дейді. Әуекеңі
ю», – дейді. Жа-
уін талап етеді. Мұның арты
бас тай ды.
қамауға алынбайды екен.
лып, үш күн емделуге мәжбүр болған. Оған
ты. Ол
Заңы. ҚР «Әуе кеңістігін пайдалану және
құ қығы тапталған. Тіпті қамаудағы адам-
№157 (1068)
11.09.2013 жыл,
сәрсенбі
www.alashainasy.kz
4
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
НАРЫҚ
«Ақмаржан» сорты брендке айналады
ӨНІМ
Сырдың жұрты ерте
көктемнен күріш егісіне көңіл
бөледі. Солай болатын жөні де
бар. Жергілікті топырақ,
негізінен, күрішке арналған.
Топырақтың тұздылығы өзге
дақылдардан өз деңгейінде өнім
алуға мүмкіндік бере бермейді.
Қызылордалық диқандардың
бұл тіршілік көзінен нәпақа
айырып жүргеніне ғасырға жуық
уақыт болып қалды. Содан бері
жерден несібе теріп үйренген
ағайын бел шеше бейнет жасап,
күріштің бар жағдайын
жасайды. Қазіргі таңда дария
бойындағы диқандар өз
өнімімен республика халқын
толықтай қамтамасыз етуге
мүмкіндік алды. Әрине, осының
барлығы ауыз толтырып
айтарлық мақтаныш болғаны-
мен, бұл салада әлі де қолға
алатын істер жоқ емес. Елдегі
ағайынның еңсесін тіктеп, өнімді
жұмыс жасауына қамқорлық
қажет етіледі. Солардың бірі –
тұқым мәселесі. Жақында облыс
әкімі Қырымбек Көшербаев
егінші қауыммен жүздесу
барысында игі бастама көтерді.
Күріштің «Ақмаржан» сортын
аймақтың бренді ретінде
қалыптастыру жөнінде
ұсынысын білдірді.
Әділжан ҮМБЕТ
Бұл пікір тектен-текке айтылып отырған
жоқ. Күріштің осы сорты Сыр диқандарының
атағын шығарып, жалпақ жұрт алдында
абыройын биіктете түсті. Сондықтан күріш
дегенде, ең алдымен, «Ақмаржан» сорты
ойға оралады. Өзге өңірдегі жұрт күріштің бұл
сортын өте жоғары бағалайды. Қысқаша
айтқанда, «Ақмаржан» жергілікті диқандар-
дың беделін биіктетті. Рас, соңғы жылдарда
бұл жөнінде әртүрлі қаңқу әңгімелер айтылып
жүр. Өйткені оның өндіріске енгізілгеніне 30
жылға жуық уақыт өтіпті. Осыны көпшілік
алдына көлденең тартқысы келетін кейбір
адамдар күріштің аталған сортын бүгінгі күн
талабына сай келмейді деген сылтауды
айтады. Ғалымдардың ендігі бір бөлігі бұған
қарсы пікірді тілге тиек етеді. Бір сөзбен
айтқанда, оны қазақ күрішшілері өмірге
келтірген төл сорт деп есептеуге толық негіз
бар. Ендеше, төл сортты бәз-баяғысынша
төрге шығарып, оның беделі мен абыройын
асқақ етуге қандай мүмкіндік бар? Бүгінгі
таңда жергілікті ғалымдар мен өндіріс
басшылары осы тұрғыда өз ойларын білдіріп
келеді. Күріштің бұл сортын 1983 жылы
жергілікті ғалым Құрманбек Бәкірұлы
өндіріске енгізген еді. Бұл тұрғыда ол кісінің
ойы қандай?
Құрманбек БӘКІРҰЛЫ, Ыбырай Жақаев
атындағы Қазақ күріш шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институты ЖШС-ның бөлім
басшысы, ауыл шаруашылығы ғылымының
докторы:
– Қай кезде де жергілікті сорттарды
дамытуға мән беруіміз керек. Облыс басшы-
сының бұл бастамасын өте орынды деп
есептеймін. Иә, «Ақмаржан» сортының өнді-
ріс ке енгізілгеніне 30 жылға таяды. Соған
қарамастан, ол әлі де елдің сұранысын толық
қанағаттандырып отыр деп айта аламын.
Өйткені қазіргі таңда облыста егілетін күріш
алқабының 60 пайызға жуығы сол сорт болып
саналады. Байқасаңыз, оған сұраныс өте зор.
Жалпы, тұтынушы талғамынан шығу оңай
емес. Олар сапаға қарайды. Тағамдық
қасиетін бағалайды.
Бұл тұрғыда ресейлік
сорт тар біздікінен бір
мысқал төмен тұратыны
жасырын емес. Сыр
жұрты «Кубань» деген
сортты да біледі. Ол
1968 жылы өндіріске
енгізілді. Алайда ол
«Ақ маржан»
секілді
бедел алып кетпеді.
Ресей
лік сорт жоғары
өнім береді. Оның кем-
шілігі піскен кезде жерге
құлап, жатып қалатынын
елдің көзі көрді. Жерге
құлап жатқан дәніне су
тисе, қайтадан көктеп
шыға беретіні тағы бар.
Соның салдарынан
бөртіп кеткен аталмыш
сорт өнімділігін төмен-
детеді. Ал «Ақмаржан»
1987 жылы Жалағаш
ауданының Сынақ ауылында аудан-
дастырылған. Одан бергі жылдарда облыстың
барлық шаруашы
лығында үлкен алқапта
егіліп келеді. Облыс басшысының «Ақмар-
жанды» брендке айнал дыру жөнінде ұсы-
нысын қолдаймын. Өйткені еліміздің өзге
өңірлеріндегі тұтыншылар оны сапалы күріш
есебінде әлдеқашан мойын дады.
Расы керек, бүгінгі күнге дейін облыс
диқандары түрлі күріш сорттарын екті.
Алайда олардың ешқайсысы да елдің
арасында «Ақмаржан» секілді бедел алып
кете алған жоқ. Сондықтан жергілікті
ғалымның ұзақ жылдар бойы тер төккен төл
сорты әлі күнге дейін өз маңызын арттырып
отыр. Оны диқандар қауымы да толық
құптайды. Өйткені қайсыбір жылдары Ресей
елінен жеткізілген сорттар облыстың климат-
тық жағдайына сәйкес келе бермеді. Тіпті
олардың арасында алғашқы жылдың өзінде
тиімсіздігін көрсеткені де бар. Себебі
аймақтың топырағы да оларды жатсынып,
аталмыш сорттардан көңілдегідей өнім
қамбаға құйыла қойған жоқ. Осының нәти-
жесінде жергілікті еңбекшілердің олардың
бізге қолайлы емес екеніне әбден көзі жетті
деуге негіз бар. Қуаныштысы, қаншама
жылдан бері елдің игілігіне айналып келе
жатқан «Ақмаржан» сол бұрынғы биігінен бір
мысқал да төмен түсе қойған жоқ. Ендеше,
оны аймақтың абыройын арттыратын бренд-
ке айналдыруға толықтай негіз бар.
Сапарбек АСҚАРОВ, «Ақжар-Агро-
инвест» ЖШС директоры:
– «Ақмаржанды» брендке айналдыру
жөніндегі бастама өте орынды көтеріліп отыр
деп ойлаймын. Елдің шынайы ықыласына
бөленген күріш сортын дамыта отырып, озық
іске айналдыруға толық негіз бар. Себебі
оның басқа сорттардан ерекшелігі бар. Біздің
жергілікті климатқа толықтай сай келеді.
Оның дәнінің ірілігі, шынылығы көзге бірден
көрініп тұрады. Сондай-ақ одан мол өнімге
негіз қалауға болады. Қазіргі таңда нарықта
сұрыныс пен ұсыныстың үйлесім табуы басты
талаптың бірі саналады емес пе? Тағы бір
айтарым, «Ақмаржан» сортының нарықтағы
бағасы ресейлік сорттардан біршама арзан.
Қысқаша айтқанда, бүгінгі күнге дейін
облыста «Ақмаржан» өз әлеуетін жоғалта
қойған жоқ. Ғалымдар жергілікті сорттың
маңызы зор екенін айтады. Өйткені бұл
сорттар аймақтың топырақтық-климаттық
жағдайына сәйкес келтіріледі. Соған қарай
бейімделеді. Сол себепті олардың топырақ-
тың тұздылығы, түн мезгіліндегі температу-
раның алмасуына, климаттың күрт өзгеруіне
төтеп беру қабілеті жоғары болатыны анық.
Дәнінің ірі болуына байланысты «Ақмаржан»
өзге елдердегі сорттардан асып түспесе, кем
түспейтіні белгілі.
Қызылорда қаласында орын тепкен
Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш
шаруа
шылығы ғылыми-зерттеу институты
мамандары соңғы жылдары бірқатар
сорттарды шығарды. Олардың қатарында
«Түгіскен-1», «Ару», «Арал-202» секілді
сорттар бар. Дегенмен олар әлі өндіріске
енгізіле қойған жоқ. Институт ғалымдарының
айтуынша, соңғы бір-екі жылдың көлемінде
«ҚазНИИ-5», «ҚазЕр-6» сорттары да шыға-
рылып отыр. Алдағы жылы осы сорттардан
400 тонна элита тұқымын өндіру межеленуде.
Ғалымдардың айтуынша, селекция
үздіксіз жүргізіле береді. Олар жергілікті
сорттарды брендке айналдыру үшін жаңа
технологиялар қажет екенін тілге тиек етіп
келеді. Ендігі кезекте осы бағытта жұмыстар
жүргізу жоспарланып отыр.
Қызылорда облысы
Әлеуметтік серіктестік мақсаты –
еңбек тартысын болдырмау
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
Гүлнар АХМЕТОВА
Жұмысшы мен жұмыс беруші
арасында болып тұратын
кикілжіңнен кейін ел ішіндегі
ахуалдың кей кезде
шиеленісетіні бар. Мұндай
келеңсіздікке ұжымдағы
қызметкерлердің немесе
олардың бір бөлігінің жалақы
мөлшеріне көңілі толмауы себеп
болуы мүмкін. Басқаша
айтқанда, мүдделердің
әлеуметтік қақтығысы
басталады.
Алайда тәжірибе көрсеткендей, жұмыс-
шылар белгілі бір себептермен орындалуы
қиын жоғары талаптар қояды. Кейде жалпы
мемлекеттік сипаттағы ұрандар айтылып
жатады. Осы кезде еңбек тартысы саясиланып,
жұмыс берушінің (жеке не мемлекеттік
саладағы болсын) ғана басы қататын түйткіл
болудан қалады. Сөйтіп, мемлекет пен қоғам-
ға қауіп төндіретін құбылысқа айналады.
Себебі өз құқығы мен мүддесін қорғауға
шыққан радикалды бағыттағы жұмысшы
таптың өкілдері өркениетті тәсіл
дерді
қолданудың орнына жұмыс берушіге, кейде
тіпті мемлекетке қарсы күш көрсетіп, қысым
жасауға дайын екендерін білдіреді.
Өнеркәсіп өндірісі саласындағы жұмыс
берушінің басты мақсаты – барынша пайда
табу екені түсінікті. Кейде оны қарауындағы
жұмысшылар есебінен жүзеге асырғысы
келеді. Айталық, қандай да бір компанияның
басшысы жалақы деңгейін инфляция
деңгейіне сәйкес индексациялағысы келмейді
немесе басқа нәрседен үнемдеуге тырысады.
Өз кезегінде жалдамалы жұмысшының да
алдына қойған міндет-мақсаты бар. Ол
қолайлы жағдайда жұмыс істеп, көтеріңкі
жалақы алуды, өндірістің барынша автомат-
тандырылып, әлеуметтік жеңілдіктер мен
кепілдіктердің сапасы артқанын қалайды.
Әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын жақ-
сартқысы келеді. Әлбетте, мұндай игілік тің
бәріне жұмыс берушінің есебінен қол
жеткізсем дейді. Осындай қарама-қайшы-
лықтар жоғарыда айтылған мүдделердің
әлеуметтік тартысының негізін құрайды. Айта
кету керек, бұл объективті кикілжің, сон-
дықтан күштерді теңестіргенде ғана қандай
да бір тепе-теңдікке жетуге болады. Мұны
«әлеу меттік серіктестік» арқылы жүзеге асыр-
ған абзал. Осылайша мемлекеттік билік ор-
ган дары, компания мен фирма қожайын-
дары және еңбекші өкілдері арасындағы
эконо миканы өркендету мақсатында еңбек
жағдайын жақсарту және жалақы мөлшерін
көтеру жөніндегі келісім әлеуметтік серік-
тестікке алып келеді.
Қазақстанда бірқатар өндіріс салаларында
келісімдер жүргізіп, ұжымдық келісімшартқа
отыру рәсімі еңбек тартысын тиімді шешу
үшін жеткілікті шарт болмауы салдарынан
әлеуметтік серіктестіктің маңызы арта түседі.
Мұны Жаңаөзен оқиғасы айқын көрсетіп
берді.
Өз кезегінде әлеуметтік серіктестік тең
ынтымақтастыққа негізделген өндірістік
процестерге қатысушылардың мүдделерін
ұштастыру институттары мен механизмдерінің
тұтас бір жүйесін ұсынады. Еңбек шарттары
мен жалақы, сондай-ақ қызметкерлердің
әлеуметтік кепілдіктері мен олардың кәсіп-
орын жұмысындағы рөлі жайында ортақ
шешімге келгенде ғана тараптар келісімге қол
қояды.
Демек, әлеуметтік серіктестікті түрлі
формада дамыту – қазіргі заманғы нарықтық
экономикадағы әлеуметтік бағытты күшейту
процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Дәл осы
әлеуметтік серіктестік шарттары нарықтың
қатал шындығына арналған қоғамдық
амортизатор ретінде қарастырылады. Өйткені
ол экономикалық тиімділік талаптары пен
әлеуметтік әділеттілік мүдделерін ұштастыра-
ды. Елдегі 500 мыңнан астам кәсіпорынды
біріктіретін «Самұрық-Қазына» акционерлік
қоғамында әлеуметтік серіктестік қазақстан-
дық қоғамды тұрақты дамытатын басты
шарттың бірі ретінде қарастырылатыны бекер
емес. «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы
әлеуметтік серіктестік орталығының негізгі
мақсаты – еңбек тартысының алдын алу,
жұмысшыларға олардың құқығын түсіндіру,
әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу
тәжірибесін талдау және жетілдіру, әлеуметтік
серіктестік қағидаларын енгізу және ұжым-
дық-келісімшартты реттеу болып табылады.
Бұл орайда тараптардың мүддесін сәйкес-
тендіруде мемлекеттің өзі тікелей арала саты-
нын және бір мезетте қабылданған келісім-
дердің орындалуына кепілдік беруші ретінде
көрінетінін айтқан жөн.
Әрі әлеуметтік серіктестікте орталық
немесе жергілікті атқарушы билік органдары
ғана емес, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП-да
маңызды рөл атқарады. Кезінде «Нұр Отан»
беделді қоғам қайраткерлерін келісім
жүргізуге тарту идеясын қолдаған болатын.
Әлеуметтік серіктес қай қырынан көрінсе
де, Қазақстандағы үйреншікті ойын тәртібін
белгілі бір дәрежеде өзгертуге алып келеді.
Бәлкім, бұл кәсіподақ қозғалысының рөлі
мен маңызын қайта қарауды талап етер.
Қалай болғанда да, бұл – аса қажетті және
пайдалы институт. Ол – қоғамдағы күштердің
тепе-теңдігін сақтап, қызметкерлердің
мүддесін ескеруге септесетін құрал. Алайда
күні бүгінге дейін қазақстандық кәсіподақтың
кейбір көшбасшылары өз қызметіндегі
маңызды элемент ретінде бір сәттік мүд-
делерді талқылау деп түсініп келді. Әдетте
олар әр қызметкердің қандай жалақы ала-
тынына немесе акционердің қанша пайда
табатынына ғана мән беретін. Ал бірнеше
жылдан кейін кәсіпорынның қандай күйде
болары, бүгінгі жұмысшылардың ұрпағы
қандай жағдайда өмір сүріп, қайда жұмыс
істейді деген стратегиялық мүдделер көлең-
кеде қалатын.
Ал, шындығында, әлеуметтік серіктестіктің
тұрақты қарым-қатынасы орнамайынша,
қоғамды қалыпты дамыту мүмкін емес. Осы
орайда «Самұрық-Қазына» батыстағы индус-
триялық державалардың жағымды тәжіри-
бесіне сүйенеді. Батыс әлемінде ондаған
жылдар бойы қоғамдық сілкініс
тердің
болмауы көп жағдайда еңбек пен капиталдың
әлеуметтік серіктестігі арқасында. Қазақстан-
да мүдделер тартысын шиеленіскен әлеумет-
тік қайшылыққа айналуына жол бермеу –
кәсіпкерлер, еңбеккерлер мен мем лекеттің
– үш жақты ынтымақтастығының міндеті
болып табы лады. Оны «Самұрық-Қазына»
әл-ауқат қоры әлеуметтік идеяларға сүйеніп
жүзеге асы рады.
Достарыңызбен бөлісу: