақ 

аспан астында бір отбасы» деген ұранмен 

өтеді. Басты мерекелік шара «Астана» алаңында 

болады. Бұл жерде өтетін концертке Құрман-

ғазы атындағы ұлт аспаптары мемлекеттік ор-

кестрі, «Сазген сазы» фольклорлық-этног-

рафиялық ансамблі, «Салтанат» еңбек сіңірген 

би ансамблі, «Таңсәрі» мюзик-думан театры, 

түрлі ұлттық-мәдени орталықтардың шығар-

машылық ұжымдары қатысады. Мейрам 

Республика сарайы алдындағы Абай алаңында, 

С.Сейфуллин атындағы саябақта, М.Ганди 

атындағы гүл бағында, «Айнабұлақ» ықшамау-

данының саябағында, «Мега Орталық» сауда-

ойын-сауық орталығы алдындағы алаңқайда, 

«Фэмили» саябағында да тойланады. «Фэми-

лиде» кешкісін эстрада жұлдыздарының қаты-

суымен үлкен концерт өтеді.

АЛАШ АЗАМАТЫ

ДАТ!

Ахмет МУРАДОВ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,

«Вайнах» шешен-ингуш мәдени қауымдастығының тең төрағасы:

Алмағайып заманда қазақ 

халқы өзінің мұңынан арыла 

алмай тұрып, басқа халықтың 

қайғысына ортақтаса алды 

e mail: info@alashainasy.kz

yy

Қазақстанды тарихи Отаны санайтын халықтардың бірі – шешендер. Бұл 

халықтың еліміздегі және жалпы әлемдегі саны қанша?

Жамал МҰҚАНОВА, Атырау қаласы

Шешенстан Республикасы Ақпарат 

агенттігінің мәліметінше, шешендердің 

немесе нохчолардың бүкіл әлемдегі саны 

бүгінде 1 млн 550 мыңның шамасында. 

Олар – Шешенстанның негізгі халқы. 

Солтүстік Кавказдың байырғы халқының 

өкілдері Дағыстан, Ингушетия, Грузия 

елдерінде де көп шоғырланған. ХІХ 

ғасырда 5000-ға жуық шешен отбасы 

тарихи Отанынан Түркия, Сирия, Иордания 

аумағына жер аударылды. Сол сияқты 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орталық 

Азия елдері мен Қазақстанға жарты 

миллион шешен көшірілді. Ресей мен 

Батыс Еуропа елдеріне де мыңдаған 

шешен қоныс аударды. 2009 жылғы халық 

санағы бойынша Қазақстанда тұратын 

шешен ұлты өкілдерінің саны – 31 431.


№73 (755) 

28.04.2012 жыл, 

сенбі             



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

65 жолдаманың 43-і өзге 



ұлттардың еншісінде

ӨМІР-ӨЗЕН

ЫҚЫЛАС

«Қазақ жерін қимай қайта оралдым»

«Қазақстан азаматтығын алғым келеді»

ТАТУЛЫҚ


Олимпиадада атой салған өзге ұлт өкілдері

Бүгінгі таңда Лондон Олимпиадасына 65 лицензия иеленіппіз. 

Сіздерден сұрайын дегенім, соның қаншасын өзге ұлт өкілдері 

алып берді?

Жанбота ОРАЛБЕК, Алматы қаласы

Иә, дәл бүгінде еншімізде Лон-

дон Олимпиадасының 65 жолда-

масы бар. Су добын қосқанда, 77 

спорт шымыз дәл қазір Олимпиадаға 

қаты суға әзір. Бірақ сол 65 жол-

даманың 22-сін ғана қазақ спорт-

шылары қоржынымызға салыпты. 

Қалған лицензияның барлығына 

еліміздегі өзге ұлтты спортшы-

лардың арқасында қол жеткізіп 

отырмыз. Мұның өзі Қазақстанның 

қаншалық ты  көпэтносты  мемлекет 

екендігін көрсетсе керек. Нақты 

айтсақ, бокс, жеңіл атлетика, грек-

рим күресі, әйелдер күресі, еркін 

күрес, таэк вондо, спорттық гим-

настика және синхронды жүзу 

спорты түрлерінде қандастарымыз 

қоржынымызға лицензиялар сала 

алды.

Есептеуім бойынша, Қазақстан Тәуелсіз ел ретінде жазғысы бар, қысқысы бар тоғыз 

Олимпиада ойындарына қатысыпты. Осы орайда сұрайын дегенім, Олимпиада 

ойындарында Қазақстан қоржынына түскен медальдардың қаншасын өзге ұлт өкілдері 

салып берді?

Ринат КЕРІМБЕКОВ, Тараз қаласы

Сұрағыңыз 1 Мамыр ұлтаралық ынты мақ тас-

тық мейрамының қар саңында қойылған екен. 

Ендеше, Олимпиада ойындарында ел қор   жынын 

қомпайтуға үлес қосқан өзге ұлтты спортшы-

ларымыздың есім дерін атап өткеніміз дұрыс 

болар. 

1994 жыл, Лиллехаммер Олим пиадасы. Бір 



алтын, екі күміске қол жеткіздік. Екеуі де Вла-

димир Смир новтың еншісінде. 1996 жыл, Ат ланта 

Олимпиадасы. 11 медаль ие леніп, оның жетеуіне 

өзге ұлтты спорт шы ларымыздың арқа сында қол 

жеткіздік. Василий Жиров, Юрий Мель ниченко 

және Александр Парыгин ал тынмен апталса, 

Сергей Беляев екі күмісті бір өзі жеңіп алып, 

Анатолий Храпатый да күміспен күптелді. Ал 

Владимир Вохмяниннің еншісінде қола медаль. 

1998 жыл, Нагано Олимпиадасы. Смирнов пен 

Людмила Прокашева бір-бір қоладан иеленген. 

2000 жыл, Сидней додасы. Еншімізде жеті медаль. 

Оның үшеуін Ольга Шишигина (алтын), Ислам 

Байрамуков (күміс) және Александр Винокуров 

(күміс) еншіледі. 2004 жыл, Афины Олимпиадасы. 

Қоржы ны мызға түскен алты ме дальдің төртеуін 

өзге ұлтты спортшыларымыз алып берген. Атап 

айтсақ, Сергей Филимонов, Георгий Цурцумия, 

Геннадий Головкин, Геннадий Лалиев (бәрі де – 

күміс), Мкхитар Манукян, Дми трий Карпов (екеуі 

де – қола жүлдегер). 2008 жыл, Бейжің додасы. 

Ел қоржынына түскен 13 жүлденің жетеуін өзге 

ұлт өкілдері иеленген. Нақты айтсақ, Илья Ильин 

(алтын), Ирина Нек расова, Анна Важенина, 

Таймураз Тигиев (бәрі де – күміс) және Мария 

Грабовецкая, Елена Шалы гина, Марид Муталимов 

(бәрі де – қола). 2010 жылғы Ванкувер Олим -

пиадасында Елена Хрусталева күміспен күп телді.

Сонымен, тоғыз Олимпиадада жерлестеріміз 

барлығы 44 медаль иеленсек, соның 28-ін өзге 



ұлтты спортшыларымыз еншілеген екен.

Элеонора ШЕНЕМАН, 

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы 

Қарауыл ауылының тұрғыны:

– Біз бұл ауылға тарихтың тәлкегімен 

1941 жылы келген болатынбыз. Осы жер-

де өстік, жетілдік, қазақтың кең пейіл ділігін 

кө ріп өстік. Шалымның да бозбала кезі 

осында өтті. Олар да сол соғыс тың кезінде 

осында келген болатын. Тағдырлас болып 

жүріп, тағдырдың жа зуымен осында отау 

құрып, қазақтың дарқан мінезінің, жомарт-

тығының, қонақ жайлылығының арқасын-

да үбірлі-шүбірлі болып, тату-тәтті өмір 

сүр дік. 10 бала сүйіп, немере-шөбере көр-

дік. Бес қызым қазаққа тұрмысқа шығып, 

бір-бір әулеттің келіні болып отыр. Ал үш 

ұл, екі қызым Германияда. Қазақстан 

Тәуел сіздік алған алғашқы жылдары қайта 

құру басталып, нарықтың қатал заңы белең 

ал ды. Сондай қиыншылық кезде тарихи 

Отан дағы балаларымның шақыруымен 

Гер манияға көшіп бардық. Алайда онда 

көп тұрақтай алмадық. Өйткені ол жақ біз 

ойлағандай болмады. Адамдардың бір-

біріне деген мейірімі аздау. Тіпті туған-

дарының өзі бір-бірімен жақын аралас-

пайды. Шынын айтқанда, мейірімділік пен 

жылулық жетіспеді. Қазақтың мейірбан-

дығын, кең даласын, ауылымызды аңса-

Құрманбек ТҰРҒЫНҰЛЫ, 

қырғыз азаматы:

– Менің екі ұл, бір қызым бар. 

Олар осында 11 жылдық мектепте 

оқып, білім алды. Мен бала-

шағамның болашағын ойлап, 

осында келіп отырмын. Алдағы 

уақытта Қазақстанның азаматтығын 

алып, осында тұрақты қалсам деген 

арманым бар. Өйткені маған мұнда 

өмір сүрген ұнайды. 

Себебі Қазақстан күннен-күнге 

қарыштап дамып келеді. Қазақ 

халқы – өте мейірімді, қонақжай 

халық. Менің осында жұмыс істеп 

жүргеніме 10 жылға жуықтап 

қалды. Осы уақытқа дейін маған 

ешкім ешқашан қырғызсың деп 

шеттетіп, қысым көрсеткен емес. 

Бұл елде түрлі ұлт өкілдері бір үйдің 

баласындай тату-тәтті өмір сүруде. 

Ешқандай алауыздық жоқ. 

Бірлікпен өмір сүрген елде әрқашан 

береке болады. Халыққа ең бірінші 

не керек? Әрине, тыныштық, жайлы 

өмір, тұрақты жұмыс қажет. 

Қазақстанда қазір осының барлығы 

бар. Мұның барлығы Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың дұрыс 

саясат жүргізуінің арқасы деп 

білемін. Бір ерекшелігі, мұнда өзге 

ұлттарға қысым көрсетілмейді, 

ұлтаралық татулық жақсы 

сақталған. Сондықтан мен өзімнің 

Қазақстан – ынтымағы жарасқан, іргесі берік, өзге ұлт өкілдерімен 

де бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп отырған берекелі ел. Қай 

кезде болсын тіпті сонау нәубет жылдары, сталиндік депрессия кезінде 

де қазақтар жер аударылып келген өзге ұлт пен ұлыс өкіл де рін е пана 

бола білді. Бір үзім нанын бөліп жеп, тонның ішкі бауындай араласты. 

Көпшілік өзге ұлт өкілдері қазақтың осы кеңпейілдігін, дархандығын, 

«қарасың ба, ақсың ба?» деп жатсынбай, бауырына баса білетініне 

ризашылықтарын білдіріп жатады. Сондықтан да болса керек, 90-

жылдардың басындағы қиын-қыстау кезде елден тарихи Отанына 

көшкен өзге ұлт өкілдері кейіннен Қазақстанның қарыштап дамып 

отырғанын, экономикасының өсіп келе жатқанын байқап, қайтадан 

Қазақ еліне қоныс аударды. Дәл осыған қатысты Қазақстанға жер 

аударылып келіп, 90-жылдардың бел ортасында туған жері 

Германияға көшіп, қазақ елін-жерін қимай қайтып келген неміс 

ұлтының өкілдері – Шенеман отбасын айтуға болады.

Бүгінде Қазақстан дамыған елдер керуеніне ілесті. Елбасымыздың 

«алдымен – экономика, содан кейін – саясат» деген қағиданы 

басшылыққа ала отырып жұмыс істеуінің нәтижесінде Қазақстанның 

экономикасы жедел қарқынмен өсті. Өндіріс ошақтарының тамырына қан 

жүгіріп, жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жалақы, зейнетақы, әлеуметтік 

төлемдер өсіп, халықтың жағдайы жақсарғаннан кейін көрші елдер 

азаматтары да Қазақстан азаматтығын алуға, осы елде тұруға ниет 

білдіруде. Сондай жанның бірі – қырғыз ұлтының өкілі Құрманбек Исақов.

ған  нан кейін арада бес жыл өтпей жатып 

қайта келдік. Ауылдастарымыз бізді құшақ 

жайып қарсы алды. Тіпті аудан орталығынан 

үй әперіп, сый-құрметке бөледі. Осындай 

мейірімділік, адамгер шілік, татулық, ба-

уыр   малдық,  сыйлас тықтан  артық  не 

керек?

Сөз соңында Элеонора әжей: «Ендігі 

жерде өзімнің Отанымдай болып кеткен 

Қазақстаннан ешқайда аттап баспаймын. 

Тек тілерім: елімізден береке кетпесін, 

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» – деп ақ 

батасын берді.  

және ұл-қыздарымның болашағын 

Қазақстанмен бірге елестеткім 

келеді. 

Қалай десек те, Қазақ елі татулығы жа-

ра сып, ынтымағы артқан ел болғаннан 

кейін мұнда көшіп келгісі келетін, азаматтық 

алғысы келетін көрші ел азаматтары көп-

ақ. Әрине, мұның барлығы Қазақстанның 

болашағы кемел екендігін көрсетсе керек. 

Егер біз бірлікте болсақ, өзгелермен тату-

тәтті ғұмыр кешсек, онда Қазақстанның 

болашағы бұдан да зор болатыны сөзсіз.



Серік ЖҰМАБАЕВ

МЕРЕЙ


Спортшыларымыздың ұлтымызды 

дүниежүзіне паш етуде даңқты шаңғы шы-

мыз Владимир Смирнов – баршаға үлгі 

бо ларлықтай тұлға. Кеңес өкіметі ыдыраған 

бетте-ақ осындай тума талантты ресей лік-

тер самұрық құс орналасқан үш жолақты 

ту ларының намысын қорғауға үгіттей 

бастады. Журналистер тіпті кездескен 

сайын «Сіз ұлы орыс халқының перзентісіз, 

неге өз ұлтыңыздың намысын қорға-

майсыз?» деген тұрғыдағы сұрақтарын та-

лай рет көлденең тартты. Сонда үгіт шілерге 

де, «ақылгөйлерге» де Владимир асқан 

байсалдылықпен «иә, мен орыс халқының 

перзентімін, бірақ менің туған жерім, 

Отаным – Қазақстан» деуден тан баған. 

Спорт шы ретіндегі карьерасына нүкте 

қойған соң да, халықаралық маңыз ды 

додалардан қалмай, Қазақстан шаңғы шы-

ларының жанында болып, қолынан келген 

көмек-қолғабысын көрсетуден айныған 

емес. Өз ақшасына шаңғы инвен тарьларын 

алып беріп, Қазақстан спортшы ларына 

жасаған қайырым ды лықтары да жетерлік. 

Ол – еліміз көк байрағын Тәуелсіздіктің қа-

зығы етіп қадаған соң, тұңғыш рет егемен 

Қазақстан қанжығасын Олимпиада алты-

нымен майлаған саңлақ. Жалпы, олим-

пиадалық ойындарда жеті медаль жеңіп 

Отан-Анаға баланың өгейлігі жоқ

алған: бір алтын, төрт күміс, екі қола. Оның 

төртеуі егеменді Қазақстан елінің еншісіне 

жазылды (бір алтын, екі күміс, бір қола). 

Нагано Олимпиадасынан кейін үлкен 

спортпен қоштасып, біраз жыл Швецияда 

тұрды. Сол жылдары мереке-мейрамдарда, 

басқадай маңызды оқиға ларда еліміздің 

көк байрағын Швециядағы үйінің төбесіне 

желбіретіп іліп қойып, тағы бір қырымен 

танылған.

Атбасарлық ауыр атлет, марқұм Ана-

толий Храпатыйдың да ел абырайы үшін 

сіңірген еңбегі аз емес. Еліміздің спорт 

басшылары Азия ойындары мен басқа да 

дүбірлі жарыстарда медаль керек болып 

қысылғанда, «Толик, медаль керек. Давай, 

енді өзің бірдеңе қыл» дегенде бәлсінбей, 

белін бекем буып, зіл батпан темірді көте-

руге шыққан кездері де болған. Осын дай 

есеппен Қазақстан қоржынына 1995 жылы 

Ташкенттегі Орталық Азия ойын дарында 

алтын медаль, ал 1998 жылы ХІІІ Азия 

ойындарында қола медаль салған. 2000 

жылы 37 жасында Сидней Олим пиадасына 

да қатысты. 

Солтүстік Америкадағы Ұлттық хоккей 

лигасында ойнап жүрген Николай Антро-

повқа да қатты риза болғанбыз, осыдан 

бірер жыл бұрын. 2008 жылы Ресей құ-

рамасы әлем чемпионатының Квебекте 

өткен финалында Канада хоккейшілерін 

жеңіп, алтынмен апталған. Сонда бір жур-

налист Антроповтан «Ресей құрамасы 

чемпион болғанда қуандыңыз ба?» деп 

сұрапты. Сонда Ник: «Мен неге басқа 

мемлекеттің жеңісіне қуануға тиіспін, 

менің Отаным – Қазақстан», – деп кесіп 

айт қан  еді.

1996 жылы Атланта Олимпиадасының 

чемпионы, төрт жылда бір рет ең үздік 

боксшыға берілетін «Баркер Кубогының» 

иегері Василий Жиров Американың қай 

қаласында жекпе-жекке шықса да, өзін 

«Қазақстан боксшысы, Балқаш барысы» 

деп жариялатып жүрді. Қазақшаға судай 

Геннадий Головкин де рингке қазақтың 

оюлы шапанымен шығып (арқасына 

«GGG» деп жазып та алыпты), рингке көк 

байрағымыздың алып шығып, айызымыз-

ды қандырып жүр. Екеуінің де арманы 

өздерінің бір жекпе-жегін Қазақстанда 

өткізіп, жерлестерін кәсіпқой бокс қызы-

ғына тәнті ету болатын. Оны да орын-

дады.

Жетісудың қырмызы қызғалдағы атан-



ған, желаяқ Ольга Шишигина да өз қызы-

мыздай болып кеткен. Қазақы менталитеті 

адам қызығарлық, волей болшы Елена 

Павлованың өзі бір төбе емес пе?! Былтыр 

Елбасының алдында қазақша сөйлеп, 

өресі биік спортшы екенін көрсете білді. 

Қазіргі спортшыларымыздың ішінен Илья 

Ильин, Ольга Рыпакова, Ма рина Аитова, 

Екатерина Айдова, Максим Раков, Эльмир 

Әлімжанов, Ольга Довгун, Денис Тен, 

Алексей Полторанин сынды отансүйгіш-

тіктерімен көзге түсіп жүрген саңлақтары-

мызды атап өткен ләзім. Өзі мізге сіңіп 

кеткен Юрий Мельниченко мен қазақшаға 

жетік Ислам Байрамуков та ел спортын 

дамытуға үлестерін қосып жүр.

Басқа басқа, бірақ «Көгалдағы хок-

кейдің генералы» атанған марқұм Эдуард 

Айрихтің қазақ халқына сіңірген еңбегі  

ұшан-теңіз. Оны да ұмытпаймыз. 1964 

жылы Краснотурьинскіде жүрген жерінен 

Алматыға шақырылған Эдуард Фердинан-

дович келе сала қазақ спортын өрге сүй-

рейді. Қысқа қайырып айтқанда, Алматы-

ның аңызға айналған «Динамосы» 

Ай рих тің жетекшілік етуімен көгалдағы 

хоккейден КСРО-ның 19 дүркін чемпионы 

болған. Екі мәрте Еуропа чемпиондары 

кубогын жеңіп алған. КСРО құрамасының 

аға жаттықтырушысы болып, Олимпиада 

ойындарының қола жүлдегері және Еуропа 

чемпионатының күміс жүлдегері де 

атанған. 11 КСРО-ға еңбек сіңірген спорт 

шеберін, 30 халықаралық дәрежедегі 

спорт шеберін, 150-ден астам спорт ше-

бе рін дайындап шығарды. Екі ұл, екі қыз 

тәрбиелеген. Қыздарының біреуі қазаққа 

тұрмысқа шыққан. 

Жалпы, спортшылардың ішінде «біз 

шетелге шыққанда, бізді ешкім орыс 

немесе тағы басқа ұлттың өкілі демейді, 

бәрі қазақтар дейді» деп мақтанышпен 

айтып келетіндері баршылық. Мұның 

біздің мерейімізді тасытып, мәртебемізді 

өсірмесе, кемітпесі анық. Тек достығымыз, 

ынтымақтастығымыз жарассын дейік, 

ағайын. Күншілдіктен, міншілдіктен сақ-

тасын, құдай. Әумин!



Қазақстан халықтарының 

мызғымас достығы мен 

ынтымақтастығының 

символы болып, еліміздің 

абыройын, ұлттық рухын 

аспандатуға спортшылары-

мыздың сүбелі үлес қосып 

келе жатқанына талас жоқ. 

Төрткіл әлемге Қазақ елін 

танытып, Қазақстанның көк 

байрағын шетелдерде 

желбіретіп, Әнұранын 

шарықтатып жүрген де – осы 

спортшылар. Осы тұста 

Қазақстанды «өз елім, туған 

жерім» деп санайтын өзге 

ұлттардың өкілдеріне тоқтала 

кеткеніміз жөн болар.

Нұрғазы САСАЕВ

– Мен Мирасты жайдары, ақ көңіл, 

ақылды мінезі үшін ұнаттым. Нағыз қазақ 

жігіті осындай болса керек. Бірнеше жыл 

кездесіп жүрдік. Ол мені туысқандарымен 

де таныстырды. Үйленеміз деп жоспарлап 

қойған едік. Шыны керек, қазақ отбасына 

келін болу қиындау шығар деп ойлап, 

жүрексіндім. Өйткені қазақ келіні болудың 

да өзіндік ерекшеліктері баршылық. Бір 

құпиямды ашайын, келінге қатысты жөн-

жоралғыларды Мирасқа көрсетпей іздеп 

оқып жүрдім. Қолымнан келмей, күйеуімді 

ұятқа қалдырып алып жүрмеймін бе деп 

қапаландым. Уақыт өте бәрі қалпына 

келді. Жақында Әмина есімді қызды 

дүниеге әкелдім. Әмина осы әулеттегі 

алты ұлдан кейін  туған жетінші қыз екен. 

«Жеті – қасиетті сан, Әминам да ерекше 

жан болады» деп атам қатты қуанып 

жүр. 

Ата-енеме, күйеуімнің аға-інілеріне, 



абысыныма рақмет. Қандай кемшілікке 

жол беріп алайын мейлі, күліп ақылдарын 

айтып жатты. Тұрмыс құрғанымызға екі 

жылдай болып қалды, осы уақыт ара-

лығында мен көп нәрсені үйрендім. Маған 

қатты ұнағаны – қазақ отбасы береке-

бірлік пен тату-тәттілікті бәрінен биік 

қояды екен. Бауырмалдықтарының 

арқасында қандай қиындық болсын 

мейлі, оны бір кісінің баласындай бірге 

көтереді. Енем «абысын тату болса, ас көп 

болады» дегенді жиі айтып, екі келінін 

ауызбіршілікке шақырып отырады үнемі. 

Өзі жеті ұлы бар отбасының келіні екен. 

Өмір өткелдерінен өтіп, көп тәжірибе 

жинақтаған енемнің әрбір айтқан ақылына 

құлақ түрсем, барлығы да әзірге шағын 

менің шаңы рағымның беріктігін ойлайды 

екен. Жас келін әулет үшін жасалатын 

қасиетті де киелі міндетін мүлтіксіз атқарса 

және кезінде өзі келін болған әжелер мен 

ене лердің ақыл-кеңесі, олардың өмірлік 

тәжірибесі болашақта еңбекқор, ізетті, 

ақжарқын, көпшіл ана тәрбиелеуде 

маңыз ды-ақ. Бұл бір эстафета сияқты 

көрінеді маған. Кешегі келін – бүгін ене. 

Сөйтіп, бір-біріне орын босатып беріп 

жатқандай. Қазақ отбасы хақында мен 

үшін әлі де ашылмай жатқан жаңалықтары 

жетерлік. Әлі оқылып бітпеген қызыққа 

толы, ғибраты мол кітап іспетті. Бетін 

парақтаған сайын мен үшін тың бір 

дүниелермен танысып жатырмын.

Қазақ келініне тән күйеуіңді сыйлау, 

ата-енеңнің алдын кеспеу сияқты тәлім-

тәрбие, сайып келгенде, сол келіннің өзі 

үшін қандай жақсы!?. Қатемді бетіме бас-

пай, мені қазақтың ибалы, инабатты келіні 

етіп тәрбиелеп жатқан күйеуімнің туған-

туыстарының өздерінің игі мінездеріне, 

шыны керек, тәнтімін?!. Қысқасын айт-

қанда, қазақ келіндері отбасылық 

институттың іргелі мектебі десем де 

болатын шығар. Иә, қазақ қыздарына 

қазаққа келін болу түк емес болар. Ал 

ұлты басқа жанға үйренетін қыр-сыры 

ұшан теңіз.

Ләззат БИЛАН

Шыны керек, қазаққа 

келін болу қиындау 

шығар деп ойлағанмын 

Анастасия СОЛТАНАЕВА: 

Жылдар жылжып өткенменен, жастық 

қайырылмай кеткенменен сол алғашқы 

жан толқытқан аяулы сезімдер жаңылмас 

жадта мәңгіге сақтаулы болып қала береді 

екен. Күмбездерін күнге сүйдірген осы 

әсем қалада жолыққан екі жас егіздерін 

енді тапқандай болған-ды. Екеуі де ғалам-

шар атты дөңгеленген дүниенің екі түкпірі-

нен білім алсам, ғылымның кәусарынан 

сусындасам, Отаныма пайдамды тигізсем 

деген тілекпен жеткен. Тілектердің түйісуі 

оңға басты. Орыстың оғланы Александр 

да, қазақтың қаракөз қызы Толқын да ақ 

ар ман, көздеген мақсат жолында өз жар-

тысын жолықтырғандарына қуанышты 

һәм бақытты еді. Арман адастырған жоқ. 

Қуаныш құшағында тербелген екеуі оқу-

ларын да ұмыт қалдырмаған. Бір-бірінің 

жүрегіне бойлаумен, жан көктемін тойлау-

мен жүріп білім ордасын тәмамдап таста-

ғандарын да байқамапты. Талайларға 

арман болған әсем қаладағы ауылшаруа-

шылық институтын бітіріп, екеуі де жігіттің 

еліне тартып отырды. Әрине, өзге ұлттың 

өкіліне тұрмысқа шығатынын естігенде 

ана сы қарсы болды. Тіпті «Өлмей ғана 

елге қайт» деген хатын да алды. Ақ сүтін 

берген асыл анасының тілегін орындау 

қолынан келмеді бірақ... Содан Ресейдің 

шалғай түкпіріндегі Новгород облысы 

Поддар ауданы Зимник деревнясында 

тұрақтап қалды. Ол кезде колхоз-

совхоздардың дәуір леп тұрған шағы. 

Нәзік те талдырмаш Толқын жұмыстан 

қорыққан жоқ, білекті сыбанып кірісіп 

кетті. Бастысы, сүйгені жа нында, жаны 

қалайтын жұмысы бар. «Крас  ная знамя» 

колхозына агроном болып орналасты. 

Іскерлігімен көзге түскен оны колхоз 

бастығы бір жылдан соң нәзік жанды деп 

бөле-жармай бас агроном етіп 

тағайындады. Александр да қолына алған 

жұмысты жапырып істейтін ілкімділігі де, 

ісмерлігі де бар. Колхоздың есеп-қисабын 

қолына алды. Тұрмыстары тәп-тәуір тұрып 

жатты. Бақыттан бастары ай 

налған 


шақтың шаттығын шалқытып тұң   ғыштары 

дүние есігін ашты. Алек сандрдың әжесі 

Игорь деп ат қойды. Бала пандары бір 

жасқа толғанда Толқынның әке-шешесі 

іздеп келді артынан. Баяғы өкпе-реніш 

ұмытылған. Бауыр еті баласынан қай ата-

ана бас тартсын?! Олар дың келуі мен қоса, 

алға қойған жоспар да өзгерді. 

Қазақстанға қоныс аударатын болып 

шешілді. Жігіттің ата-анасы қар сылық 

білдірмеді. Әке-шешесін шығарып салған 

соң буынып-түйініп, көш-керуен дерін ту-

ған жерге қарай бұрды. Ең алғаш табан 

тірегендері оңтүстіктің орта лығы Шымқала 

болды. Содан ғұмы рында қо лына күрек 

ұстап, балшық илеп көрмеген күйеу бала 

көргендерін іске асырып, бас 

пана 


тұрғызып алды. Одан жеке фирмаға 

жұмысқа тұрды. Еңбекқор жанға қайда да 

болса жұмыс табылатыны ақиқат. Отбасын 

тарықтырмай көшін түзеп, түтінінің түзу 

ұшуына көп тер төкті. Толқынның 90-нан 

ас қан қарт әжесі «100 күйеу балаға айыр-

бастамайтын асыл бала ғой» деп Сашаға 

өле-өлгенше риза болып, батасын беріп 

кетті. Ерінбей еңбек ететін кішіпейіл күйеу 

бала бүгінде бүкіл ағайын-туғанның сүй-

кімдісіне айналған. Қазақстанды жат-

сынған жоқ. Отаны санаған ұлысты бауы-

рына тартатын кең өлке, расында, бұл 

отбасыға құт мекен болды. Осында Әсем 

атты қызды, Руслан атты ұлды болды. Қай-

қайсысы да қазақ шаға судай, ағып тұр. 

Үлкендері Игорь мақал дап, мақамдап 

сөйлегенде қаз екемнің өзін жаңылыс-

тырады. Чистяковтар отбасы осылайша 

аға йын-туысқа үлгі болып, бір белеске 

көтерілісімен тағы бір тың белеске қол 

созып тұрып жатқан жайлары бар. 

Бақытты һәм бақыттары баянды.

Гүлжан КӨШЕРОВА,

Жамбыл облысы

Әулетке сүйкімді 

күйеубала

Солқылдаған сәмбі талдай жас шағыңда астана болған қалада 

оқу, ауыздықпен алысқан шабытты шағыңда Мәскеуде тұру 

қандайлық!?. Бәрінен бұрын сол арман қалада іңкәріңді 

жолықтырмақ қандай-ды!?. Өмір дариясында бір рет қана болған 

жанның жадында жатталып қалатын ғазиз қала ол. Асқақ та 

айбынды жылы қабақ әманда. Жүректің түкпірінде жылы сезім 

ұялатқан осы бір қаланы ұмыта алмақ та емес, қайта бір соқпай 

қалмақ та емес. Шындығы осы.


№73 (755) 

28.04.2012 жыл, 

сенбі             



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Нәзік жандар үшін ең тамаша 

жас шамасы анықталды



Әйелдер 35 жасқа тақаған кезде барып өз стилін табады. 

Ұлыбританиялық зерттеушілердің айтуынша, қыз-келіншектердің 

өзін-өзі табуы үшін жылдар қажет.

The Telegraph басылымының 

хабарлауынша, «СС» аталатын 

компанияның мамандары 56 

жасқа дейінгі әйелдер арасында 

сынақ жүргізген. Олардың 50%-ы 

өз жас шамасына лайық сәнді 

киіне алмайтынын айтып шағым-

даныпты. Ал әрбір үшінші әйел 

өздерінің сыртқы келбетіне қатыс-

ты сенімділікке тек жылдар өткен-

нен кейін ғана қол жеткізгенін 

айтқан. Қыз-келіншектердің төрттен үші талғамдарының жас ұлғая келе 

талапқа сәйкес келе бастағанын мойындапты. Ғалымдар әйелдердің 

шамамен 35 жасқа таяғанда ғана өз стилін табатынын анықтады.

Зорлық-зомбылық көрмеген 

бала ұзақ жасайды

Балалық шақтағы зорлық-зомбылық адам өмірін қысқартады. 

Мұны 1100 ағылшын отбасының мәліметтеріне талдау жүргізген 

Дьюк университетінің ғалымдары анықтады.

The Toronto Sun басылымының хабар-

лауынша, зерттеуге 90-жылдары егізді 

болған шаңырақтар таңдалған. Егіздер-

дің 5-10 жаста болған кездегі ДНК 

үлгілері алынды. Сонымен бірге олардың 

ата-аналарының әлеуметтік-медицина-

лық мәліметтері жиналды. Зерттеу 

тобының жетекшісі Идан Шалевтің ай-

туын ша, бала кезде физикалық-психоло-

гиялық зорлық-зомбылық көрген адам-

ның ДНК-сы әлсіз әрі зақымдалған болатынын анықтады. Айталық, 

мо ра ль  дық тұрғыдан қорланған бала ДНК-сының теломері екі не одан да 

көп есе кішірейеді екен. Мұндай генетикалық ақаудың салдарынан адамның 

өмір сүру ұзақтығы да қысқарады.

Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Алматтың әзілдері

Екі студенттің әңгімесінен:

– Кеше автобуста кондуктор маған ақша төлемеген 

адамға қараған сияқты ұзақ тесіліп тұрды.

– Сен не, жолақысын төлемеп пе едің?

– Жоқ, бірақ мен оған ақша төлеген адам сияқты 

қарап тұрып алдым. 

***

Бір әкімнің көмекшісі мейрамханаға хабарласа-

ды:

– Біз мерекелік банкетке тапсырыс берейік деп едік.

– Неше адамға?

– 130.

– Неге 130?

– Енді, әр халықтан бір өкілден шақырып отырмыз 

ғой.

***

Сот залында:

– Айыпталушы, сіз ұрлыққа түскен пәтердің есігін 

бұзбай қалай ашып кірдіңіз?

– Өзімнің кілтіммен...

***

Екі кісі әңгімелесіп отыр:

– Сендердің үйленгендеріңе 25 жыл толыпты, 

күміс тойларыңды жасамайсыңдар ма?

– Керісінше, осы уақытқа дейін мынадай әйелге 

шыдап жүргеніме шүкір деп, құдайы шай берсем бе 

деп жүрмін...

Сәуірдің 28-і

Алаштың атаулы күні

• 1870 жылы Ташкент қаласында қазақ баспасөзінің қарлығашы 

«Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы саны жарыққа шықты. 

• 1888 жылы Алаштан ән оздырған Әміре Қашаубаев дүниеге 

келді.

• 121 жыл бұрын (1891-1962) халық ақыны Жәкен Байтуов дүниеге 



келген.

• 1904 жылы Алаш қайраткері, әйгілі ғалым Әлкей Марғұлан 

дүниеге келді.

• Әлемдік еңбек қорғау күні.

• Бүкіләлемдік жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен денсаулық 

күні.


Туған күн иелері

Бақытжан Құдаманов (1948) – ҚР Табиғи монополияларды 

реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент 

директоры;

Мәжит Есенбаев (1949) – ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитетінің 

төрағасы;



Қабдылкәрім Әбдіқазымов (1955) – ҚР Ұлттық қауіпсіздік 

комитеті төрағасының орынбасары, генерал-майор;



Александр Мирчев (1957)  – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат 

қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;



Ерлан Ыдырысов (1959) – Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше 

және өкілетті елшісі;



Дәрмен Сәдуақасов (1979) – халықаралық гроссмейстер, 

шахматтан әлем чемпионы.



Сәуірдің 29-ы

Алаштың атаулы күні

• 106 жыл бұрын (1906-1968) композитор, дирижер, музыката-

нушы, этнограф, Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымының 

докторы, профессор, академик, екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың 

және Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Ахмет 

Жұбанов дүниеге келді.

• 72 жыл бұрын (1940) Қазақ мемлекеттік академиялық драма 

театрында Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» 

пьесасының премьерасы қойылды.

• Халықаралық би күні.



Туған күн иелері

Тілеухан Қабдірахманов (1945) – дипломатия ардагері,  Төтенше 

және өкілетті елші;



Төлеген Қожамқұлов (1946) – физика-математика ғылымдарының 

докторы, профессор, академик;



Хайролла Ғабжалилов (1950) – «Алаш» тарихи-зерттеу 

орталығының президенті, меценат, қоғам қайраткері;



Болат Жанасаев

 (1952) – генерал-майор;



Ұлықбек Есдәулет (1954) – «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 

ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Журналистер 

академиясының академигі;

Раушан Сәрсембаева (1956) – Қазақстан іскер әйелдер 

қауымдастығының президенті;



Нұртөре Жүсіп (1961) – «Айқын» газетінің бас редакторы,  

Қазақстан Журналистер академиясының академигі, Президент 

сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағының Б.Бұлқышев 

атындағы сыйлығының лауреаты;



Алмас Құрманов (1966) – «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру 

қоры» АҚ президенті;



Ербол Әбдірахманов (1968) – Қостанай облыстық әділет 

департаментінің бастығы;



Шадияр Молдабек (1974) – «Алаш айнасы» газетінің Оңтүстік Қазақстан 

облысындағы меншікті тілшісі. 



Сәуірдің 30-ы

Алаштың атаулы күні

• 91 жыл бұрын (1921-1996) балалар жазушысы Мәдіхат Төрежанов дүниеге 

келді.

• 67 жыл бұрын (1945) Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов 



Рейхстагқа ту тікті.

Туған күн иелері

Мақаш Тәтімов (1940) – Орталық Азия университетінің президенті, 

демограф, саясаттану ғылымының докторы, академик;



Амангелді Омаров (1941) – техника ғылымының докторы, академик;

Сұлтан Оразалинов (1941) – Қазақ  телевизиясының  негізін қалаушылардың 

бірі, жазушы, драматург, филолог, академик;



Әшірбек Көпіш (1947) – «Өнер» баспасының бас директоры, «Құрмет» 

орденінің иегері;



Бекет Нұржанов (1949) – философия ғылымының докторы, профессор;

Нұргүл Хамзина (1956) –медицина ғылымының докторы, профессор; 

Мылтықбай Айтжанов

 (1962) – Павлодар облыстық төтенше жағдайлар 

департаментінің бастығы, полковник;

Нұрбол Сұлтан (1976) – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры.

Мамырдың 1-і

Алаштың атаулы күні

• 186 жыл бұрын (1826-1906) айтыс ақыны Құланаян Құлмамбет дүниеге 

келген.

• 91 жыл бұрын (1921) Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасының түзетіліп, 



өңделіп, шын мәніндегі драматургия талабына жауап берер көркемдікке 

жеткен екінші нұсқасы Абайдың шәкірттері мен ізбасарлары ұйымдастырған 

«Ес-Аймақ» труппасының сахнасында Жүсіпбек Аймауытовтың режиссерлік 

етуімен қойылды.

• 86 жыл бұрын (1926-1992) әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі 

Дәнеш Рақышев дүниеге келді.

• Қазақстан халқының бірлігі күні.

• Еңбек мерекесі. Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні.



Туған күн иелері

Әбдімәлік Нысанбаев (1937) – философия ғылымының докторы, 

профессор, академик;



Розақұл Халмурадов (1941) – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Кәдірбек Сегізбай (1941) – жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар 

одағының мүшесі, Мұхтар Әуезов атындағы сыйлықтың иегері;



Есберген Божанов (1943) – физика-математика ғылымдарының докторы, 

профессор, академик;



Нұртілеу Иманғалиұлы

 (1952) – белгілі тележурналист, Қазақстанның 

еңбек сіңірген қайраткері, Өнер академиясының құрметті профессоры, 

Қазақстан Журналистер одағы мен «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, 

Алматы облысы Ақсу ауданының Құрметті азаматы;

Бауыржан Омаров

 (1962) – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор 

меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор, Халықаралық 

«Алаш» әдеби сыйлығының иегері;



Мейрам Аюбаев (1963) – генерал-майор;

Әсем Нүсіпова (1975) – «ҚазТрансОйл» АҚ экономика және қаржы жөніндегі 

басқарушы директоры;



Саят Қамшыгер (1978) – Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 

әдеби кеңесшісі, ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері.



Мамырдың 2-сі

Алаштың атаулы күні

• Халықаралық астрономия күні.



Туған күн иелері

Марат Қабдуалиев (1951) – Павлодар облыстық сәулет және қала құрылысы 

басқармасының бастығы;



Ерлан Досмағамбетов (1960) – «Дос» корпорациясы директорлар кеңесінің 

төрағасы;



Ермек Көшербаев (1965) – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 

Талғат Бөлтенов (1970) – Ақмола облыстық қаржы басқармасының 

директоры.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

НҰРТІЛЕУ – қазақтың төл есімі. «Нұр» (нұрлы, жарқын 

және шуақты) және «тілеу» (жеке адамның тілеуі, 

туғанның тілеуі, жалпы халықтың тілеуі) сөздерінің 

бірігуінен құралған ныспы. «Жалпы, менің шешем 14 

құрсақ көтеріпті.  Ал мен үйдің кенжесімін. Жеті айлық 

болып туылғанымда менің әлденіп, адам болып 

кететініме іштей күмәнданғандар аз болмаса керек. 

Сол себепті менің есімімді ғасыр жасаған атам қойған 

екен. Атамның ойы ұрпағының болашағы нұрлы, 

жарқын және шуақты болсын дегенге саяды», – дейді 

белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы. 

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

Сәуір 2012

Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



28

29

30

1

2

3

4



5

6

7



8

9

10



11

12

13



14

15

16



17

18

19



20

21

22



23

24

25



26

27

28



29

30

31



Мамыр 2012

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

№73 (755) 



28.04.2012 жыл, 

сенбі


8

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДУМАН

Ке

зекшi  ред



ак

тор – Ләзза

т БЕК

ТЕМБЕК


ОВ

А

Республикалық қоғамдық-саяси  ақпараттық газет



Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ  Бас ред

ак

тордың бiрiншi орынб



ас

ары


Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ  Бас ред

ак

тордың орынб



ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


ау

апты х


атшы

Талға


т КIРШIБ

А

ЕВ  – 



ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

ел.: 


388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат 

 

минис



трлiгiнде тiрк

елiп, бұқар

алық ақпар

ат құр


алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Ред

акция авт

орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

ау

ап

 



бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


атын ма

териалд


ар

 

қабылд



анб

айды.


«Алаш айнасынд

а» ж


арияланған ма

териалд


ар мен с

уре


тт

ердi


 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

аты


 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк иесi 

– «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8 

(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1522

Ас

тана  қаласы «А



ст

ана-По


лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №778

Бағасы  к

елiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



да

кц

ияның



 м

ек

ен



жайы

Ал



ма

ты

 қ



ал

ас

ы,05



005

1,

 Б



ег

ал

ин



 кө

ш

ес



і, 1

48

/1 А



e-

m

ail



inf

o@

alashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

Атыр


ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары: Құб

аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с

аяси бюро, т

ел.: 

388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

ел.: 


388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

ел.: 


388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


ел.: 

388-80-68

Дәурен ҚҰДАЙБЕРГЕН – меншiк

тi 

тiлшiлер қосыны, т



ел.: 

388-80-62

Тар


ат

у қызме


тi 

(бөлшек


теп с

ат

у және ж



азылу)

 

те



л.: 

8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 414«б»

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


на

 б

ю



росының ж

ет

екшiсi 



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

Арман А

СҚАРОВ – тілші



СКАНВОРД

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

Газетіміздің  №72 (754)  санында жарияланған сканвордтың жауабы

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Шаруа. Ода. Суыт. Тракт. Узо. Емен. Унисон. Зекет. Монро. «Ине». Енші. Лорд. Азат. Аяр. Ди. «Леон». Торт. 

 

    



  

ТІГІНЕН: Жайран. Оноре. Ион. Кускус. Редан. Аут. Озон. Ене. Шарт. Вотум. Киіз. Зерен. Адр. Канон. Тектит.

Су жылытқыш 

құрылғы

Анисті грек 



ішімдігі

Өткізгіштегі 

эл. заряды-

ның қоз-


ғалысы

Шал


Тиесілі үлес

Ұшақтарға 

арналған 

тосқауыл, 

бөгет

Кеңсе 


қызметкері

Қасиетті ай

Тазы түрі

Мандатты 

адам

Сицилия-


дағы 

жанартау


Албания 

ақшасы


Вьетнам. 

өзен


Әскери 

шұңқыр


Әлсіз,

 нашар


Үлкен 

жалпақ 


пышақ

Клеопатраның 

нөкері

Жырынды


Бөкен

Үйретілме-

ген мал

Мәші


Күдік

Бас


Мадақ жыр

Жұмсақ түкті 

мата

Параллело-



грамм

Мылқау 


фильмді 

сүйемел-


деуші 

музыкант


Қабанбай 

батырдың 

тұлпары

Бір нәрсенің 



өтеуі, төлеуі

Құрыш


Дзюдо. ұпай

Латвия  


қаласы

ОҚЫРМАН ЛЕБІЗІ



magazinomaniya.ru

ӨНЕР


Жайықтың 

жампозы 


«Айман-

Шолпанды» 

жырлады

 «Айман-Шолпан» жырын асыл сөздің 



мәйегін түсінетін жұрт бір жарым сағат бойы 

тапжылмай тыңдады. Қатекең жыршылықта 

жаңаша бір жол салып, әртістік шеберлікпен 

күлу, ашулану, бет-жүзді құбылту және тағы 

басқа элементтерді пайдалана отырып, оған 

тағы ән мақамдарын қосып, «Айман-Шол-

пан ды» ерекше орындап шықты. Жырға разы 

болған жұрт Жайықтың жампозын қолқалап 

бірнеше ән де салғызды. Кешке демеушілік 

етіп отырған Құрманғазы атындағы мемле-

кет тік оркестрдің көркемдік жетекшісі Тұяқ-

берді Шәмелов 60-тың асқарына шыққан 



Қатекеңе шапан жауып, гүл шоғын ұсынды. 

Тұяқберді ШӘМЕЛОВ, Құрманғазы 

атындағы мемлекеттік оркестрдің 

көркемдік жетекшісі: 

– Қатекеңнің әншілігі мен ақындығы 

бір төбе. Міне, енді жыр жырлаудан да 

дес бермейтінін дәлелдеп отыр. Оның 

бойы тұнған талант. Ұлттық өнерімізді 

асқақтату жолындағы ерен еңбегі жана 

берсін деген тілек тілегім келеді.       

Ұлжан БАЙБОСЫНОВА, жыршы:

– Жыр төңірегінде қордаланып қал-

ған мәселе көп. Бұрын ел алқа-қотан жи-

налып жыр тыңдаған. Қазір жырлау мен 

тыңдау дағдысынан айырылып барамыз. 

Мұндай кештер көп болса, өз тыңдарма-

нын қалыптастырар еді. Қатимолла аға-

ның жырға эмоциялық реңк беруі, ән ма-

қа мын қосуы сәтті шықты деп есептеймін.  

Арман СЕРІКҰЛЫ

Құрманғазы атындағы Мемле-

кет тік  академиялық  оркестрдің 

үлкен залында Батыс Қазақстан 

облысының Ғарифолла Құрманға-

лиев атындағы филармония әншісі, 

Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері Қатимолла Бердіғалиев 

халықтың «Айман-Шолпан» 

эпостық жырын жырлады. 

novostiua.net

Асылы Әлиқызы ОСМАН, 

«Мемлекеттік тілге құрмет» 

бірлестігінің төрайымы, 

Қазақстан халқы 

Ассамблеясының мүшесі

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет