Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата22.12.2016
өлшемі9,46 Mb.
#280
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Арман АСҚАР,

Астана

Министр қателіктерін 

мойындады

АҚОРДА


Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан 

Республикасы Парламенті Сенаты бюросының отырысы өтті, - 

деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Бюрода Конституциялық заңнама, сот 

жүйесі және құқық қорғау органдары 

комитетіне Қазақстанның Түркия Респуб-

ли 

касымен сотталған адамдарды беру 



туралы келісімді және Қытай Халық Рес-

пуб ликасымен сотталған адамдарды беру 

ту ралы шартты, сондай-ақ Қазақстан мен 

Че хия арасындағы қылмыстық істер бо-

йынша өзара құқықтық көмек туралы 

шарт 


ты ратификациялау жөніндегі заң 

жоба лары  берілді. 

Бюро мүшелері, одан басқа, биылғы 7 

қарашада болатын Палата отырысының 

күн тәртібін талқылады. Отырыста халық-

аралық құжаттарды ратификациялау ту-

ралы бірқатар заң жобаларын қарау жос-

парланып отыр. Олар – Түркия Республика-

сымен сотталған адамдарды беру туралы 

келісім, Қытай Халық Республикасымен 

сотталған адамдарды беру туралы шарт 

және Қазақстан мен Чехия арасындағы 

қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық 

көмек туралы шарт. Сондай-ақ сенаторлар 

еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне 

еңбек көші-қоны мәселелері бойынша 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

заң жобасын екінші оқылымда қарайтын 

болады. 

ҚР Парламенті Сенаты 

бюросының отырысы өтті

ПАРЛАМЕНТ



Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі 

М. Мұрзамадиева ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы 

комиссары Астрид Торспен кездесті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер 

министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында қазақстандық дип-

ломат еліміздегі қоғамның заманауи даму 

кезеңімен, көпұлтты әрі көпконфес сиялы 

Қазақстандағы тұрақтылық пен ұлтаралық 

келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің 

ұзақ мерзімді басымдықтарымен нидер-

ланд тарапын кеңінен таныстырып өтті. 

2011-2014 жылдарға арналған «Ел бірлі-

гі» доктринасының басты қағидаттары бо-

йынша нақты түсініктер берді. Тараптар 

2014 жылы АҰЖК кеңсесінің Қазақстанда 

одан арғы әрекеттестік тұрпаты, сондай-ақ 

Қазақстанда көптілді білім беру үлгісін 

кеңі нен енгізу тақырыптары мен Қазақстан 

мен Нидерландта бірлескен дәрістер, дөң-

гелек үстелдер өткізу, бірлескен баспа ба-

сы лымдарды шығару туралы мәселелері 

талқыланды. АҰЖК кеңсе өкiлдерi қазақ-

стандық этносаралық және дінаралық ке-

лі сімнің үлгісін жоғары бағалап, Қазақстан 

халқы Ассамблеясының бірегей рөлін атап 

өтті. 

Елші Астрид Торспен кездесті

ДИПЛОМАТИЯ

Ұлтымыз ежелден-ақ өзге елдермен 

ха лықаралық дипломатиялық қарым-

қа тынаста болғаны белгілі. Десе де, 

тарих шылар XVI ғасырдың екінші он-

жылды ғында Қасым хан өз билігін кең-

байтақ қазақ даласының басым бөлігіне 

орнатуы себебінен, ресми диплома тия-

ның баста уын сол бір кезеңмен бай ла-

ныстырады. Өйткені сол тұста ұлтымыз 

қазіргі Қазақ 

стан аумағы көлемінде 

тұтас бір мемле 

кет 

ке ұйысып, саяси 



дамуы қарқындады. Қасым ханның би-

лігінің нығайғаны сон ша лық – халқы-

ның саны 1 миллионнан асып, атты 

әске рі 300 мыңға дейін жетті. Ос ындай 

се бептер негізінде Қазақ хан дығы дер-

бес мемлекет ретінде халық 

аралық 

қаты  насқа ресми түрде араласуға мүм-



кіндік алды. Қасым ханның алғаш қы-

лардың бірі болып дипломатиялық қа-

ты нас жасаған елі – Мәскеу мемлекеті. 

1517 және 1526 жылдары австралия-

лық дип ло мат Сигизмунд Герберштейн 

өз жаз 


ба 

ларында Қазақ елі туралы 

жазып, Қасым хан билігін Батыс Еуро-

паға та ныс тырды. 



Қазақ хандығының халықаралық дипломатиясы ресми түрде 

қашаннан бастау алады? 

Есентай, Арқалық қаласы

Қанат ҚАЗЫ

МӘЖІЛІС


Суармалы егістікті құрдымға 

жіберіп, қарап отырамыз ба?

Еврейдің ептілігі туралы сөз қозғалған-

да былтырлары Елбасы Н. Назарбаевтың 

Президенттік стипендианттармен кездесу-

де айтқаны еске түседі. «Израиль мемле-

ке ті сорланған құмды, тастақты жерге ор-

наласқан. Екі теңізі бар. Оның бірі – өлі, 

екін шісі – жойылып бара жатыр. Жалғыз 

Иор дан өзенімен жанасқанымен, онда да 

су жоқтың қасы. Алайда Қазақстан мен Ре-

сей секілді жер ауқымы кең, суы, шүйгіні 

мол елдерге Израиль сәбіз бен құлпынай 

экспорттап отыр. Неге ешқандай да құнар-

сыз, құмды, тасты жерде отырған осы ел-

дің өнімділігі бізге қарағанда он есеге жо-

ға ры? Бұған олар қалай қол жеткізді? Жа-

уап біреу – ғылым». Бұл – Президенттің 

сол жүз десуде талапты студенттерге қара-

та айтқан сөзі. Ондағы ғылым дегеннің өзі 

– технология. Ендеше, еврейді қуып жетіп, 

сосын басып озуға неге болмасқа? Бұл 

үшін тың технология керек және ондай 

тех нологияға шөліркеп отырған саланың 

бірі – суармалы егістік. 

Қазақстандағы ресурстық жағдайға 

келсек, еліміздегі су көрсеткішінің ауқымы 

100 текше шақырымнан астам суды 

құрайды. Соның ішінде 56 пайызға жуығы 

немесе 56,6 текше шақырым Қазақстан 

аумағының өз ішінде қалыптасатын су көз-

дері болса, қалған 44 пайызы ел аумағы-

нан тыс жерлерден, яғни шекара сыртынан 

бастау алады екен. Бұл ретте, судың бар-

лық ауқымының пайдалануға қалаты ны 42 

пайызды немесе 42,6 текше шақырым ды 

құрайды. Осыған орай жыл сайын елдегі 

судың жағдайына, су нысандарының са-

ни тарлық жағдайына қарай оны тұтыну 

ли миті белгіленіп келеді. Айталық, эконо-

ми ка салаларындағы суды пайдалану бо-

йынша лимит 2012 жылы 26,7 текше ша-

қырымды құрады. Мұның 18,4 текше ша-

қы рымы нақты іс жүзінде пайдаланыл ды. 

Ал суды пайдаланудың басым бөлігі не месе 

аталған көрсеткіштің 60 пайызы ауыл 

шаруашылығы саласында тұтыныл ған. 

Бір жағынан алғанда елімізде су жет-

кілікті тәрізді. Алайда мәселе басқада. Бұл 

ретте, министр Мамытбеков суарудың за-

ма науи әдістерін пайдалану және агротех-

но 

логияларды енгізу арқылы жоғары 



өнім ді алуға әбден болатынын аңғартады. 

Мәселен, тың технологияға сүйенген кей-

бір шаруашылықтарда сүрлемдік жүгерінің 

өнімділігі гектарына 400 центнерге, ре-

кордтық көрсеткішке жетіпті. Ал еліміз бо-

йынша жүгері өнімділігінің орташа деңгейі 

гектарына 113 центнерден ғана келген еді. 

«Суармалы жер – Қазақстан ауыл шар уа-

шы лығының алтын қоры. Сондықтан да 

бү гінгі күні саладағы аса өзекті мәселе нің 

бірі суармалы жерлердің мелиоративтік 

жүйесін сауықтыру болып табылады», – 

дейді министр. 

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 1990 

жылдары Қазақстанда суармалы жерлер-

дің аумағы 2,1 млн гектар болған екен. 

Бұл – барлық егістік алаңының 6,7 пайызы. 

Сонымен қатар осы суармалы жерлер 

өсім дік шаруашылығындағы жалпы өнім-

нің 30 пайызына жуығын қамтамасыз етіп 

келген еді. «Қазіргі таңда статистикалық 

мә 


ліметтер бойынша суармалы жерлер 

1,5 млн гектарды ғана құрайды. Бұл ретте, 

өсімдік шаруашылығындағы өнімнің 5,3 

пайызға жуығы ғана қамтамасыз етіліп 

отыр. Сонымен қатар жекелеген облыстар-

да суармалы жерлер ауқымы күрт қысқа-

рып кетті. Мәселен, Ақмола облысында 

бұл көрсеткіш 95 пайызды, Қостанай об-

лы сында 80 пайызды, Шығыс Қазақстан 

об лысында 60 пайызды құрап отыр. Суар-

малы жерлерді пайдалану, негізінен, оңтүс-

тік облыстарда сақталуда. Дегенмен осы 

аймақтарда да қысқару баршылық. Мыса-

лы, Алматы облысында суармалы жерлер 

11 пайызға, Жамбыл облысында 32 па-

йыз ға, Қызылорда облысында 23 пайызға, 

Оңтүстік Қазақстан облысында 16,8 па-

йыз ға қысқарып отыр», – дейді министр 

Асыл жан  Сарыбайұлы.

Ендігі мәселе сауармалы егістіктің өн ім-

ділігіне, яғни әрбір текше метрге судың 

бе рілуінен шығатын өнім мөлшері де ма-

ңызды рөл атқарады. Мәселен, шет мем-

ле кеттерде бір текше метр судың өнімділігі 

2,6-дан 6 келіге жететін болса, бізде бұл 

көрсеткіш 0,8 келіден аспайды. Яғни гид-

ромелиоративтік жүйенің нашарлауы, суа-

рудың жаңа технологияларын енгізбеуге 

қатысты кері кетушілік бар. Мұның да мы-

са лы көз алдымызда тұр. Сөйтіп, Қазақ-

стан ның фермерлері суарудың тың техно-

ло 


гиясы жоқтығынан-ақ шетелдік фер-

мер лерге қарағанда екі-үш есеге кем өнім 

алады. Мұны министр мойындап қана 

қой май, нақты мысалмен мәнісін ашып та 

түсіндірді. «Суармалы егістіктегі қазақ-

стан дық қант қызылшасы гектарына 200 

центнерді құрайды, ал дәл осындай жер-

ден АҚШ 470 центнер өнім алып отыр. 

Израиль мақта өсіруден Қазақстанға қара-

ғанда алты есеге артық өнім алады. Егер 

Қазақстанда мақта өндіру гектарына 18-

20 центнер болса, Израильде 48-50 цен т-

нер. Бау-бақша дақылдары да сондай», 

– дейді министр Мамытбеков. 

Түптеп келгенде, ауыл шаруашылығы 

саласының басшысы тиісті инженерлік 

қам тамасыз етулер, заманауи технология-

лар болып жатса, біздің фермерлер де ев-

рей шаруасынан қалыспас еді дегенді алға 

тартады. Мәселен, Арыс ауданындағы 

шар уа қожалығы жаңа технологияны енгі-

зу арқасында суармалы егістіктен алынған 

қызанағы гектарына 80 тоннаны құрапты. 

Түркістандағы бір серіктестік мақта егіп, 

оның гектарынан 60 центнерден өнім жи-

нап алған. «Израильде орташа өнім 48 

центнер болғанын ескерсек, онда біз 

олар дан да көп өнім ала алады екенбіз», 

– дей ді министр Асылжан Мамытбеков. 

Ал суармалы жерді дамыту бағытын-

дағы ұсынысқа келсек, министр «судың да 

сұрауы бар» деген қағидатты көлденең 

тар туды құптайды. Тарқатып айтсақ, ме-

лиоративтік жүйені сауықтыру және суар-

малы жерлерді қалпына келтіру үшін на-

рық тық тетіктерді қолдануды ұтымды жол 

деп санайды. Онда да маңыздысы – ин-

вес тицияға жеке секторды немесе заем-

дық қаржыландыру көздерін тарту. «Суар-

малы жерлердің және олардың өнімділігі-

нің құлдырауы мына себептерден тұрады: 

экономиканың жоспарлыдан нарықтық 

қатынасқа өтуі кезеңінде біздің еліміздегі 

су шаруашылығына инвестиция мүлдем 

жасалмады. Нәтижесінде суармалы және 

дренаждық жүйелер әбден тозды. Эколо-

гиялық-мелиоративтік жүйе тіпті нашарлап 

кетті, фермерлердің ылғал үнемдеу техно-

логиясына да ынта құлдырады», – дейді 

министр. Осындай олқылықтың салдары-

нан қазір суармалы 700 гектар жер айна-

лымнан мүлдем шығып қалған. Оңтүстік 

облыстарда суармалы, дренаждық жүйе-

нің тозуы 50 пайызды құраса, теріскейде 

100 пайызға дейін жетіпті. Арналардың 

ар шылмай, жаңартылмауы, тазартылмауы 

салдарынан су жоғалту да жоғары деңгей-

ге жетіпті. Түптеп келгенде, ауыл шаруашы-

лығы ведомствосының басшысы суармалы 

егістікті дамытуға инвестиция ауадай қа-

жет екенін аңғартады. «Су шығынын үнем-

деу ді қамтамасыз ету және ирригациялық 

жүйелерге инвестиция тартудың жалғыз 

тетігі барабар нарық тарифтерін енгізу бо-

лып табылады. Еліміздің бірқатар аймақ-

та рында суармалы су тарифтері тым тө-

мен. Бұл шаруалардың суландыру жүйесін 

жаңғыртуға және суды үнемдеу бойынша 

қандай да бір жұмыстарды жүргізуге еш 

ынталандырмайды», – дейді Асылжан Са-

рыбайұлы. Тоқетері, министр суармалы 

ег іс тікке де тариф енгізіп, оны көтеру ар-

қы лы шаруаны үнемшілдікке ынталандыр-

ғы сы келеді. Ал жекелеген жағдайларда, 

яғни суға қатысты тариф фермерлер үшін 

тым қымбатқа соғып, шаруаның қалтасына 

салмақ салып жатса, онда мемлекеттік 

субсидия еніп қалуы да ғажап емес. 



Ромин МАДИНОВ, 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

– Қазақстанның аумағы ылғалы жеткі-

лік сіз аймаққа жатады. Еліміздің орталық 

және оңтүстік аудандары тіпті жыл өткен 

сайын құрғақшылыққа ұрынып барады. 

Сондықтан да мелиоративтік жүйені дамы ту 

егістік алқабының жоғары өнім ді лігін ұстап 

тұрудағы маңызды қажеттілік болып табы-

лады. Жұртшылықты сапалы азық-түлік 

өні мімен қамтамасыз етеміз де сек, азық 

нарығын толтырып, елдің азық тық тапшы-

лыққа қатысты тәуелсіздігін қамтамасыз 

етеміз десек, онда осыған баса мән берген 

орынды. Түптеп келгенде, суармалы жер-

лерді қайта дамытып, мелиорация жүйесін 

жолға қоймайынша, ауыл шаруашылығы 

саласын дамытамыз, одан белгілі бір бе-

лесті бағындырамыз деу бекершілік.

Судья лар одағы құрылды. Кейіннен Судья 

этикасы кодексі қабылданды. Жұртшылық-

тың сот билігіне сенімін арттыру да өзекті 

мәселе болатын. Шындығында, биліктің 

мәртебесін берік ететін бірден-бір дүние, 

бұл – халықтың сотқа деген сенімі. Елбасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы тарапынан да осы 

мәселені ұдайы көтеріп келеді. Ал сот 

сенімі қандай жағдайда орнықты болады? 

Әлбетте, қазақ даласының ақылманда ры-

нан, қара қылды қақ жарған әділ билері-

нен келіп жеткен «тура биде туған жоқ» 

де ген қағидатты ұстанғанда ғана. Сондық-

тан да осынау биік міндет үдесінен көріну 

үшін судьялар кәсібилігін, біліктілігін же-

тіл діруге қатысты ауқымды шаралар ат-

қарылды.


Тұтастай алғанда осы уақыт аралығын-

да Тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесі заман 

талабына сай қалыптасып қана қоймай, 

азаматтардың құқықтары мен бостандық-

та рын қорғау, сот билігінің беделін арт-

тыруға бағытталған сан түрлі шаралар іске 

асырылды. Сонымен қатар сот жүйесі өз 

қыз метін жетілдіріп, тиімділігін арттыра 

түсуді әлі де атқара бермек. Бұл ретте, ха-

лық тың сенімін жоғалтпау сот саласын-

дағы әрбір қызметкердің бекем ұстанатын 

міндеті болып қала беретіні де даусыз. 

Елдегі сот жүйесін жетілдіре түсу мін-

дет тері Елбасы Н. Назарбаевтың айқында-

ған «Қазақстан–2050» стратегиясы: қа-

лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағы-

ты» атты былтырғы жылғы халыққа Жол-

да уында да айқын көрініс тапқан болатын. 

Онда Мемлекет басшысы сот төрелігін 

жүзеге асыру процесін оңайлату, оны басы 

артық бюрократиялық рәсімдерден арыл-

ту керектігін айтып, жаңа ақпараттық тех-

но ло гияларды белсенді енгізген жағдайда 

мұны істеу қиын еместігін де алға тартқан 

еді. «Сот билігінің беделі орындалмаған 

сот шешімдерінен төмендейді. Осыған 

бай ланысты, бұл жағдайды түбегейлі өз-

герту жөніндегі шаралар қабылдануға 

тиіс», – деген болатын Елбасы Н. Назар-

баев. Президент айқындаған өрелі міндет-

терді жүзеге асыруда да, ең алдымен, 

судья лардың біліктілігі, кәсібилігі, олар-

дың жауапкершілігі барынша талап еті-

летіндігі ақиқат. Халқымыздың «Биі әділ 

бол са, шешімі кәміл болар» деген сөзі де 

осыны аңғартса керек. Сондықтан да әділ 

қазы болу, қара қылды қақ жаратын 

қағидатты қатаң ұстану арқасында ғана 

қазақстандық сот халықтың берік тірегіне 

айнала түспек. Ал осы мәселе Елбасының 

на 

зарынан тыс қалған емес. Мәселен, 



Мем лекет басшысы Н.Назарбаев Қазақ-

КӨЗҚАРАС


Судья – халықтың ары, мемлекеттің айнасы

стан судьяларының V съезінде сөйлеген сө-

зінде: «Соттар қызметінің тиімділігі, олар-

дың шығаратын шешімдерінің әділеттігі 

мен жедел және толық орындалуы – кез 

келген мемлекеттің демократиялық 

дамуы ның негізгі көрсеткіші. Соттардың 

шешімдеріне қарап қоғамның мемлекетке 

деген көзқарасы қалыптасады, заңның 

үстемдігін қамтамасыз ету және азамат-

тар дың мүдделерін қорғау қабілеті баға-

ланады», – деген болатын. Ең бастысы, 

елі міздегі сот жүйесінің Елбасы айтып отыр-

ған талаптарына сай келуі үшін барынша 

жағдайлар жан-жақты қамтылып отыр. 

Сөз соңында Алаш арысы Ахмет Бай-

тұрсыновтың: «Бұрынғы әділ билердің қо-

лындағы билік қазақтың неше түрлі дертін 

жазатын жақсы дәрі еді» деген сөзі еске 

оралады. Әлбетте, қоғам дертін әділ 

қазының қолындағы билікпен тезге салу 

– кешегі күннің ғана емес, бүгінгі заманның 

да өзекті дүниесі. Сондықтан да сот – ха-

лық тың ары, мемлекеттің айнасы болу жо-

лында ұдайы жетіле түсуі шарт. Алдағы 

қа раша айының ортасына таман жоспар-

лан ған Қазақстан Республикасы судьяла-

ры ның кезекті VI съезі сот жүйесінің да-

муы на серпін беріп, еліміздегі сот төрелігін 

ары қарай жетілдіруге өз ықпалын тигі-

зетіні сөзсіз. 

Тойжан АЯЗБЕКОВ, 

Шығыс Қазақстан облыстық 

сотының ұйымдастыру-талдау 

бөлімінің баcтығы

Республика судьяларының тұңғыш ал-

қа лы жиыны осыдан 17 жыл бұрын өткен 

болатын. Сонау 1996 жылдары Тәуелсіз-

дік 

тің алғашқы соқпақтары салынып, 



мем лекеттіліктің сапалы іргетасы қаланып 

жатқан тұста сот жүйесі де тынымсыз ізде-

ністер үстінде болған еді. Өйткені егемен 

елдегі биліктің бірегей тармағы ретінде 

сот жүйесін реформалаудағы батыл бет-

бұ рыстар кезеңін заман талабымен ұш-

тастыру күн тәртібінде болатын. Өткенге 

көз салсақ, биліктің бір тұтқасы ретінде сот 

жүйесі осы жолдарды абыроймен жүріп 

өтті. Айталық, сот жүйесіндегі кезең-ке-

зең дерге ұласқан реформаның басты ба-

ғыт тарының бірі – судьялар тәуелсіздігін 

қам тамасыз етуден басталғаны белгілі. 

Ата Заңымызбен айшықталған еліміздегі 

сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету 

мен судьялардың мәртебесін көтеруге қа-

тысты серпінді шаралар судьялар съезінде 

көтерілген болатын. Дәл осындай қоғам 

дамуының маңызына баланатын үдерісті 

үдету үшін съезд аясында республикалық 



Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, әлемдік қауымдастық 

мойындаған құқықтық мемлекет ретінде орнығуына еліміздегі 

сот жүйесінің рөлі де айрықша болғаны даусыз. Әлбетте, мем-

лекеттік биліктің бір тармағы - сот жүйесін дамыту – бұл бір 

күннің ғана шаруасы емес, межелі міндеттерді белгілеу арқылы 

атқарылатын ауқымды жұмыс. Осы бағыттағы жігерді жандан-

дыру тұрғысынан алғанда биылғы жылы осыменен алтыншы 

рет өткелі отырған Қазақстан Республикасы судьяларының съезі 

маңызды мәселелер мінберіне айналғаны да ақиқат.

Айбарлы Абылай хан ның 

орындалмаған үш ар ма-

ны бар екен. Біріншісі – елді 

отырықшылыққа үй ре те 

алмау болса, екін шісі – қа ла 

салу, ал үшінші орын дал-

маған арманы – елге егін 

ек тіріп, жер ем шегін емдіру 

бол ған деседі. Алдыңғы еке-

уіне шү кіршілік етуге болады. 

За манның өзі соған айдап 

апарды. Алайда ұлан дала-

ның төсінде жүрген халық, 

оның емшегін еміп, соның 

пайдасын қан ша лықты көріп 

жатыр? Дар қан даламыздың 

әле уе тін  жарытпағанымыз 

қалай? Бақсақ, соның бір 

себебі суармалы егістіктің 

құр дым ға кетуінде жатқан 

тә різ ді. Кеше Мәжілістегі 

Үкімет сағатында ауыл 

шаруа шылығы  министрі 

Асыл жан Мамытбеков осы 

мәселе туралы әңгімелеген 

болатын.

Мансұр ХАМИТ (фото)



Өткенде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы 

Н.Назарбаев сынның бірсыпырасын Экономика және 

бюджеттік жоспарлау министрлігінің жұмысына қатысты 

айтқан болатын. Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық 

коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында министр 

Ерболат Досаев сын-ескертпелердің орынды екенін мойындап, 

кемшіліктерді түзету үшін қандай қарекетке барып жатқаны 

туралы есеп берді. «Барлық бюджеттік бағдарламаларды 

тексеріп, тиімсізін қысқартамыз», – дейді ол. Ондай 

қысқартудың қорытындысын министр ағымдағы айдың 

соңына таман жариялауға уәде етті.

№193 (1104) 



5.

5.11

11

.2

.201

013

3 жы

жыл,

л, 

се

сейс



йсен

енбі


бі

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

y

y

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Бұ

Бұл


л сұ

ұ

ра



р

ғыңызға әл

лем

е дегі 


ең

ң к


к

ед

едей



ей

е

ел



л са

сана


н ла

латы


ты

н 

н 10



10 

мем лекеттіі мысалға келтііру

арқылы жауап беруге бо ла-

ды. Мәселен, Эфиопия хал-

қы ның 50 пайызы аштықта 

өмір  сүреді. 12,5 миллион

ха

хал


лқы

ы  бар Нигер елінің 63 

па

па

йы



йыззы  күндігіне 1 доллар

табыс табады. Орталық Аф-

рика Республикасының ЖІӨ 

жан басына шаққанда – 700, 

ал Гвинея-Бисау, Сомалий

й 

Ре



Р спубликасы, Соломон ар

ар-


-

ал дары және Комор  Арал-

дары Одағында 600 доллар 

шамасында. Ал Зимбабве 

Республикасы мен Либерия-

ның ЖІӨ жан басына шақ-

қа

қанд


нда

а 50


50

0

0 до



долл

ллар


арды

ды қ


құр

ұрай


ай-

ды

ды



.

.

Ал



Ал ә

әле


ле

мд

мдег



егіі ең

ең к


кед

ед

ей



ей е

ел

л



саналатын Конгоның ЖІӨ 

жан  басына шаққанда 300 

дол лар шамасында ғана.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет