Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата04.05.2023
өлшемі0,91 Mb.
#90009
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
02-86 журн Сборн

 
 
 
Тәрбиелі ұрпақ-еліміздің болашағы
 
Колледждің тәрбие жұмыстары 2015 жылдың 22 сәуіріндегі №227 бұйрығымен 
бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің 8 басым бағыты бойынша жүргізілуде. 
Атап айтқанда: «Қазақстандық патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеу», «Құқықтық 
мәдениетке тәрбиелеу», «Эстетикалық тәрбие»,«Кәсіптік тәрбие», «Рухани-адамгершілік 
мәдениетті тәрбиелеу», «Еңбек және экологиялық тәрбие», «Салауатты өмір салтын 
қалыптастыру, «Отбасылық тәрбие». Тәрбие жұмыстарының басты мақсаты: денсаулығы зор, 
рухани дүниесі бай,адамгершілігі мол,отансүйгіш ұлттық рәміздерді сыйлай білетін тәуелсіз 
және жеке тұлғаны тәрбиелеу. Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, 
табиғи және мәдени ортада іс-әрекеттің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінудегі 
дүниетанымын қалыптастыру. Мемлекеттік тілді дамыту және басқа тілдерді үйрену арқылы
балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игеруіне, өз халқы мен басқа
Қазахстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне жағдай жасау. 
Қазіргі аса маңызды идеологиялық міндетіміз - Қазақстандық отансүйгіштікке 
тәрбиелей отырып, әрбір студенттің айқын білімін қалыптастыру. Осы бағытта колледж 
студенттері арасында ғылыми семинарлар және мамандық бойынша және отансүйгіштікке, 
елінің тарихын білуге тәрбиелейтін тарихи конференциялар, интеллектуалдық сайыстар, 
апталықтар жүйелі ұйымдастырылып отырады. Басты мақсат- болашақ мамандарды қазіргі 
заман талабына сай біліктілік қасиеттері жоғары бағытта тәрбиелеу. Оқу орнында діни және 
имандылық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі жаҺандану заманында жастар бүгінгі 
күнмен өмір сүріп,ертең не күтіп тұрғанын ойламай, дәстүрлі емес діни ұйымдардың түрлі 
шақыруларына сеніп қалып жатады.Ал осындай жағдайлардың алдын алу - біздің міндетіміз. 
Сондықтан еліміздегі діни секталардың, олардың үгіт-насихаттарының көбеюіне
байланысты Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімінің, теолог мамандардың қатысуымен
акциялар мен кездесулер өткізіп отырамыз. Колледжде құқық бұзушылық және оның алдын 
алу жөніндегі іс-шаралар оқу жылының басында бекітілген тәрбие жұмыстарының 
жоспарына сәйкес атқарылады. Тәрбиенің барлық бағыттары топтарда өнеге сағаттары, 
ақпараттық сағаттар, ата- аналар жиналыстары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, тақырыптық 
кітап көрмелерін жүйелі ұйымдастыру жолға қойылған. Студенттердің сабақтан тыс 
уақыттарын тиімді пайдалану үшін «Волейбол», «Футбол» спорттық, «Жас сарбаз» 
патриоттық секциялары, «Әсем-ай» би үйірмесі, «Саналы ұрпақ», «Жастар» клубтары жұмыс 
жасайды. 
Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде дейтін болсақ, сол тәрбиені беру білім беретін 
оқу орындарының еншісінде екені анық. Олай болса, дәстүрдің озық үлгілерін ұрпақ бойына 
сіңіріп, рухани жағынан тәрбиелеу –қоғам алдындағы міндетіміз. 


 «Білім айнасы» 2023 ж. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет