18
Бір ел – Бір тағдыр
·
Саясат
Өзені, көлі тау-тасы,
Етене жақын-тым ыстық.
Шалғынға жасыл аунашы,
Құшағын ашсын тыныштық.
Жаның да бір сәт жай табар,
Осындай жұмақ қайда бар?!
Қазақтың елі саялы,
Жаһанға жар сап айта бар!» – дейді өлең жолдары.
Жүректен шыққан әуен жүректерге жетіп, залдағы жұрт қайырмасына
қосыла күбірлейді. Өйткені, қастерлі қазақ жерінде:
«Тәуелсіз елдің халқымыз,
Алуан түрлі қалпымыз.
Достықтың туын көтерген
Жасампаз дәстүр-салтымыз» – деп жүректері бірге соғады.
Облысымызда 71 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Солардың 23-і
облыстық деңгейде, Достық үйінде өздеріне тиесілі, заман талабына сай
жабдықталған мекен-жайларында халық игілігі үшін қызмет етуде. Олар
қоғамдық-маңызды шараларға белсене қатысуымен қатар, этностардың
ұлттық мәдениетін, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайту
бағытындағы игілікті істердің бастамашысы әрі ұйымдастырушысы
болып келеді. Жыл бойына Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында
200-ге жуық мәдени-көпшілік шаралар өтіп, оған 90 мыңнан астам адам
қамтылады.
19
№5
/ 2013
Бүгінде Достық үйі облыстық
Ассамблеяның шын мәніндегі
негізгі базасына айналып
отыр. Облыс әкімі, облыстық
Ассамблеяның төрағасы Аңсар
Тұрсынханұлы Мұсаханов
мемлекеттік ұлттық саясаттың
Жетісу жерінде толық жүзеге
асырылуына жіті көңіл бөліп,
назарында ұстап қана қоймай,
материалдық-техникалық
базасын жетілдіруге мұқият
қарайды. Достық үйінің шағын
автобусы, жеңіл автокөлігі, тіпті
тереңнен бұрғыланған жеке су
құбыры жүйесі де бар.
Қазақстан халқы Ассамблеясы
құрамында Алматы облысынан
27 адам мүше болса, облыстық
Ассамблеяның құрамы 102
адамнан тұрады. Олардың
қатарында әр этностың беделді
өкілдері, қоғамдық пікір туғыза
алатын көшбасшы қайраткерлері
тек облыс көлемінде ғана емес,
республикаға танымал тұлғалар.
Мемлекеттік наградалар
алған азаматтар да аз емес.
Л.Гирш, А.Осман, В.Молодцов
ІІ дәрежелі «Достық» орденінің
иегерлері болса, А. Бузыкин
«Парасат» орденін алған,
«Құрмет» орденімен – В. Ли,
«Шапағат» медалімен – К. Хан,
«Ерен еңбегі үшін» медалімен –
Ш.Асиев, А.Ахметовалар
марапатталған.
Өткен жылы облысымыздан
тағы да 12 адам Ассамблеяның
қоғамдық «Бірлік» алтын
медалімен марапатталды.
Облыстық Ассамблеяның сапалық
құрамын оның қатарындағы 4
облыстың құрметті азаматы, 5
қала және аудандардың құрметті
азаматтары толықтыра түседі.
Ассамблея хатшылығы
жанынан құрылған «Ұлағат»
ақсақалдар кеңесі, «Бірлік»
жастар қауымдастығы, ғылыми-
сараптық топ жыл сайын толығып,
заман талабына сай жұмыс
істейді. Мақсаты – қарттардың
өмірлік тәжірибесі мен
жастардың білімін, күш-қуатын
бір арнаға тоғыстыру. «Бірлік» жастар қауымдастығы арқылы этномәдени
орталықтардың жастары қамтылады.
2013 жылы мемлекеттік ұлттық саясатты жергілікті жерлерде іске
асыру мақсатында Қоғамдық келісім кеңестері құрылды. Олардың
төрағалары болып аудан, қала, ауылдардың әкімдері сайланды.
Қоғамдық келісім кеңестері этномәдени бірлестіктер, ішкі саясат, білім,
20
Бір ел – Бір тағдыр
·
Саясат
жастар ісі жөніндегі, дін істері бойынша басқармаларымен тығыз
байланыста жұмыс жасайды.
Ассамблея әрдайым мәдениет мекемелерімен, кітапханалармен,
мұрағаттар және мұражайлармен тығыз байланыста. Соның нәтижесінде
Ассамблеяның қыруар іс-шарасына облысымыздың мыңдаған
тұрғындары тікелей атсалысады. «Бейбітшілік пен келісімнің жол
картасы» мега-жобасын ұйымдастыру, Қазақстанға депортацияланған
халықтардың тарихын зерттеуге арналған конференциялар мен
көрмелердің жұмысы жыл сайын жалғасып келеді.
Осыдан бес жыл бұрын облыстық Ассамблеяның ақпараттық
бюллетеніне:
Көз тоймайтын келбетіне қараса,
Достық Үйі бой көтерді тамаша.
Ұлт пен ұлыс өкілдері алуан
Қоныс еткен ынтымағы жараса.
Қазақстан – қасиетті жеріміз,
Бірлік туын көтереді еліміз! – деп жазған едім.
Бүгін осы Достық туын көтерген қасиетті шаңырақтың игілігін
халқымыз көріп отыр. Бұл шаңырақ – бейбітшілік пен келісімнің ордасы.
Жұртшылықты осы айтулы датамен құттықтай отырып, Қазақстан
халқы Ассамблеясының даму стратегиясында белгіленген міндеттерін
іске асыруда кең өріс, үлкен табыс тілеймін.
21
№5
/ 2013
«Үлкен иіліп тұрса, кіші үйіріліп
тұрады», дейді Алматы облысы
Ардагерлер ұйымының төрағасы
Ардақ СЫДЫҚ. Облысымызда
әртүрлі ұлыстар мен ұлттардың
барлық өкілдері тұрып жатыр.
Әр жылдары өзім қызмет
еткен Қарасай, Еңбекші қазақ,
Талғар аудандарында ешкімді
бөліп-жармай қатар жүріп,
қоян қолтық жұмыс істедік.
Орыссың, ұйғырсың деп бөлген
емеспіз. Әркімді қабілетіне
қарай бағалап, адамшылығына
қарай құрметтедік. Тату тірліктің
жемісі де тәтті. Әсіресе, оны
тоқсаныншы жылдардың
қиыншылық жылдары ерекше
сезіндік. Аумалы-төкпелі,
экономикалық байланыстардың
ыдырап, елдің басында түскен
қиыншылықтарда адам мен
адамның арақатынасының
сыналған кезі болды. Тірлік
болғасын қуаныш та, қайғы да
қатар жүреді. Қысылған сәтте
көмек қолын созатын да ең
жақыны – еңбек ұжымы, сыйлас
достары болса керек. Қазаны
бірге көтеріп, тойды да бірге
өткізуге тырыстық. Өмірдің
қазаны бәрімізді жақындастырып
жіберді. Ол кезде ассамблея
дегенді білмедік. Бірақ қатар
жүрген азаматпен сыйласу, қол
ұшын беру басты ережеміз де,
тәртібіміз де еді. Кейін түрлі
мәдени орталықтар құрылып, бас-
басына отау тігіп жатқандарына
да қуанышты болдық. Өз тілін,
мәдениетін білмек болған
талпынысын қолдадық.
Қазіргі қызметім Алматы облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасымын.
Тікелей міндетіміз алдыңғы буын өкілдері, зейнеткерлердің хал-
жағдайын жасап, тұрмысын түзету болып табылады. Сонымен қатар
жастардың тәрбиесі біздің басты назарымызда. Осы мақсатта «Ата-баба
дәстүрі ұрпаққа аманат» деген тақырыппен тәрбие жұмыстарын жүргізуді
қолға алдық. Білім ордаларында болып, оқушылармен әңгімелесіп, ашық
сабақтар өткізіп жүрміз. Жыл сайын ауданаралық жарыстардан озып
шыққан, тәлімі озық орта мектептердің тәжірибесін насихаттап, үздіктерді
марапаттап жүрміз. Өзге ұлт баларының ортасында қазақ елінің дәстүрін
қаншалықты білгенін байқайтын сайыстарды да ұйымдастырамыз.
Жастардың білмегенін үйретіп, білмегенді көрсетіп, жөн сілтейтін
үлкендік міндетіміз. Бір бірінің тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрімен таныс
болған бала әдептен озбайды. Өзінің мұрасымен салыстыра отырып,
өзге мәдениетті қабылдауда тәрбиенің бір түрі. Елдің жайын етене білген
адамның сол елге жақын болып, бүйрегі бұрып тұратын болады. Бұл да
бір-біріне жақындастырудың бір шарты.
Ақсақалдар кеңесі осы міндетті мойнына алғалы, ол республика
көлемінде қолдау тауып, басқа облыс орталықтары біздің әдістемелерді
үлгіге алып жатқан жайы бар.
Алматы облыстық Қазақстан халқы Асамблеясы жанынан құрылған
«Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің қызметі ерекше. Қоғамда орын алуы
мүмкін әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешу, аймақтағы туындауы
ТАТУ ТІРЛІКТІҢ ЖЕМІСІ
ДЕ ТӘТТІ
Айгүл УАЙСОВА
22
Бір ел – Бір тағдыр
·
Саясат
рухында тәрбиелеуде міндеті зор. Аталмыш ұжым негізінен бұрынғы
ұлттық мәдени орталықтардың төрағалары мен ел алдында беделі бар
ақсқалдардан тұрады.
Кеңестің төрайымы Светлана Гаитова түрлі қызмет атқарып, әрдайым
халық алдында жүрген адам. Зейнетке шыққан соң да қоғамдық
жұмыстардан қолын үзбей, қайнаған өмірдің ортасында табылды.
Өмірден көргені мен түйгені көп Светлана ГАИТОВА өзі туралы былай
дейді: «Мен сан ғасырлық тарихы, өзіне тән дәстүрі салты бар ұйғыр
халқының өкілімін. Өз ұлтымның мәдени мұрасын біліп, өз тілімде
сөйлей аламын. Қандай шаруамен айналысам десем де кедергі көріп
отырған жоқпын. Тең құқықтымыз, жағдайымыз жақсы. Алайда құрғақ
қасық ауыз жыртады дегеннің керін келтірмей, енді біз «Қазақ жақсы,
қазақ қонақжай» деген сөздерді құр айта бермей, өз құрметімізді
ісімізбен көрсететін уақыт жетті. Мемлекет құрушы қазақ халқының
өркендеуі арқылы өз бақытымызды толыққанды сезінеміз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның сессиясында: «Біз
жеріміздегі бейбітшілік пен келісімге үйреніп кеткеніміз соншама, оны
күнделікті жұтып жүрген ауа сияқты аңғармайтын болғанбыз» деген
еді. Расында да, шет елде татулықты «қазақстандық керемет» деп
қабылдайды. Бірақ солай екен деп біз жайбарақаттыққа, мардымсуға
жол бермеуіміз керек. Бір нәрсе айтпас бұрын, немесе бір әрекет жасар
алдында бұл қылығым ортақ Отанымыздың мүддесіне сай келді ме,
ұлтаралық достық пен татулыққа кесірін тигізбейді ме деп ойланып
алғанымыз дұрыс сияқты.
Қазақта «Үй ішінен үй тікпес болар» деген мәтел бар. Сол айтқандай,
баршамыз жеке «ұлттық пәтерге» бөлінуді ойламай, ортақ Отанымыздың
болашағына алаңдауымыз керек. Ағаш тамырсыз болмайды. Егер
ұрпақтар арасында татулық үзілсе, онда мемлекеттің болашағы
бұлыңғыр. Бұл жерде мен, әже және «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің
төрайымы ретінде аға ұрпақ өкілдерін баларды отансүйгіштікке, достық
пен татулыққа тәрбиелеуге, ұлтаралық келісімді ана сүтімен бойға
сіңіруге шақырар едім».
ықтимал ішкі кездейсоқ
жағдайлар мен ахуалды болжау,
оны бейтараптандыру бағытында
Ассамблея хатшылығының
басты кеңесшісі – «Ұлағат»
ақсақалдар кеңесі. Оның шешімі
ұсыныстық сипатта беріледі.
Кеңестің ұрпақтар байланысын
жалғастыруда, өскелең ұрпақты
азаматтық бірлік, жоғары
адамгершілік пен елжандылық,
Қазақстанға деген сүйіспеншілік
23
№5
/ 2013
бөлшегіндей сезінемін. Мұндай адалдық біздің халықтың қанында
болса керек. Тағы да тарихты зерделесек, өткен ғасырларда қазақ
жерінде болып кеткен Кароль Любич Хоецки қазақтар орналасқан
кеңістіктің жалпы географиялық көрінісін берген алғашқы поляк
мемуаршысы болды. Жетісудағы алғашқы дәріхананы Верныйда
1882 жылы поляк провизоры Юзеф Сенчиковски ашқан. Оның үйінде
фармацевтік зертхана орналасатын, кейін ол осындағы алғашқы
фармацевтік фабрикаға айналды. 1865 жылы Париждің таңғаларлық
мәдени оқиғасының бірі Бронислав Залесскийдің «Қырғыз даласындағы
өмір» альбомы болыпты. Қазақ халқының мың әнін жазып ұрпаққа
қалдырған Александр Затаевичтің қазақ мәдениеті алдындағы еңбегі
өлшеусіз бағаланады. Ол «Бұл жұмыста халық жанының жарқын үнімен
ішкі үйлесімдіксіз ештеңе істеуге болмас еді, және осының арқасында,
мен сырттан келген кезде, дана және талантты қазақ халқын біржолата
жақсы көріп кеттім» деп жазады. Менің де бұған қосып айтарым,
мұндай халықты құрметтемеу мүмкін емес».
ҚАЗАҚТЫҢ ТОПЫРАғЫНДА
ІЗІ ҚАЛғАН
Қазақтың бір баласындай
болған, поляктардың алғаш рет
Жетісуға келген кезі он сегізінші
ғасырлардан басталады. Өз
жерінен қуғындалып келген
поляктарды мұнда жазасын
өтеуге жер аударылған болатын.
Озық ойлы азаматтарды осы
жердің этнографиясы, салт
дәстүрлері қызықтырды. Сол
кездің романтик ақыны Густав
Зелински поэма жазған екен.
Бұл поэмада еуропалықтар үшін
таңғаларлық қазақ халқының
өмір салтын, олардың табиғатпен
және өздерінің ғасырлар бойы
заңдарымен, оның ішінде
өмір сүрген, еркін де асқақ
халықты сипаттайды,-дейді
«Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің
мүшесі поляк халқының өкілі
Деонизия БЕЛЯВСКАЯ. Менің
осы жерде туылмағаным
болмаса, өзімді осы ұлттың бір
24
Бір ел – Бір тағдыр
·
Саясат
ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ ТАМЫРЫ БІР
ЛЮ Лидия Николаевна «Күміс тамыр» Қытай этномәдени
орталығының өкілі. Қазақстандағы қытай мәдениетінің бір мүйісін
көргіңіз келсе, онда «Достық үйіне» барыңыз деуге болады.
Мұнда осы елге тән ерекше мәнерде жасалған түрлі бұйымдарды,
сыйкәделерді көруге болады. Әрине, ескерткіштердің ең мәндісі –
фотосуреттер. Мұнда әртүрлі мерекелерде, қалалық деңгейде өткен
фестивальдарда түсірілген суреттер. Өзге де этнос мүшелеріндей
қытай мәдени орталығының да қытай тілін, мәдениетін үйренем
дегендерге есігі ашық. Бізге қазір жұмысымызды өткізуге өте қолайлы.
Барлық жағдайлар жасалған. Достық үйі тек біздің орталықты
ңемесе басқа да этномәдени бірлестіктердің жұмысының ортасында
болып, барлық шараларға бірдей ат салысуға аса қолайлы. Және бұл
ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісінде
өте тиімді екенін дәлелдеді. Тағы бір айтатын нәрсе, бұл Достық
үйінің қызметкерлері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының
қызметкерлерінің біліктігі мен жоғары ұйымдастырушылық қабілетін
бас айтар едім. Себебі, кез келген істің басында осындай мамандар
жүрмесе алға қойған мақсаттарымыз қаншалықты игі болса да өз
деңгейінде атқарылмас па еді?!
25
№5
/ 2013
БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛМІЗ
1999 жылы татар-башқұрт
этностарының бір топ өкілдері
бірлесіп, мәдени орталығы
құрылған болатын. Оның негізгі
міндеттері: ана тілін, халық
мәдениетін үйрену, мәдени
іс-шараларға этнос-өкілдерін
араластыру, халықтың мәдени
мұрасын игеріп, өзін-өзі тану
сияқты міндеттер қойылды.
Бұл этнос өкілдері облыстағы
татар мәдениетін жаңғырумен
қатар, екі ел арасындағы
ынтымақты нығайтуға ат
салысуда. Орталықтың жұмысы
барынша кеңейді. Алматыдағы
«Фикер» ақпараттық бюллетені
шығарыла бастады. Онда
танымал этностың белгілі өкілдері
туралы материалдар, орталықтың
атқарған жұмыстары туралы
жарияланып тұрды. Тарихи
отанынан шалғай тұрып жатқан
диаспораға қажетті әдебиеттер
шығарылды. «Татар тарихы»,
«Башқұрт халқының тарихы мен
мәдениеті очерктері» сияқты
кітаптар осының дәлелі.
Орталықтың төрағасы
Гриф ХАйРУЛЛИН – Қазақстан
халқы ассамблеясының мүшесі,
халықаралық ақпараттандыру
академиясының академигі,
халықаралық акмеология
ғылымдарының академигі,
педагогика ғылымдарының
докторы. Абай атындағы
педагогикалық институттың
педагогика кафедрасының
профессоры. Еңбек жолын
Башқұртстанда ауыл мектебінің
мұғалімі болып бастаған Гриф
Хайруллин 1976 жылы Алматыға
көшіп келіп, көп жылдар білім
беру саласында қызмет атқарады.
Ол екі жүзден астам ғылыми
еңбектердің авторы, осы салада
отыздан астам кітап жазған ғалым.
– Республика аймағында этностық
топтардың жұмысын біріктіріп
отырған Достық үйлері жұмыс
істейді. Олар көп функционалды
ресурстық орталықтарға айналды.
Бұл алдымен бәріміз кездесетін
орын. Онда барлық қызметімізді үйлестіретін барлық жағдайлар жасалған.
Ассамблея ісінде ғылыми тұрғыдан зерттеу зерделеу ісі жолға қойылған.
2009 жылы құрылған ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық кеңесінің құрамында
43 ғалымдар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары бар, олардың
25-і ғылым докторлары, 14-і ғылым кандидаттары екен. Этноұлттық
саясатты ғылыми-аналитикалық сүйемелдеу жағынан құрылған кеңестің
ісіне араласамыз. Ассамблеяның негізгі міндеттеріне этносаралық
қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық
қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету,
қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту
үшін қолайлы жағдайлар жасау жатады. Этномәдени орталықтардың
жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылық және Достық үйінің
барлық қызметкерлері осы мақсатта бір жаңадан бас, бір жеңнен қол
шығарып дегендей қызмет атқарып жатырмыз. Өйткені бірлігі мықты елдің
берекелі болашағы бар екені мәлім, дейді Гриф Хайруллин.
26
Бір ел – Бір тағдыр
·
Саясат
– У нас в Казахстане корейцев именуют «Корё сарам» …
– Название «Корея» появилась с легкой руки европейцев, проникших
на эту территорию еще во времена Корё. Сами же корейцы свои
государства официально называют по-другому: северные – «Чосон»,
южные – «Хангук». Наши фамилии обычно односложные, причем они
всегда пишутся перед именем. Часть корейцев бывшего СССР носят
вполне обычные корейские фамилии – Ким, Пак, Ли и т.д. А другая часть
носит фамилии с суффиксом «гай»: Тягай, Огай, Лигай. Фонетически
русский и корейский языки сильно отличаются друг от друга. В свое
время корейские фамилии записывали так, как произносили их
работавшие с ними переводчики. Это привело к тому, что многие
фамилии были искажены. Например: Кан должно писаться как Ганг,
Мен-Мёонг, Пан-Банг, Шин-Син, Тян-Дянг, Угай-У, Тхай-Тхэ. Всего в мире
насчитывается чуть меньше трехсот корейских фамилий.
– А определить кровное родство между корейцами по одной лишь
фамилии возможно?
– Вы правы, вот почему корейцам так важно знать бон (пон, пой)
при знакомстве. Боны показывают отношение однофамильцев:
родственники они или нет. У нас браки между молодыми, носящими
одинаковую фамилию, допустимы, но только в том случае, если у них
разный бон. Причем «бон» передается только по мужской линии. В
Корее до сих пор почти каждая семья хранит так называемую «Дёкпо» –
книгу родословной, где отражено генеалогическое древо этой семьи. Я
неоднократно встречал и в корейских семьях Казахстана книгу «Дёкпо»,
где отмечались предки до 5-го и даже 7-го колена, а некоторые вели
родословную со времен династии Чосон.
– Некоторые ваши обряды и обычаи похожи на наши, казахские…
– У нас много общего. К примеру, у корейцев есть так называемые
«запреты», по-вашему «тиым». Нельзя лежать, когда старший вкушает
пищу. За столом нельзя брать ложку раньше старшего. Нельзя курить
в их присутствии. Подавать что-либо или принимать от старшего по
возрасту что угодно можно лишь двумя руками. Уезжающему дают
наставления, советы (бата), помогают деньгами или вещами. Также есть
обряд «бантхо» – для снятия сглаза, порчи, заклятия (ушыктау). И щедрое
гостеприимство – тоже наша традиция, похожая на казахские обычаи
встречать гостей.
ли Борис васильевич,
председатель Совета старейшин
корейцев Алматинской области
ДЕКПО – КОРЕйСКОЕ ШЕЖИРЕ
– Недавно я прочитала вашу
книгу «Познай богатство
корейских традиций», и мне
намного ближе стал ваш народ…
– Помню, моя теща Ким Исун,
1912 года рождения, перед
смертью в 1989 году сама на
бумаге написала текст «менжон».
Это своеобразный паспорт,
который после смерти пишут на
красном полотне. Она с горечью
говорила, что когда их поколение
уйдет из жизни, то с ними уйдут
все обычаи и обряды. Она
была по-своему права, ведь мы
выросли в русскоязычной среде.
Ее слова глубоко проникли в
мою душу, и я пообещал себе,
что обязательно постараюсь
восстановить и передать
своим потомкам знания
наших народных традиций.
Сам я принялся за изучение
корейского языка в возрасте 59
лет. Понял, что язык – это часть
культуры народа, а начинать ее
возрождение надо с себя.
27
№5
/ 2013
А
лматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
мемлекеттік тіліміздің дамуына көңіл бөліп, осы бағыттағы
жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тілге
байланысты атқарылатын іс-шаралардың қатары мол.
Мемлекеттік тілдің ағымдағы өзекті мәселелерін шешу, қазақ
тілінің қолданыс аясын кеңейтуге күш салу, ісқағаздарының
мемлекеттік тілде жүргізілуіне баса мән беру, ономастика
саласына, қазақ тілінде әзірленетін жарнамалардың сапасына көңіл
бөлу, мемлекеттік қызметшілердің, әртүрлі әлеуметтік топтағы
Гүлбақыт КАСЕНОВА,
Алматы облысының
тілдерді дамыту
басқармасының бөлім
басшысы
тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. тіл – тәуелсіздігіміздің
қуатты құралы, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. еліміз
тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл
саясатының арқасында мемлекеттік тіліміз бүгінде ұлттық
руханиятымыздың өзегіне айналды.
БІРЛІККЕ БАСТАР ҰЛЫ ТІЛ
28
Бір ел – Бір тағдыр
·
Саясат
Айлық аясында әр аудан, қалаларда Тіл фестивалі ұйымдастырылады.
Биыл мемлекеттік тілді насихаттайтын шараларға облыс бойынша
11 мыңнан аса адам қамтылып, 600-ге жуық өзге ұлт өкілдері
ерекше белсенділік танытты. Тіл фестивалінің «Тіл – татулық тірегі»
номинациясында ұлттар достығы мен бірлігі, өзге ұлт өкілдерінің дәстүрі,
тілі, ән-жыры тамаша өрнек тапты.
Бұл мемлекеттік тілдің мерейі үстем, мәртебесі биік екендігін,
мемлекеттік тілді меңгерген басқа ұлт өкілдерінің саны мен сапалық
деңгейінің артқанын байқатты.
Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Алматы облыстық
Қазақстан халқы Ассамблеясымен қоян-қолтық жұмыс істеп келеміз.
Себебі, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудегі мақсатымыз бір,
мұратымыз айқын істерден көрініс тауып отырады.
«Бейбітшілік және келісімнің жол картасы» республикалық
акциясы аясында Тіл сарайында мемлекеттік тіл мәселесіне
байланысты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Жамбыл
облысының делегациясы, облыстық Қазақстан халқы
Ассамблеясы хатшылығының мүшелері, облыстық тілдерді
дамыту жөніндегі басқармасының, «Тіл» оқу-әдістемелік
орталығы қызметкерлері, мемлекеттік тілді оқыту курсында
дәріс алып жүрген өзге ұлт өкілдері қатысты.
Мемлекеттік тіл мүддесінен туындайтын баяндамалар оқылып, қазақ
тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері жастары өз ойларын жеткізді.
Жыл сайын «Тіл – таулық тірегі» облыстық форумы өткізіліп тұрады.
Форум барысында облыстағы мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт
өкілдерінің 18-25 жас аралығындағы ұл-қыздары бас қосып, пікір
алмасып, білімі мен өнерлерін ортаға салады.
Үстіміздегі жылдың 22 тамызында «жүзі басқа болса да, жүрегі бір,
түрі басқа болса да, тілегі бір» жалындағын жастар өз жүректерімен
Тіл сарайы мен Достық үйінің арасындағы алтын көпір арқылы,
олардың тыныс-тіршілігімен танысты. Басқосуда өзге ұлт өкілдерінің
жастары облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы
азаматтардың мемлекеттік
тілді үйренуіне жағдай жасау
және т.б. маңызды шаралар
бүгінгі таңда облыс әкімдігінің
қолдауымен жүзеге асырылуда.
Елбасымыз Қазақстан
халқы Ассамблеясының 15-ші
сессиясында мемлекеттік тіл —
халық бірлігінің негізгі факторы
екендігін атап көрсетті. Тіл
барлық кезеңде ұлттық идеяның
басты діңгегі және мемлекеттік
идеологияның негізгі іргетасы
саналады. Тіл арқылы тілдесе де,
бірлесе де аламыз.
Тіл саясатын жүзеге асыру
жөніндегі міндеттерді орындау
мақсатында азаматтардың
мемлекеттік тілді еркін және
тегін меңгеруіне қажетті
барлық ұйымдастырушылық,
материалдық-техникалық
жағдайларды жасау шаралары
облысымызда жүйелі түрде
атқарылуда.
Үстіміздегі жылы Алматы
облысының тілдерді дамыту
жөніндегі басқармасының
ұйымдастыруымен мемлекеттік
тілді насихаттау мақсатында
2 облыстық жиын, «Тіл –
барлық білімнің кілті», «Тіл
шебері», «Мемлекеттік тіл
және бұқаралық ақпарат
құралдары» облыстық
байқаулары, жазба ақындардың
«Поэзия, менімен егіз бе едің?»
республикалық байқауы, Абай
оқулары, «Тіл дарын – 2013»
олимпиадасы, «Тіл – таулық
тірегі» форумы, Көркемсөз оқу
шеберлерінің О. Бөкей атындағы
облыстық байқауы, «Өңірдегі
ономастикалық атауларды реттеу
мәселелері» атты облыстық
семинар-кеңес, «Ұлттық
ономастика және мемлекеттік
мүдде» атты облыстық ғылыми-
практикалық конференциясы,
«Асыл сөз» зияткерлік
телебайқауы өткізілді.
Жыл сайын тамыз –
қыркүйек айлары аралығында
Қазақстан халқы тілдері айлығы
жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |